Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 6185 0 пікір 10 Сәуір, 2015 сағат 08:14

ТҮРКІСТАНДА МАТУРИДИЛІК СИМПОЗИУМЫ ӨТЕДІ

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ  ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАТУРИДИЛІК СИМПОЗИУЫМЫ ӨТЕДІ

 

Түркі әлемінің алғашқы ортақ халықаралық университеті мен ғылым ордасы болып табылатын Ахмет Ясауи Университетінің (Дінтану кафедрасы және Еуразия Зерттеу Институты) ұйымдастыруымен осы жылдың 16-18 сәуір күндері Түркістан қаласында Халықаралық Матуридилік симпозиумы (өткені, бүгіні және болашағы) өтпек.

Ғылыми негізге жүгінсек, Имам Матуриди (333/944) негізін қалаған Матуридилік сенімі тарихи процесс пен үрдістерде діни, мәдени және қоғамдық тұрғыдан күллі түркілерді біріктіруші құндылық қызметін атқарып келген. Сол себепті жаһанданудың ықпалымен қазіргі Еуразиядағы әлеуметтік-мәдени, діни және қоғамдық салада қарқынды жүріп жатқан өзгерістердің нәтижесінде туындаған күрделі мәселелерге шешім іздеген ғылыми орта Орта Азия халықтары арасында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде, діни түсінікте ақыл мен мәдени тұғырды негізгі ұстаным еткен Матуридиліктің ортақ құндылығын зерттеуді негізгі нысан ретінде қабылдады. Сонымен қатар мұны тарихи процесс пен ғылыми тұрғыдан қажеттілік деп мойындады.

Қазіргі кездегі қордаланған мәселелерді анықтауда, олардың ғылыми, логикалық шешімінде және Еуразияда діндер, мазхабтар мен халықтар арасындағы бірлікті, татулықты және тұрақтылықты нығайтуда Имам Матуриди пікірлерінің негізінде қалыптасқан Матуридилік мектебінің тарихи маңызы мен атқарар қызметі өте зор болып табылады.

Түркі әлемін тұтастай алып зерттегенімізде қазіргі Еуразияда геосаяси, әлеуметтік-мәдени және геотеологиялық тұрғыдан Қазақстан негізгі «тартылыс орталығы» ретінде танылуда. Ал Түркістан болса Матуридилік мазхабының табиғи түрде дамып қалыптасқан және төрт құрлыққа түгел тараған Ясауи Жолының қасиетті бесігі әрі күллі түркінің ортақ ұлттық құндылықта біріккен рухани және материалды құт-мекені болып табылады. Халықаралық Матуридилік симпозиумының Түрікстан қаласында өтуі осы себептен аса маңызды.

Жаратылыстану факультетінің Дінтану кафедрасы  мен Еуразия Зерттеу Институты біріккен түрде осы көпвекторлы мәселелердің ғылыми шешімін табу мақсатында симпозиумға әлемдік (Германия, АҚШ, Австрия, Болгария, Әзербайжан, Татарстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қазақстан, т.б.) деңгейде танымал әрі ғылыми беделге ие көптеген ғалымдар мен мамандардың қатысуын қамтамасыз етіп отыр.

Симпозиум қорытындысы тек қана Еуразиядағы түркі халықтарында емес, сонымен қатар барлық Ислам Әлемінде өршіп тұрған кей мәселелердің шешімінде маңызды рөл ойнамақ.

 

Симпозиум үйлестірушісі: проф. др. Сөнмез КУТЛУ

э-пошта: skutlu@divinity.ankara.edu.tr

Тел: +7 777 9175769 

Еуразия Зерттеу Институтының директоры: доц. Невзат ШИМШЕК

э-пошта: nevzatsimsek53@gmail.com

Тел: +7701 2239389

Симпозиумға қатысты толық  мәлімет алу үшін мына сілтемені ашыңыз: www.eurasianri.org, maturidi.org

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576