Жұма, 27 Желтоқсан 2024
46 - сөз 9995 0 пікір 29 Қазан, 2015 сағат 07:44

ХАЗАР ЕВРЕЙЛЕРІНІҢ ТҮБІ СЕМИТ ЕМЕС, ТҮРКІ

Бұрын күш-қуаты Византиямен парапар Хазар қағанаты тарихы жайында жарытып ештең білмесек, оның өзіндік себебі бар. Хазар қағанатының тарихы жайында патшалы Ресей де, КСРО-да үндемеген, ғалымдарға ештеңе айтқызбаған. 1944 жылы Хазар қағанаты жайындағы нақты зерттеулерге сталиндік қаулымен тыйым салынған. 
Бүгінде Израильде, АҚШ пен Еуропада тұратын еврейлер өз тамырларын Израильмен емес, Хазар қағанатымен тығыз байланыстыра бастады. Тіпті еврейлердің көбісі Хазар қағанатын өздерінің төл мемлекеті санайды. Қазір әлемге үстемдігін жүргізіп отырған атақты Ротшильдер мен Рокфеллерлер, Моргандар мен Саркозилер өздерінің тамырын үнемі Хазар қағанатымен байланыстырады. АҚШ президенті Барак Обаманың шешесі де Еділ өзені бойынан шыққан еврейлердің ұрпағы деседі. Тіпті еврейлердің 90 пайызын құрайтын ашкеназилер – Хазар қағанатынан шыққандар деген де дерек бар. Таяуда АҚШ-тағы қайырымдылық қорлар Хазария тарихын қалпына келтіруге 700 миллион доллар бөлуге шешім де шығарыпты.
Хазар қағанатының мұрагері ретінде тарихшылар Еділ бұлғарларын, Киев Русін, кавказдық Аланияны атайды. Хазар қағанатының аумағына қазіргі Қазақстанның солтүстік-батыс жағы, Қырым, Украина, Солтүстік Кавказ, Төменгі және Орта Повольже кірген. Бір миллиондай халқы болған. 
Қазіргі Киев орыстар жаулап алғанға дейін хазар қаласы саналған. Каспий теңізі XIII ғасырға дейін Хазар теңізі деген атауға ие болған. 
Хазар ақсүйектері иудей дінін қабылдаған. Қағанаттың ресми іс кағаздары көне еврей жазуларымен жазылған. Қағанаттың ақшасында «Мұса – Алланың елшісі» деген жазу болған. . 
Хазария осылайша әлемдік емес, тек еврей халқына тән этникалық дінді қабылдаған тарихтағы жалғыз мемлекет. Жалпы, Хазария тарихы – жатқан жұмбақ. Қараңыз, түркі жерінде кенеттен алып иудей мемлекеті пайда болады да, үш ғасырдан соң кенеттен із-түссіз жоғалады. Хазарлардың түрік болғаны ақиқат. Ендеше хазардан шықты деп жүрген еврейлердің тегі семит емес, тегі түрік болып шықпай ма. Мұндай сөздің астарында не жатыр?..

Төреғали Тәшенов

Әлеуметтік желідегі (FB) парақшасынан алынды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053