Аралас неке неге қауіпті?
Бүгін Nur.kz-тен қазақ қызы мен орыс жігітінің аралас некесі жайында оқыдым. Жалпы кейінгі уақытта ондайлар тым көбейіп кетті ғой. Қазақ қызы кәріске тұрмысқа шығады, қазақ жігіті түріктің қызын алады және басқа. Айта берсе мысал көп.
Аралас некедегілердің айтары бір: "Ұлты маңызды емес, сезім маңызды" немесе "Онда тұрған не бар?!" Ондайлардың көбісі аралас некеге қарсыларды, мен сияқтыларды заманнан қалып қойған, ортағасырлық түсініктегі, тіпті неандерталь типтес деп санайды. "Жаңа әлемнің келбетін қабылдамайтын ескіліктің сарқыншағы" дейді. Әй, мейлі.
"Енді аралас неке неге қауіпті?" деген сұраққа келейік. Жауабын тарихтан қарау керек. Патшалық Ресей қазақты отарлаған сәтте, түрлі зомбылықты көрсетті. Орыс мұжықтары қазақ жерінде қазақ қыздарын зорлықпен алды. Басқыншылығын жасады. Ол кейін де жалғасын тапты. Мысалы "Ақбілек" романын есіңізге түсірсеңіз, соның өзі жеткілікті. Ол сәтте қазақ қызы өз еркімен өзге ұлттың етегін ұстамады. Зорлықпен, қорлықпен ұстатты.
Одан кейін уақыт өте келе аралас неке мемлекеттің негізгі идеологиясының біріне айналып шыға келді. Мысалы КСРО-да интернационал отбасылар насихатталды. Қазақ орыстан алса немесе керісінше. Бұл татулық пен табиғи заңдылық ретінде қаралды. Бірақ Мәсекеудің шынайы мақсаты аз ұлттарды ассимиляциялап жойып жіберу еді. Несі бар, аралас неке тамаша мүмкіндік. Ол тіпті тұтастай ұлттардың қанын бұзды. Саясат сол еді.
Ал енді қазір ше? Отарлық езгі де, КСРО идеологиясы да жоқ! Бірақ аралас неке көп. Неге? Демек елде ұлттық идеологиялық бағыт жоқ. Анау-мынау емес, ұлттық! Иа, мен түсінем. Барлық адам бірдей, барлық адам тең. Демократиялық қоғамда кіммен отбасын құрам десең де өз еркің. Бірақ «әлем адамы», «махаббат шыңы» дегенді шетке ысыра тұрып, мына сұрақтарға жауап берейікші: Қазақ қызы(жігіті) орыспен не кәріспен(және өзгелер) отбасын құрса, одан туған бала христиан бола ма, мұсылман бола ма? Мешітке барып, бес уақыт намаз оқи ма, әлде шіркеуге барып, шоқына ма? Абайдың тілін артық санай ма, Пушкинді көбірек сүйе ме? Петрді ұлықтайды ма, Абылайды ардақтай ма? Жауап беру өте қиын. "Әкесі қай ұлт, бала да сол ұлт" деу қателік. Өйткені бәрібір қан тазалығы толық бұзылады. Аралас некеде екі ғашық бір-бірін сүюі мүмкін, бірақ есі дұрыс болса, бір-бірінің ұлтын сүймейді. Қазақ жігіт орыс қызын алса да, оның жанын жақсы көргенімен, тарихын даттайды. Яғни аралас некеде бәрібір ішкі қайшылық бар. Оны мойындамайтыны анық, бірақ ол факт.
Сол себепті бейбіт заманда қан тазалығын лайламай, әр ұлттың жігіті мен қызы өзара отасқаны қайырлы.
Асхат Қасенғали
Facebook-тегі парақшасынан