Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2908 0 пікір 24 Желтоқсан, 2010 сағат 05:12

Әблязовтың есепшотында жатқан қаражатты елге қайтарып, Қазақстан экономикасына жұмыс істету керек

Мұхтар Әблязовтың БТА-банктен жымқырған қаражатын Қазақстанға қайтару бойынша мемлекеттік құрылымдардың атқарып жатқан жұмысына кәсіпкерлердің көңілі толмайды. Бұл туралы «Атамекен» ҰЭП Президиумының отырысында ҚР Металлургия өндірісі қауымдастығының төрағасы Владимир Дворецкий мәлімдеді.
«Атамекен» ҰЭП Президиумының отырысында кәсіпорындарды сауықтыру бойынша экономикалық палатаның ұсыныстары талқыланған. Жиында Экономистер қауымдастығының төрағасы Ораз Жандосов, «Халық банк» басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова, «Казкоммерцбанк» басқарма төрайымы Нина Жусупова, Қаржы және салық кеңесшілері палатасының Бас директоры Екатерина Никитинская, «Astana group» президенті Нұрлан Смағұлов, тағы басқалары баяндама жасады.
Пікір алмасу кезінде кәсіпорындарды сауықтыру бағдарламасын іске асыру үшін экономиканың нақты секторы мен банк жүйесін қосымша қаржыландыру қажеттігі бірнеше рет айтылды. «Самұрық-Қазына» Қорының банк секторы және корпоративті тәуекел жөніндегі басқарушы директоры Абай Ескендіров те осы мәселені атап өтті.

Мұхтар Әблязовтың БТА-банктен жымқырған қаражатын Қазақстанға қайтару бойынша мемлекеттік құрылымдардың атқарып жатқан жұмысына кәсіпкерлердің көңілі толмайды. Бұл туралы «Атамекен» ҰЭП Президиумының отырысында ҚР Металлургия өндірісі қауымдастығының төрағасы Владимир Дворецкий мәлімдеді.
«Атамекен» ҰЭП Президиумының отырысында кәсіпорындарды сауықтыру бойынша экономикалық палатаның ұсыныстары талқыланған. Жиында Экономистер қауымдастығының төрағасы Ораз Жандосов, «Халық банк» басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова, «Казкоммерцбанк» басқарма төрайымы Нина Жусупова, Қаржы және салық кеңесшілері палатасының Бас директоры Екатерина Никитинская, «Astana group» президенті Нұрлан Смағұлов, тағы басқалары баяндама жасады.
Пікір алмасу кезінде кәсіпорындарды сауықтыру бағдарламасын іске асыру үшін экономиканың нақты секторы мен банк жүйесін қосымша қаржыландыру қажеттігі бірнеше рет айтылды. «Самұрық-Қазына» Қорының банк секторы және корпоративті тәуекел жөніндегі басқарушы директоры Абай Ескендіров те осы мәселені атап өтті.
Осыған байланысты, ҚР Металлургия өндірісі қауымдастығының төрағасы Владимир Дворецкий «Самұрық-Қазына» қоры төрағасының назарын БТА-банкті тығырықтан шығаруға жұмсалған қаражатқа аударды. «Қаржылық дағдарыстан шығуға бөлінген қаражаттың тең жартысы БТА-банктің жағдайын тұрақтандыруға жұмсалды. Мұхтар Әблязов кәсіпорындар мен жеке тұлғалардың депозиттерін банктен жымқырғанының кесірі бұл» - дейді Владимир Дворецкий. Ал БТА қарыздарының реструктуризациясын «Самұрық-Қазына» өткізгендіктен, банк қаражатының болашағына қор да жауапты.
«Сарапшылардың есебінше, БТА-банкті басқарып тұрған кезінде Мұхтар Әблязов оффшорлар мен негізсіз несиелер арқылы Қазақстаннан 10 миллиард АҚШ долларын алып шығыпты. Сонда ол әрбір қазақстандықтан 1000 доллардай ұрлады деген сөз. Бұл қаражаттың ішінде Қазақстан экономикасының жоғарғы рейтингін жамылып шетелден алынған қарыздар, қазақстандық кәсіпорындардың депозиттері және жеке тұлғалардың жинақтары бар» - деп атап өтті В. Дворецкий.
В. Дворецкий биылғы жылдың ақпан айында «Атамекен» басқармасы мемлекеттік органдардың алдында банктен ұрланған ақшаны қайтару туралы мәселе көтергенін еске салды. «Қазір барлығымыз индустриалдандыру бағдарламасын қосымша қаржыландырып, орта және шағын бизнеске қолдау көрсету керектігін айтамыз. Әблязовтың есеп-шоттарында жатқан қаражатты елге қайтарып, Қазақстан экономикасына жұмыс істету керек» - деді ол.
Кәсіпкердің айтуынша, Әблязовтың тыйым салынған есеп-шоттарындағы қаражаттың тағдырын Қазақстан халқы шешуі тиіс, себебі банктен ұрланған ақшаны кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға мемлекет қайтарып берді, яғни Ұлттық Қордан ақша алынды.
В. Дворецкий мен оның әріптестері көтерген бұл мәселеге «Самұрық-Қазына» қорының өкілі жауап бере алмады. Оның айтуынша, БТА-банктен жымқырылған қыруар қаржыны қайтару «екіталай», қаражат «қайтпай қалуы да мүмкін».
Бұл жауап кәсіпкерлердің наразылығын тудырды. Нәтижесінде, кәсіпкерлер Палата Басқармасына БТА-банктен жымқырылған қаражатты қайтару жөнінде мемлекеттік органдарға сауал жолдауды тапсырып, Әблязовтың тыйым салынған есеп-шоттарындағы қаражатты қазақстандықтардың қадағалауын талап етті.

Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Швейцария конфедерациясы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігінің прокуратура және әділет органдарына Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының атынан

ҮНДЕУ

Соңғы бір жылдың ішінде әлдебір құрылымдар біздің ел мен Қазақстанның белгілі қоғам және мемлекеттік қайраткерлерінің атына нұқсан келтіруге әрекет жасап жүр. Бұл пиғыл құқық қорғау органдарына шағымдану немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы лақап тарату арқылы іске асырылады.
Бұл іс-әрекетті ұйымдастырып, қаржыландырып отырған Мұхтар Әблязов осылайша «саяси қуғынға ұшырап, теперіш көрген саясаткер» әрі Отанымыз - Қазақстанның бас қарсыласы атануды көздейтіні баршаға мәлім.
Ал Қазақстан мен көршілес мемлекеттерде бұл адамды алаяқ, аферист деп біледі. Жақында берген сұхбатында Әблязовтың өзі түрмеде отырған кезінде (мемлекеттік қаржыны аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін) көп ұрлағаны үшін басқа тұтқындардың арасында беделді болғанын айтып, мақтанған. («Взгляд» газеті, 24 қараша 2010 жыл)
Қазақстан мемлекетінің саяси оппоненті болып көрінгісі келгенімен, оның шынтуайтына келгенде кім екенін осы бір сұхбаттағы сөздері айқындайды.
БТА банкіндегі алаяқтық әрекеттеріне дейін де Әблязовтың атағы (репутациясы) баршаға мәлім болатын. Үкімет шенеунігі, министр бола тұрып ол экономиканың бір саласын шыр айналдырған қылмыстық жобаларымен аты шыққан. Қылмысы әшкереленгенде Әблязов сотталды, бірақ өкініш білдірген соң, Президент оған рақымшылық жасады. Алайда ол адал еңбек етем деген уәдесінде тұрмады.
Әблязовтың түрмеден шығуы БТА банктің бұрынғы иесі Ержан Тәтішевтің өлімімен тұспа-тұс келіп, ол елдегі ірі банктердің бірінің тізгінін қолына алғанда бизнес-қауымдастық күмәнданып еді. Әблязовтың қылмыстық карьерасындағы мұндай қанды іздер Ресей мен Украинада да табылғаны енді белгілі болып жатыр.
Сарапшылардың есебіне жүгінсек, БТА банкті басқарып тұрған шағында Мұхтар Әблязов оффшорлар мен негізсіз несиелер арқылы Қазақстаннан 10 миллиард АҚШ долларын алып шыққан.
Бұл соммаға Қазақстан экономикасының жоғарғы рейтингіне жүгініп алған шетелдік қарыздары, қазақстандық кәсіпорындардың депозиттері және жеке тұлғалардың жинақтары кіреді. Яғни, Әблязов қарапайым қазақстандықтардың жинап-тергенін ұрлап, жерге қаратып кетті.
Оның қылмыстық әрекетінің ауқымын елестету үшін Қазақстанның қаржы дағдарысынан шығуға 15 миллиард доллар бөлгенін еске салса болады (бұл қаражаттың бір бөлігі БТА банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жұмсалды). Басқаша айтсақ, Қазақстан үшін қаржы дағдарысының кесірінен келген шығынның 70 % Әблязовтың қылмыстық әрекетінен құралады.
Бұған қоса, ресейлік органдардың мәліметінше, Әблязов пен оның қолшоқпарлары Ресей Федерациясынан да миллиард доллардан астам қаржы жымқырған. Осыған байланысты Мәскеу соты оны қамауға алу туралы үкім шығарды.
Ал осы қылмыскер әрі алаяқ енді саяси қайраткер атануға тырысып жүр.
Кей мәліметке жүгінсек, қазақстандықтардан ұрланған ақшаның арқасында Әблязов өз Отанын батыс баспасөзінде қарабет ету үшін төлеп, саны шексіз қызметшілер мен күзетшілерді жалдап, пәтерлер мен кеңселерді иеленіп отыр.
Оның қылмыстық капиталы Қазақстандағы бірнеше үкіметтік емес ұйымдарды, саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарын қаржыландыруда. Бұл ақпарат құралдары әдетте өз демеушілерін «либерал», «шыншыл» азамат ретінде насихаттап, ұрандатып жүр. Кей мәлімет бойынша, «К+» телеарнасы, «Республика», «Взгляд» газеттері, ғаламтордағы көптеген сайттар да Әблязовтың қаражатының арқасында жарық көріп отыр.
Әблязовтың кез келген әдіске жүгінетінін оның демеушілік көрсетіп отырған партияларынан-ақ байқауға болады. Оның мүддесін өзін либералды ұйым деп жариялайтын «Алға» партиясы мен ортодоксалды Коммунистік партия қорғайды. Бұлардың алғашқысы - қарақұрым халыққа мүлдем бейтаныс, айғайы бір тамыр-таныстардың үйірмесі болса, екіншісі - Сталин заманында халықты нақақтан-нақақ саяси репрессияға ұшыратып, қазақ халқының 60% қырған қанды партия. Ол аздай жеке кәсіпкерлікті ұдайы қудалап келген коммунистердің кәсіпкерлерге деген таптық жек көрініші де баршаға аян.
Сонда көзқарастары қайшы саясаткерлер мен қашқын олигархтың басын қосып отырған не? Жауап біреу: билік құмарлық пен өзгенің ақшасын иеленсек деген ашкөздік.
Өкінішке қарай, кез келген мемлекеттегі сияқты, біздің елде де ақша үшін арын сатып, жалған ақпаратты шындыққа баламалап тарататын азаматтар бар. Ақпараттық террор, әлеуметтік және ұлттық араздықты өршіту, ел арасына іріткі салу, жекеменшікті қайта бөліп, күш қолдануға шақыру - Әблязов қолданатын үгіт-насихатының көрнекті түрі.
ТМД елдерінің жемқорлары мен қылмыскерлері Еуропаны паналайтын әдет шығарғаны белгілі. Осы тұста Мұхтар Әблязовтың құдасы, кезінде ірі шенеунік атанған Виктор Храпуновты айтпасақ, сөздің атасы өледі. Оның отбасы қазір Швейцария конфедерациясындағы ең бай адамдардың қатарында. Қазақстандағы зергерлік бизнесін 5 миллион долларға сатып, храпуновтар жұбы Швейцарияда кенеттен 300 миллиондық байлықтың иесі болып шыға келді.
Ал Әблязовтың туған құдасы кәсіпкерлікпен ешқашан шұғылданған емес. Есесіне, еліміздегі ең ірі шаһардың әкімі, министр және тау-кенге бай өндірістік өлкенің (Шығыс Қазақстан) әкімі қызметін атқарды. Ол басшылық жасаған мезгілде көптеген кәсіпкерлер оның тарапынан қуғын-сүргінге ұшырап, жәбір көрді. Оны растайтын айғақтар да баршылық. В.Храпунов елден асығыс қашқан кезде орынбасары әрі сенімді өкілі А.Сабдалин мемлекеттік қызметте жүріп, сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін істі болды. Құдасының заңға қайшы тірлігін көре тұра, «Әділдік үшін майдан ашып жүрген» Әблязов өз туысқанын неге сотқа тартпайды? Себебі мұның бәрі оның жеке басына абырой-мансап, саяси ұпай әперетін тірлік емес!
«Атамекен» ҰЭП-ның басшылары биыл ақпан айында еліміздің құзырлы мекемелеріне Әблязов пен оның ұйымдасқан тобын БТА банк салымшыларының қомақты қаржысын ұрлап, сыртқа миллиардтаған АҚШ долларын заңсыз шығарғаны үшін жауапкершілікке тарту туралы сауал жолдады.
Әблязовтың және оған қарасты құрылымдардың қылмыстық іс-әрекетін тыю қажеттігін қадап айттық. Қолды болған қаржыны тиынына дейін елімізге қайтарылуын талап еткен едік.
Кәсіпкерлер кеңесінде Бас прокурор мен құқық қорғау қызметінің басшылары тиісті шаралардың қабылданғаны туралы есеп те берген.
Алайда тоғыз ай өтсе де, ол ұрланған қаржыға Қазақстанның ұлттық мүддесіне қайшы іс-әрекетін үдетпесе, әлі тоқтатқан жоқ.
Халықтан ұрланған қомақты қаржының орны толған жоқ. Басталған істің нәтижесі де көрінбейді.
Әблязов сол күйі елге қайтарылмады. Есеп-шоттарының тұтқындалғанына қарамастан, ол шындыққа сай келмейтін жалған ақпараттарды өзіне бағынышты ақпарат құралдары арқылы таратып, саяси ұйымдарын қаржыландыру жолын тауып отыр.
Қазір ел экономикасы пост кризистік деңгейге өтті. Индустрияландыру, шағын және орта бизнес, Отандық банк жүйесін дамыту ісі де көп ақша қажет етеді. Әблязовтың БТА банктан ұрлаған қаржысын толық қайтару керек. Бұл қаржының тағдырын халық шешу керек. Себебі Әблязовтан келген шығынның орнын кәсіпорындар мен салымшыларға Ұлттық Қордың есебінен өтелді.
Қазақстандық, Ресейлік, Британдық құқық қорғау органдары Әблязовтың іс-әрекет, мүмкіндіктерін толық шектей алмай отыр. Олай болса, Британдық соттың «есеп-шоттарды тұтқындадық» деген ақпараты жалған ба деп күдіктеніп қалдық.
Сондықтан біз өз талабымызды қайта көтеруге мәжбүрміз. Осы жолы тек отандық құқық қорғау органдарының ғана емес, шетелдің сот әрі құқық қорғау мекемелеріне Әблязовтың заңсыз жолмен сыртқа әкеткен дүниенің амандығын қамтамасыз етіп, Қазақстан халқына ол қаржының толық қайтарылуына жағдай жасауын сұраймыз.
Біз осы бағытта атқарылып жатқан шаралардың ашық жүргізілгенін және Әблязовтың шетелдік банктардағы есеп-шоттарының қатаң қадағаланып, өзіне қарасты бұқаралық ақпарат құралдарының қай жолмен қаржыландырылатынын әшкерелеуді сұраймыз.
М.Әблязов отандық бизнеске үлкен материалдық зиян тигізіп, ұлттық экономикалық мүддемізге қауіп төндіріп тұр. Мемлекеттік рейтинг жүйесіндегі Қазақстанның алар орнына кері әсерін тигізері де рас.
Әблязовтың әлі күнге дейін жазаланбай, шетелде емін-еркін жүруі мыңдаған кәсіпкерлердің ашуын туғызып отыр. Ұрлық, тонаумен дәулет жинау - үлкен қиянат.
Осы хатты құзырлы мекемелер мен басшыларға жолдап отырмыз. М.Әблязовтың қылмыстық іс-әрекетін бір жола тыю керектігін білдіріп, Қазақстанның бизнес қауымдастығы өкілдері өз позициясын ашық жеткізеді.

Құрметпен,
«Атамекен» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы А.Перуашев

Үндеуге 34 салалық қауымдастықтың басшылары қол қойды. Өзге бірлестіктің басшылары да қол қойған хаттар аймақтардан келіп жатыр.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы С.Аханов
Қазақстан шарапшылар одағы А.Карапетян
«ҚР жеңіл өндіріс кәсіпорындарының қауымдастығы» ЗТБ Л.Худова
«Қаржы және салық кеңесшілерінің палатасы» Е.Никитинская
ҚР микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы Ш.Жүсіпов
Қазақстан сауда кәсіпорындарының қауымдастығы Ж.Әжібаева
«Қазақстан кен өндіру және тауметаллургия кәсіпорындарының Республикалық қауымдастығы» Н.Радостовец
«Қазақстан машина жасаушылар одағы» М.Пшембаев «Қазақстан фермелер одағы» А.Даринов
Қазақстан Кедендік брокерлер қауымдастығы Г.Шестаков
ҚР аудиторлар Палатасы С.Көшкімбаев
«Медициналық өнімдер тауарларын өндіру қауымдастығы «Медфарм Қазақстан» ЗБТ А.Беркман
Қазақстанның фарммединдустрия» қауымдастығы С.Сұлтанов
«Қазақстан құс өсірушілер одағы» ЗБТ Р.Шарипов
«Алкогольді өнімдерді сатушылар мен өндірушілер қауымдастығы» («КазАлко» қауымдастығы) А.Қалиев
ҚР Азаматтық және қызметтік айналымда жүрген қару-жарақпен жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдар қауымдастығы («Қорамсақ») С.Терещенко
«ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығы» ЗТБ Р.Алшанов «ҚР тұтыну бірлестіктерінің одағы» ЗТБ Х.Ашляев
Қазақстан туристік қауымдастығы Р.Шайкенова
Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Т.Ерғалиев
Қазақстан электрэнергетикалық қауымдастығы Ш.Оразалинов
«Қазақстан сыра қайнатушылар одағы» ЗТБ Б.Мейірбеков
«Қазақ мақта қауымдастығы» ЗТБ С.Бақтыбаев
«Қазақстан көлікжолшылар Қауымдастығы» ЗТБ П.Давыденко
«Қазақстан құс өсірушілер одағы» Р.Шарипов
«Сыртқыэкономикалық қызмет мүшелерінің Еуразиялық одағы» ЗТБ Б.Зүлпібеков
«Республикалық балық аулашылар, өндірушілер, Қазақстан балық шаруашылығы ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Б.Самұратов
«Қазақстан жарнама берушілер қауымдастығы» ЗТБ Е.Саранжипов
«Жетісу» банкроттау шараларын жүргізетін кәсіби басқарушылар одағы» М.Қабыкенова
«Техникалық диагностика және бақылау қауымдастығы» С.Стагнефорс
«Қазақстан стандарттау, метрология, сертификаттау жүйесі мүшелерінің қауымдастығы» З.Попова

Қазақстан химия өндірісінің одағы Д.Әбесеметов

 

* Анықтама: Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасына кәсіпкерлердің 122 бірлестігі мүше.
- 42 салалық одақтар;
- 69 аймақтық бірлестіктер;
- 11 топтасқан кәсіпкерлер қауымдастығы (әйелдер, жастар, заң қорғау т.б.)

«Айқын» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351