Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 7009 1 пікір 1 Қараша, 2010 сағат 18:02

Сәнік. Төлегетай баба төңірегіндегі зерттеулер

Төлегетай бабамыз туралы ең алғаш қалам тер­беген адам - кезінде Орта Азия халықтарына таны­мал, Қазан төңкерісінің алғашқы жылдарында Түркістан ав­тономиясының бас министрі болған Мұхаметжан Ты­нышбаев атамыз екен. Ол кейін 1925 жылы Ташкент қаласынан «Қазақ тарихына қатысты материалдар» деген халқымыздың тарихы мен этнографиясына қа­тыс­ты көлемді кітап бастырып шығарған. Сол ең­бегінде ол өзінің Төлегетай бабаның 16-ұрпағы екенін жариялап, қазақ халқын құрайтын ру-тайпалар жөнінде көптеген жазба шежірелік материалдар бе­ре­­ді. Автордың, осы еңбегі қазірге дейін қазақ ғалым­дарының ең алғаш рет айналымға түскен құнды еңбегі ретінде аталып келеді. Осы еңбегінде: «Менің 16-атам - Төлегетай өз заманында әйгілі адам болыпты. Най­ман еліне өз билігін жүргізіпті... Өлгенде Өзкенттегі қо­жалардың зиратына жерленіпті...», - деп жазған екен.

Төлегетай бабамыз туралы ең алғаш қалам тер­беген адам - кезінде Орта Азия халықтарына таны­мал, Қазан төңкерісінің алғашқы жылдарында Түркістан ав­тономиясының бас министрі болған Мұхаметжан Ты­нышбаев атамыз екен. Ол кейін 1925 жылы Ташкент қаласынан «Қазақ тарихына қатысты материалдар» деген халқымыздың тарихы мен этнографиясына қа­тыс­ты көлемді кітап бастырып шығарған. Сол ең­бегінде ол өзінің Төлегетай бабаның 16-ұрпағы екенін жариялап, қазақ халқын құрайтын ру-тайпалар жөнінде көптеген жазба шежірелік материалдар бе­ре­­ді. Автордың, осы еңбегі қазірге дейін қазақ ғалым­дарының ең алғаш рет айналымға түскен құнды еңбегі ретінде аталып келеді. Осы еңбегінде: «Менің 16-атам - Төлегетай өз заманында әйгілі адам болыпты. Най­ман еліне өз билігін жүргізіпті... Өлгенде Өзкенттегі қо­жалардың зиратына жерленіпті...», - деп жазған екен.

Тарихта қатты қырғыннан кейін халықта қайта бір ояну, серпілу болып отырған. Шыңғыс хан заманында аянышты қырғын көріп, осынау Шығыстағы Алтай мен Тарбағатайдан Сыр бойына қоныс аударған най­мандар ортаға ғасырлар салып қайтадан ес жиып, елдік санатын қалпына келтіре бастаған. Сондағы сол елге тұтқа болған тұлғалардың бірі - Төлегетай ба­ба. Сол себепті қазақтың қазіргі белгілі ғалымдарының бірі Әділхан Байбатшаұлы «Қазақ даласының ежелгі тарихы» деген кітабында: «Наймандардың сол кезде қайта оянып бас құрауына, ұлыс болып бірлікке келуіне, одан қазақтың ұлт болып қалыптасуына бастаушы ретінде билік тізгінін ұстаған алғашқы тұлғалардың бірі - Найман Төлегетай әулие еді...», - деп жазады. Та­рихшы, ғалым, жазушы Қойшығара Сал­ғараұлы: «Тө­легетай, Кетбұға, Сарыжомарттар қалың Найман тайпасын өрбіткен ірі тұлғалар... осы Төлегетайдың шөбересі Ерторы Қаракерейұлы - Есім­ ханның заман­­дасы. Төлегетай қожалардан қыз ал­ған әрі қожалар­дың бейітіне жерленген. Ол кезде қо­жалар өздерін «Пайғамбардың ұрпағымыз деп есептеп, жай қазақтан жоғары санайтын», - деп жазады өз еңбегінде (Қазақтың қилы тарихы. 254-255-бет).

2006 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде партизан-жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы Қасым Қай­сеновтің 86 жасында Төлегетай бабасының басына барғандығы жөніндегі мақаласы жарияланды.

1997 жылы Қытайда шығатын «Мұра» журналы­ның 3-санына «Бабаның алтын іздері» атты мақала жариялағам, кейін ол мақала «Хан батыр Қабанбай» атты кітапқа «Ата тек туралы аз аял» деген тақырып­пен енгізілді. Онда сол бір асыл аталар тобы сөз болып қоймай, сонымен бірге тоғыз Найманды өз қолымен өрбіткен аналарымыз Әлпеш пен Анар туралы да тамаша аңыздық деректер келтірілген. Ол аналар туралы қазақ тарихында көп аталып жүрген Домалақ енедей ғаламат еңбек жазуға болады. Қа­зан төңкерісінен бұрын өр Найман 90 болыс, ой Найман 150 болыс ел екен, оған Қытайдағы және басқа шетелдердегі Наймандарды қосыңыз, сонда бұл халықтың жалпы саны қанша болады... Оған өзбек, қарақалпақ, қырғыз, мұңғұл құ­ра­­мындағы наймандарды ескерсек, бұл халықтың орасан мол екенін өзіңіз де аңғарарсыз. Найман ақыны Қалжанның Кемпірбаймен (қаракесек) айтысқанда:

Көзіңді аш ауыр жатқан Найман елмін,

Көз жібер ауданыма кімнен кеммін.

Жүз елу болыс болған Найман заты,

Қаз қонып, үйрек ұшқан шалқар көлмін.

Балталы, Бағаналы, Терістаңбалы -

Арынды тау суындай қалың селмін,

Өрдегі тоқсан болыс елді қоссаң,

Алдыңа асу бермес сары белмін, -

дегені сол бір мол халықты меңзейді. 2003 жылы Түркістан қаласында белгілі қазақ ақыны Қаныбек Сарыбаевтың:

Білмесеңіз біліңіз,

Қазақтың төрттен біріміз... - деп толғауы бізге Қалжан ақынның жырын жалғастырған тәрізді сезіле береді. Біз бұл мәліметті тек Әлпеш анамыз бен Анар анамызды ардақтау тұрғысынан, «Ақ періштем-ай, ақырғы сапардан аз да болса бөгеді-ау, бақытымды жандырған, сусынымды қандырған...», - деп келіннің кер шарамен әкелген сусынын сарқа ішіп барып, соңғы лебізін білдіргенде айтқан Найман бабаңның ыстық ықыласын қайталағым келеді:

Дүние - гүл. Мың солып, мың толмақ...

Толтыратын әйел

Ортайтатын ер...

Ердің есіруін жау сағынады,

Жаушылықта ел шабылады.

Дүниенің ортайғаны емей немене?!

Қызыл шақа ұлды да, қызыл шақа қызды да,

Бірін тұлпардай қып жаратып,

Бірін сұңқардай қып таратып,

Өсіретін кім еді?

Қызды ай теңеспес ару еткен,

Ұлды жалынды, жайсаң алып еткен,

Бірін қалыңдық, бірін күйеу еткен,

Әйел емей немене?!

Ортайған дүниені толтырғаны емей немене?!

Міне, осындай Найман бабамыз бен Төлегетай бабамыздың алқауына бөленіп, қазақ еліндегі мол ұрпақты өрбіткен аналарды қаншалық жырладық, қаншалық жаздық? Сол аяулы ананың алдында өзіміздің перзенттік парызымызды өтей алдық па?

Соңғы дерекке қарағанда Әлпеш анамыз Кіші жүз Алшын Адай бидің қызы екен. Ал, Анар анамыз Ұлы жүз Түкебайдың қызы еді дейді шежірешілер. Болса болар, өйткені Қытай бидің өзіне түсіп, ажалға душар еткен құсы «Оралдың орауызы» еді делінген әлгі біз жазған аңызда. Оның үстіне 1908 жылы Алакөл бойында өткізілген Қабанбай батырдың шөбересі Сүлеймен Әділ­­бекұлының асын Кіші жүз елінен алшын Көрпебай би басқарып еді дейді. Кіші жүз елі нағашы жұртымыз еді деп айырықша құрметтеген тәрізді. Төлегетай бабаның төрт ұлы бірдей соғыста өліп, бір ұлға зар болып жүргенде қожа қызынан бір ұл көріп, оған Ұлы жүзден Аусар биді шақыртып, ырымдап атын «Қытай» қойғызуында да үлкен мән-мағына жатыр. Демек, би атаң «елді қыз біріктіреді, жерді шым біріктіреді», - дегендей, іргелес отырған Кіші жүз, Ұлы жүз және жүзге кірмейтін қожа елінен қыз алып, құдаласу жолымен басын біріктіріп отырғанында да үлкен даналық жатқан тәрізді.

Жазба деректерге сүйенсек, Төлегетай жасаған дәуірдің алды-артында осы өңірге дерліктей Найман және басқа Қазақ халқын құрайтын ру-тайпалардан шыққан әйгілі тұлғалар билік жүргізгендігі айтылады. Мысалы: Жалайыр Мұқалы дүние салғаннан кейін Шыңғыс ханның мемлекеттік кіназы Ақсауыт Найман Ұшқаш деген адам болған. Найман Кетбұға (1185-1260) «ұлыстың ұлы биі» аталып, алғашында Жошы ханның, кейін Құлағу ханның ақылшысы болып, 20-30 мың қол бастаған ноян ретінде сонау Мысыр, Палестинаға дейін шеру тартып барады. Найман Нанғадай (Найман Қадыр ханның әулеті) Шыңғыс қолының алдыңғы шебін басқарған (иуан хандығы тарихынан), Жошы хан әулеті Өзбек ханның (1280-1313) бас уәзірлері Найман Мұғұл бұқа мен Құтлық бұқа болғандығы (ағайынды адамдар екен) тарихи жазбаларға түскен. 1530-1550 жылдары Мервтің (Орта Азиядағы ежелгі кала, қазіргі Түрікменстанның Байрам-әли қаласының маңы) әміршісі Найман Жолым би болған. Осы кезде Найман Қобыз би Марыға (қазіргі Түрікменстанның Мары облысы) әмір жүргізген. 1570-1580 жылдары Найман Назар би Балықты (Солтүстік Ауғанстандағы ежелгі қала) билеген. Шайбани хан тұқымы Бабаханның әскербасы - Найман Жанмұқамет би еді делінеді. Төлегетай би дәл осы мезгілде, яғни ХV-ХІV ғасыр аралығында Өзкент қаласына датқа болып, осы өңірдегі елге билік жүргізген делінеді. Соның ықпалы болар, кейін Төлегетай әулеті Арқа өңіріне қоныс аударса да, оның ұрпақтарынан Жандықұл би (семіз Найман), Байғана би, тіпті, кейінгі Нарынбай биге дейін Ташкент қаласына билік жүргізген. Ал, менің есебімде Төлегетай ата біздің 18-19 атамыз болып келетін көрінеді. Бір әулетті 20-25 жыл есептегенде, бабамыз бізден 400-500 жыл бұрын өмір сүрген, яғни, 1400 жылдың аяқ шені мен 1300 жылдың бас шенінде жасаған адам болып шығады. Бабамыздың, Өзкент өңіріне билік жүргізген уақыты да осы мезгілге тура келеді.

2000 жылы күзде мен Түркістан қаласында өткізілген сол қаланың І500 жылдық салтанатты тойына қатыстым. Той кезінде саяжайда демалып отырып, қызылордалық бір қариямен таныстым, жөн сұраса келе ол кісі де найман болып шықты.

- Бұл жақта да найман бар ма? - деп, сұрап едім, Асқар атты әлгі қария бажырая қарап:

- Сен мына Қызылордада Орта ғасыр тарихынан белгілі, осы жерді мекендеп келе жатқан 30 неше болыс Балталы, Бағаналы найманды Наймандықтан шығарып тастағың келіп отыр ма? - деп шүйілді. Қарияларда болатын кейбір қиқар мінезді, әңгіме басталарда айтылатын қышқыл әзілдерін бұрыннан естіп жүретінмін. Сонымен мынау бір сұхбат құратын адам екен-ау деп межелеп, сол жерде шетелдік қазақ­тар­ға арнап тіккен Кіші жүз шөмекей елінің бір үйіне апарып 1 сағаттай әңгіме-дүкен құрдым. Жетпістен асқан Асқар атты қарияның айтқандары мынадай болды:

- Төлегетай атамыздың есімі бұл өңірде "Төлек ата", "Төлеқытай", "Төлегетай" болып бірнеше түрлі аталатын көрінеді. Өздері кезінде "Төлек ата" деп аруаққа құран бағыштағанда "Бабамыз Төлек атаға тие берсін" дейтін көрінеді. Ал Ұлы жүз жағының елі "Төлеқытай" дейді екен. Мұны кейбіреулер баяғы Күшлік хан­ның қарақытай "Қидан".

- Гөріханның еліне жиырма жылға таяу билік жүр­гізгендігімен байланыстыратын көрінеді. Бұл өңірдегі халықтың көңіл төрінен ұлы тұлға ретінде орын алған Ұлы бабамызды мұндағы жұрт атын атамай, көбінде «Ел назыры» деп құрмет тұтады екен. «Назыр» сөзінің түп мағынасы - арабша тіл - бақылаушы, басқарушы деген сөз. Бұл жерде ол «ел ағасы», «елбасы» деген мағынаны білдіретінін олардың өздері де біледі екен. Біздің Шыңжаңда меңгерме бастықтарын (Тиңжяң) «Назыр» деп жүргеніміздің арғы төркіні осы сөзден келген тәрізді.

Шежіре деректері бойынша айтқанда, Найман атамыз екі әйел алған екен. Қырғауыл атты үлкен әйелінен Ақсақал, Үйелеш, Күйелеш туыпты. Шүңірекей атты кіші әйелінен Тоқпан атты бір ұл болыпты. Сол бір жаугершілік замандағы соғыста Найманның төрт ұлы бірдей қаза табады, жастай жесір қалған Тоқпанның әйелі Әлпешті біреулер үйсін қызы, біреулер алшын қызы деседі. Біздіңше алшын қызы болу мүмкіндігі көбірек екенін жоғарыда айттық. Ақылды ана Әлпештің аркасына аяздай батқан нәрсе - Найман атам ұрпақсыз кете ме деген ой болады. Сонымен өзін әмеңгерлікке аламын деген арғын балаларынан құтылу үшін Данышпан ана Арғын атаның алдына қошқар жетелеп барады. Мұның мәнісін білген Арғын баба: ««Құр суға бата жүрмейді, құр аяққа неке жүрмейді» деуші еді, балам, қошқарың қалсын, өз басыңа бостандық бердім», - дейді. Әлпеш атасына әйел әперіп, сонан туған қайнысына тиюге бел буып, соны күтеді. Найман ата 87 жасқа шыққан жылы шыр еткен жас иіс көреді, артымда қалған белгім деп атын Белгібай қояды. Кейбір жазба дерекке қарағанда осы Белгібай Өкіреш Найман аталған екен. «Өкіреш» сонау ғұндар заманынан бері қарай әйгілі тұлғалардың айбынды, қуаттылығын білдіретін байырғы атақ болған. Әлпеш ана 36 жасқа келгенде 18 жасар қайнысымен некесін қидырады. Сонан барып Сүйінші, Сүйіншіден Төлеқатай, онан Қытай, Қытайдан Қаракерей, Төртул, Садыр, Матай туады. Ұрпақ қамын ойлаған аяулы Әлпеш ана өз жасы ұлғайып қалғандығын ойлап, өз сіңілілерінің біреуін Белгібайға қосады, одан Сүгірші мен Өтеген туады. Сол Сүгірші мен Өтегеннен Ергенекті, Терістаңбалы, Балталы, Бағаналы, Көкжарлы рулары тарайды екен.

Сыр бойындағы Наймандар арасына тараған аңызға қарағанда, Сүйінші - өте бай болған адам екен. Сол байлықтың белгісі болар «Сүйіншінің малы көп пе, даланың аңы көп пе?» деседі екен жұрт. Төлегетай жасында көп оқыған дейді. Оны кейінгі кезде датқалық тұғырға көтерген де сол білімнің күші болса керек. Найман әулетінде ұлдан көрі қыз молырақ тәрізді, сондықтан қыздан туған жиендер көбірек келгіштейді екен. Бірде Сүйінші баба Төлегетайдан: «Балам, далада ешкі қайырған дауыс не?» деп сұрапты, сонда Төлегетай: «Серкелердің санына жете алмай жүрген жиендер ғой», - деп жауап берген екен. Сонда Сүйінші атамыз ойланып отырып: «Е, солай де, тілеу - анадан, тіреу - атадан», - деуші еді. «Ата күшімен ер өседі, ана тілегімен ел өседі», - деген осы ғой, саған ана тілегі дарып, ананың күші асқар бел болсын, жиен назары ана тілегінен қағыс қалмасын, қырықтың бірі - қызыр, сол шіркіндердің әрбіріне қырықтан серке бөліп беріп алдына салыңдаршы! Сонда олардың өзі кеткенімен, көңілі қораңнан шықпайтын болады», - деген екен. Ғұламалар жиендерге қырық серкеш беру салты Сүгірші, Төлегетай бабаларымыздан қалған дәстүр деседі.

Оңтүстік өңірдің қазақтары арасына кеңінен тараған Төлегетай бабамыздың тағы бір керемет өсиеті бар екен. Бұл, бәлкім, соңғы өсиеті болар. Ол дүние саларында төрт немересін жиып алып: "Төңірегіңе абай бол, төрт құбылаңнан жазба, төрт көзің түгел болсын, көштерің қатар, түтіндерің қосылып тұрсын, бір-біріңнен от сұрай жүріңдер", - деген екен. Түсін жорып, ұрпағының болашағына болжам айтқан әлгі даналық маржандарына қосып әуелі тірлігін, сосын бірлігін тілеген  ғұлама бабамыздың бұл өсиетіне тұжырым жасайтын болсақ, әрі оны төрт Төлегетай әулеттерінің бүгінгі шалқыған дәуірімен ұштастыра отырып зер салар болсақ, бабамыздың бұдан 5-6 ғасыр бұрын айтқан сұңғылылығына қайран қаласың!

Асқар атты әлгі шежіреші қарияның айтуына қарағанда, Төлегетай бабамыз жер жадысына жүйрік болған, жері құмдауыт, суы тапшы келетін сол өңірде бабамыздың мына жерден су шығады деп таяғымен нұсқаған жерінен су шығады екен. Соған байланысты «Төлек атаның суаты» деген жер аттары да бар көрінеді. Сондықтан ол жақтың елі Төлек атаны Қарасай батыр, Райымбек батырлардың «киелі ата» деп аталуынан бұрын өмірден өткен қазақтың сол замандағы киелі тұлғаларының бірі еді деп қарайды екен.

Төлегетай әулеттері бабасының сол өсиеттерін берік ұстанған, олар Сыр бойынан Арқа өңіріне қоныс аударған кезінде де іргесі бөлінбей бірге барған. Дулат жырау Бабатайұлы (1802-1874) өзінің «Сары арқа» атты жырында: «Тай туып, тайлақ қайыған, тоқты қоздап байыған» Сыр өңірі мен «Әзіреті қонған Қаратауды» сағына еске алып, «О, Сарыарқа, Сарыарқа, самалы салқын жон едің, Сырдан ауып келгенде, тимеген ірге соны едің» деп жаңа қонысты ағынан ақтарыла жырлаған болатын. Соңғы кездері біз Арқа өңіріне 2-3 рет сапарлай барып, бабамыз Қабанбай батыр жатқан «Қабанбай төбесі» атты елді-мекеннің төңірегінен «Қабанбайдың үш терегі», «Қабанбайдың қыстауы», сондай-ақ Жолымбет, Жанкөбек, Садырбай ауылдары сияқты Төлегетай әулеттерінен шыққан әйгілі адамдардың аттарымен аталатын көптеген елді-мекендерді көзімізбен көрдік. Төлегетай әулеттері 1750-1850 жылдары Шығыс өңіріне, одан Қытайға қоныс аударған кезде бабасының сол өсиеттерін берік ұстанған, іргелері бөлінбеген, бір-бірінен «от сұрай» жүрген. Кезінде бабаларымыздың ел басқарушыларды төреден, діни сауат ашушыларды қожалардан сайлағаны шындық. Тарихта қожалар қазақтың ағарту ісіне үлес қосқаны да шындық.

Кейін келе осы қожалардың біразы қазақтардың ішіне сіңіп, қазақ болып кетті. Ел ішінде көп айтылатын кейбір қожалар сондай жолдармен қазаққа айналған. Өздерін «Қаракерейміз, қаракерей ішінде Қылышты қожамыз» деп жүрген нағашыларымызды да әр жерден кезіктіреміз. Қылышты қожа нағашымыз көп оқыған, білімді адам екен. Төлегетай бабамыздың білікті би болып, Түркістан қаласының батыс іргесіндегі ежелгі Сауранға және Өзкент қаласына датқа ретінде билік жүргізуіне қайын атасының да ықпалы болса керек. Қайын атасын ұстаз деп атауына қарағанда, ол кісіден көп нәрсе үйренсе керек. Бұл жөнінде жұрт арасына тараған мынадай аңыз бар екен.

Бір ретте Қылышты қожа бабамыз жиендеріне: «Келіңдер, асық ойнайық» депті. Сонда Төлегетай отырып: «ұстаз, өзіңіз айтушы едіңіз, асық ойнаған азар, дойбы ойнаған тозар, бәрінен білім қуған озар», - деуші едіңіз, жиендеріңіздің ақыл-зейінін өрбітетін ойын қозғаңыз, - депті.

- Мен білмейтінімді саған айтып болғандаймын, бұларға білім үйрету - саған аманат, - деген екен нағашымыз.

- Түкпіріңізді ақтарыңызшы, таусылмас қазына­ның түбінде не қалды?

- Е, төңіректегіні де, түптегіні де түгендеп, теріп алмадың ба? Енді осның несібесін түгел жемей, еліңмен, жұртыңмен, мына ұрпақтарыңмен бөлісе жейтін бол. Білгенімді үйреттім, Алла берген олжаға ие болғанда аумағыңды ұмытпа, - дегенде Төлегетай үндей алмай бір сәт отырып барып:

- Құп, ұстаз, айтқаныңызға құлдық, өсиетіңізді орындауға өз алдыңызда, ұрпақ алдында ант етемін! - деген екен. Біз айтып жүрген "Төлегетай" деген есім Сыр бойында айтылатын «Төлек атай» деген сөзден келген болар. Бұрын бабамыздың «Мен Сүйіншіден жалғыз едім, су түбінде жалбыз едім» деп келетін тамаша ғақлиялық толғауын жариялаған едім, ал, Сыр өңірінде бабамыз ғұлама ғалым, ақылгөй дана ретінде аталып, ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық көптеген даналық өсиеттері айтылады екен. Солардың бұл дәуірге жеткендерінің бірер нұсқасын Асқар қария былай деп әңгімеледі:

Төлек атамыз шау тартқан шағында ұрпақтары барып мынадай жөн сұраған екен: «Қазылық қиын ба, датқалық қиын ба?», «Ұлдың жаманы қандай, қыздың жаманы қандай?». Сонда ұзақ жыл осы датқалықтың да, қазылықтың да тізгінін ұстаған қарт ойланып отырып былай деген екен:

- Қазы елдің арасында күн көреді. Ал, датқа елдің күн көрісін қалай түзеймін, көпке көже-қатықты қалай тауып беремін дегенді ойлайды. Сондықтан қазыны ел асырайды, датқа елді асырайды десек те болады. Қазы айтқан билігіне, төрелігіне ғана жауапкер, бұл екеуінің парқы мен қиындығы да осында. Сонда қиыны - датқалық - "Қазының алдына, - деп сөзін сабақтапты Би атаң - Дау қуған екеу, ары кетсек екі топ жүгінеді, бірі "тәуекел" деп тұрады. Оны көзі айтып қояды. "Арамзаның көзі ойнақы, өтірікшінің сөзі ойнақы", - деген сол. Екіншісі "Алла" деп келеді. Оны да иман жүзі білдіреді. Мұндайлар өзі-ақ, құдайы жақ адамдар. Осыны дұрыс парақтай білгенге қазылық қиын емес. Мұндайда жолың таза, ісің пәк жүреді".

- Екінші сұрақтарың не еді? - деп данагөй қарт қайта сұрайды. Балалары сұрақтарын қайталайды. Қарт би басын шайқап: "Мыналарыңның салмағы бірінші сұрақтан ауыр ғой", - деп бір сәт ойланып барып сөз тиегін ағытады.

- "Ұл жаманы - үйге, қыз жаманы - қиырға" деген сөз бар, ұлың жаман болса - үйіңе, әрі асса ауылыңа за­­ла­­­­­­­­­­­­­­­­­­лын ти­гізеді. Оның қоңырсығын қотаныңда өшіруге бо­ла­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ды.
Өйт­кені, шіріген жұмыртқа сұңқардан да шыға­­­­­­ды. Ал, қыз жаманы қиырға дегенім, ол бір емес, екі ел­ді бірдей бүлдіреді. Жақсы атаны жат елде жаман атқа қалдырады. Тіпті, жұртыңды өсекке, өзіңді есекке мін­гізеді. Құда-жұратпен іргеңді айырып, өрісіңді та­рылтады. Адам даңқы айналасына жаққан соң барып аспандап көтеріледі. Дүниеде сол даңқыңа дақ түсіретін мерез, өзің мекіреніп иіскеген ұрпағыңнан шықса, одан өткен жамандық болмас".

Бабамыздың кемел шағында осындай бір кесек толғаныстары, билік пен бітімділік жөніндегі терең ойлары, ұрпақ тәрбиесі жөніндегі ұлағатты нақылдары қашанда өз құнын жоймас-ау деп ойлайсың.

Бабаның жалғыз ұлы Қытай 38 жасында салбурынға шығып, өз құсынан мерт болғанын біз жазғанбыз. Сонан ел жиылып, Қытайды арулайтын кезде қарияны сүйеп, сүйек басына әкеледі. Қарт бидің қанатымен қоштасардағы зары қандай ғаламат еді:

Мен әкем Сүйншіден жалғыз едім,

Су түбіндегі жалбыз едім,

Қытайым қытайдай көп болсын деп -

Аллаға үмітімді зар ғып едім....

Мезгілсіз қаза келгенде,

Жалғызым кенет өлгенде

Құлағым суалғандай болды

Жайлауым қуарғандай болды

Қу толағай бастандым,

Алдарыңда тірі тұр демесең

Өзім де өлуге шақ қалдым, ...

Уа, тәубә, тәубә!

Пенде екенмін, тәубә дейін,

Жапырылып отырған өздеріңді көргенде,

Ұқтым Қытайымның өлмегенін!

Асыл найзаның сабы сынса,

Ұңғысы қалды емес пе?

Найза қайта сапталмас па,

Төрт немерем тірі болса

Түмен ел болмасына кім кепіл?

(«Хан батыр - Қабанбай» 54-55 - беттен).

Рас-ау, «Әке өліп, бала қалса мұратына жет­­­­кені, бала өліп, әке қалса дерті ішінде
кет­кені»
деп бұрынғылар тауып айтқан ғой, бірақ, тағдырына не дауа, қарт бидің іші дертке толып, «өлуге шақ қалып» тұрса да, ел алдында еңселі тұлға, қажымас қайсарлық көрсету қажет болғанда, қайратын бойына қайта жиып алудың өзі де ерлік қой. Бабамыз мұнысымен де ұрпағына үлгі болып тұр емес пе? Сондықтан, ізденсек ізін табатын дүниелер баршылық-ақ тәрізді. Төлек атай жөнінде көп мәлімет берген Асқар қария кетерінде: «Қарағым, алыстап кетіп, атаңның жатқан жерін көре алмай жүрген бауыр екенсің. Жүр атаңның басына барып қайт, қоныс аудару көбейе берген соң, қай атаңның қайда жатқаны ұрпаққа жұмбақ болып, ізі өшіп кетеді. Бәлкім біздің Сыр бойынан жылжымағанымыз бабалар жөніндегі байырғы дүниені ұмытпағанымызға себеп болған шығар, бара қалсаң құр қайтпассың», - деп қолымды қатты-қатты қысып, құшағына басып, қимастықпен қоштасқан еді. 2008 жылы 25 қазан күні Төлегетай бабамның басынды болу мүмкіндігі туды. Сонау Қытайдан келіп, құшағынан миллиондаған ұрпақ таратқан ұлы бабаға мынадай жыр арнадым.

Бір сезім бар осы өлкені сағындырып қимаған

Төлегетай ұлы бабам, ұрпағы өсіп қатайған,

Келіп тұрмын тәу етуге, сонау-сонау Қытайдан.

Егеменді ел болған соң, ұрпақтарың қуанып,

Ада-күде құтылды ғой, басқа келер құқайдан.

Қазақстан, Орыс. Қытай, Түрік, Моңғол еліне,

Тараппыз ғой, бүкіл Тұран - Орта Азия жеріне.

Асқар Алтай. Тарбағатай, ұлы Үйсін тауларын

Мекен етіп шықтық биік Ерен таудың төріне.

Киелі ата, өз рухың бізді жебеп қолдаған,

Сол себепті өзің жайлы ойланамын, толғанам.

Сан ғасырды алдыға сап, өтсе-дағы көп заман,

Сол рухың қайрат беріп, жігерімді сомдаған.

Ұрпақтарың қайда жүрсе, бірін-бірі сыйлаған,

Сол рухың біріктіріп, бізді мұнда жинаған.

Жүрсек-тағы, қиыр жайлап, шет өлкені қоныстап,

Бір сезім бар осы өлкені сағындырып, қимаған.

Бабаға арнап, кесене сап, үлгі орнатқан артына,

Сәлем-сәлем Қазақстан, Қызылорда халқына!

Ұлы бабам жебей берсін, деп тілейміз әманда,

Уа, жамағат, бас иемін, ізетпенен жалпыңа!


«Қазақ тарихы» журналынан

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5575