Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4670 0 пікір 2 Қазан, 2015 сағат 12:50

СЫРТТА ҚАЛҒАН АҒАЙЫН ҚАЙТПЕК?


Тоқсаныншы жылдары Өзбекстанда жүргізген халық санағында өзбек астанасы Ташкентің өзінде - 60%-дан астамы тұратындар қазақ болып шыққан, ал маңайындағы Жоғары Шыршық (Ұйғари Чирчық), Орта Шыршық, Бостандық (Бостанлық) аудандарында - 95% қазақтар тұрған, қазір оның 15% ғана елге көшіп келген, қалғаны "өз жерімізден ауып қайда бармақпыз?" деп отырып қалды. 

Содан бергі ол жақта халық санағын жүргізу жергілікті билік үшін әсте қауіпті статистика болып алды. Бар амалдары қолдан ұлттарының сөздерін өзгертіп, ал өзгерген жағдайда 50%-дан кем тұратын аудандарда қазақ мектептерін күштеп заңмен жабу. Әрине осы жиырма жылда осы әрекет те нәтиже бере бастады. Механикалық тұрғыдан ұлтын өзгертіп, басым ұлттың санын қолдан өзгертіп, оны кешенді білім жүйесімен негіздеп жіберу таптырмас айла. 
Өзбек билігі өзбекшесін де бір өзбектей сөйлейтін қазақ жастарын осы кезге дейін мемлекеттік қызметке, жалпы қызметке алуды қатты шектеді. Сол үшін де сол жақтағы ағайын балаларының болашағы үшін паспорттарында өзбекке ауыстырып жатқаны жатқан, жатпағаны Қазақстанға жіберуде. Көшіп кетейін десе, ата-бабасы жатқан жері, кіндік қаны тамған өлкесі. 
Жалпы көрші елдегі қазақ санын тек шамамен 1.5-2 млн.-дай деп болжаймыз. Ал сол жақтағы ағайыннан сұрасақ, одан да көптігін, қалың қазақтың отырғанын айтады. Осы ретте, өзбекте өз жерінде отырған қазақ ағайынның отырғаны бізге әбден керек. 
Сол үшін де Қазақ-өзбек қатынастарында мемлекетаралық жергілікті диаспоралардың мәдени-этникалық даму бағдарламаларын жандандыру туралы келісімдерді қайта қолға алмасақ болмас. 
Мәселен, Ресейдің президенті Путин осыдан екі жыл бұрын "біз ТМД елдеріндегі орыс бауырларымыздың тілдерінің, ділдерінің, тұрақты дамуларына қатты алаңдаймыз, және солардың тағдырларына Ресей Федерациясы болып жауаптымыз" деген еді. Ресейшіл тұрғыдан алғанда нағыз ұлттық мүдде бағытында мықты ұстаным. Неге бізге де осындай халықаралық деңгейде батыл ұстанымдарды көрсетпеске?! 
Айтпақшы жоғары да аталған аудандарда - Қаңлы, Шанышқылы, Қият, Арғын, Қоңырат, Дулат т.с.сс қазақ рулары басым жұрт. Яғни, ұлт тұрмақ, рулық-туыстығымыздың, туған жеріміздің де кезіндегі жұрнағы ғой. Бәрі-бір қазақ бауырымыз өз атажұрты жатқан топырақты тастай алмайды. Мейлі бір жапырақ құжатта ұлтын өзгертсе де...
Сол себепті, ұлтаралық мәселеде сырттағы ағайынның қамын да ойлауымыз қажет!

Мақсат Жақау

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5331