Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Бетбұрыс 5551 2 пікір 22 Мамыр, 2017 сағат 15:07

Нұрлан Исин: отандық және шетелдік ІТ мамандарға жағдай жасауымыз керек

Енді аз күнде Елордада әлем халқы көз тіккен ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі басталады. Биылғы жиынның басты мақсаты жасыл технологияны дамыту, ІТ саласын өркендету мен жаңартылған энергия көздерін табуға бағытталмақ. Бұл туралы «Время» басылымы жазды.

Рас, әлемнің ең үздік компаниялары бас қосатын ЭКСПО көрмесі бар болғаны үш айдың шегінде өтеді. Сосын ЭКСПО-дан кейінгі кезең басталады. Ал Халықаралық көрмеге арналып салынған ғимараттар қаңырап бос қалмауы керек-ақ.

Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ЭКСПО базасында ІТ орталық құру туралы бастама көтерген болатын.

Ал «Время» басылымына сұхбат берген Қазақстанның ІТ компаниялар ассоцациясының президенті Нұрлан Исин мырза: «Отандық және шетелдік ІТ мамандарға жағдай жасалуы керек», - дейді.

Мемлекет басшысы ЭКСПО базасында Халықаралық «Астана» қаржы орталығын, ІТ орталығын және «Жасыл» технологияны дамыту Халақаралық орталығын құру туралы тапсырма берген.

Қазақстанға ІТ саласы таңсық емес, тек «Силиконды жазықтың» қазақстандық баламасы пайдаға асқысыз болып шықты дейді аталған сала мамандары.

«Мемлекет басшысы ақпараттық технология саласының Халықаралық стартап орталығын құруды тапсырды. Қазіргі таңда аталған салаға сұраныс көп. ЭКСПО-2017 аяқталған соң, көптеген ғимараттар босайды. Сондықтан, босаған орындарда осындай жобаларды жүзеге асыру идеясы дұрыс деп ойлаймын. Бізге отандық және шетелдік ІТ мамандарға жағдай жасау керек. Олар Қазақстанда өз жобаларын дамытып, жүзеге асыратын болады. Біз көрме орталықтарына қазіргі ІТ компанияларды, ақпараттық қамтамасыз ету саласының мамандарын орналастыруды Үкіметтен сұрап отырмыз. Себебі, бұл біздің мамандар үшін тәжірбие алмасу, біліктілік жетілдіру үшін өте тиімді болатыны сөзсіз»,- дейді Нұрлан Исин мырза.

Айта кетейік, Қазақстанда ІТ орталығы жоқ емес, бар. Ол Алматыда «Алатау» орталығында орналасқан. ІТ орталықтың жұмысы қаншалықты тиімді екенін уақыт көрсете жатар дегенімізбен, бұл салаға әлемдік сұраныс жоғары.

«Өкінішке орай, Алматыда орналасқан «Алатау» ақпараттық технологиялар орталығы  барлық ІТ компаниялардың, оқу орындарының басын біріктіре алмады. Оның үстіне, бұл парк инфрақұрылымдармен жабдықталуы жағынан да есе жібереді. Яғни, компаниялар үшін жағдай жасалмаған. Парктің жұмысын ҚР Инвестиция және даму министрлігі бақылауда ұстап отырған. Өкінішке орай, мұнда ІТ мамандарының өзі аз. Сондықтан ЭКСПО  базасында салынатын ІТ орталықтың жұмысы Алматыдағы парктен гөрі тиімді болатыны сөзсіз. Өйткені жіберілген қателіктерді қайталауға әсте болмайды. Президенттің нақты тапсырмасы бар. Үкімет те бейжайлық танытып отырған жоқ. Енді барлығы бұл жобаны басқаратын адамға байланысты болмақ», - дейді Қазақстанның ІТ компаниялар ассоциациясының президенті Нұрлан Исин.

ЭКСПО базасында ІТ орталық құруға дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде? Жауапты мекемелер бұған дайын ба? – деген заңды сұрақтардың осы арада туындайтыны рас.

«Егер дайындық жағына тоқтала кетсек, қазірдің өзінде «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі бар. Холдингке бірнеше мемлекеттік ІТ компаниялар топтасқан. Бұл орталық ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарайды. Ал министрлік өз кезегінде нормативті құжаттар мен ІТ орталықтың іс-шаралар жоспарын түзуде», - дейді Нұрлан Исин мырза.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2046