Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2320 0 пікір 17 Қараша, 2010 сағат 03:59

Қажет Андас. «Қаражорға» болмаса...

Қытай - алып империя. Оның бес мың жылдық жазба тарихының бар екеніне ешкім күмән келтірмесі анық. Тіпті, кешегі ғұн, сақ, үйсін дәуіріндегі тарихымыздың там-тұм тұсын Қытай елінде сақталған мұрағаттардан тауып алып отырғандығымыз  да жасырын емес. Тарихи оқиғаларды хатқа жазуға мұқият қытайлар өнер табудан да кенде емес. Басқасын айтпағанның өзінде, адамзат өркениетін өрлеткен оқ-дәрі, компас, қорғасын баспа, қағаз сияқты төрт ұлы дүние солардың еншісінде. Әлемдегі ең ерте, ең ұзын, ең берік саналатын қорғанның авторы да осылар. Біз қазір қолданып жүрген цифрдың өзін арабтың саудагерлері қытайлықтардан үйреніп, айдай әлемге таратқан. Тізбелеп айтсақ, әлі талай жаңалағын жазуға тура келер еді. Десе де, олар өнертапқыштықпен бірге өзгелердің рухни құндылықтарын, мәйекті  мәдениетін де  қытайландырып алуға шебер екенін білгенімізбен, мән бермеуге тырысамыз.

Өткенге зер салсақ, атқа мініп, садақ тартуды сақтар ойлап тауып еді. Үйсін хандығы тұсына келгенде мұны жедел  меңгерген қытайлар сайлауыт ат мініп, әскерін садақпен жасақтап үлгерді де Азиядағы ең мықты елдердің бірі болып шыға келді. Атқа мінуге ыңғайлы шалбар мен шолақ етек шапандарды ғұн дәуіріндегі аналарымыз тігіп еді. Ұзын шапанды қытайлар оны да иемдене қойды.

Қысқасы, басқаның мәдениетін тез игеріп, өз қажетіне жаратуда қытайлардан асқан шебер  халық жоқ. Олардың бүгінгі мәдениеті міне, осындай өзге жұрттың озық жетістіктерінің жиынтығы. Алайда, қытайлықтардың өзгелер тапқырлықпен тауып, сонан соң  тарих қойнауына лақтыра салған жәдігерлерді сақтап, дамытып, бүгінгі күнге жеткізгеніне амалсыздан алғыс айтуға туралы келеді және еріксіз  мойындауға мәжбүр боласың.

Ал, таяудан бері Қытайда қазақтың «Қаражорға» биі жан-жақты қолдау тауып, оқу орындары үзілісте оқушылардың бой сергітетін спорттық жаттығуға айналдырғанын біздің ақпарат көздері жарыса жазып келеді. Тіпті, Қытайдағы  қандастарымыздан құралған он мың адам осы биді билеп, Гиннестің  рекордтар кітабына енді. Әрине, қазақтың биін әлем таныды деп мақтануға, оны қытайлар оқу орынында қолдана бастады деп шаттануға да болар еді.  Бірақ, сол ата-бабадан аман жеткен саф өнердің болашағын  ойласаң денең түршігеді. Себебі, Қытайда 56 ұлт өкілі тірлік кешеді. Оның ішінде ұйғыр, қазақ, мүңген, доңган, заңзу (тибет), жуаңзу сияқты ұлттарға автономиялы құқық берілген. Яғни, саяси тұрғыда өзге ұлттардың өзін-өзі басқаруына мемлекет тарапынан толық жағдай жасалған. Бірақ, Қытайдағы жер және өнер, мәдениет, ғылым, тағы басқа саладағы құндылықтар ұлттарға бөлінбейді. Оның бәрі мемлекет меншігі болып саналады. Бұл олардың қазіргі қолданыстағы салиқалы заңдарында ашық жазылған. Сол заңдар бойынша   қазақ биі енді қазаққа емес, қытайға қызмет етеді, келешекте солардың рухани құндылығына айналады  деген сөз.

Осы жерде қытайлар «Қаражорғаға» неге қызығады деген заңды сұрақтың туатыны да хақ. Әрине, Қытайда бәрі бар, тек ұлттық би ғана жоқ болатын бүгінге дейін. Енді олар көрген жанды елең еткізіп, делебесін қоздыратын қасиетті биді қамқорлық қанатының астына алды да, мемлекеттің меншігіне айналдыра бастады.

Біз тарихта көшпенділер мәдениетін жаратқан ұлттың өкілі болсақ та қолда бар қымбатына ие бола алмаған ұрпақ ретінде мүлде ұсақталып бара жатырмыз. Бұлай айтуға толық негіз де бар.  Көкпар - қырғызға, қымыз -  неміске, қазанда былқып пісетін ет  - жапонға кетті, тағысын тағылар. Енді келіп қазақша күреске өзбек ағайындар таласып жатыр. Бірді-екілі жанашырлардың жанайқайы болмаса,  басқамыз сол бұрынғыша қамсыз жүрміз. Өткенде «тоғызқұмалақ» турасында қазақ-қырғыз ортасында туындаған дау ушығып, халық арасында сауалнама жүргізілгенде Қырғызстандағы  барлық адам бұл ойынды білеміз деп жауап берген. Ал, Қазақстанда тоғызқұмалақты тұрғындардың  20 пайызы ғана білетін болып шықты. Соған қарағанда, тоғызқұмалақ та  қырғыздардың еншісінде кетуі әбден мүмкін.

«Қаражорғаны» алған Қытай келесі кезекте  өздері Гиннестің рекордтар кітабына енгізген қазымызға да ауыз салуы ғажап емес. Сонда бізге не қалады?  Бәлкім, бәрі қазақтікі деп кеудемізді қағатын шығармыз? Бірақ, қағазға түсіп, мөрленген құжаттар ғана үстемдік құратын мына заманда, ұлттық рухани құндылықтарымызды өз елдеріндегі заңдарға сәйкестендіріп, құжаттандырып алғандар барымызды түгел меншіктеп кетпесіне ешқандай кепілдік жоқ. Дәл қазіргі кезде және болашақта құжатпен дәлелденбейтін құрғақ сөзге ешкім иланбайды.

Біздің мықты деген азаматтар қайда? Олар рухани құныдылығымызды түгендеудің орнына әлемдегі көп қалталының қолы жете бермейтін Түркияның курорттық аймағы Анталиядағы 700 мың долларлық құнға ие алқаны, шетелдердегі ең қымбат ғимаратты сатып алумен, Дубайдағы бір түні 3 мың доллар тұратын қонақүйлерде демалумен, сондай-сондай істермен басқаға мойын бұруға шамалары келмей, мұрындарына су жетпей жүр. Әрине, мұны жазыла, жазыла жауыр болған тақырып дерсіз. Кәперіңізге салайын,  «ата-бабасынан мұра болып қалған мирасты дүниесіне егелік ете алмаған елдің ертеңі күмәнді». Бұл - Қытайдың ұлы ойшылы Кунфуцийден қалған ғибыратты сөз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5710