Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2764 0 пікір 24 Қараша, 2010 сағат 12:25

Нұра Матай. Сүйінші, Алаш баласы!

Сүйінші, Алаш баласы! Тағы да бір мәрте «өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілген»күн болды. Ресейдің Орынбор қаласында 1917 жылы 1 және 2-жалпықазақ сьезі өткен, аяулы Ахаң - Ахмет Байтұрсынов тұрған, қазақ баспасөзінің қарлығашы «Қазақ» газетін шығарған тарихи ғимараттарға саланатты жағдайда ескерткіш тақталар қойылды.

Тақталардың ашылуына Қазақстан мен Ресейдің түрлі деңгейдегі атқамінер ұлық мырзалары қатысқан.

Орынборға жолыңыз түсіп, бара қалсаңыз Чичерин көшесіндегі 75-үйге бір соқпай кетпеңіз. Бұл үйде ұлтымыздың рухани атасы, Алаштың аяулы перзенті Ахмет Байтұрсынұлы отбасымен тұрып, «Қазақ» газетін Міржақып Дулатұлы екеуі шығарып, қазақ даласына таратып тұрған

Ал, дәл сол қаладағы Пушкин көшесіндегі 39 - ншы үйде екі рет жалпықазақ сьезі өткен.  Ол үй - Алаш баласының сағынышына айналған «Алаш» партиясы мен «Алашорда» ұлттық территориялық автономиясы құрылған қазақ үшін қасиетті орын. Зәудеғалам Орынборға табаныңыз тисе, осы екі үйге мінддеті түрде бас сұғып қайтқайсыз.

Ескерткіш тақталар орнатылған тарихи үйлерді ең алғаш тапқан адам деректанушы ғалым Қамбар Атабаев екенін біреу білсе, біреу білмейді. Қуанышты хабарды естіп, Қамбар ағамызбен аз-кем шүйіркелескен едік.

- Ассалаумағалейкум!

- Уағалейкумсалам!

- «Abai.kz» деген сайттан мазалап тұрмыз ғой.

- А, иә, иә.

- Аға, қуанышты хабар естіп жатырмыз. Орынбордағы Алашқа қатысты екі үйге ескерткіш тақта орнатыпты.

- Иә, иә, естіп жатырмын. Бірақ, телевизордан көрсетпей жатыр.

- Ақпарат құралдары жаңалықты таратып жатыр.

- А

- Бір жағы өзіңізді құттықтайық деп, бұл үйлерді алғаш тапқан өзіңіз ғой. Екінші жағынан ойыңызды білейік деп едік.

- Бұл үйлерді мен алғаш рет 2000 жылы Орынбордағы мұрағаттан тапқан едім. Қазір анау Ахмет Байтұрсынұлы тұрған және «Қазақ» газетін шығарған үйде сегіз отбасы тұрады. Сол жылдары біз тұрғындармен сөйлескенде «егер бізге қаладан басқа үй алып беретін болса, босатып беруге дайынбыз» деген. Сол кезде әлгі үйдің бағасы шамамен 400 мың доллар болатын еді. Одан бері үй арзандады. Бізге сол үйді сатып алып, мұражай жасау керек. Тақта орнатып жатыр екен сатып алатын шығар.

Мен осы үйлерге ескерткіш тақта орнату керектігін және Ахаң тұрған үйді сатып алу туралы президентке, үкімет басшысына бірнеше мәрте хат жаздым. Мақалалар жаздым. Еш жауап болмап еді. Осындай тақта ашылғалы жатыр деп маған жоғарыдан бір адам хабарласпады. Мейлі, ең бастысы ескерткіш тақта қойылыпты. Қуаныштымыз.

- Рахмет, аға.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602