Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Қоғам 7094 0 пікір 27 Сәуір, 2016 сағат 15:18

ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕР ТАЛАУҒА ТҮСЕ МЕ?

Суретте: Мәдениет және спорт министрі дайындаған нұсқаулықтағы қателер

 

Мәдениет және спорт министрінің назарына!

 

Редакциямызға аты-жөнін атамауды өтінген Әділет министрлігі қызметкерінен қазақ және орыс тілінде жазылған үшбу хат келіп түсті. Хатта «Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығына» қатысты сын-ескертпе айтылған. Соның ішінде «Музей заттарын есептен шығару» бөлімінің 70-пункті музей ісіндегі халықаралық нормалар мен принциптерге қайшы келетінін жазған. Жалпы, хатта мемлекеттік музейлерде сақталып тұрған сан ғасырлық тарихи жәдігерлердің аталған нұсқаулық негізінде талауға түскелі тұрғаны айтылады. Бұл аз десеңіз, даулы нұсқаулықта «музей заттары концерттер үшін пайдаланылады» делінген екен. Ал, музейдегі археологиялық және басқа тарихи жәдігерлер «қол сұғуға болмайтын» статусқа ие. Сондықтан ол мемлекеттің қорғауына алынған деп жазады хат иесі. Сондай-ақ, хатта Мәдениет және спорт министрлігі дайындаған нұсқаулықтың қатеге толы екендігі де атап көрсетілген.

Төменде хатты толықтай жариялай отырып, Мәдениет және спорт министрлігінен хатта айтылған жайттарға жауап күтеміз!

 

Abai.kz

 

Өзін белгісіз адам ретінде қалдыруды сұраған Әділет министрлігі қызметкерінің ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кезекті опусына сын ескертпелері

 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен кезекті опус – 2015 жылғы 7 желтоқсанда №372 бұйрықпен бекітіліп, ҚР Әділет министрлігінде 2015 жылдың 8 қаңтарында №12822 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығы» келіп түсті.

Аталған министрлік тарапынан түсетін кейбір маңызды құжаттардың өрескел қатемен түсіп жүргені тосын жағдай емес. Бұл жолы да отандық музейлер қызметіне байланысты маңызды мемлекеттік құжат – Нұсқаулықтың орысша нұсқасында орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық адам айтқысыз қателіктер жіберілген. Ең бастысы Нұсқаулық наразылық тудыратын сөйлемдерге толы. Атап айтқанда «Музей заттарын есептен шығару» бөлімінің 70-пунктында «Қор сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясы ұсыныстарының негізінде музей заттарын есептен шығару актісі жасалады...» делінген. Нұсқаулықтағы бұл пункт музей ісіндегі халықаралық нормалар мен принциптерге қайшы келеді. Әдетте, мекемелердегі, соның ішінде мәдени ұйымдарда ең  алғашында бухгалтерлік есеп балансына алынған заттар (материалдық құндылықтар, негізгі құрал және т.б.) ғана есептен шығарылатындығын тәжірибе көрсетіп отыр емес пе? Яғни, барлық музейлік заттар негізгі құралы ретінде бухгалтерлік есепке алынып, оның құны анықталуы қажет еді. Ендеше, бұл жағдайда, баға жетпес музей құндылықтары – тарихи артефактілерді кім және қандай критерийлер бойынша бағалайды? Әлде біз білмейтін арнайы мамандар бар ма? Неліктен бұл жағдайда республиканың ұлттық құндылықтары, дәлірек айтқанда, тарих пен мәдениеттің баға жетпес ескерткіштері өздерінің бірегей статусын жоғалтуы тиіс? Өкінішке орай бұл мәселе ашық күйінде қалуда...

 «Музей заттарын пайдалану» бөлімінде  «64. 4) музей заттары концерттер үшін пайдаланылады» деген жолдар наразылық пен түсінбеушіліктер тудырады. Біз білетін музей құндылықтары – тарих пен мәдениет ескерткіштерінің бірегей үлгілері және ол осы санатта болғандығы үшін мемлекеттің қорғауына алынған. Сол себепті музей құндылықтары «қол сұғуға болмайтын» статусқа ие. Өздерін мәдениет саласындағы барлық идеялар мен жанашылдықтың генераторы санайтын Мәдениет және спорт министрінің жауапты қызметкерлері неліктен музей ісіндегі халықаралық нормаларға қарсы жүреді?

 Тағы да бір айта кетерлік жайт – Нұсқаулықтың 71-пунктында «Есептен шығару актісін музей директоры бекітеді және (бар болған жағдайда) музейдің мөрі басылады» - делінген. Алайда, бұл жағдай кейбір қызығушылық танытқан музей басшыларына музей құндылықтарын «қасақана» есептен шығаруға мүмкіндік береді. Мұндай іс-әрекеттер орын алған жағдайда музейлер, тіпті мемлекет өзінің мәдени құндылықтарынан айырылары сөзсіз.

Кейде басшылық тарапынан осындай құжаттар жарияланғанда Аристотельдің «Егер сыннан қашқын келсе – ештеңе жасама, ештеңе айтпа, тіпті ешкім болмай қал» деген белгілі сөзі ойға оралады.  Бұл дәл сол жағдай сияқты...

...........................................

Из Министерства культуры и спорта РК поступил очередной опус – «Инструкция по учету, хранению, использованию и списанию музейных предметов музейного фонда Республики Казахстан», утвержденный (!) приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 7 декабря 2015 г. № 372 и зарегистрированный (!) в Министерстве юстиции РК 8 января 2016 г. под №12822.

Уже не внове, что некоторые важные документы, исходящие из данного Министерства грешат грубейшими ошибками. Так получилось и в очередной раз – в русской версии вышеназванной Инструкции, касающейся деятельности отечественных музеев допущено невообразимое, для такого важного государственного документа, количество орфографических, грамматических и стилистических ошибок, а самое главное – Инструкция дополнена, вызывающим крайнее возмущение, совершенно недопустимым предложением о списании музейных предметов – п.70, который гласит: «на основании рекомендации фондово-закупочной (фондово-отборочной) комиссии составляется акт о списании музейных предметов…». Надо сказать, этот пункт Инструкции противоречит всем существующим международным нормам и принципам музейного дела! К тому же, из практики известно, что в учреждениях, в том числе и организациях культуры, обычно списываются предметы (материальные ценности, основные средства и т.п.), взятые изначально на баланс бухгалтерского учета. А значит, в таком случае все музейные предметы, видимо, должны были бы быть зафиксированы в основных средствах бухгалтерского учета и определены в стоимостном значении. В этом случае, простите, возникает вопрос: кто может оценить бесценные  музейные ценности – исторические артефакты и, по каким же критериям? Или существуют таковые специалисты, о коих мы не знаем? Но, самое главное, почему в таком случае национальное (народное!) достояние республики должно потерять свой статус уникальных и именно бесценных памятников истории и культуры? Вопросы, к сожалению,  остаются открытыми...  

Вызывает недоумение и возмущение и п.п.4 п.64 Инструкции, где говорится об использовании музейных предметов в концертной деятельности (?!?). Насколько нам известно, музейные ценности – это уникальные образцы памятников истории и культуры и в таковом качестве находятся под охраной государства! Поэтому музейные ценности обладают особым статусом неприкосновенности. Возникает вопрос, почему мнящие себя генераторами идеи и всевозможных новшеств в сфере культуры (да, и не только) ответственные работники Министерства культуры и спорта выступают наперекор всем действующим международным нормам музейного дела.

Отмечу также, что в Инструкции не «безинтересным» является и, прописанное в п. 71 Инструкции право директора музея на утверждение акта о списании музейных предметов, которые, собственно, и представляют собой историко-культурные ценности! Однако никто, к сожалению, не может исключить, что данное право может побудить к совершению умышленного списания музейных ценностей некоторыми, заинтересованными в этом, руководителями музеев (а может быть, в этом заинтересовано и руководство самого Министерства культуры и спорта ?!?). В случае совершения такого рода действий, не исключено, что музеи, а значит и само государство, могут потерять часть своих уникальных коллекционных ценностей (читай: которые являются бесценными образцами памятниками истории и культуры Казахстана).

Иногда, а именно в случаях, когда некоторые горе-руководители издают подобные документы, вспоминаются известные слова Аристотеля: «Если хочешь избежать критики – ничего не делай, ничего не говори и будь никем». Похоже, это тот случай…

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048