Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2036 0 пікір 10 Қараша, 2010 сағат 22:06

Сотта жанашырлық жоқ...

Біздің тілшіміз осы орайда Ермектің әкесі Ерсайын Нарымбаевпен жолығып, сот пен от төңірегіндегі соңғы жағдайлар жөнінде сұхбаттасқан еді.

- Ерсайын аға, Ермек ұлы­ңыздың жазықсыз сотталғанына біршама уақыт өтті. Осы уақыт аралығында отбасыңыз нендей күйді бастан өткерді? Ағайындар арасында сізге «халық жауы­ның» әкесіне қарағандай көз­қарас жоқ па?

- Әркімнің өзіндік ойы мен пікірі болатыны белгілі ғой. Әйтсе де, маған «халық жауының» әкесіндей қарай­тындарды әлі байқаған жоқпын. Әрине, «оның керегі қанша, өзінің үш баласын асырап жүре берсе, болмас па еді немесе «жалғыз өзі не шеше алады» деген сияқты сөздерді ағайын-туыстардың ара­сында айтқандар болды. Десек те, бұлар мені кемсітейін дегендіктен емес, жаны ашығандықтан айтты деп ойлаймын. Мәселен, мен олармен көп жылдан бері араласып келемін және олар балаларыма дейін біледі. Жаны ашыған­дықтан әлгіндей ойларын білдірді, бірақ ат-тонын ала қашқандар болған жоқ.

- «Халық жауы» дегенде, қиянатқа көндіккен қазақтың бүгінгі дәрменсіз күйін айтқанымыз ғой. Мәселен, біздің елде соңғы бірер жылда шындықты айтамын, халыққа болысамын деп бірнеше азамат сотты болды. Ал оған араша түскен бір қазақ көрінбейді. Сізді осы жағдай мазаламай ма?

Біздің тілшіміз осы орайда Ермектің әкесі Ерсайын Нарымбаевпен жолығып, сот пен от төңірегіндегі соңғы жағдайлар жөнінде сұхбаттасқан еді.

- Ерсайын аға, Ермек ұлы­ңыздың жазықсыз сотталғанына біршама уақыт өтті. Осы уақыт аралығында отбасыңыз нендей күйді бастан өткерді? Ағайындар арасында сізге «халық жауы­ның» әкесіне қарағандай көз­қарас жоқ па?

- Әркімнің өзіндік ойы мен пікірі болатыны белгілі ғой. Әйтсе де, маған «халық жауының» әкесіндей қарай­тындарды әлі байқаған жоқпын. Әрине, «оның керегі қанша, өзінің үш баласын асырап жүре берсе, болмас па еді немесе «жалғыз өзі не шеше алады» деген сияқты сөздерді ағайын-туыстардың ара­сында айтқандар болды. Десек те, бұлар мені кемсітейін дегендіктен емес, жаны ашығандықтан айтты деп ойлаймын. Мәселен, мен олармен көп жылдан бері араласып келемін және олар балаларыма дейін біледі. Жаны ашыған­дықтан әлгіндей ойларын білдірді, бірақ ат-тонын ала қашқандар болған жоқ.

- «Халық жауы» дегенде, қиянатқа көндіккен қазақтың бүгінгі дәрменсіз күйін айтқанымыз ғой. Мәселен, біздің елде соңғы бірер жылда шындықты айтамын, халыққа болысамын деп бірнеше азамат сотты болды. Ал оған араша түскен бір қазақ көрінбейді. Сізді осы жағдай мазаламай ма?

- Газеттен оқыдым ба, әлде теледидардан көрдім бе, әйтеуір, өткен ғасырдың отызыншы жылдары Гитлер билікке келгенде, католик діндары: «Ең алғаш ұлтшылдар коммунистерге тиіс­кен­де, үндемедім. Өйткені мен коммунист емес едім. Одан кейін еврейлерді қудалағанда, еш нәрсе айтқаным жоқ, себебі мен еврей емес едім. Байларға тиісе бастағанда да, ештеңе істемедім. Себебі, менде байлық болған емес. Ал енді жеріме тиіскенде, мен туралы айтатын ешкім болмады. Өйткені кезінде олардың басына іс туғанда, мен оларға болысқан жоқпын», - деген екен.

Ермектің басындағы жағдай әркімнің басынан өтпей, біз бүгінгі жағдайды түсіне алмаймыз. Мысалы, қазіргі зиялыларға, шыны керек, көңілім толмайды. Кезінде Алаш зиялылары өзінің зиялылығын көрсетіп, елдің, жердің қамы үшін айтатын сөзін айтып, жанын пида етті. Ал бүгінгі зиялылар халықтың жай-күйіне бас ауыртпайды. Жуырда Ермектің мәселесімен Жоғарғы сотқа бардым. Сотқа әлі күнге шейін баспаналарына қолдары жетпей жүрген үш жүзге жуық үлескерлер келіпті. Олардың алды сотқа кірсе, қалғандары далада тұрды. Үлескер­лермен сөйлескенімде, олардың ішінде бес балалы аналар да бар екен. Олардың аштық жариялап жатқанда­рына жүз күннен асты. «Айлас қатын - мұңдас» дегендей, инфарк алған екі адамға үлескерлер қамқорлық көрсетіп жүр. Соларды зиялылар көрмей жатыр ма? Жарайды, билік пен сот көрмесе көр­месін. Ал зиялы қауым неге көрмей отыр? Мәселен, екі жазушы бір-бірімен дауласса, бәрі ашық хат жазып, өздерінің бар екенін көрсетіп қояды. Ал қара­пайым халықтың басына қатер төнген­де, олардың аузынан неге бір ауыз сөз шықпайды?

- Осы сұрақтың жалғасы: қазір тіркелмеген «Алға» партиясынан басқа, Ермекті қолдаушылар  жоқтың қасы. Базбіреулер: «Назарбаев, кет!» - деп ұран саласыздар, одан ұтқандарыңыз осы ма, Назарбаевтан қандай жамандық көріп жатсыздар?» - дейтін көрінеді. Осы сұраққа сіз қалай жауап берер едіңіз?

- «Алға» партиясынан басқа, Ком­пар­тияның төрағасы Ғазиз Алдамжаров: «Ермектің мәселесін дұрыс қарап, оның қойып отырған талабын әділ шешуге жағдай жасаңдар», - деп, Жоғарғы сотқа арнайы хат жазды. Аталмыш хатты жазуға мен ұйытқы болған жоқпын. «Ермекке байланысты Жоғарғы сотқа хат жазайын деп едім», - деп, өзі айтты. Одан бөлек тәуелсіз газет «Республика» және сіздердің газеттеріңіз Ермекке жаны ашитынын көрсетіп жатыр. Сіз­дер­ге жеке өз тарапымнан алғыстан басқа айтарым жоқ. Мен өзім Қостанай өңірінің тумасымын. Онда ну қарағайдың ішіне кірсең, әйдік боранның өзінде тек төбесі ғана қимылдайды. Ал төменгі жағы тып-тыныш болады. Меніңше, елімізде атқар­ылған реформалардың бәрі осыған ұқсайды. Елбасы: «Мынаны былай істеу керек», - деп айтады. Жоғары жақта бір­шама қозғалыс бар, ал төменгі жақ сол бұрынғы қалпы. Әлі күнге шейін өзінің қа­тесін мойындаған билікті көрген жоқпын. Еліміздегі зерттеу институттары тек сол саланың адамдарынан ғана емес, қарапайым халықтан да сұрауы керек қой. Мысалы, маған милиция қызметкерлерінің жұмысы ұнамайды. Мен ол милициядан нендей көмек күте­мін?

- Айтпақшы, Ермектің істі болуын кейбіреулер сол «Алға» партиясы ұйымдастырған жиыннан, оның бір белсендісі Жасарал Қуанышәліден көреді. Сіздің бұған алып-қосарыңыз бар ма?

- Баламды жақын арада көрдім. Ермек Жасарал туралы теріс пікір білдірген жоқ. Мен Жасаралды бернеше жылдан бері білемін. Ол Астанаға емделуге келгенде, біздің үйде болған. Жуырда тағы да үйге келіп кетті. Мен Жасаралдан ешқандай қиянат көріп тұрған жоқпын.

- Ермекті жақын арада көрдім дедіңіз, жағдайы қалай екен?

- Иә, өз көзіммен көріп қайттым. Тіпті оның жағдайына тиісті адамдар қарамайды екен. Мәселен, Жоғарғы соттың коллегия меңгерушісі Қасымов деген азамат: «Соттың шешіміне қарсы ма, неге аштық жариялап жатыр?» - деді. Мен оларға бірнеше рет хат жаздым, сөйте тұра, олар Ермектің мәселесінен хабарсыз болып шықты. Оларға аштық жариялап жатырсың ба, әлде өліп жатсың ба - бәрібір. Мен сот жүйесінің қызметкерлерін робот па деп ойлаймын. Оларда адамға деген жанашырлық байқалмайды. Жалпы, Ермекті соттап отырғандағы негізгі мәселе «Алғаның» жиналысына барғаны үшін ғой.

Алғашқыда Ермектің сотын бастан-аяқ видеоға түсірді. Бізге соны берсе, Ермектің кінәсіз екенін дәлелдеп шығар едік. Қазір барлығы ашық түрде өтуі керек деп жатыр ғой Елбасы. Ал Қыл­мыстық кодекстің 272-бабында «істі бол­ғанын дәлелдейтін айғақтарды қолына беру керек», - делінген. Бұлар­дың балама жапқан жалаларын видео өтірікке шығарар еді. Мәселен, видеодан сазгер, әнші ағамыздың қызы Ақнәзік Қоразбаеваның сотты жүргізе алмағанын аңғарамыз. Ол ашық өтетін сотты жабық түрде өткізді. «Сотты неге жабық түрде өткіздің?» - дегендерге: «Бірге келген адамдар бұзықтық шығарып жүре ме деп қорықтым», - дейді. Өзім студенттерге сабақ беремін. Мен айтатын нәрсемді айта алмай, студенттерді қызықтыра алмасам, әрине, олар тыңдамайды. Ал енді мен студенттерден қорқамын деп, оларға бір-бірлеп лекция оқымаймын ғой.

- Ермектің жай-күйіне алаңдаған бір азамат интернет-форумдар­дың бірінде: «Әркімнің өз басында осындай әділетсіз жағдай тумайынша, ешкім қазіргі берекесіз репрессиялық жүйенің нәтижесін сезінбейді. Келе-келе бір-екі күнде шешім шығарып, 1937 жылдағыдай атып тастай салатын жағдайға бара жатырмыз», - деген екен. Расында, болашақта осындай жағдайдың орын алуы мүмкін бе?

- Мен енді көріпкел емеспін, бірақ сол жаққа бара жатқан сияқтымыз. Сотты халық сайласа және ол жылда халық­қа есеп беріп отырса, дұрыс болар еді.

- Ермектің артынан өсіп келе жатқан жастарға нендей кеңес айтар едіңіз? Бүгінгі берекесіз билікпен жастар қалай күресуі керек?

- Көрші қырғыз еліндегі қолына шоқпар мен мылтық ұстап шыққан берекесіз әрекеттерді көріп жатырмыз ғой. Әр ата-ана баласының көз алдында аман-есен жүргенін қалайды. Біздің бір кемшілігіміз - өз заңымызды білмейміз. Оның үстіне, адвокаттар да нашар. Елімізде әлі күнге шейін сотқа қарсы күресетін білімді адвокаттар - жоқтың қасы. Қорқа ма, әлде білімі жетпей ме, ол жағын біле алмадым. Әйтеуір әлсіз, дәрменсіз. Ілгеріде Жақып деген адвокат болыпты. Оның сөзін ешкім тыңдамаған. Содан елдің шығарғаны ғой: «Сот соттайды, Жақып оттайды», - деп. Біздікі де - соның өзі. Ермекті соттайтындай еш дәлел көрген жоқпын. Ал соттар ойына келгенін жасады.

Серікбай БЕРДІҚОЖА,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 40 (77) от 10 ноября  2010 г.


Сурет azattyq.org сайтынан алынды

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5662