Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 2806 0 пікір 2 Желтоқсан, 2010 сағат 06:35

Берік Әбдіғали: «Қазіргі қызметім – уақытша нәрсе, ал рухани дүние – мәңгілік»

- Сізді ұлт жанашыры санатындағы саясаткер ретінде білеміз. Мемлекеттік тілді дамыту қорын басқарып жүрген кезіңізде біраз жақсы жобалар жасадыңыз. Соның ішінде «Қазақ альманағы» журналының жарыққа шығуы, Қазақ радиосындағы Алаш тұлғаларын танытуға қатысты бағдарламаға қолдау жасау, тағы да басқа өтімді жобаларыңыз бар еді ғой. Солар аяқсыз қалып қойған жоқ па?

- Жоқ, ол жобаларды жігіттер жалғастырып жатыр. Өзім шамам келгенше көмектесіп, қолдап жүрмін. «Қазақ альманағы»- қазақтың қайда барамыз деген сұрағына жауап беретін, өз алдына бөлек журнал. Біз қаражат, авторлар жағын қарастырамыз. Ғылымға жақын, интеллектуалдық-зияткерлік журнал. Өзінің оқырманы бар. Газеттен, интернеттен бір айырмашылығы саяси-рухани форматқа жатады. Өзім бастаған жобамнан қол үзген жоқпын. Қазіргі қызметім - уақытша нәрсе, ал рухани дүние - мәңгілік.

- Ұлытау ауданынан кейін сіз өндірісті орта - Жезқазған қаласына әкім болып бардыңыз. Ол ортаның қазақылығы, қазақшылығы қалай екен?

- Жезқазған қазақы жер ғой. Өзімен өзі жатқан ел. Өзінің күнделікті күн тәртібінде тұрған мәселелері бар. Қазір ұлттық жобаларды қолға алып жатырмыз. Жобамызды ұлттық символдар, ұлттық ескерткіштерден бастадық. Келіңіздер, бәрін көрсетеміз. Қаймағы бұзылмаған қазақы ел, кішкене бөлектеу жатқаны болмаса. Өкінішке қарай республикалық мәселелерден сырт қалып жатыр. Көп айтылмайды, көп көрсетілмейді. Жезқазғанның халқы да көп емес, мәселелері республикалық деңгейде айтыла бермейді. Шетте қалып қалды дегенім сол.

- Әрине, қайда барсаңыз да бір мемлекеттің ішінде жүрсіз ғой. Дегенмен де сіз саяси, рухани ортада жақсы танылған тұлғасыз. Осы саяси, рухани орта сағындыра бастаған жоқ па?

- Жалпы мен бұл жерде лауазым үшін жүрген жоқпын. «Қазақ, қазақ» деп ауызша ұрандата бергенше, шын мәнінде, іс жүзінде үлесімді қосқым келді. «Елге пайда тигізудің нақты жолы - ауылға барып қызмет ету», - деп алдыма мақсат қойдым. Ұлытауда қатты жұмыс істеп қойдым ба, білмедім, (әзіл ғой Б.Ә) Жезқазған қаласына ауыстырып жіберді. Бүгінгі жұмысымда да рухани мақсатты алға қоям, қазақтың біліктілігін көтеруге тырысамын. Ұлтқа байланысты қызмет атқарып жатырмыз. Шет-жағасын естіген шығарсыз, кеше ғана Кенесары ескерткішін аштық. Атын беруге қаймығып жүрген қайраткерлердің атынан мектептер  де ашылды. Мәселен, кеше бір мектепке Қайрат Рысқұлбековтың атын бергіздім. Сондай-ақ, Мұстафа Шоқайдың атына да бір мектеп берілді. Қайсар қайраткерлерімізді насихаттау жобаларын қолға алдық. Кенесарының хан болғанына 170 жыл толғанына, Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығына қызу дайындықтамыз. Ұлт үшін құрбан болған қайраткерлердің атына мектеп, көше берілді жақында. Отызыншы жылы ашаршылыққа қарсы көтерілісте қырылған адамдардың есімін тақтаға жаздырып, ескерткіш қойдық. Бұның бәрі ұлтты тәрбиелеу мақсатында жүріп жатқан шара. Бұрын бәрін ауызша айтатын едік. Қазір іске асып жатқанына қуанамын. Құдай қаласа, болашақта қайтадан өзімнің рухани ортама қайтып ораламын. Әйтпесе, әкім болып, ұпай жинайын деген ниетім жоқ.

- «Ақ желкен» таралымы көп, жасөспірімдер журналы болып саналады. Өссем деген кейінгі жастарға не айтасыз?

- Ең бастысы алдына мақсат қоя білу және армандау. Ештеңеден қорықпай сол арманға ұмтылу. Жеке басына ғана емес, арманын елімен байланыстыра білу керек. Сосын өз-өзіне сену керек. Қиындық атаулыға мойымаған жөн. Адамның арманы - темірқазығы болып, еліне, ұлтына қызмет ету керек.

Әңгімелескен Балжан МҰРАТҚЫЗЫ.

«Ақ желкен» журналы, 1-3-беттер, №11, 2010

Түпнұсқадағы тақырып: ««Ештеңеден қорықпай, арманға ұмтылу керек»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051