Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2598 0 пікір 14 Қаңтар, 2011 сағат 08:14

Мұхтар Шерім. Лөла-лай...

Өмірде жұмса-ақ жақсы ғой, не нәрсе болса да... Қақиып қалған көңіл,  «қақиып» қалған өмір...  Құрысыншы. Ол мықты шенеунік. Жүргенде бар ғой, көздері ақиып, өзі қақиып жүреді... Айына бір-ақ рет күледі. Онда да, саунаға барғанда, толып кеткен денесін айнадан көргенде...

Ол басқаратын комитетте үлкен іс-шара өтіп,  жиын басталмас бұрын әнұран

орындалып жатты. Жұрт жапа-тармағай орындарынан тұрып, оң қолдарын жүрек тұсына қойып жатты. Құдай қос қолдап ұрды ма, жо-жоқ, ол Құдайды ұратын адам, орнынан тұрғанымен, қақиып қалды... Оның бұл тұрысын «бір шпион»   министрге жеткізіп қойыпты. Келесі күні көзін уқалап отырғанда, министр шақырды. Ол жаққа қақиып емес, тал шыбықтай иіліп барды.

- Сіз әнұран басталғанда, қолыңызды неге жүрек тұсыңызға қоймайсыз?-деп сұрады министр.

- Кешіріңіз, менде жүрек жоқ...

- Жүрек жоғы қалай?

- Сіз қашан қызметімнен қысқартып тастайды екен деп, қорқа-қорқа жүрегім ұшып кеткен...

- Сіздің жүрегіңіз шымшық па, бүркіт пе?

- Ала қарға...

- Сізді жұрт «Жарты құдай» деп жүр.

- Өтірік, олар өсектің  «салатын» жеп жүр...

- Қалай болғанда да, әнұранымызды, рәміздерімізді қастерлеуіміз керек. Сіз өзі әнұранның мәтінін білесіз бе?

- Білемін.

- Айтыңызшы.

- Ыңғайсыз емес пе?

Министр оның жанына келіп, сынай қарады.

- Құдай біледі, фонограммаға етіңіз үйреніп, әнұранның мәтінін де білмейтін шығарсыз?

Ол министрге иіліп, бел омыртқасы   үзіліп кете жаздады. Ішінен: «Өзіңіз де қатырып білетін шығарсыз!» --деп қойды.

- О не дегеніңіз, қаласаңыз айтайын...

Ол тамағын қолымен уқалап тұрып алды.  Керіліп созылды. Екі қолын алға созып, тізесін бүгіп, отырып, тұрды. Министрдің көздері алақандай, комитет төрағасы балақандай көрініп кетті.

- Сіз не істеп жатырсыз?

- Ән айтуға жаттығып...

- Сіз менің кабинетімде спортпен айналысып жатырсыз ғой?!

- Бастайын ба?

- Бастаңыз!

Ол тамағын кенеп алып, көздерін тарс  жұмды...

- Неге көздеріңізді жұмып алдыңыз?-деп сұрады аузы ашылып кеткен министр.

- Мен өмірге көз жұма қарайтын адаммын... Ал бастайын... Хім... ( Екі қолын жүрек тұсына қойып, әнұран әнімен)

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы...

Лөла-лөла-лай,

Лөлалай, лөласы!

Лөлалай. Лөлалай,

Лөлалай, лөла-лай,

Лөла-лай, лө-лөлай,

Лөлалай, лөласы!

Министрдің көздері жыпылықтап кетті... Не деген масқара! Шетелдік шпиондар біліп қоймасын деңіз!  Осыны ойлаған министр «Лөлалайдың» жанына жетіп келіп, оның бетіне бетін тақап:

- Тоқтатыңыз!-деді. Анау жуық арада тоқтай қояр ма, шабыты келіп, көздерін тарс жұмып алған:

Менің елім, менің елім,

Сенің елің, оның елі...

Олардың елі, бәрінің де елі,

Қытайдың да елі,

Қазақстаным!

Лөла-лай, лөлалай,

Лөла-лай, лөлалай...

Лө-лө-лө... лө...

- Сізге не болды? Ауырып тұрсыз ба? Шизофрения емессіз бе?-деп қалды министр. Анау жұмса-ақ дауыспен:

- Әнұран орындалғанда оң қолыңызды жүрегіңізге қоймайсыз ба?-деп тіл қатты да, ары қарай шыңғыра жөнелді:

Лөла-лай, лөла лай.

Жерге дән шықты ғой,

Қонаевты ұмытқан,

Қазағым мықты ғой!

Лөла-лай, лө-лө...

Ол  «ән шырқап» тұрып, бір көзін сығырайтып қараса, министр де екі қолын жүрек тұсына қойып, ол да «лөлалайлап» тұр екен. «Е-е, шамаңыз белгілі болды, шпиондар біліп қоймасын...» --деп ойлады ол ішінен. Сосын әннің қайырмасын барынша көтеріңкі дауыспен:

Менің елім, менің елім,

Секталар елі, иегова елі,

Казактар елі, Ивандардың елі,

Алқаштардың елі,

Қазақстаным!-деп барып тоқтады.

Бір көзін сығырайтып қараса, министрдің орынбасарлары да, тіпті, қазақша шүлдірлеп жүрген хатшы қыздар да «лө-ла-лайға» қосылып кетіпті. Қайран, «лөлалайлар!»

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450