Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2737 0 пікір 28 Қазан, 2010 сағат 08:42

Ілесбек Байжанов. «ПРОТОН» – ОРЫСҚА ЗОР, ҚАЗАҚҚА – СОР

Қазақстан мен Орта Азия экологиясының басты жауы - «Байқоңыр» космодромының құрылысы 1955 жылы басталып, қазір 6717 шаршы шақырым аймақты алып жатыр. 1957 жылы тамызда алғашқы ракета ұшырылған. Содан бергі 50 жылда 1100 әртүрлі мақсаттағы космос аппараты және 100-ден астам континентаралық баллистикалық ракета сынақтан өткен. Сонымен қатар түрлі соғысқа қажетті жаппай қырып- жоятын 38 ракета мен 80-нен астам космос кемесінің модификациялары да сыналған.

 

Ауадағы апат

Космодромнан ұшқан ракета­лардың бірінші бөліктері Қарағанды облысын­дағы № 25-зонаға түссе, екінші бөліктері сол облыстағы № 4-зонаға, үшінші бөліктері Шығыс Қазақстандағы № 310-зонаға құлап, күз, қыс, көк­темде дауылдардың тұруына, аяз­дың қатаю­ына әсер етуде. Ал жазда аптап ыстықты күшейтіп, орман мен даланың өртенуіне әсер етуде. Радио­активті улы ракета сынықтары қазақ даласында шашылып жатыр. Зымыран тасығыштарда қолда­нылатын отынның улы, зиянды қоспа­лары қазақ жеріне орасан зор экология­лық зардаптар әкелуде.

Ресейдің негізгі стратегиялық базасы боп саналатын «Байқоңыр» қазіргі алмағайып заманда біздің мемлеке­тіміздің қауіпсіздігіне, еліміздің тәуел­сіздігіне де үлкен қатер тудырып отыр.

Қазақстан мен Орта Азия экологиясының басты жауы - «Байқоңыр» космодромының құрылысы 1955 жылы басталып, қазір 6717 шаршы шақырым аймақты алып жатыр. 1957 жылы тамызда алғашқы ракета ұшырылған. Содан бергі 50 жылда 1100 әртүрлі мақсаттағы космос аппараты және 100-ден астам континентаралық баллистикалық ракета сынақтан өткен. Сонымен қатар түрлі соғысқа қажетті жаппай қырып- жоятын 38 ракета мен 80-нен астам космос кемесінің модификациялары да сыналған.

 

Ауадағы апат

Космодромнан ұшқан ракета­лардың бірінші бөліктері Қарағанды облысын­дағы № 25-зонаға түссе, екінші бөліктері сол облыстағы № 4-зонаға, үшінші бөліктері Шығыс Қазақстандағы № 310-зонаға құлап, күз, қыс, көк­темде дауылдардың тұруына, аяз­дың қатаю­ына әсер етуде. Ал жазда аптап ыстықты күшейтіп, орман мен даланың өртенуіне әсер етуде. Радио­активті улы ракета сынықтары қазақ даласында шашылып жатыр. Зымыран тасығыштарда қолда­нылатын отынның улы, зиянды қоспа­лары қазақ жеріне орасан зор экология­лық зардаптар әкелуде.

Ресейдің негізгі стратегиялық базасы боп саналатын «Байқоңыр» қазіргі алмағайып заманда біздің мемлеке­тіміздің қауіпсіздігіне, еліміздің тәуел­сіздігіне де үлкен қатер тудырып отыр.

Себебі, космодромнан Камчаткадағы «Кура» әскери полигонына сынақ үшін жиі-жиі ұшырылып тұратын СС-18 (НАТО-ның классификациясы бойынша «Стилет» деп аталады), СС-19, СС-20 ракеталары біз үшін аса қауіпті. Өйткені қанша жерден атом қаруы жоқ аймақпыз десек те, ядролық қаруы бар елдердің өзара соғыс жанжалы туа қалған жағдайда «Байқоңыр» бірінші нысана көзі болары даусыз!

Бүкіл ғаламшарымызды қоршап тұрған атмосферадағы ауа құрамының 20,95 пайызы ғана тіршілікке қажетті оттегінің үлесіне тиеді екен. Ал қазір Ресейдің космосқа ұшатын ракета қозғалтқыштарында гептильден бастап, небір улы құрамды заттармен қатар, криогенді отын да қолданылады.

Яғни ауа бөлгіш қондырғыларда оттегі мен сутегін 184 градуста сұйыл­тып алып, ерекше технологиялық әрекетпен қа­тай­тып, оны ауасыз кеңіс­тікте ракета отындарын жағуға пайдаланады.

Сөйтіп, өзімізге қажетті оттегі газдары тонналап ғарышқа қайтарымсыз кетіп жатады. Бұл қондырғылар мен зауыттар жері де, ауасы да күйіп кеткен, орманы жоқ, теңізі мен көлі жоқ, ақ тақыр «Байқоңыр­дың» айналасында орналасқан. 1957 жылдан бері әр сағат, тәулік бойы сорылып, өңделіп, оттегіден айырылып, тір­шілікке қажетсіз болған ауа көлемінің қанша екенін бір Алла ғана білер. Соның салдарынан Қазақстанның Байқоңырға тақау аймақтарында күн өткен сайын оттегінің ауадағы қалыпты мөлшерден азаю деректері анықталуда.

Тіптен сәуір мен қазан айлары арасында бұл жерден оттегі алу мүмкін болмай қалған. Отте­гінің ауа құрамындағы аз ғана ауыт­қушылығы тек қана тыныс алуға емес, адам ағзасындағы зат алмасу үрдістеріне де кері әсерін тигізіп, анемия, лейкомия, рак, тері ауруларын да ас­қын­дыруда. Бұған неше түрлі мутацияға ұшыраған жан-жануар­лар әлемі мен өсімдіктер дүниесі де енетінін ескерсек, Қазақстан үшін Байқоңыр ғарыш айла­ғы­ның зардабы алапат еке­нін аңғару қиын емес.

Ғарыш зымырандарының жиі ұшы­ры­луынан Қазақстанның тұтас бір ай­мақ­тарында ауа мен бұлттардың табиғи ағымдары әлдеқашан бұзылған. Ғарыш кемелері ұшқаннан кейінгі Қызылорда мен ракетаның ұшу траекториясындағы Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстардағы апталап тұратын жел мен боран, көктем келіп, жеміс ағаш­тары гүлдеп тұрған кездердегі аяқ астынан пайда болатын үсіктер, дауылдар мен бұршақты нөсерлер - ракета ұшы­р­у­­ларының зардаптары екенін тәуелсіз ғылыми орталықтар дәлелдеп отыр.

 

«Сатанадан» сақтан

Осыншама қолдан жасалып жатқан зардапты апаттардың негізгі себепкері Ресейдің қолданудан шығар­ған «Satan» SS-18, 19, 20 ракеталары болып тұр. Орысша «МБР РС-20А» деп белгіленетін ракеталардың ядролық оқтұмсықтары алынып тасталып, қазір олар жер серік­терін ғарышқа ұшыруға бейімдел­ген. Бұл ракеталар кезіндегі КСРО пре­зиденті Горбачев пен АҚШ пре­зиденті Рейганмен арадағы келіс­сөздер негізін­де қоршаған ортаға аса қатерлі қару ретінде жойылуға тиіс болатын.

Оны сырт көзден және халық­аралық қауымдастықтан жасыру үшін ауыр «Протон» ракеталары деп, жаңа ат берген. Және де бұл ракеталарды орбитаға шығарған кездегі болып қалатын кездейсоқтықтан сақтану мақсатында 20 тонналық қосымша ракеталық отын бактары қойылған.

Бұл ракеталарға қоршаған ортаға аса қауіпті гептиль отыны қолданылады. Оның ауадағы рұқсат етілген шекті таралу мөлшері - 1 мг/кубокилометр. Яғни өте улы зиянды бұл гептиль, химия тілі­мен айтқанда, симметриясыз диметилгидразинмен (С2Н8N2)  бірге ауасыз кеңістікте отынның жануын қамтамасыз ететін оттегі газы. Оттегі газы, айнала­мызды қоршаған ат­мосферадағы ауа құрамының - 20,95 %, азот - 78 %-ын құраса, ал қалған 1%-ын барлық аргон, су­­те­гі, ксенон, криптон, неон, көмір қышқыл газы сияқты басқа газдар құрайды.

Экологияға аса қауіпті мұндай ракета отындарының 50-60 %-ы ғана жанып үлгеріп, қалғандары орбитаға шыққанға дейін Қазақстан жеріне төгіледі екен. Гептиль сұйық отыны - аса улы, тіршіліктің нағыз қас жауы. Осы ракеталарда жануды күшейтетін катализатор ретінде, күмістің ионы қолданылады. Бұл, өз кезе­гінде, гептильмен бірге төгіліп, ракета ұшып өткен траектория бойында мыңдаған шаршы шақырым жерлерде ылғалды бұлттар мен жерден ұшқан буларды қоюлатып, қатты буландырады. Әсіресе күз, қыс, көктем айларында көктегі кәдімгі жай шуда ақ бұлттар мен қатпар бұлттардың қалың­дығы 100-500 метр болса, «Протондар» ұшқаннан кей­ін бұл бұлттар буланып, қалыңдығы бірнеше шақырымға дейін жетеді. Ауада жер бетіне күн сәулесін түсірмей қым­тап, күннен тарайтын энергия көзін тұмшалайтын «көрпе» пайда болады. Соның әсерінен ауа райы күрт суып, жаңбыр, артынан қалың (қыс кезінде) қар жауып, соңы 40-50 градустық аязға айналады.

2001 жылы желтоқсан айында Ресей Байқоңырдан кетпек ниетпен ылғалы көп Архангельск облысында орналасқан Плесецк космодромынан осы «Протон­ның» біреуін ұшырған. Нәтижесінде Ресейдің европалық бөлігінде қалың­дығы бірнеше метрге жеткен қар жа­уып, Мәскеудің өзінде 40 градустай аяз болып, мыңдаған қаңғыбас - бомждар қырылып, одан кейін бұл ракеталарды Ресей космодромдарынан ұшыруға тыйым салынды. Қазір бұл ракеталар тек Қазақстаннан ғана ұшырылады...

Батыс елдерінің өлердей қорқып, «Сатана» деп атаған ракеталары ылғалы көп жерлерден ұшырғанда сұмдық аязды апаттар әкелетіні - әскерилерге бұрын­нан белгілі жағдайлар.

Осы ракета отыны зардаптарынан қорғану үшін, Тәжікстан мен Өзбек­станның оңтүстігін­де өсірілетін биязы ­талшықты мақта план­та­цияларын жазғытұрымда бұршақтан қорғап, оны жауынға айналдыру үшін бұлттарды күміс-ионды снарядтармен атқылау тәжірибесі қолданылады. Ал Грузияның ылғалды таулы қыраттарындағы шай плантацияларын суғару үшін, жаз айларында метеоракета ұшырылып, одан күміс иондары бүркіліп, жасанды жауын жаудырылады. 1997 жылы Жапон елі Қысқы Олимпиада өткізерде күміс иондарын ұшақтармен бүркіп, қар жаумайтын жерде орасан қалың қар жауып, айналасын ылғалды теңіз қоршаған елде апатты жағдай қалыптасып, пайда болған қалың бұлттарды ыдырату үшін, жүздеген истребитель-ұшақтарды қол­да­нып, жасанды апатты зорға тоқтатқан.

Соғыс қаруы ретінде есептен шыға­рылған бұл ракеталардың бүгінгі күндері 140-тан астамы осы Байқоңырда сақ­талып отыр. Оның үстіне, оқу-жаттығу жиындарында Ресейдің Байқоңырда орналасқан стратегиялық мақсаттағы космос әскерлері негізгі қолданыста тұрған жаңа ракеталарды үнемдеп, ескі, есептен шығарылған ракеталарды Камчаткада орналасқан Кура нысана-полигонына қалаған уақытында, Қазақ­станнан сұрамай-ақ жібере береді. Егер бұл ұшырулар осылай жалғаса берсе, жоғарыдағы ракеталар 2018 жылы ғана таусылып, оған дейін осылай табиғаты­мыздың ойран-топалаңын шығара бермек.

Бұрындары, Ақмола қаласы Аста­наға айналғанға дейін Байқоңырдан ұшырылған ракеталар Целиноград, Көкшетау қалаларының үстінен ұшып өтіп, бұл аймақтарда сұмдық аяздар болып тұратын. Қазір бұл қала Астанаға айналған соң, мемлекеттік басшылық органдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, зымырандардың ұшу траекториясы өзгертілді. Сонда Астанадағы билік өкілдері адам болса, басқа аймақтың халқы мал ма деген заңды сауал қоюдың реті бар.

Ракеталардың ұшу траектория - бағыты өзгерген соң, ОҚ облысының солтүстік аудандары мен Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарына қарлы борандар әкеліп, оның әсері республиканың барлық аймақтарына тарап, оңтүстікте өзбек, қырғыз жері түгілі, сонау тәжік жеріне дейін жетуде. Биылғы қыстағы Шығыс Қазақстан мен Моңғолиядағы сұмдық аяздар мен оңтүстіктегі теңіз бен мұхит жағасын­да­ғы елдердегі тасқынды апаттар да  -осы «Протондардың» әкеліп жатқан қа­сіреті. Бұл зымырандар өз орбитасына шық­қанға дейін ғалам­шарымызды он­даған рет айналатындығы көпшілікке белгілі. Сондықтанда батыс елдері ауа райы мен экологияға кері әсері қатты бұл зымырандарды «Сатана» деп ата­ған.

 

Шашетек шығын

Ракеталар ұшырылғаннан кейін пайда болатын ауа райының күрт сууы мен жасанды аяздардан кейін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызыл­орда облыстарында көктемде гүлдеп тұрған жеміс ағаштары мен жидектерді үсіктер ұрып кетуде. Осыдан келетін шығын­дарды қарапайым арифметика тілімен есептеп көрейік. Осы аталған оңтүстік облыстарды республика халқы­ның жартысына жуығы мекендейді.

Ең аз мөлшерді есепке алып, бұл өңірлерде 1 миллион отбасы тұрады деп есептесек, оларды адам басына бөлмей, тағы да ең аз, жоқ дегенде бір жылда бір отбасы 200 кг жеміс-жидек пайдаланған жағдайда 200 000 000 келі болады екен. Ал осы өнімдер­дің әр келісін орта есеппен 150 теңгеден есептеп көрейік, сонда 200 000 000 * 150 = 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгенің жеміс-жидектерін жоғалтқан болып шығамыз.

Бұған жыл сайын әр отбасының үйлерін жылытуға кеткен отындарын (газ, мазут, дизель отыны, көмір, ағаш, электр энергиясын) қосыңыз. Бала­бақшалар, мектептер, денсаулық сақ­тау мекемелері, қарттар үйлері мен басқа да мемлекеттік мекемелердің пайдаланған энергокөз­дерін қаржымен есептеп көріңіз.

Осы ұшырулардан пайда болған суықтың әсерінен туындайтын тұмау және басқа да ауруларды емдеуге кеткен дәрі-дәрмектерге кеткен халықтың шығынын кім көтереді?

Және осы космостық ұшырулардан кейін пайда болатын дауылдар мен қарлы боран­дардың зардаптарын жою­ға, қар басқан үйлер мен авто және теміржолдарды аршуға кеткен шығын­дар қанша болады? Жабайы аңдардың (ақбөкен, киік, арқар, таутеке, жайран т.б.) көктемде төлдеп жатқанда үсіп өлгендерін кім есептеп жатыр?

Шығыс Қазақстандағы және Моң­ғолиядағы аяздан қырылған малдарға да Ресейдің «Роскосмосы» өтем төле­гені былай тұрсын, бұл - табиғат аномалиясы деп, ауа райы құбылысына жаба салуда.

Ал жаз айларында ұшырылған бұл зымырандар жерімізге сұмдық ыстық аптаптар әкелуде. Өткен 2009 жылы Байқоңырдан 34 рет ракеталар ұшы­рылды. Өзен-көлдер мен бұлақтар кеуіп кеткенімен бірге, ОҚО-дағы Ақсу-Жаба­ғылы орналасқан Алатау тау сілем­деріндегі мәңгі мұздықтар мен қар еріп, жоқ болды. Биылғы космостық ұшы­рылулардан соң, өткен жылғы жағдай тағы да қайталанатыны сөзсіз.

Оның үстіне, Қазақстан үкіметі Ресейге Кеңес Одағы заманында еліміздің аума­ғында орналасып, зауалды уытын шашқан 7 ядролық полигонды қайтадан болмашы қаржыға жалға берді. Бүгін­дері олар күндіз-түні адамзат баласын жаппай қырып-жоятын түрлі қаруларды сынап, ата-бабаларымыз ұрпақтарына аманатқа қалдырған киелі ұлы дала­мыздың ту-талақайын шығаруда!

Байқоңырды үкіметіміз 50 жылға Ресейге жалға берді. Оның ақысы бар болғаны 115 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоғарыда атап өткен жалпы шығындардың бәрін қосқанда, бұл жалдау ақысының түкке де тұрмайтындығы белгілі. Енді мына бір деректерге назар аударайық. Осы жылғы 2 қыркүйекте Байқоңырдан «Протон» ракетасы ұш­қан­ соң, Қазақстанның оңтүстігінде жойқын шаңды дауылдар болып, электр баған­дары мен ағаштар құлап, қаншама үй­лер жарықсыз, шатырсыз қалса, сол­түстік облыстарда жауын-шашын­ның соңынан үсік жүрді. Оны «Казгидромет» те өз хабарламаларында қуат­та­ған болатын.

Ал қазанның 8-де Байқоң­ырдан 307 тонналық «Союз» ұшқаннан кейін, оңтүстікте телегей теңіз жаңбыр жауып, диқандарды тағы да сорлатып кетті. Оңтүс­тіктегі таулы аудандар мен солтүстікте үсік пен аяз жүріп, көкөністерді көктей солдырды.

Америкадан бастап, космостық державалар космодромдарын теңіз жаға­сына, мұхит ортасындағы аралдар мен атоллдарға орналастырады. Себеп - жоғарыда айтылған жалпы экологиялық зардаптарды мейлінше азайту. Атлант мұхиты жағасында орналасқан космодромнан ұшқан әрбір космос кемесі үшін «НАСА» сол штатқа 85 миллион доллар экологиялық өтемақы төлейді.

Ресей құрлықтардағы космодром­дардың табиғат пен тіршіліктің қас жауы екенін ескеріп, өз жеріндегі космодромдарын, Қиыр Шығыстағы «Свободный» мен Архангельск облысындағы «Пле­сец­кіні» теңіз жағаларына орналас­тыр­ған.

Дегенмен құрлықтағы «Байқо­ңыр­дан» коммерциялық ұшырулар жасау Ресей үшін тиімді, көп шығынды қажет етпейді. «Росавиакосмос» агент­тігі 2010 жылға дейін «Байқоңыр» жері­нен ком­мерциялық ұшырулардан 40 млрд. АҚШ долларынан астам пайда табуды жос­парлап отыр. Ал қазақтың жері мен ауа­сын пайдаланған орыстар бұл пайдадан бізге не береді? Осы жағдайға Аста­надағы ел билігі алаңдай ма, жоқ әлде өз өмірлері жақсы болған соң, қазақтың қасіретіне пысқырып та қара­май, жүре бере ме?!

Ендеше, ескі, есептен шығарылған, қолдану мерзімдері әлдеқашан өтіп кеткен, қоршаған ортаға аса қауіпті, сал­мағы 700 тоннадан астам «Сатана» - Протондарды, салмағы 300 тонналық «Союзды», 459 тонналық «Зенитті», 207 тонналық «Днепрді», 2360 тонналық «Энергия-Буранды» және басқа да аса ауыр әскери зымырандарды қазақ жерінен ұшыруға тыйым салатын уақыт жеткен сияқты.

Бұны республика халқы қазақ­стандық биліктен талап етуге тиіс. Ал Байқоңырдан ғарыш ракеталарын ұшыру жөніндегі мемлекетаралық келі­сімдерді бұзудың реті болмаса, Қазақ­стан билігі Ресейден экологиялық өтемақы талап етуі керек. Бұл - елдегі азаматтық қоғам өкілдеріне құлаққағыс: биліктің бетін елге қарататын уақыт жетті.

Ілесбек БАЙЖАНОВ,

Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі

Шымкент шаһары

 

БҰЛ ЕКІ АРАДА

  • ҚазТАГ агенттігі хабарлағандай, 15 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан «Бриз-М» үдеткіш блогымен және «Sirius ХМ-5» ғарыштық аппаратымен ғарыш­тық мақсаттағы зымыран «Протон-М» ұшырылды. Ұшырылу жұма күні Астана уақытымен 0 сағат 53 минутта болды.

Ал Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) хабарлағандай, дәл осы жұма күні Қазақстанның басым аумағындағы ауа райы бұзылды. Республиканың солтүстік және шығыс облыстары циклонның ықпалында болып, соған байланысты жауындатып, жел күшейді.

Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақ­стан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, Қызылорда облысында шаңды боран соқты.

«Қазақстанның оңтүстігінде, солтүс­тік пен шығысында кей жерле­рде жоғары өрт қаупі бар. Жақын күндері республиканың оңтүстігі, оңтүс­тік-шығысы мен шығысындағы тау өзен­дерінде су деңгейі құбылып тұра­ды», - деп хабарлады ТЖМ.

Сонда ресми билік ведомствосының өзі мойындап отырған бұл жағдай Қа­зақ­стан халқына орасан зор зардап әкеліп жатқанын Ақордадағы алыптар біле ме? Жоқ әлде, біле отырып, өзінің шексіз билігіне кепілдік берген орыс үкіметінің алдында к...н қысып отыра ма?

 

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 38 (75) от 27 октября  2010 г.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407