Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4195 0 пікір 22 Маусым, 2010 сағат 18:12

Шөл…

ХХI ғасырдың басты проблемасы ауыз су тапшылығынан туындап отыр. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының таратқан ақпараты бойынша жер бетi халқының 1,1 миллиарды қазiргi таңда ауыз су зардабын тартып отырған көрiнедi. Оның үстiне халықтың 2 миллиардтан астамы «су дағдарысын» бастан өткеруде.
Бiр жұтым таза суға мейiрiмi қанбағандықтан, жер бетiнде әр тәулiк сайын 4 мың бала бұл өмiрмен қоштасып жатады екен.
Ал 2025 жылы әрбiр үш тұрғынның екеуi судан тарығатын болады деген болжам бар. Мұндай сәтте дамыған елдер, су тапшылығынан отырған жерлерiн тастап шыққан босқындар легiнiң «астында қалу» проблемасына кезiгедi. Осының салдарынан 2030 жылға қарай босқындар саны 500 миллион адамнан асып-жығылатын болады. Ерiксiз көшi-қон синдромы Африка құрлығын қазiрдiң өзiнде жайлап алды. Қара құрлықтың Сахара шөлiнен түстiкке қарай созылған бөлiгi мен Оңтүстiк және Орталық Азияда судың тапшылығы қатты сезiлуде. Су мамандарының зерттеулерi бойынша, Индонезия, Мексика, Қытайдың солтүстiк бөлiгi де су ресурстарының жетiмсiздiгiн сезiнетiн болады.

ХХI ғасырдың басты проблемасы ауыз су тапшылығынан туындап отыр. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының таратқан ақпараты бойынша жер бетi халқының 1,1 миллиарды қазiргi таңда ауыз су зардабын тартып отырған көрiнедi. Оның үстiне халықтың 2 миллиардтан астамы «су дағдарысын» бастан өткеруде.
Бiр жұтым таза суға мейiрiмi қанбағандықтан, жер бетiнде әр тәулiк сайын 4 мың бала бұл өмiрмен қоштасып жатады екен.
Ал 2025 жылы әрбiр үш тұрғынның екеуi судан тарығатын болады деген болжам бар. Мұндай сәтте дамыған елдер, су тапшылығынан отырған жерлерiн тастап шыққан босқындар легiнiң «астында қалу» проблемасына кезiгедi. Осының салдарынан 2030 жылға қарай босқындар саны 500 миллион адамнан асып-жығылатын болады. Ерiксiз көшi-қон синдромы Африка құрлығын қазiрдiң өзiнде жайлап алды. Қара құрлықтың Сахара шөлiнен түстiкке қарай созылған бөлiгi мен Оңтүстiк және Орталық Азияда судың тапшылығы қатты сезiлуде. Су мамандарының зерттеулерi бойынша, Индонезия, Мексика, Қытайдың солтүстiк бөлiгi де су ресурстарының жетiмсiздiгiн сезiнетiн болады.

Су бөлiнiсiне қатысты туындайтын даулар Орта Азия мемлекеттерi арасында өте өткiр күйiнде тұр. Осыдан сәл бұрын айырқалпақты досымыз Киров су қоймасы арқылы елiмiздiң Шу өзенiнен бастау алатын бiрқатар тоғандарға су берудi тоқтатқан болатын. «Екi ел арасындағы шекара ашылмайынша, сендерге су да жоқ» дегені бар. Қазақстан көршi ақысына кiрмейiн деген ниетпен шекарасын ашып едi, су да жетiп келдi. Сонда осы да батырлық iс пе?!
Қырғыз үкiметi бұл әрекетiмен-ақ дипломатиялық нәзiк келiсiмдi, айттым-бiттi ультиматумымен шатыстырып алған сыңайлы.
Жалпы, Қырғыздың билiк үкiмет буындарында «Орта Азиядағы судың қожайыны - бiзбiз» деген түсiнiк ертерек қалыптасқан. Осыдан алты жыл бұрын Бiшкекте Қырғызстан президентi жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтында Фридрих Эберт қорының қолдауымен басып шығарылған «Орта Азияның су мәселелерi» атты кiтапта аймақтағы су проблемасының пайда болуы мен дамуына шолу жасалып, оның Орталық Азия елдерiнiң қарым-қатынасына тигiзiп отырған әсерi көрсетiлiп берiлген болатын. Құрамында бiрнеше маман сарапшылар бар арнайы топ, аймақтағы су көздерiнiң кiлтi Қырғызстанда қалып отырғанын дәлелдеуге тырысқан.
Рас, Орталық Азиядағы 170-180 текше шақырым болатын су ресурстарының 90 пайызын қырғыз бен тәжiктiң маңдайына жазыпты. Өмiрлiк маңызы бар су шүмегiн уысында ұстаған қырғыз бен су электр стансаларын саяси көзiр етiп отырған тәжiк ағайындар кез-келген мәселедегi келiсiм тақтасына қылтитып, сығалатып қояды. Жыл сайын көршiлердiң көңiл-күйiне қараймыз деп, оңтүстiк өңiрлердегi жұртымыз су тапшылығынан қасiреттi көрiп-ақ келедi. Табиғат ортақ пайдалануға берген судың саудаға түскенi өз алдына, ағайын арасында дүрдараздық туындап кетуi ықтимал әрекеттердiң алдында тұрмыз.
2008 жылы Жамбыл облысының Мерке, Байзақ, Қордай аудандарына су мөлшерi жеткiлiктi бармағандықтан астық күйiп кеткен едi. Мәселе осы күйiнде жалғаса берсе, болашақта көкөнiс пен астықтың небiр атасын егетiн Жамбыл облысы негiзгi астық алқабын игеруден қалады. Сондықтан мәселенi кейiнге қалдыра бермей, облыс аумағының суармалы жерлерiн сумен қамтамасыз ету мақсатында қажеттi су қоймасын жасауды қолға алу шарт.
Судың да сұрауы бар. Соңғы 50 жылда қос қарт өзен - Сыр мен Әмударияның ұшар басында жиналған су көздерi 40 пайызға кемiген және ол жылдан-жылға сарқылып барады. Суды жоспарсыз ысырап етуiмiздiң салдары аймақтағы бүкiл халықты қара суға тәуелдi етiп отыр. Кеңестiк кезеңде Қырғызстан мен Тәжiкстаннан келетiн су Қазақстан мен Өзбекстанның егiстiк және техникалық дақыл алқаптарын суғаруға жұмсалып келдi. Аймақтағы елдер өз тәуелсiздiгiн жариялаған тұста, күнiлгерi болашағын ойлаған Қырғызстан мен Тәжiкстан көршiлерiмен санаспай, су электр стансаларын салып, су жолдарын шегендеп тастады. Әмударияның суын 40 пайыздан бөлiп алған түрiкмен мен өзбек ағайындар арасына сына қағылды.

Көршiнiң тәбетi алабөтен

Су дегенде өзбектердiң де оған тәбетi алабөтен. Кеңiрдiктен өтпегенiн, бiр тамшы болса да шекпенге тамсын деген көрсеқызарлықтан Қарақұмға сiңдiрiп алуда. 2008 жылы Өзбекстанның трансшекаралық «Достық» каналынан Қазақстанға келетiн судың бастапқы мөлшерi 85 текше метр деп келiсiлгенiмен, ол қысқартылып - 65 текше метрге түсiрiлген. Аймақтағы әр елдiң өз бетiнше суармалы алқапты ұлғайтуға тырысып бағуының әсерiнен өлкеде суармалы жерлердiң аумағы жетi пайызға ұлғайып кеткен. Жоспарсыз жүргiзiлген жұмыс қыруар шығынға ұрындырған.
Су - энергетикалық концорциумын құру - Орталық Азия үшiн өте маңызды мәселелердiң бiрi. 1993 жылы аймақ елдерi мемлекетаралық су ресурстарын қорғау, бiрлесiп пайдалану жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойған болатын. Алайда, ол келiсiмдер орындалмады.
Бiз, демократиялық, зайырлы қоғамда өмiр сүрудемiз. Күнi ертең аймақтағы саяси, экономикалық жағдайдың неге апарып соқтыратынын ешкiм бiлмейдi. Сондықтан әлемдiк қауымдастықтағы жағдайымызды алға тартып, Орталық Азия елдерiн 1992 жылы Дублинде қабылданған БҰҰ Су Конвенциясына қосылуды саяси тұрғыда тездету керек. Сонда ғана су төңiрегiндегi мәселелерге байланысты аймақтағы барлық елдерге бiрдей мiндеттер жүктейтiн конвенция арқылы су проблемасын саясиландырмай, экономикалық тұрғыда реттеп отыруға болады. Осыған үндесетiн ойлы тұжырымды Қазақстан Президентi осыдан бiрнеше жыл бұрын айтқан болатын. Қазақстан басшысы өз сөзiнде: «Орталық Азия елдерi Сырдария өзенiнiң су ресурстарын тиiмдi пайдалану үшiн өзара бiрлескен қадамдар жасауы тиiс және де осы мәселе бойынша толық ықпалдастықты бiлдiретiн ортақ келiсiмге қол қою керек» деген болатын. Бiрақ бұл бастаманы қолдаушылар өздiгiнен шыға қоймады. Мәселе осы күйiнде тұра берсе, оның соңы үлкен әңгімеге алып баруы қазiрдiң өзiнде көрiнiс берiп отыр.
Саясаткерлердiң ойлары бойынша, таяу болашақта мұнай, газ, уран соғысы, ендi су соғысына жалғаспақ көрiнедi. 2007 жылы БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның «Әлем су үшiн соғыстың алдында тұр» деп айтқаны бар. Мәселенiң маңыздылығын ескерген БҰҰ 2005-2015 жылдарды су проблемаларына арнап отыр.
Мәртебелi ұйымның мұндай маңызды мәселеге 10 жыл бөлуi - Еуропа құрлығындағы Португалияның Құдайы көршiсi Испанияны өзiне тиесiлi өзен суын ұрлағаны үшiн айыптап, олардан өтемақы ретiнде 6 миллион евро талап етуiнен шыққан айтыс үлкен дауға айналуы себеп болған едi. Бiр тамшы судан үнем жасайтын португалдықтар сонда «Испания суды шектен тыс пайдаланады» деп кiнәлапты. Соңғы 50 жылда әлем елдерiнiң арасында суға қатысты 200-ден астам келiсiм-шарт жасалынған. Алайда оның орындалмауынан 32 рет даулы мәселелер туындап, күш қолдану әрекеттерiне жол берiлген. Мәселен, Африка құрлығындағы ең үлкен өзен - Нiлдiң суын 9 мемлекет пайдаланады. Олардың iшiндегi ең алып елдер Судан, Египет, Эфиопия арасында су үшiн үнемi дүрдараздық айтыс туындап жатады. Кейде айтыстың соңы қарулы қақтығыстарға дейiн жеткен.

Тағы да Сiбiр сулары туралы

1946 жылы Түркия, Сирия және Иран арасында да су мәселесiнде даулы мәселе туындап, ол ұзақ уақытқа дейiн шешiмiн таппай келдi. Бiр ендiкте жатқан Сирия, Түркия, Ирак Тигр мен Ефрат өзендерiнiң су қорын пайдалануда ортақ келiсiмге келе алмады. Сол тұста ресми Ирак пен Сирия саясаты Түркияны «суды ретсiз пайдаланасың» деп қатаң сынға алған болатын.
Осы мәселелердi өз бастарынан өткерген Түркия осыдан екi жыл бұрын Қазақстан Республикасы Үкiметiне Орталық Азиядағы су бөлiсiн реттеуде маңызды ұсыныстар бiлдiрген едi. Соның арқасында ел Үкiметi Көксарай су қоймасын салуды қолға алды. Бұл шара дер кезiнде қолға алынған iргелi шаралар болып отыр. Су үшiн күрес көршiлес өзбек, қырғыз, тәжiк ағайындардың арасында да күйiп жүр.
Демографтардың зерттеулерi бойынша, алдағы 30 жылда әлем халқының саны жылына 80 миллионға көбейiп, оның жалпы саны 2050 жылы 9 миллиардқа жететiн көрiнедi. Суға деген сұраныс сонда болмақ. Ресей мамандары қазiрдiң өзiнде су ортасында отырып, ындыны кеуiп отырғандай кейiп танытуда. Ресей үшiн әлемдiк су дағдарысы 2025 жылы басталмақ көрiнедi. Суға дiлгiрлiгi аса мұқтаж емес Ресей сол күндерi суға деген сұранысты қамтамасыз ететiн төрт елдi көрсетiп берiп отыр. Олар: Бразилия, Канада, Ресей, Австрия елдерi болмақ. Осылардың iшiндегi бiзге жақыны да, қолұшын бере алатыны да - Ресей. Демек, кеңес кезiнде 20 жыл бойы зерттелiп, оның жұмысына 160 ұйым, 48 жобалау-зерттеу мекемелерi, 112 ғылыми-зерттеу институттары, 32 одақтық министрлiк, 9 одақтас республикалардың министрлiктерi айналысқан Сiбiр өзендерiн Орталық Азияға бұру туралы жобаны тағы бiр мәрте көтеру сұралып тұр. Мәскеу мэрi Юрий Лужковтың Объ өзендерiн Орталық Азияға бұру туралы ұсынысын, аумақтағы 5 елдiң мемлекет басшылары саясат тақтасында тағы бiр рет жылжытып қойса дұрыс болар едi.
«Пәленi басталмай тұрып шешуге ұмтылуымыз керек, болмаса су тапшылығы халықаралық жанжалдарға себеп болады», - деген Гарет Томас, Ұлыбританияның халықаралық даму министрi. Бұл - бүгiн қолға алатын маңызды iс. Осы орайда дәл қазiр құрғақ континенталдық аймақта орын тепкен қазақтың құдайы көршiсi қырғызға жалғыз ғана даты бар. Ол - су болып тұр.

 

А. Базарбайұлы

"Үш қиян" газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290