Бейсенбі, 28 Қараша 2024
Мәйекті 3928 0 пікір 8 Шілде, 2016 сағат 08:42

«ҚОЛ ҚОЙМАДЫҚ» ДЕГЕН ӘҢГІМЕ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?

«Нұр Отан», «Ақ жол», «Азат», ЖСДП партиялары,

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазэнержи» қауымдастығы,

 «Атамекен» ҰКП, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы,

ҚР Ұлттық Ғылым академиясы, Жазушылар одағы,

қаржыгерлер, тәуелсіз кәсіпкерлер, ректорлар

қауымдастығының басшыларына

Үш тұғырлы тілге байланысты елдегі партиялар, қоғамдық ұйымдар және зиялы қауым өкілдері (бұдан әрмен Ұйымдастыру алқасы) жазған (№ 1/638, 30.06.2016ж.) Ашық хат «Абай», «Қамшы» сайттарында жарияланған еді. Сол хатқа «Самрұқ-Қазына», «Атамекен» т.б. қол қоймапты деген алып қашпа сөзді «Ұлт» сайты жариялап отыр.

Ұйымдастыру алқасының акцияларын 2012 жылдың қыркүйегінен бастап ұйымдастырар алдында барлық ұйымдардың басшыларына елде адам капиталы, мәдениет және мемлекеттік тілді дамытып, интеллектуальдық ұлт қалыптастыру бағытында күш біріктіру қажеттігі туралы хат жазылды. «Нұр Отан», ҚХА бастаған бұл топ ҚР ғалымдар қауымдастығы, «Жас Алаш» газетінің редакциясы т.б. қоғамның барлық саласы мен елдегі барлық ұлттардың өкілдерін біріктіріп, яғни көзқарастары әртүрлі болғанмен, бір мүде, бір мақсатқа қызмет ететін ұйым болып қалыптасты. Бұл топқа біріккен ұйымдардың тізімі 2012 жылы қазан айында «Президент және халық» газетінде жарияланды.

Бұл ұйымдардың келісімдерін алғаннан кейін өткізген жұмыстар және жазылатын әр хатқа қол жинау мүмкін емес болғасын, ол ұйымдардың бастапқы келісімдерінің негізінде жұмыс істей береміз деп ескерттік. Оған ешкім қарсы болмағасын жұмысты осы уақытқа дейін сол бағытта жалғастырып келеміз.

Бұл топтың алғашқы жұмысы - Үкіметте... барлық мемлекеттік мекемелерде ісқағазды қазақ тіліне көшіру акциясы болды. Оны алдымен Премьер-Министр С.Ахметов қолдап, 22.11.13 жылдан бастап Үкіметте ісқағаздарын қазақ тіліне көшті деп жариялады. Осы бастаманы 6 облыс қолдады.

02.02.13 ж. екінші акцияда: 20 жылда мемлекеттік тілде бір оқулық не монография жазбаған университеттерді үш ай ішінде жабу туралы Үкіметке талап қойылды. Сол жылы 46 университет ықшамдау бағдарламасы бойынша қысқартылды.

2013 ж. маусымдағы акцияда 7 мәселе, оның ішінде республикадағы жетім балалар үйлері, орыс және аралас мектептердегі қазақ тілін оқыту жағдайынан бастап, хат айналымының 80% орысшаға жеткен Президент Әкімшілігінің тіл мәселесін заңғы сәйкестендіру т.б. мәселелер көтерілді. Осы акцияда көтерілген барлық мәселелерге байланысты Президент Әкімшілігі жан-жақты мониторниг жүргізіп, оның қорытындысы бойынша Алматы мен Астана қалаларының әкімдеріне ескерту, Қостанай обл әкіміне сөгіс жарияланды.

Одан кейінгі ұлттық компаниялардағы мемлекеттік тілге байланысты бір акцияда көтерілген мәселені уақытылы орындау мақсатында «Самрұқ-Қазына» арнайы бұйрық шығарып 19 филиалына таратты.

2013 жылы туысқан Түрік елінің жеті басшысының құзырына жазған хатымыз бен, түрік халықтарына ортақ тіл қалыптастыру, ақпараттық және экономикалық кеңістік жасау туралы ұсыныстарымызды Түркия, Әзірбайжан және Қазақстан елдерінің басшылары қолдап, оның кейбір бөлімдері осы күндері Түрік Кеңесі арқылы іске асып жатыр. 

Осы 3 жыл 8 айда отызға жуық акция өткізіліп, оған жауап ретінде ресми органдардан 300-ге жуық, әрқайсысы 1-25 беттен хат келді.  

Солардың ішінде 2015 жылғы ҚР 2 АЭС салуға, киіктің жаппай қырылуына қарсы, сыбайлас жемқорлықпен күрес, 2016 жылды ТМД елдерін демократияландыру және террормен күрес (София-Дубай-Париж–Қазан-Алматы), 2016 жыл – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы, «Желтоқсан-86-ның» 30 жылдығы және Тәуелсіздіктің 25 жылдығы акциясын т.б. атауға болады.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» бастаған бұл Ұйымдастыру алқасы БҰҰ-да (Нью-Йорк, 2014), ЮНЕСКО-да (Париж, 2015) т.б. Қазақстанның халықаралық имиджін көтеру мақсатында бірнеше акция өткізді. Мысалы, БҰҰ-да «Алаш» тарихи-зерттеу Орталығы (Х.М.Ғабжәлелов) өткізген «Қазақстан - мәңгі Ел» атты шарадан кейін АҚШ, Үндістан сбастаған 23 елдің елшілері Қазақстанның бай тарихына тәнті болғандары туралы естеліктер жазып қалдырды.

2016 жылы елдегі 10 млн га жерді алып жатқан Ресейдің әскери полигондарын жабу, ТҮРКСОИ-дың толыққанды жұмыс жасауын қамтамасыз ету және «Протон» ракетасының 7 жарылысынан болған зардаптарды жаһандық экологоиялық форумда талқылау сияқты мәселелерді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, ЮНЕСКО т.б. арқылы шешу қаралуда. 

Жер реформасына арналған 7 акция өтті. 22.04.16ж. акцияда Үкіметке, бүгінгі күні қалыптасқан экономикалық дағдарыс, жер дауы және білім реформасын жетілдіру мақсатында қоғамдық ұйымдармен бірге үш түрлі Комиссия құру туралы ұсыныс жасалды. Қазіргі уақытта Жер Комиссиясы жұмыс істеп жатыр.

Соңғы акцияның (№1/638, 30.06.2016ж.) мақсаты – ол білім саласындағы реформаға оң өзгеріс енгізу мақсатында Үкіметпен біріккен Комиссия құру болды. Себебі, ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған реформаға халықтың 90%-ға жуығы қарсы. Оның ұстанымдары Ұлттық мемлекеттің және «Мәңгі Елдің» («Бір тіл, бір мораль, бір дін, бір мемлекет») ұстанымдарына кереғар. Сонымен қатар «Тіл туралы» заңға да қайшы. 1992 жылы БҰҰ-ға мүше болып кіргенде Қазақстанға, «авторитарлық режимдегі ұлттық мемлекет» деген анықтама берілген. Қазақстан, мемлекет құрушы Қазақ халқының негізінде құрылған Ұлттық мемлекет. Ол мемлекеттік құрылымның негізі. Ол туралы біздің ғалымдардың жұмыстары Алматы, Астана, Париж т.б. жерлердегі ғылыми конференциялардың еңбектерде жарияланып, 2014 ж. маусымда ҚР Парламенті Мәжілісі мен «Нұр Отан» партиясының біріккен отырысы (42 депутат қатысты) мен «Нұр Отан» партиясының эксперттер Кеңесінде (қазан, 2014ж.) т.б. баяндалды.

Жоғарыдағы хатта, елде дайындалып жатқан реформаны сынаумен қатар, оның орнына әлемдегі ең үздік мамандардың қатысуымен заманауи талаптарға сай жоба жасау ұсынылды. 25 жылда ауысқан 18 министрдің әрқайсысы өзінше реформа жасады. Бірақ, олардың ешқайсысы елдің көңілінен шықпағасын іске аспай қалды. Себебі, олардың ешқайсысы ел мүддесіне сай, заманауи жоба ұсына алмады. Ондай жоба ғасырда біреу ғана болуы мүмкін! Мысалы, өткен ғасырдың басындағы Жапонияда жасалған жоба "ғасыр жобасы" бола алады. Сондықтан, бұл мәселені атүсті қарап, саяси науқанға айналдыруға болмайды. Қазіргі дайындалып жатқан реформаның ниеті де бұрынғылардай дұрыс болуы мүмкін. Бірақ, оның іске асыру жолы Қазақтың ұлттық мүддесіне яғни ұлттық мемлекеттің табиғатына сай болмағандықтан, ол дамудың емес, қоғамдағы әртүрлі дағдарыстардың себебіне айналады. Мысалы, бұл реформа бойынша мектепте 1991 жылға дейінгі тарих оқылмайды екен. Ал, тарихын білмейтін мәңгүрт ұрпақ халықты тобырға айналдыруы мүмкін. Өз тарихын білмейтін ұрпақ ешқашан да ұлтты ұшпаққа шығармайды. Ана тілі мен тарихы жоқ ұлт болмайды және сол тілде ғылымы мен технологиясы яғни экономикасы дамымаған елдің дамымайтыны аксиома! Осыны түсінбегендердің реформа жасауы – ол қасірет! Ұлттың, Елдің, Мемлекеттің қасіреті! Ондай реформаны тоқтату керек! Алдымен бізге қандай реформа керектігін ойланып, елмен, мамандармен ақылдасу керек!

Ұйымдастыру алқасы 2012 жылдан бері Ел ішінде және халықаралық деңгейде Елдің абыройын көтеруде жеке министрліктер немесе басқалай ұйымдар атқара алмайтын жұмыстарды іске асырды. Сол үшін, оның мүшелеріне алғысымызды білдіреміз.

Білім реформасы – ол экономика мен қоғамдағы реформаның негізі болғандықтан, оны дайындауға барлық қоғам атсалысуы керек!

Егер, Ұйымдастыру алқасынан шығамыз дейтіндер болса, ондай шешім әркімнің өз еркінде және біз онымен де келісеміз. Жоғарыдағы шараларды атқару барысында бюджеттен немесе оған қатысқан партия, компаниялардан қаржылай шығын болған жоқ.

Ұйымдастыру алқасынан жеке тұлғалар мен кейбір ұйымдардың белгілі кезеңде (басшылары ауысады, саясат өзгереді т.б.) шығып жатуы заңды құбылыс. Бірақ, одан, оның басында қалыптасқан саясаты мен ұстанымы өзгермейді. Жұмыс жалғаса береді.

Жанұзақ Әкім,

Ұйымдастыру алқасының координаторы

Abai.kz                                  

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1561
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3365
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6372