Сенбі, 23 Қараша 2024
Сайлау 7164 13 пікір 14 Маусым, 2017 сағат 13:30

Президент Назарбаевтың саяси оппонеттері кімдер болды?

Биыл Тәуелсіздігіміздің 26 жылы.  Енді 14 күнде Қазақстанның ең жоғарғы Заң шығарушы органы - Сенаттың депутаттарын таңдау басталады. Ал үш жылдан кейін кезекті Президент сайлауы.

Сайлау дегеннен шығады, өткенде сайлау туралы заңға өзгертулер жасалды. Енді кез келген Қазақстан азаматы сайлауға үміткер бола алмайды. Бұған қоса, саяси партияда мүшелікте болуың шарт. Тақырыбымызға оралайық. Президенттік сайлауға қатысты өзгеріске орай ресми органдар: «Әркім сайлауға қатыса алатын. Сөйтіп, сайлау сайқымазақ шоуға айналатын еді» деді.

Енді Президент сайлауына кез келген Қазақстан азаматы қатыса алмайтын болды. Қазақстанда тұрғанына және мемлекеттік қызметте 5 жыл болған, онда да саяси партияда мүшелікте бар адам ғана президенттіктен үміткерлердің қатарына енуі мүмкін.   Ал бұл демократия қағидасына қаншалықты сай?

Біз ескі сайлауларды еске түсіріп көрдік. 26 жылдан астам үздіксіз ел басқарып келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі сөзсіз тарихта қалады. Әзірдің өзінде әлем тарихындағы ең ұзақ ел басқарған президенттер тізімінде тұрған 76 жастағы Нұрсұлтан Әбішұлының есімі дәріптеліп-ақ жатыр.

Сонымен, 26 жылда Президент Назарбаевтың сайлаудағы саяси оппоненттері кімдер болды?

1991 жылғы бірінші сайлау.

Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға қатысқан жалғыз үміткер болды. 98 пайыз дауыс жиған ол ел мемлекет басқару ісін қолға алды. 1991 жылы күйреген КСРО құрамында болған елдердің денінде сайлау өткен-ді.

1999 жылғы екінші сайлау.

Арада сегіз жыл өткенде Тәуелсіз Қазақстан екінші сайлауын өткізді. Сайлау 1999 жылдың 10 қаңтарында өтті.

Президент Назарбаев екінші мәрте президенттік додаға түсетінін мәлім етті. Бұл жолы Назарбаевпен таққа таласқандар - Серікболсын Әбілдин, Ғани Қасымов және Энгельс Ғаббасов еді.

Қазіргі оппозицияның ақсақалы, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Серікболсын Әбілдин сол жылы  11,9% дауыс жинады. Ғани Қасымов 4,7%, Энгельс Ғаббасов 0,8 % дауысты місе тұтты.

Екінші сайлауында Назарбаев жұрттың  81 пайыз дауысын жиды.

Айтпақшы, Назарбаевтың саяси қарсыластары не істеп жүр дегенге келсек, Ғани Қасымов қазір Патриоттар партиясынан кеткен. Депутат болды. Ол жақтан да байыз таппады. Қазір экс-депутат - белгілі блогер. Ара-тұра әндетіп тұрады. Энгельс Ғаббасов дүниеден қайтқан. Серікболсын ақсақал Алматыда тұрып жатыр.

2005 жылғы үшінші сайлау.

Қазақстандағы үшінші Президент сайлауы 2005 жылы 4 желтоқсанда өтті. Екі мәрте Президент болған Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл жолғы қарсыластары - Жармахан Тұяқбай, Әлихан Байменов, Ерасыл Абылқасымов пен Мэлс Елеусінов болды.

Айтпақшы, осы жолғы сайлауды Халықаралық бақылаушылар терістеген еді. Олардың айтуынша, сайлау кезінде ел билігі оппозиция өкілдеріне қысым жасаған. Сайлау кезінде бір адам бірнеше рет сайлауға қатысқан т.б.

Қазір Жармахан Тұяқбай ЖСДП партиясын басқарып отыр. Тек сайлау науқаны кезінде тіріліп, басқа уақта дымын шығармайтын фиктивті партия - оппозиция ауылында есепте тұр. Әлихан Байменов қазір Мемлекеттік қызмет жөніндегі айматық комитеттің басқарма төрағасы. Ерасыл Абылқасымовтың қайда жүргені белгісіз. Кейінгі кездері ол кісіге көріпкелдік қасиет жұққан дейді білетіндер. Мэлс Елеусінов экология мәселелерімен шұғылданып жүр.

2011 жылғы төртінші сайлау.

Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың 3 сәуірінде өткен президент сайлауына өз кандидатурасын тағы ұсынды. Бұл сайлау мерзімінен бұрын өтті. Бұл жолғы бәсекелестері - Жамбыл Ахметбеков, Ғани Қасымов және өмір бақиғы үміткер Мэлс Елеусізов еді.

Ал бұл сайлауға "допуск" ала алмаған үміткерлер - Серік Сапарғали, Қанат Тұрагелді және Сәлем Өтен болды.

2015 жылғы бесінші сайлау.

Ел тарихындағы бесінші Президент сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтті.

Бұл жолғы сайлау басқа сайлаулардан өзгеше болды. Президент Назарбаевтың саяси оппоненттері - Әбілғазы Құсайынов пен Тұрғын Сыздықов болды.

Бір қызығы бұл екі кандитатты ел-жұрт бұрындары мүлде көрмеген еді. Бірі - бірнеше рет вице-министр болған, бірі - коммунист еді.

Қазір Тұрғын Сыздықов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Ал Әбілғазы Құсайынов ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Кәсіподақтар Федерациясын басқарады.

Сайлауға түсіп, Президент болмаққа бекіген Әбілғазы Құсайыновтың Википедиядағы өмірбаянына назар аудардық. Әбекеңнің үлгі тұтар саясаткері - Нұрсұлтан Назарбаев екен. Ал хоббиі - саясат деп жазылыпты.

Бұған қоса, 2015 жылғы сайлауға Лимана Қойшыбаева дейтін келіншек қатысты. Ол Мемлекеттік тілді білмейтіндіктен, додаға жіберілген жоқ.

Өзін Қазақстан Мұсылмандар одағының басшысымын деп таныстыратын Мұрат Телібеков те Президент боламын деп шықты.

Бұл жолы Мэлс Елеусізов өзі бас тартты. Ақшасы жоқ екен.

Бұлардың барлығы ескі ереже бойынша өздерін-өздері ұсынған кандидаттар еді. Бұл сайлауларға "Нұр Отан" (ескідегі - Отан), "Ақжол", "Қазақстан коммунистері", "Қазақстан патроиттары", "ЖСДП" партиялары бақ сынасқан-ды.

Ендігі сайлау 2020 жылы деп күтілуде. Қазірдің өзінде бес мәрте Президент болып үлгерген Нұрсұлтан Әбішұлы бұл жылы 79 жасқа толады екен.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450