Сенбі, 23 Қараша 2024
Қауіп еткеннен айтамын 9753 0 пікір 6 Қаңтар, 2016 сағат 09:14

РЕСЕЙ БІЗГЕ «ШАБУЫЛ» ЖАСАУЫ МҮМКІН

Диагноз: Ресейдің Ішкі Жиынтық Өнімінің өсу қарқыны жылма жыл  құлдырап келеді.  Ресейдің ішкі жиынтық өнімі 2015 календарлық жылы 3.8-4% ке  төмендеді. Алдағы уақытта Ресейдің дүниежүзілік экономикалық потенциалы ұзақ мерзімде төмендей бермек. Айталық, көршіміз Дүние жүзілік валюта қорының және БҰҰ бағалауынша 2013 жылы дамыған мемлекеттер арасында тоғызыншы, 2014 жылы – оныншы, 2015 жылы онбірінші  орынға түсті. [1]

Ресейдің Ішкі Жиынтық Өнімінің өсу қарқыны жылма жыл  құлдырап келеді. Қараңыз

ІЖӨ өсімі                    2007     2008    2009   2010     2011       2012     2013     2014     2015

%                                8,5       5,2      -7,8        4,5       4,3            3,4       1,3          0,6     -3,9

Алдағы екі-үш жылда Ресей экономикасы қуатты елдер қатарынан қалып ортаң қол, өлкелік державалық   мемлекет қатарына кіреді. Батыс елдер бірлестігі – Европалық Одақ (28 мемлекет) және АҚШ пен Канада, Австралия мен Жапония , тағы бірқатар мемлекет Ресейге тісін қайрап санкция салып  отыр. Соңғы уақытқа дейін батыс мемлекеттер альянсы қатарында Түркия жоқ еді. Түркия болса Батыс альянсты тек әскери жағынан қолдап Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды қолдамаған еді. Ресей мен Түркия арасындағы соңғы дүрдараздықтан кейін  Түркия саясатын күрт өзгертті. Енді екі мемлекет арасында іс жүзінде экономикалық  қатынастар шиленесуде.

Орыстың бас ауруының үш себебі бар. Бірінші себебі, экономикалық реформа жасамаушылық. Екінші себебі, милитаризация. Үшінші себеп, геоэкономикалық дағдарыс мұнай бағасының ұзақ мерзімге құлауы. Төртінші себеп, Ресейдің қас жауы бар – ол Батыс елдер қауымдастығы. Сонымен 1990-шы жылдары Ресейде  нарықтық реформаларының идеологы Егор Гайдар жүйелі реформаларын бастаған болатын. Бірақ реформалар қарқыны жалғаспады. 2008 жылғы дағдарысты  Ресей финанстық қорлар мен мұнай қаржыларын әсерлі  пайдалану жолымен  жеңді. Сол дағдарыстан кейін Путин реформалардың Ресейге керегі шамалы деп ұқты. Путин Ресейді милитаризм жолына түсірді, әскери бюджетті күрт өсірді. Путин 2007 жылы Мюнхен қаласында Батыс альянс елдеріне қарсы  Екінші Қырғи Қабақ соғысын  бастады. Естеріңізге салайын Бірінші  Қырғи Қабақ соғысы 1946 жылғы  Фултондағы  Уинстон Черчильдің  сөзінен кейін басталаған  болатын және сол соғыстың аяқталуы КСРО-ның құлауымен аяталған.[3]  Сол соғыстың нәтижесінде КСРО-ның Одақ республикалары егемен болды.

Мұнайдың бағасының күрт құлауы барлық Ресей мемлекетінің әлеуметтік бағадарламаларының орындалуын екіталай қылды. Путин авантюрист қайраткер болып шықты. Ол тамаша тактик, бірақ нашар стратег. Ресейдің Украинаға шабуыл жасауы Ресейдің ірі масштабты дағдарсқа ұшырағанын көрсетті. Осы тұста Президентіміз Назарбаевтың дипломатиялық айлакерлігін атап өткен жөн болар. Ресейдің соққысын  Украина тойтарды. 2008 жылғы Ресейдің Грузияға шабуылына Батыс альянсы араша бола алмады. Бірақ Украинаның жөні бөлек еді. Батыс елдері Украинаға экономикалық және дипломатиялық қолдау жасады. Солай Украина Крым мен Донецк пен Луганскіден айырылса да агрессорға қарсы тұра алды. Путиннің есебі бойынша Батыс елдеріне ауызбіршілік жетпеу керек еді. Батыс елдері Ресей газы мен мұнайына тәуелді еді. Сол жағадайды пайдаланып Ресей Украинаны тізе бүктіру жоспарлаған болатын. Бірақ Ресей жоспары іске аспай қалды.

Орыстың мықтылығы мен осалдығы. Европалық халықтардың ішінде саны жағынан азайып жатса да Ресейде  111 миллиондай орыс бар. Орыстың білім дәрежесі де жоғары, басым көпшілігі отаншыл, руханиятшыл, империяшыл. Жеті атасы Қазақстанда  тұрса да қазақша үйренгісі жоқ. Орыс дініне де берік, орыс православиясы Мәскеуге ғана бағынады, орыс бөтен елде тұрмын демейді , осында тұрып империялық мүдделерді қорғайды. Біздің ойымызша  орыс адамы тым империяшыл, заман өзгерді демей посткеңестік мемлекеттерді бодан ел деп біледі. Путин КСРО емес  Ресей империясын жаңғыртпақ. Орыс мықты, империя үшін қиындыққа төзбек, бірақ орыстың қиындықты төзу қасиеті шексіз емес. Орыс морт ұлт. 1917 жылдың ақпанында өзі жеңіп келе жатқан  Бірінші Дүние Жүзілік соғыстың соңғы кезеңінің ауырлығына  төзе алмады. 1917 жылы Патша Үкіметін құлатты, сол жылы Қазан төңкерісі болды. Ресей империясы ыдырады. Бірақ орыс тез есін жиятын ұйымшыл халық. 1920-1955 жылдары бұрын соңды болмаған империя –КСРО-ны аяққа тұрғызды. Орыс ұлты сол жылдары адам және қаржы шығынына қарамады, дегеніне жетті.  1990-шы жылдардағы дағадарыстан айығып енді бүгін орыс қайтадан Орыс империясын қалпына келтірмек.

Қазақтың мықтылығы мен осал тұстары. Қазақ басынан кешкен нәубеттерден тарихи қысқа мерзімде есін жиды. Бүгінгі таңда қазақ 11.5 млн. Бұрын бұл санға қазақ ешқашан жетпеген. Қазақ егемендікке жетті. Және өз елінде 70%. Басына қатер төнгенде қазақ көрші елдерде пана іздейді, бірақ бара келе өз еліне қайтып келеді. Қазақ гомогенді , өз өзіне берік , жабық халық. Пәлендей басқа ұлттармен некелесе бермейді. Қазақ басқа ұлттар мен мемлекеттердің проектеріне бара бермейді. Айталық, Ресейде 740 мыңдай қазақ бар , бірақ олар  Ресейдің мәдени-рухани, бизнес –саяси, т.б. шараларына қызықпайды да  ілеспейді де, реті келсе атамекенге тартады.

Біздің элитаға кейбір  орыс аурулары жұға бастаған сияқты. Біз реформаларды 1990-шы жылдардағы сәтті қарқыннан кейін  тамамдадық, экономиканы диверсификациялаған жоқпыз, монополизацияға жол бердік. Біз орыс сияқты коррупциядан қалыспадық, бұл сәтсіздіктерді жіберген орыс тілді қазақ элитасы  болды. Солай мұнай құлдырағанда теңге де құлдырады. Бірақ бізде үміт жоқ емес, бар. Енді қайтадан реформаларды қолға алу керек.

Ертең не істейміз? Ресей экономикалық дағдарыстан саяси және әлеуметтік дағадарысқа ұшырайды. Олай болса Батыс альянсы Ресейді тұқыртпай қоймайды. Ресей дағадарысқа түскенде біз дағадарыстан шығуымыз керек. Ресей дағдарысы келесі 10-17 айда шыңына жетеді. Бірақ Ресей бізге шабуыл жасауы мүмкін. Оларға «короткая победоносная война» керек, шабуыл объектісі  Қазақстан болуы керек. Осы тұста ұлт пен элита бірлігі қажет болады. Тек қана Ресей күйреген тұста біз демократялануымыз мүмкүн. Ең бастысы бізде Ресеймен бірге ұлттық дағдарысқа түспеуіміз керек. Екінші, біз Батыс альянсы бағытында , Ресейден сақ, Қытаймен  жан-жақты қатынаста болғанымыз жөн.

..................

1.https://ru.wikipedia.org/wiki

2. http://pubdocs.worldbank.org/pubdocs/publicdoc/2015/9/136351443562971021/rer34-rus.pdf; Австралия ввела дополнительные санкции против России www.tvc.ru:8021/news/show/id/48967 - 2014 ж. 01 қыр. - Ранее, помимо Австралии, санкции на Россию наложили США, страны Евросоюза, Канада, Япония

3. Азимбай Гали Итоги Первой мировой "Холодной войны". Начало Второй мировой "Холодной войны": битва за Украину.08.02.2014 centrasia.ru

Әзімбай Ғали, саясаттанушы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354