Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2323 0 пікір 10 Қараша, 2010 сағат 22:10

Бір шаңырақтың астына біріктіретін ұлы күш – мемлекеттік тіл.

Қарашаның 10 күнгі ҚР Парламенті Мәжілісі Палатаның жалпы отырысында Ирак Елекеев мемлекеттік - қазақ тілі туралы Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловқа депутаттық сауал жолдады.

«Құрметті Орал Байғонысұлы!

Құрметті әріптестер!»,- деп бастап үндеу тастады.

Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық және діндераралық келісімді сақтауда әлемге үлгі болып отыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Астанада үш рет өтті. Жуырда ғана Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІ сессиясы өтті.

Ұлт пен ұлтты бір-біріне деген сыйластық пен сенім, салт-дәстүріне көрсетілген құрмет жақындастыратыны анық. Сонымен қатар бір шаңырақтың астына біріктіретін ұлы күш - мемлекеттік тіл.

Соңғы жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлердегі бірлестіктері де, әр түрлі ұлттардың мәдени орталықтары да өз тілдері мен салт-дәстүрін жаңғыртумен қатар өз іштерінде арнайы курстар ашып, мемлекеттік тілді меңгеру үстінде. Бұл жақсы бастама.

Адам тілді білген сайын сана-сезімі толыға түседі, өзге ұлттардың жан-дүниесін түсінеді. Өмірде өзіне жақын достар жинайды. Қызмет барысында да тілді білгеннің тиімділігі өте зор. Осыны ұғына білген өзге ұлт өкілдері «Қазақстанда тұрып, өз елімнің тілін білуім керек!» деген патриоттық сезіммен мемлекеттік тілді ешқандай қиындықсыз меңгеріп алуда. Қазір қазақ тілінде еркін сөйлей алатын қазақстандықтар өз тілін үйренуге талпыныс жасамай жүрген кейбір қандастарымызға үлгі болып отыр.

Менің айтайын дегенім, қосымша қаржы бөлмей-ақ мемлекеттік тілді үйренгісі келетін азаматтарымызға көмек көрсетуімізге болады. Мәселен, орыс және басқа ұлттар тілінде дәріс беретін мектептерде ашық сабақтар мемлекеттік тілде жүргізілсе, ол да бір игілікті іс болар еді. Орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарында саяси және мәдени іс-шараларды мемлекеттік тілде өткізу қолға алынса, ол да оң бастама болатыны сөзсіз. Сонымен қатар орыс және басқа ұлттар тілінде дәріс беретін мектептерде, колледждер мен университеттердің бөлімдерінде мемлекет және қоғам қайраткерлерімен, ақын-жазушылармен кездесулер мемлекеттік тілде өткені жөн. Мұны неге айтып отырмын. Жақында бір танысым Астанадағы дарынды ақын Төлеген Айбергенов атындағы мектептің балалары осы қыршын кеткен ақынның кім екенін білмейтінін естідім. Бұл нені көрсетеді. Мектеп директорының мектеп атауын шәкірттердің санасына сіңірмегенінен. Ақынның атын иеленіп отырғын мектептің жағдайы осындай. Бұл бір мектептің басындағы жағдай емес. Осы жайтты білім министрлігі қадағалауы керек сияқты. Өйткені әр адам қызықты әңгімені түсінгісі келеді. Қазірдің өзінде кейбір орыс мектептерінде ара-тұра болса да, қазақ қаламгерлерімен кездесулер өтіп жүр. Ондай басқосудан шәкірттер рухани байлық алып, халқымыздың салт-дәстүрін біле түседі.

Кеңес Одағы тұсында орыс тілін үйретудің оңай тәсілдері қолданылды. Мәселен, бір ауыз орысша білмей әскерге барған қазақ баласы екі жылдан кейін еркін сөйлеп келеді. Осы орайда мемлекеттік тілді үйренудің тағы бір әдісі біздің қорғаныс саласының қызметін толықтай мемлекеттік тілге көшіру керек. Яғни, әскери комиссариаттан бастап азаматтарымыз қазақ тілінде қабылдануы тиіс. Бүгінгі таңда әскерде сапқа тұруға, жүруге берілетін бұйрықтар ғана мемлекеттік тілде айтылып жүр. Ол аздық етеді. Сондықтан әскери өмірдің тыныс-тіршілігі мемлекеттік тілде жүргізілуі керек. Қазақстанның және әлемнің саяси жаңалықтары, еліміздің ішкі және сыртқы жағдайы туралы мәліметтер айтылатын саяси жаттығу сабақтары мемлекеттік тілде өткізілсе, тілді үйрену үшін бірінші кезекте жауынгерлерімізге жасаған көмегіміз болар еді. Осы жерде салауатты өмірді елбасымызда  ылғи айтып келеді. Темекінің адам ағзасына зиян екенін бәрі біледі. Кей балалар осы темекіні армиядан үйренеді екен. Неге осыған шектеу қоймасқа.

Осы орайда бұл ұсынысымды Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мырзаларға жолдап отырмын.

Бұл ұсынысты қолдаймын, қолымды қоямын деген әріптестерім болса, ешқандай қарсылығым жоқ.

Назарларыңызға рақмет.

Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратып отыр

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5669