Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2254 0 пікір 15 Қараша, 2010 сағат 10:15

Нұра Матай. Ұлттық Санақ: ... Қазақ қанша болар еді?

Аллаға шүкір, Атамекеніндегі Алаштың саны 63.9%  пайызға жетіпті. «Бөрілі байрақ көтерсе, қозым кетер қайдағым», деп Сүйекең айтқандай,  бір жарым жылдан кейін нақтырақ айтқанда, бір жыл бес айдан кейін қортындысына қолымыз жеткен ұлттық санақтың есебі есімізге біраз жайтты түсірді.

Өткен ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы 6 млн.-ға жеттік деген сөзін сарғайған тарихтың беттерінен оқыдық. Одан кейін орын алған тарихи жағдайлар санақ дегенде есімізге түсе берді. 1916 жылғы көтеріліс, ақ пен қызылдың ортасында қойдай қырылған қыр қазағы, ағы аямай, қызылы қырған соң қуғын мен қорлыққа төзбей ауа көшкен ел  кіндік жұртында отырар болса, қазақтың саны қанша болар еді? шіркін!

Бүгінгі ұрпақ үшін бәрі тарихқа айналғанмен ұлт жүрегіндегі жараның орны жазылмағанын оны емдеу ешкімнің есіне кірмей жүргенін ескерсек, азамат соғысы жылдарындағы, «жаңа экономикалық саясат» кесірінен 1921-1922 жылдары аштықтан аруаққа айналып, сүйегі ақжоңқа болып арқаның даласында шашылып қалған қазақ әр қазақ ұрпағын бүгінге іліндірген де қазақтың саны қанша болар еді? Ой, дүние-ай.

Жиырмасыншы жылдардың аяқ тұсында «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп аспанның астын ұранға тұндырып Алаш баласының алдындағы асын, қорадағы қойын жылан жалағандай сиырып, сырыпы тартып алып, 1931-1933 жылдары бүтін бір ұлтты қырғынға ұшыратқан шолақ белсенділердің кешірілмес күнәсі мен жат биліктің айуандығы болмағанда, қазақтың саны қанша болар еді? Әттең...

Елді «шұлғаудан шыққан шуаштар мен тексізден туған тезекбастар» билеп, төстеген алмағайып уақыттың қазаққа әкелген қасіретінің зоры - саяси репрессия. Бүгін де бас көтерер бір ұлдың табылмай, толағай тұлғасын сағынған елдің іштен тынып, өз ішіне еніп, бүркеніп алғанының да түп себебі сол асылзада тектілердің тым құрыса, туған жерден топырақ бұйырмағанын да жатса керек. Басы кесілген, жүрегі жұлынған жұрт «тұрымтай тұсында балапан басында» шілдің қиындай шашырап, әр қамытқа ғазиз бас кетпегенде қазақтың санасы қандай, саны қанша болар еді? Қайран да менің қоңырым!

Екінші дүниежүзілік соғыста «Сталин үшін» шейіт болған буынның артында жесірі мен жетімі қалды. Еркек кіндіктінің бәрі майданға аттанып, сол кеткеннен мол кетті. Қайтып оралғаны жарымжан, мүгедек болып шерменде кетті. Санақтың қортындысы елдегі ерлер саны 7712,2 мың адамды, әйелдер - 8297,4 мың адамды құрап отыр дейді. Өзгесін алып тастағанда, босаға аттап келін болып, бала сүймей, От анасы бола алмай жүрген қазақ қыздарының үлес салмағының да көп болуы көңілге қаяу. «Отырған қыз орнын таппайды». Еміреніп бала сүймеген әйел затының бойынан уақыт өткен сайын аналық мейірімділік пен әйелге тән ізгі қасиеттің қарасы азайтыны керісінше, оның орнын өзімшілдік пен өркөкіректік, жеке басын күйі үшін қолынан келгенін істеп бағатын психология басатынын шыққыр көзіміз көріп келеді. Бәлкім, екі әйел алуды ата жолымен заңды етуге байланысты бастамалардың түбінде ұлттың болашағына деген алаң көңіл жатқан шығар. Қарғыс атқыр, сұм соғыс болмағанда, жетім жыламай, жас келіншек жесір қалмағанда қазақтың саны қанша болар еді? Қарғыс атсын, қызылдар!

Желтоқсан жақындаған сайын жылда жүрегіңді сыздататын «Желтоқсан» ұлт-азаттық көтерілісінде қыршын кеткен бозбала мен бойжеткен шаңырақ көтеріп, шалқып отырса, қазақтың саны қанша болар еді? Қайран боздақ!

Он миллионнан асып жығылдық. Бұғанда мың тәубе! Қазақтың суын ішіп, асын жеп отырған этностардың ішінде санақтың дерегі бойынша, Өзбектер мен Ұйғырлардың саны өсіпті. Өзбектер саны 23,3%-ға өсіп, 457,0 мың адамды, ұйғырлар - 6,8%-ға өсіп, 224,7 мың адамды құрап отыр екен. Жер атауы мен қала атауына қасарысып, қарсы шығуда алдына жан салмайтын жерлестеріміздің саны азайып келеді екен. Орыстар саны 15,3%-ға азайып, 3793,8 мың адам ғана қалыпты. Енді, қайтсін, іргесінде аюдай ақырған атажұрты жатса, есі бар да елін табады ғой. «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» деген мақал оларда да бар шығар бәлкім.

Бір қызығы, ЕҚЫҰ ның төрағалығын толеранттылықпен, төзімділікпен басқарып отырған қазақ билігі махаббатпен айтатын 150 ұлттың санын көре алмадық. Санақ қортындысы неміс, украин, татарлардың санын айта келіп, басқа этностар -  4,8%-ға азайып, 721,7 мың адамды құрап отырғанын анықтапты.

Біздің ойымызша, қазақтың саны бүгінгі бағамнан да жоғары болуы керек еді. Оған бірінші себеп, санақтың кезінде есепке ілінбей қалған қазақтардың көптеп ұшырасуы болса, екіншісі, қазақ билігінің шетелдердегі қазақтарды көшіріп алу жөніндегі стратегиялық саясатының соңғы жылдары бәсеңсіп қалғандығы. Әркім біледі, Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық және саяси қарым-қатынастарды пайдалана отырып, Қытайдағы 1,5 млн. Қазақтың тым құрығанда жартысын көшіріп әкеліп, қоныстандыруға еліміздің қай жағынан алсаңыз да әлеуеті жететіні анық. Бұл жерде барлығы ұлттық мүдде мен ұлттық ниеттің кемшіндігінің кем болуы демеске лаж жоқ. Мырзалардың өті жарылып кетпес. Атамекенін аңсаған, есіл бауырлар!

Санақ айғақтаған 63,9 пайыз қазақтың соңғы он жыл ішіндегі өсімі тікелей ауылдан болып отыр. Міне, қала халқының саны 206,6 мың адамға немесе 2,4%-ға, ал ауыл халқы 821,7 мың адамға немесе 12,6%-ға өсті. Яғни ұлттың өсімін сақтап отыру үшін қазақты қалаландыруға байланысты жеке мемлекеттік бағдарламалар жасалуы қажет деген сөз. Яғни үлкен қалаларды айнала қоныстанып жатқан қазақтардың жағдайын қазақ билігі күн тәртібінен түсірмейғ жедел шешілуін ойластырғаны жөн. Себебі, мұның артында ұлттың өсімі, сапалы ұрпақ, қала ұлты болып қалыптасу, түрлі салалардағы ұлттың үлесінің өсуі, сапалы ұлтқа айналу секілді ұзақ мерзімді, қандай билік болмасын басын қатыруы тиіс мәселелер жатқанын әсте естен шығармаған дұрыс. Өс, қазақ, өс!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1503
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3276
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5717