Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4882 0 пікір 10 Қыркүйек, 2010 сағат 13:09

Демократиялық күштердің қоғамдық-саяси қызметі

Ердәулет БЕРЛІБАЕВ,  тарих ғылымдарының кандидаты

1991 жылы КСРО-ның құлауымен өрмекшінің торындай шырмаған империялық саясат аяқ­талды. Бұл процесс өзінен өзі жүзеге асқан жоқ. Демократиялық күштердің қоғамдық саяси бел­сенділігінің нәтижесінде жүзеге асты. Осы күр­делі саяси процесте Қазақстан интеллигенция­сының орны ерекше.

1985 жылдардың қарсаңында терең эко­но­микалық, әлеуметтік, саяси дағдарыстың табал­дырығында тұрған КСРО-ның әкімшілік жүйесі қа­зіргі заманның талаптарына жауап бере алмайтын еді. Өкінішке орай Кеңес тұсындағы интеллигент­тердің бір бөлігі коммунистік адамгершілік, әділдік мұратына беріле сенгендіктен сол қауіпті саяси науқанды дәріптеді.

Ердәулет БЕРЛІБАЕВ,  тарих ғылымдарының кандидаты

1991 жылы КСРО-ның құлауымен өрмекшінің торындай шырмаған империялық саясат аяқ­талды. Бұл процесс өзінен өзі жүзеге асқан жоқ. Демократиялық күштердің қоғамдық саяси бел­сенділігінің нәтижесінде жүзеге асты. Осы күр­делі саяси процесте Қазақстан интеллигенция­сының орны ерекше.

1985 жылдардың қарсаңында терең эко­но­микалық, әлеуметтік, саяси дағдарыстың табал­дырығында тұрған КСРО-ның әкімшілік жүйесі қа­зіргі заманның талаптарына жауап бере алмайтын еді. Өкінішке орай Кеңес тұсындағы интеллигент­тердің бір бөлігі коммунистік адамгершілік, әділдік мұратына беріле сенгендіктен сол қауіпті саяси науқанды дәріптеді.

Бірақ сол тұстағы Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің 1990 жылғы 17 тамыздағы қаулысында (протокол №2) бұған дейін ресми түрде айтылып келген кемелденген социализм концепциясының нақты өмір сүруге сәйкес кел­мейтіндігін мәлімделді. Аталған кезеңдегі соңғы онжылдықта ұлттық табыс 10,3 %-дан 1%-ға дейін құлдырап кетті /1,8/. Қалыптасқан қоғамдық саяси-әлеуметтік жағдай рухани саланы жаңартудың қажеттілігін айқындады. Өкінішке орай тотали­тар­лық қоғамның партиялық басшылығы сын керек де­генмен өздеріне еш сынды қабылдамайтын. Сын айтатын, сын тұрғысында ойлай алатын интеллигенция­сыз дамыған индустриалды қоғам жолына түсу мүм­кін емес екендігі дамыған елдер тәжірибесінен белгілі. Дегенмен республика интеллигенциясының біраз бөлігі Горбачевтың қайта құру ұрандарынан көп үміт күтті. Сондықтан «Қайта құру ұра­нын еселей түсейік!» деген атпен Қазақстанның шығармашылық және ғылыми интеллигенциясы өкілдерінің республика тұрғындарына арналған үндеуі жарияланды. Үндеуден «...қайта құру демократиялықтың, партиялылықтың нағыз мектебіне айналды... іске қуатты серпін берді» деген жолдарды оқуға болады /2/. Бірақ бұл үміт ұзаққа бармады. Горбачевтың әрекеті де өзіне дейінгі басшылардың билікке жетісімен өздерін іскер де реформатор етіп көрсеткісі келген айла-шарғылардың жалғасы екенін уақыт көрсетті. 1986 жылғы Қазақстандағы демократиялық қозғалыстың жазықсыз жазалануына нақ осы Горбачев басқарған саяси жүйе себепкер болды. КСРО-дағы наразылықтың бастамасы болған осы оқиғадан кейін, Балтық бойы елдерінде, грузиндерде жалғасып, дағдарыстың шегіне жетуі империяның ордасындағы (Мәскеу) 1991 жылғы тамыз төңкерісіне алып келді. Республикалардың тағдыры қыл үстінде тұрған осы тұста Қазақстан интеллигенциясының қоғамдық саяси қызметі де әр қилы қалыптасты. Олар осы тұстағы бюрократ чиновниктердің, істі бұрмалаушылардың әділетсіз істерін әшкереледі.

Ұлы желтоқсан оқиғасынан кейін жүздеген, мыңдаған адамдардың тағдыры тәлкекке түсті. Көптеген интеллигенттер қызметтерінен қуылғанымен, азаматтық бағыттарынан еш шегінген жоқ. Қоғамда жазушы, ғалым, артист, тағы басқа интеллигенция өкілдерінің сөзінің беделі жоғары екені белгілі.

Мемлекеттің рухани жай-күйі, өркениет дең­гейі нақ сол ғылым, мәдениет, өнер қайраткерле­рінің қызметіне байланысты. Жариялылық пен демократия жағдайында Колбин Қазақстаннан кеткен соң республика интеллигенциясының қо­ғамдық саяси қызметі кеңінен сипат алды. 1989 жылғы мамыр пленумында Н.Ә.Назарбаев еліміз­дің бірінші басшылығына ұсынылғаннан кейін елдігіміз таныла бастады. Бұл тұста ең қауіптісі - ұлттық тілімізге қауіп төніп тұрған. Осыған орай тіл мәселесі Қазақстан интеллигенциясының ал­дындағы ең күрделі мәселеге айналды. Жаңа жа­риялылық мүмкіндіктерін пайдаланған еліміздің па­расатты, ел қамын ойлар шығармашылық және ғы­лыми интеллигенциясының бір тобы республика тұрғындарына арналған үндеу жариялады: «Тіл болмаса халық өзінің ойын, сезімін, дүниеге деген көзқарасын жеткізуге дәрменсіз... Бірақ бізді түрлі ұлт өкілдерінің республикаға есімі берілген қазақ тілінің тағдыры ерекше алаңдатады. Оны қолдану аясы біртіндеп тарыла түсуде. Ғалымдардың деректеріне қарағанда «бүгінде қазақ тілі қоғамдық өмірдің 10 саласында ғана белсенді қызмет атқарады. Біздерге бұл мәселені дүрыс шешудің жолы қазақ тілінің мемлекеттік тіл статусын беру болып көрінеді», деп /2/, Қазақстандағы тіл мәселесінің өте ауыр жағдайын бүкіл елге білдірді. Кезінде патша идеологтары: «Оларды жазу-сызуы бар тілге ие етсек, оны мектеп өміріне енгізуіне мүмкіндік туғызсақ, сол арқылы олардың белгілі бір халық болып қалыптасып дамуына жағдай жасадық дей бер» - деп үрейі ұша жазған екен /3/. Тоталитарлық социализм жылдарында Мәскеудегі отаршыл басшылық осы принциптен таймаған. Тіл мәдениетіне деген теріс көзқарас қазақ халқының ғасырлар бойғы қалыптасқан әде­биетіне, тарихына, салт-дәстүріне салқынын ти­гізді. Қазақстан интеллигенциясы жұртшылықтың талап етуімен «Тіл туралы заң» жобасын жасап, 1989 жылы 22 қыркүйекте «Қазақ КСР-інің тілдер және тіл саясаты туралы» заңды даярлап бекіт­тірді /4/. Кезінде шығыстанушы ғалым В.В.Радлов: Мемлекеттік тілді білмейтін адам елдің таны­мал белсенді азаматы бола алмайды /5/, - деп әділ баға берген. Осыған орай халқымыздың бір­туар ұлдарының бірі М.Әуезов: Өз тілін, әдебие­тін білмеген, қадірлемеген интеллигент толық мәнді интеллигент емес, - деген болатын /6/.

Осындай шаралардың жүргізілгеніне қара­мастан 1995 жылдардың өзінде көптеген оқу орындарында қазақ тілін оқыту шет тілдерін оқы­тудан да қиындыққа түскенін мұрағат мате­риалдарынан молынан кездестірдік /7/.

Тәуелсіздік қарсаңында Қазақстан интел­лигенциясының әр түрлі бағыттарын анықтайтын еңбектер мен мақалалар жазылған жоқ. Жаңа жағдайға байланысты Қазақстанда 1986 жылы республика интеллигенциясының қоғамдық саяси қызметін айқындайтын экологиялық клубтар қозғалысы пайда болды. Осы танымал қоғамдық ұйымдар негізінде 1987 жылы тамызда Алматыда «Инициатива» бірлестігі құрылды. 1987 жылы қарашада «Арал-Балқаш» мәселесі жөніндегі қо­ғамдық комитет» құрылды. Бұл ұйым 1995 жы­лы «Арал-Азия-Қазақстан қоғамдық комитеті» бо­лып өзгертілді. Негізгі ұйытқысы Қазақстан ин­теллигенциясы болған қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар Қазақстан халқының тоталитаризмге қарсы санасының оянуында ерекше рөл атқарды.

Экологиялық қозғалыстар халықтың саяси-әлеуметтік белсенділігін көтеру, азаматтардың жаңа бастамаларына құқықтық-консультациялық, хабарлық-эксперименттік қолдау көрсету міндетін алға қойды. Интеллигенция өкілдерінің белсенділігі нәтижесінде құрылған «Арал-Азия-Қазақстан қоғамдық комитеті» комиссиясы кезінде бактериологиялық қару сынақтан өткізілген Арал теңізіндегі құпия қала Возрождениеде болуға қол жеткізді. Құрамы негізінен ғалымдар­дан құралған комиссия қала әкімдерімен, әскери әкімдермен кездесіп, алғаш рет мәселенің мәнін анықтау жұмыстарын жүргізді /8/. Нәтижесінде соңғы бес жылда Арал аймағында түрлі ауру­лар 3 есе, әскерге шақырылған жас жігіттердің әс­керге жарамайтындары 3 есе, сәбилер өлімі 5 есе өскені анықталды. Арал өз деңгейінен 17 метрге төмендеп, қасіретке ұшыраған. 1980-1985 жылдары республикада 3,5 мың жоғары білімді, 3,1 мың орта білімді су шаруашылы­ғына қатысты түрлі мамандар даярланыпты /9/.

Интеллигенция өкілдері «көкті» тірек ете отырып әміршілдік-әкімшілдік тоталитарлық тәр­тіппен қарсыласа бастады. Бір ғана коммунистік партия үстемдігі тұсында оппозиция ашық түрде мүмкін болмаған кезеңде Қазақстан Жазушылар одағының бастамасымен құрылған әлеуметтік-экологиялық бірлестік біртіндеп саяси бағыт ала бастады. «Жасылдар» қозғалысы алғашқы кезең­де студент жастарды, жұмысшыларды біріктірді.

1989 жылы ақпан айында құрылған «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы басында эко­логиялық біртіндеп саяси мәнге ие болды. 1990 жылдың қарсаңында Қазақстандағы билік кең бұқаралық сипат алып бара жатқан «Невада-Семей», «Әділет», тағы басқа экологиялық ба­ғыттардағы топтармен келісіп, талаптарын қолдау­ға мәжбүр болды. Себебі:

1. Орталықтың саяси өктемдігі әлсірей бастады.

2. Қойылған талаптар бүкіл қазақ халқының, бейбітшілік сүйгіш барлық дүние жүзі халықта­рының талаптарына айналып отырғандықтан, онымен келіспеске шара қалмады.

3. Осы кезеңге дейін Қазақстан басшылығының көбі коммунистік идеяларға сенген, енді оның күш қолдану қүралы екеніне көздері жете бастады. Қазақстанда миллиондаған қолтаңба жиналып, Горбачев пен Бушқа ядролық сынауға бірлесіп мораторий жариялау жөнінде үндеу қабылдады. Сөйтіп, 1991 жылы Семей полигонында ядро­лық сынаққа тиым салу жөнінде республика президентінің қаулысы жарияланды.

Қазақстан интеллигенциясының саяси-қо­ғам­дық қызметі 1990 жылдары ерекше өрледі. Пар­тия мұрағатынан Орталық комитеттің идеология бөлімінің мынадай мәлімдемесі кездесті: 1990 ж. Қазақстанда 100-ге жуық саяси ерікті қоғамдық топтар есепке алынса, оның отызы - Алматыда.

Егер 1989 жылы 39 саяси акциялар, митинг, жиналыс, наразылық, конференция, ереуіл өткі­зілсе, 1990 жылы 7 айда 60-қа жуық осындай қозғалыстар болды (мұның ішінде аштық жа­риялаушылар бар). Бақылау ұйымдары 1990 жы­лы қыркүйек-желтоқсан айларында саяси ұйым­дардың белсенділігі күшейе түседі деп қорытынды жасаған /10/.

1990 жылға дейін 20-ға жуық саяси ұйымдар жұмыс жасаса, 1991 жылы көктемде 120-ға жуық саяси-қоғамдық ұйымдар тіркелген. Не­гіз­гі ұйытқысы интеллигенция өкілдері болған бұл ұйымдар саяси, мәдени, ағарту тарихи, экология­лық, тағы басқа салалар бойынша жұмыс жаса­ды. Бұлардың ішінде «Алаш», «Желтоқсан», т.б. осы кезеңде сын айтумен қатар, сол тұстағы Қа­зақстан компартиясымен қатынасты мүлде үзіп, оның мүшелігінен жаппай шығуды жақтап, ашық түрде үгіт-насихат жүргізді. Мұның өзі мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер бөлімі тарапынан қақтығыстар туғызып отырды /11/.

Бұл тұста Қазақстан интеллигенциясының қо­ғамдық саяси белсенділігі жоғары сипат алды. 1991 жылы 28 тамызда ҚазКСР-ының соңғы пленумында Республикадағы коммунистік партия қызметін тоқтатты.

1991 жылдың желтоқсаны адамзат тарихын­да 1917 жылы басталған большевиктік экспе­рименттің аяқталған айы болумен қатар, Ресей­лік империяның да аяқталу жылы болды.

Тоталитаризмді талқандауда зиялы қауым аз еңбек сіңірген жоқ. Бірақ экономикалық тұтқаларды реттейтін дайын демократиялық мемлекет орнай қалған жоқ. Өкінішке орай бізге оны әміршілдік-әкімшілдік жүйенің қирандысы үстінде орнатуға ту­ра келді. 1991 жылы құрамындағы елдерді өрмек­шінің торындай шырмап алған КСРО ресми түрде саяси қызметін тоқтатты. Бұл процестің жүзеге асуында Қазақстанның демократиялық күштері аз еңбек сіңірген жоқ. 1991 жылы 25 қазанда Қазақ­стан Республикасының Егемендігі туралы Заңның қабылдануы сан ғасырлардағы ел халқының арман-мақсатының жүзеге асуы болды. Ел президентіне қиын-қыстау тұста өз айналасына зиялы қауым арасынан басқару кадрларын іріктеп алу оңайға түскен жоқ. Қазақстан интеллигенциясының қоғамдық саяси қызметі тәуелсіз елдің тік тұрып кету мақсатына жұмсалды. Кезінде саясаттың қыр-сырын жетік білген киелі билердің бірі: «Ел билеуші қоғамда ел арасынан шыққан айбарлы, ақылды адамдарды жинаса абыройға бөленеді. Олардан сақтанып сыртқа тепсе, өзіне бітпес жау әзірлейді. Ондай адамдардың бірі мыңға татиды» - деген екен. «Жаныңда ақылсыз мыңды ұстағаннан гөрі, ақылды бірді ұста» деген өсиет және бар. Американың атақты демократы Томас Джефферсон: «Менің ойым әкімшілікке, елге, жұртқа беделді, қабілетті адамдарды көптеп топ­тастыру», - десе керек. Қазақ билері мен аме­рикан демократының осы сөздерінің арасында бір байланыс жатқан жоқ па! Халықтар тәжірибесі әділ болса, ел баскару ісінде ортақтық, ұқсастық бар екенін көрсетеді. Өкінішке орай қазақ билерінің ұлағатты сөздері мен құнды тәжірибелерін тота­литарлық идеология жылдары ескінің қалдығы деп мойындамай келгенбіз. Халықта «Сын түзелмей, мін түзелмес» деген ұлағатты сөз бар. Қателеспейтін жан болмас. Билік басындағылар мүлт кеткен жағдайда өткір сын айтып, ұсыныс жоба бере алатын партиялар орын алса, кемшіліктер дер кезінде жойылады. Бұл тұрғыда Қазақстан интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметі өз міндетін орындауда халық талабына сәйкес болуы керек деп есептейміз. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның ірге тасын қалаған зиялы қауымға болашақтағы киелі, күрделі міндеттерді шешу тағы да бұйырып тұр.

Халықтың күші оның интеллигенциясында. Тоталитарлық жүйенің ыдырауында Қазақстан интеллигенциясының қоғамдық саяси қызметі өзіндік ерекшеліктерімен айшықталды, бұл қызмет тәуелсіз еліміздің дамуында үздіксіз жалғасуда.

 

«Қазақ тарихы» журналынан

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5448