Жаназа пәтуасы
Редакциямызға республикамыздың түрлі жерлерінен жаназа мәселесін шариғатқа сай етіп бір ізге түсіру және оны газетке жариялау жайлы хаттар түсуде. Осыған байланысты біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына хабарласып, ҚМДБ-ның Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары амал ететін Ханафи мәзһабына сай дайындаған пәтуасын көпшілік сұрауымен газетке бергенді жөн көрдік.
Бисмиллаһи-р-рахмани-р-рахим
Редакциямызға республикамыздың түрлі жерлерінен жаназа мәселесін шариғатқа сай етіп бір ізге түсіру және оны газетке жариялау жайлы хаттар түсуде. Осыған байланысты біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына хабарласып, ҚМДБ-ның Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары амал ететін Ханафи мәзһабына сай дайындаған пәтуасын көпшілік сұрауымен газетке бергенді жөн көрдік.
Бисмиллаһи-р-рахмани-р-рахим
Жаназа үкімдері қасиетті Құран Кәрім, Имам әл-Бұхаридің “Сахих әл-Бұхари” - “Әл-Бұхаридің сахихы”, Имам әл-Муслимнің “Сахих әл-Муслим”-”Муслимнің сахихы” сияқты хазреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың хадис шәріптері, Әбу Ханифа (р.а) мәзһабы ғалымдары Әл-аллама әл-Хумам Маулана аш-шейх Низамның “Фәтауа әл-Аләмгирия”-”Әл-Аләмгирия пәтуалары”, “Шарх “Әл-Һидая” - “Аш-Шейх әл-Ислам Бурһан ад-Дин ибн әл-Хасан Әли ибн Әбу Бәкр ибн Абд әл-Жәлил әл-Марғинанидің “Әл-һидаясына түсіндірме”, “Шарх “Фатх әл-Қадир”-”Аш-Шейх әл-Имам Камал ад-Дин Мухаммед бин Абд әл-Уахид ас-Сайуаши әл-мағруф би ибн әл-Хумам әл-Ханафидің “Фатх әл-Қадиріне” түсіндірме”, “Әл-Бахр ар-Раиқ” Шиһаб ад-Дин бин Ахмад бин Мұстафа”-Шиһаб ад-Дин Ахмад бин Мухаммад бин Мұстафаның “әл-Бахр ар-Раиқы”, “әл-Фатауа ат-Татархания” ли-аш-Шейх ад-Даһлауи”-Аш-Шейх ад-Даһлауийдің “Әл-Фатауа ат-Татарханиясы”, “Әл-Жауһарат ан-Наййара” ли-л-Имам Әбу Бакр Әли әл-Мағруф би-л Хаддади әл-Ибади”- Әл-Имам Әбу Бәкр Әли әл-Мағруф би-л Хаддади әл-Ибадидің “Әл-Жау¬һарат ан-Наййарасы”, “Әл-Мухит ли-ас-Сарахси”-Аш-Шейх әл-Алим аш-Шахир Махмұд бин Умар аш-Шағби әл-Ханафи “Ас-Сарахсидің Әл-Мухиты”, “Табинул хақаиқ” ли-л-Фахр ад-Дин Осман аз-Зайлаъи”-Фахр ад-Дин Осман ибн Али әз-Зайлаъидің “Табинул хақаиқы” секілді т.б еңбектерге сүйеніп жазылды. Өйткені, Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары осы мәзһаб бойын¬ша амал етеді. Пәтуада халықтың шариғат үкім¬д嬬рі¬не қайшы келмейтін салт-дәстүрлері де ескерілді.
Өлім хақ және ол әрбір жаратылған жандының ақыры. Алла тағала Құран Кәрімде ол жайлы: “Өзекті жанда өлмейтін пенде жоқ. Сендердің игілікті істеріңнің бодауы қиямет күнінде толық қайтарылады. Тозақтың беті әрі болып, ұжмаққа кірсеңдер - мұраттарыңа жеткендерің. Дүние деген - опасыз тіршіліктің алдамшы қызығы” (”Әл Имран” сүресі, 185-аят), - дейді.
Сондықтан әрбір пенде ажал жетпей тұрып Алла тағалаға құлшылық етіп, өзіне жүктелген парыздарды өтеуі тиіс.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріпінде: “Дүние ләззәттарын жермен-жексен ететін ажалды естеріңе алыңдар”, - делінген.
1. Жантәсілім халіндегі адам жайлы үкім
Жан тапсырайын деп жатқан адамды оң бүйіріне жатқызып, жүзін қыбылаға бұру сүннет. Себебі, хазреті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинаға келген кезде Барр ибн Маърур деген кісі жайлы сұрады. Сахабалар (р.а): “Ол дүниеден өтті. Малының үштен бірін саған беруді және жан- тәсілім етерде жүзін қыбылаға қаратуды өсиет етті”, - деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): “Онда ол исламды таңдапты. Малының үштен бірін баласына қайтардым”, - деген.
Маулана Низам “Әл-Аләмгирия” пәтуаларында да: “Жантәсілім халіндегі кісі оң бүйіріне жатқызылып, жүзі қыбылаға қаратылады. Бұл сүннәт амалы”, - делінген.
“Әл-Бахр ар-Раиқта” да: “Жантәсілім халіндегі кісі оң бүйіріне қисайтыңқырап жатқызылып, жүзі қыбылаға қаратылады. Себебі, ол ғибрат етілген сүннәт. Оны орындау қиын болса, онда аяғын қыбылаға бағыттап, шалқалай жатқызып, басын көтеріңкіреп, жүзі қыбылаға қаратылады”, - делінген.
Жан тапсырайын деп жатқан адамға “Лә иләһә иллаллаһ” кәлимасын айту үшін қасында шәһада кәлимасын (куәлік сөзі) қайталап тұру - мұстахаб. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Ибн Омар Әбу Хафс (р.а.) риуаят еткен хадис шәріпінде: “Жан тапсырайын деп жатқан адамға “Лә иләһә иллаллаһ” кәлимасын айтып тұрыңдар. Өйткені, өлім халіндегі мұсылман “Лә иләһә иллаллаһ” десе тозақтан босатылатынына шүбә жоқ”, - деген.
Бурһан ад-Дин әл-Марғинанидің “Һидаясын¬да”: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Жан тапсырайын деп жатқан адамға “Лә иләһә иллаллаһ” - деп айтып тұрыңдар” деген хадисіне қоса, шәһадат кәлимасын айт дейді.
Өлім халінде жатқан адамға қырылдап қалмай тұрып “Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммадар расулуллаһ”, - деп кәлиманы жай дауыспен айтып тұру керек. Бірақ айтпаймын деп қалмасы үшін “Лә иләһә иллаллаһ” сөзін айт деп зорламау керек.
“Лә иләһә иллаллаһ” дегеннен соң дүнияуи сөз сөйлемесе, оған аталмыш кәлимәні қайталатудың қажеті жоқ. Ал егер кәлимәдан кейін дүнияуи сөз сөйлеп қойса, онда кәлимәні қайта айтуы үшін есіне салған жөн.
Жан тапсырайын деп жатқан кісінің жанында бала-шағасы мен ең жақын адамдары және дос-жарандарының болуы - мұстахаб.
Маулана Низам (р.а.) “Әл-Аләмгирия пәтуаларында” да: “Қасында тұрған кісілердің сырқатқа дұға етуі - мұстахаб”, - делінген.
“Әл-Бахр ар-Раиқта”: “Хайз (етеккір) немесе нифас (әйелдерде босанғаннан кейінгі) жағдайдағы әйелдер және жүніб, яғни ғұсыл құйынуы тиіс жандар жан тапсырайын деп жатқанда жанында болмағаны жөн. Қайта өлім халінде жатқан кісінің қасына хош иісті әтір қою - мұстахаб”, - деген.
Өлім халінде жатқан кісінің қасында қасиетті Құранның “Йәсин” сүресін оқу - мұстахаб.
Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Әбу Дәуд (р.а.) риуаят еткен хадис шәріпінде:
“Ауырып өлім халінде жатқан адамның қасында Йәсин сүресі оқылса, ол шөлі қанған күйінде жантәсілім етеді, шөлі қанған күйінде қабірге кіреді және қиямет күнінде де шөлі қанған күйінде қайта тіріледі”, - деген.
“Әл-Аләмгирия” және “Бахр ар-Раиқта”: “Йәсин сүресін оқу мұстахаб және оны жантәсілім еткенше оқиды”, - делінген.
Әбу Ханифа (р.а.) мәзһабы ғұламалары өлім халінде жатқан кісі жанында “Йәсин” сүресін оқуды жөн санаған. Ал қайтыс болған кісі жуылғанға дейін жанында Құран оқу мәкрүһ.
Жан тапсыратын адам Алла тағала туралы жақсы ойда болуы керек. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің имам әл-Бұхари, имам әл-Муслим (р.а.) риуаят еткен хадисте:
“Алла тағала өзін жарылқайды және рахымына бөлейді”, - деп “Өлім халіндегі кісі Алла тағала туралы тек жақсы ойда болулары керек”,- деген және құдси хадисте Алла Тағала:
“Құлым мен жайлы қандай ойда болса, мен де сондай боламын”, - дейді.
Жан тапсырғалы жатқан адамның қасында отырған кісі оны Алла тағала туралы жақсы ойға бағыттап отыруы - мұстахаб.
Жан тапсырған соң мәйіттің көзін жұмдыру және де оның көзін жұмдырып жатқан кісі: “Бисмилләһи уә ъалә милләти расулилләһ (с.ғ.с.)” деуі - сүннет.
Сахабаларының бірі Әбу Салама (р.а) қайтыс болғанда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) осылай еткені және осылай айтқаны туралы риуаят етілген.
2. Мәйітті оң жаққа жатқызу үкімі
Адам жан тапсырғаннан кейін, іш дәрет алдырып, еденге жайма төсеп, салқын жерге жат¬қызған соң, жағын иек астынан жоғары қарай жал¬пақ шүберекпен байлап, аяқ-қолын дұрыстап, мәйіттің киімін шешіп, үстіне жамылғы жауып қою керек.
Марқұм дүние салған соң, оның қайтыс болғанын жариялап, жерлеуге асығу - мұстахаб.
3. Мәйітті жуу рәсімдерінің үкімі
Мәйітті жуу тірілерге парыз кифая (мұсылман¬дардың бір тобы оны орындаса, қалған жамағат мойнынан жауапкершілігі түсетін амал). Яғни, сүйекке бірнеше кісі кірсе басқалардың мойнынан парыз түседі. Шамсуддин Сарахси (р.а.) өзінің “Әл-Мабсут” атты еңбегінде: “Мұсылман мәйіттің жуылуы мұсылмандар мойнындағы міндет”, - деген. Хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Мұсылманның мұсылманда алты хақысы бар”, - дейді. Осы алты хақының бірі жан тапсырғаннан кейін мәйітті жуу. Мәйітті бір рет жуу парыз, бірнеше қайтара тақ етіп жуу - мұстахаб.
4.Мәйітті жуу шарттары
1.Мәйіт мұсылман болуы ләзім.
2.Өлі туған болмауы тиіс.
3.Мәйіт денесінің жартысынан немесе басымен бірге жартысынан көбі, яки басымен бірге жарты денесі болуы қажет.
4.Мәйіт шәһид (Алла жолында қаза тапқан адам) болмауы керек.
Өйткені, хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ухұд маңындағы соғыста қаза тапқан шәһидтерді: “Оларды денелеріндегі қандарымен бірге (жумай) жерлеңдер”, - деген. Яғни, Ухуд соғысында қаза тапқандар жуылмады. Су жоқ жерде немесе жуу үзірлі жағдайда (мысалы, мәйіт жанып кетсе, немесе үстіне су құйғанда ыдырап тұрса) мәйітке тәйәммум (сусыз жерде таза жерге не топыраққа қол соғып алатын дәрет) жасау - жуу деп есепте¬леді. Мәйітке су құйғанда терісі ыдырамаса, тәйәммүм жасалмайды. Ал мәйіт тәйәммүм жасауға да келмесе, суды себелеп құю ырымын жасауға болады.
5. Мәйіттің әуретіне қарамау үкімі
Мәйіттің әуреті (кіндік пен тізенің арасы) жабық болуы тиіс. Мәйіттің әурет жеріне жалаң қол тигізу немесе оған қарау - харам. Себебі, мәйіт әуретіне қарау тірі адам әуретіне қараумен бірдей. Сол сияқты әйел кісінің әйелді жууы кезінде әуретіне қарауы (кіндігі мен тізе арасы) да - харам.
6. Ер адамдардың әйелдерді немесе әйелдердің ерлерді жуу үкімі
Мәйіттің әуретін жуу үшін қолды шүберекпен орау уәжіп (орындалуы міндетті амал).
“Бахр ар-Раиқта”: “Мәйіт әуретін жуатын кісі қолын шүберекпен орағаннан кейін мәйіт үстіне жабылған мата астынан жуады. Яғни, жуушының қолы мәйіт әуретіне жалаңаш тимеуі керек. Себебі, әуретке қол тигізу әуретке қарау секілді харам”, - делінген.
Дүниеден өткен әйелді күйеуінің жууына болмайды. Себебі, жантәсілім еткеннен бастап некесі бұзылып, бөтен кісі саналады. Егер күйеуі қайтыс болса, онда әйелі жуа алады. Себебі, күйеуі қайтыс болғаннан кейін әйелі 4 ай 10 күн иддада (басқа күйеуге шығуға болмайтын мерзім) отыруы керек болғандықтан, некелері жалғасқан болып саналады. Тіпті күйеуі қайтыс болмай тұрып әйеліне “ражғи талақ” (қайтарып алуға болатын талақ) берсе және өлген сәтте әлі берілген талақ иддасының мерзімі бітпеген болса, ондай жағдайда да әйелі күйеуін жуа алады. Ал егер күйеуі әйеліне қайтыс болмай тұрып “талақ баин” (қайтарылмай¬тын талақ) берген болса, онда “идда” уақыты бітсе де, бітпесе де күйеуін жуа алмайды.
Егер қайтыс болған әйелді жуатын әйелдер табылмаған жағдайда (мысалы, әйел ер кісілер арасында қайтыс болып немесе жуатын әйел табылмаса, онда ол сапарда қайтыс болған саналып), мәйітке тәйәммүмді оның махрамы (жақын туыстары) жасайды. Егер жанында махрамы болмаса, онда мәйітке біреуі тәйәммүмді қолын шүберекпен орап жасайды, бірақ мәйіт қолдарына қарамайды.
7. Ғұсылдан бұрын мәйітке дәрет алдыру үкімі
Тірі адамның ғұсыл құйынатыны сияқты мәйітке де аузы мен мұрнына су құймастан дәрет алдыру - мұстахаб. Мәйіттің аузы мен мұрнына су құю мүмкін болмағандықтан, бас бармақ пен сұқ саусақты шүберекпен орап, оны сулап, мәйіттің аузына, қызыл иегіне және мұрнына мәсіх (қолды сулап сүрту, сипау) тарту - мұстахаб. Бұл аузы мен мұрнын шаю орнына жүреді.
8. Мәйітті үш қайтара жуу үкімі
Мәйіт 3 рет басынан аяғына дейін жуылуы керек. Мәйіт бір немесе екі жуғаннан кейін-ақ тазар¬са да 3 реттен кем немесе артық жуу - мәк¬руһ (ұнамсыз іс-әрекет). Ал егер де мәйіт 3 реттен кейін де тазармаса, оны сабынмен тазарғанша жуу керек. Сонымен қатар мәйітті барынша тақ жуу - мұстахаб (мысалы 4 реттен кейін мәйіт тазарса да тақ болу үшін 5-ші ретті қосу керек).
9. Мәйітке иіс май қосып жуу үкімі
Мәйітті иіс су (алкогольсіз) немесе соған ұқсас иіс май араластырып жуу - мұстахаб. Ақырғы рет иіс сабынмен жуу - мұстахаб.
10. Мәйітті жылы сумен жуу үкімі
Мәйітті барлық уақытта жылы сумен жуу абзал. Ас-Сарахсидің “Әл-Мухит” атты кітабында және “Әл-Аләмгирия пәтуаларында” һәм “Бахр ар-Раиқта” да: “Біздің мәзһабымызда барлық уақытта жылы су абзалырақ”, - делінген.
11. Мәйітті қандай адам жуу керектігі үкімі
Мәйітті жуатын адам әдепті де тақуа болуы - мұстахаб. “Әл-Аләмгирия пәтуасында” да осылай делінген. Мәйітті жуу кезінде мәйіттің кемшілігін (иістенгені, немесе беттері тілім-тілім болып кеткенін) айтпау қажет. Мәйітті жуып болғаннан кейін кебіндемей тұрып мәйіт денесін құрғатып сүрту қажет.
12. Мәйітке жасалуы мәкрүһ нәрселер үкімі
Мәйіттің сақалы, шашы таралмайды. Сондай-ақ мәйіттің шашы, тырнағы алынбайды, сақал-мұрты қысқартылмайды, қолтығы мен әуретті жерлеріндегі түктерін тазалауға болмайды. Мәйіт қайтыс болғанда қандай күйде болса, сол күйінше жуып жерлеу керек. Егер шашы немесе тырнағы түсіп қалса, мәйітпен бірге көму үшін оларды кебінге салып қою ләзім. Бұл Әбу Ханифа (р.а.) мәзһабы ғұламалары келіскен үкім. Ас-Сарахсидің “Әл-Мухит” атты еңбегінде және басқа да кітап¬тарда: “мәйіттің шашы мен сақалы таралмайды және тырнақтары мен шаштары алынбайды”, сондай-ақ Бурһан ад-Дин әл-Маргинанидің “Һидаясында” да: “мұрты басылмайды, қолтық және дене түктері қырылып тазаланбайды”, - делінген.
13. Мәйітті жуу рәсімдері үкімі
Мәйіт биіктеу орынға жатқызылады. Жуу кезін¬де жуатын және оларға көмектесетін кісілер¬ден басқа ол жерде өзге адамдар болмауы - сүннет. Жуатын кісі қолын шүберекпен орап немесе медициналық қолғап киіп сумен мәйіт әуретінің алды-артын жуып истинжа (үлкен және кіші дәрет секілді ластықтардан тазарту) жасайды.
Әбу Ханифа (р.а.) үкімдері бойынша мәйітке алдымен истинжа жасап, содан соң дәрет алды¬рады. Ал егер мәйіт туылғанда дауыс шығармаған шарана болса, дәрет алдырмайды, жаназа оқылмайды.
Мәйітті жуғанда екі қолынан емес, бетінен бастап жуады.
Абд ар-Рахман әл-Жазиридің (р.а.) “Әл-Жазири” атты кітабында: “әдетте адам денесін өзі жуатын болғандықтан екі қолының таза болуы қажет. Сондықтан да дәрет алу үшін адам алдымен екі қолын жуады. Ал мәйітті басқа адам жуатындықтан әуелі оның бетін жуумен бастайды. Жуушы сулы шүберекке оралған саусақтарымен мәйіттің аузы мен мұрнын сүртеді. Кейін мәйіттің сақал немесе шашы бар болса, оны сабынмен жуады”, - дейді. “Ат-Табиин” және Ат-Тахауи “Шархында”: “егер мәйіттің шашы болса тірі адам секілді жуындырылады. Егер мәйіттің шашы жоқ болса, сабынсыз таза сумен жуу жеткілікті”, - делінген. Мәйіт басына мәсіх тартылады. Оң жағынан бастап жуу үшін мәйітті сол жағына жатқызып, басынан аяғына дейін 3 рет су құяды. Мәйіттің арқасын жуу үшін етпетінен жатқызуға болмайды. Су екінші жағына жету үшін әрі-бері қозғайды.
Мәйіттің бүкіл денесіне бір рет су тисе, парыз кифая болады. Тағы екі рет жуу (үшке толтыру) - мұстахаб. Кейін мәйітті оң бүйіріне жатқызып, бастан-аяқ әуелдегідей сол бүйіріне үш реттен су құйып жуып шығады. Содан соң оны сүйеп отырғызып, жай ішін басып сипау керек. Егер нәжіс шықса жуып тастайды. Содан кейін мәйіттің сол жақ бүйіріне жатқызып, оң жақ бүйірінен су құю керек. Бастапқы 2 ғұсылда мәйітті жылы сумен сабындап жуу қажет. Үшінші рет жуғанда, иіс су немесе иіс май қосылады. Кейін мәйіт денесі құрғатылады. Сосын иіс май жағу - мұстахаб.
14. Мәйіттің басы мен сақалына иіс май жағу үкімі
Мәйітті жуып болған соң басы мен сақалына иіс май жағу - мұстахаб.
15. Жуылған мәйіттен нәжіс шықса не істеу керек үкімі
Егер мәйіт денесінен қан, ірің не сол сияқты дәрет бұзар нәжіс шықса және де ол кебінге тисе, бірақ мәйіт кебінге әлі оралмаған болса, онда мәйітке оның зияны жоқ. Тек кебінделмей тұрып ластанған жерлері жуылады. Мәйітті кебінге орап қойғаннан кейін болмашы нәжіс шыққан жағдайда, жумаса да болады. Ал нәжіс кебінді қатты ластайтын болса, кебіні жуылады. Себебі мұндай жағдайда мәйітке жаназа оқуға болмайды. Бірақ мәйіт қайта жуылмайды. Ал егер мәйіт денесіндегі ауыр жарақат салдарынан қан, ірің секілді нәжіс нәрселер қайта-қайта шыға беретін болса, бір-ақ рет жуылады.
16. Кебіндеу үкімі
Мәйітті кебіндеу мұсылмандарға парыз кифая. “Әл-Аләмгирия пәтуаларында” және “Фатх-әл-Қадирде” де парыз кифая делінген. Кебін мәйіт денесін түгел жауып тұруы керек. Мәйіт ер яки әйел болсын, егер кебін келте болса, мұсылмандар мойнынан парыз түспейді. Кебін ақысы мәйіттің өз мал-мүлкі есебінен алынуы уәжіп. Мал-мүлкі болмаса, кебін ақысын туыстары мен одан жақсылық көрген кісілер төлейді. Егер әйелі қаражатты болса да әйел кебінінің шығынын күйеуінің өтеуі міндет. Туыстарының кебіндеуге жағдайы болмаса, мұсылман жамағатына, яғни жағдайы бар кісіге жүктеледі. Кебін үкімі сияқты мәйітті жерлеу рәсімі де қауымға міндет.
17. Кебіннің түрлері мен сипаттары үкімі
Кебіннің жақсысы - ақ түстісі, бірақ ол дәке сияқты жұқа болмауы тиіс. Оның жаңа немесе ескі болуы шарт емес.
Кебіннің үш түрі бар:
Сүннет кебін;
Кифая кебін;
Зәру кебін.
І. Сүннет кебін: Ерлерге де, әйелдерге де қа¬жет 3 қабат кебін, яғни қамис (көйлек), изар (шалбар) және лифафа (сырт орау). Қамис мәйіт мойнынан балтырға дейін, ал изар мен лифафа басынан аяғы¬на дейін жететін болуы керек. Әйелдерге қосымша бастарына химар (орамал) және көкіректеріне байланатын кеудеше ләзім. Әйелдер кебіні 5 қабат болады. Көйлектерінде жең болмайды және оның ешбір жері ашық қалмауы тиіс. Ал лифафа мәйіттің бас және аяқ жағынан да байланатындай артығымен алынады. Кебіндегенде мәйіттің ешбір жері ашық қалмауы қажет. Кебіндегеннен кейін мәйіттің бас-аяғы байланады және кебіннің ортасы ашылып кетпес үшін кебіннен алынған матамен белін байлауға болады.
ІІ.Кифая кебін: Ерлерді тек изар немесе лифа¬фаға орау, ал әйелдерді басына химар (орамал) мен көкірегіне кеудеше байлап, көйлексіз лифафаға орау керек.
ІІІ.Зәру кебін: Өте зәру кезде мәйіт табылған матамен, тіпті болмаса мәйіттің шариғатта әурет саналатын жерлерін жабатындай матамен кебінделеді. Кебіндейтін ешнәрсе табылмаса, мәйіт өз киімімен кебінделеді. Егер қайтыс болған кісі өте кедей немесе біреуге қарызы болса, сондай-ақ бала-шағасы көп және олар жас болса, мәйіт кифая кебінмен кебінделеді.
18. Мәйітті кебіндеу үкімі
Ер адамды кебіндеу үшін алдымен лифафа, кейін изар төселеді. Оның үстіне көйлектің бір жағы төселеді де үстіне мәйіт жатқызылып көйлектің екінші жағы кигізіледі.
Ал әйелдерге лифафа жайып, үстіне изар төсейді, оның үстіне мәйітті жатқызып, қамис (көйлек) кигізеді. Әйелдің шашын екіге бөліп, оны көйлегінің сыртынан кеудесіне қойып, басын және екі бөлек шашын химармен (орамал) қымтап, көкірегін кеудешемен байлайды. Осылар орындал¬ған соң алдымен изар, одан кейін лифафаға орап, мәйіт бас пен аяқ жағынан және ортасынан буылады.
19. Жаназа намазының үкімі
Жаназа намазы - парыз кифая. “Әл-Аләмгирия” пәтуалары және “Татарханияда” да “парыз кифая” делінген. Жаназа намазына ешкім бармаса күнәһар болады. Егер жаназа намазына қауымның бір тобы, немесе бір адам қатысса да басқалардың мойнынан парыз міндеті түседі. Жаназаға қатысуға ешкім мәжбүрленбейді. Бірақ та қатысқан кісі мол сауап алады.
20. Жаназа намазының сипаты
Жаназа намазында - имам мәйіттің кеуде тұсында тұрады. Жаназа намазының парызын өтеуге ниет етеді. Имам “Аллоһу Әкбар” деп құлақ қағып, қолын байлап “сәна” дұғасын оқиды. Одан кейін де қол көтермей 2-ші рет “Аллоһу Әкбар” деп Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат оқиды. Осыдан кейін 3-ші рет қол көтермей “Аллоһу Әкбар” деп жаназа дұғасын оқиды. 4-ші рет қолдарын көтермей “Аллоһу Әкбар” деп тәкбір айтқаннан кейін 2 жағына сәлем береді. Қол сәлем бергеннен кейін ғана түсіріледі. Имам тәкбірлерден басқасын іштей оқиды.
21. Жаназа намазының парыздары
Имам Ағзам (р.а.) мәзһабында жаназа намазы¬на ниет ету - шарт. Жаназа намазының тәкбірлері (”Аллоһу Әкбар” деп Алла Тағаланы ұлықтау) төртеу.
Жаназа намазы соңына дейін түрегеп тұрып оқылады. Жаназа намазын үзірсіз (себепсіз) отырып оқуға болмайды.
3-ші тәкбірден кейін марқұмға дұға оқылады. Дұғаны белгілі бір түрде жасау уәжіп емес.
Жаназа дұғасы:
Оқылуы: “Аллаһум¬мәғ¬фир ли хаййнәә уә мәййти¬нәә уә ша¬һи¬ди¬нәә уә ғаиби¬нәә уә зә¬кә¬ри¬нәә уә ун¬сә¬нәә уә са¬ғи¬ри¬нәә уә кә¬би¬ри¬нәә.
Аллаһум¬мә мән ахиәйтә¬һу мин¬нәә фә ахи¬һи ‘алал-ис¬ләм уә мән тәуәф¬фәйтә¬һу мин¬нәә фа тәуәф¬фә¬һу ‘алал-иман”
(”Аллам! Ті¬рі¬ле¬рі¬міз¬ге, өлі¬ле¬рі¬міз¬ге, осы жер¬де¬гі¬лер¬де жә¬не мұн¬да бол¬ма¬ған¬дар¬ға, ер¬ле¬рі¬міз¬ге, әйел¬де¬рі¬міз¬ге, кі¬ші¬міз бен үл¬ке¬ні¬міз¬ге ке¬ші¬рім ет! Аллам! Бізден кімге өмір берсең, соған ислами өмір нәсіп ет! Ал ажа¬лы жет¬кен құл¬да¬рың¬ның жа¬нын иман¬мен ала гөр!”).
Осы дұ¬ға¬дан кейін тө¬мен¬де¬гі дұ¬ға¬лар¬дың бі¬рі оқы¬ла¬ды:
Егер жа¬на¬за ер кі¬сі бол¬са мы¬на дұ¬ға оқы¬ла¬ды:
Оқылуы: “Уә хус¬сә Һә¬зәл-мәйитә бир-раухи уәр-ра¬ха¬ти уәл-мәғ¬фи¬рә¬ти уәр-ри¬дуан.
Аллаһум¬мә ин кә¬нә мух¬си¬нән фә¬зид фи их¬сә¬ни¬һи уә ин кә¬нә мусииән фә тәжәуәз ‘анһу уә лақ¬қи¬һил-әм¬нә уәл-буш¬рәә уәл-кә¬рә¬мә¬тә уәз-зул¬фәә би¬рах¬мә¬ти¬кә иә ар¬ха¬мар-ра¬хи¬ми¬ин”.
“Раб¬бым! Әсі¬ре¬се мы¬на мәйітті ра¬қым¬ға, ра¬қат¬¬тық¬қа, ке¬ші¬рім¬ді¬лік¬ке жә¬не ба¬қыт¬ты¬лық¬қа жет¬кіз.
Аллам! Бұл кісі із¬гі¬лік іс¬те¬ген адам бол¬са, Сен оның жақ¬сы¬лы¬ғын арт¬тыр. Егер бұл өлі жа¬ман¬дық жа¬са¬ған бол¬са, жа¬за¬сын бер¬мей ра¬қым ет. Кү¬нә¬ла¬рын ке¬шір. Бұл кісіні қо¬рқыныштан сақ¬та. Ра¬қым-ша¬ра¬па¬тың¬мен сүйін¬ші¬ле. Оны ақы¬рет¬те ба¬қыт¬ты¬лық¬қа бө¬леп, жо¬ға¬ры мәр¬те¬бе¬ге шы¬ғар. Ей, ра¬қым¬ды¬лар¬дың ра¬қым¬ды¬сы Алла Тағалам!”
Егер жа¬на¬за әйел бол¬са мы¬на дұ¬ға оқы¬ла¬ды:
“Уә хус¬сә һә¬зи¬һил-мәйтә¬тә бир-раухи уәр-рааха¬ти уәл-мәғ¬фи¬рә¬ти уәр-ри¬дуан.
Аллаһум¬мә ин кә¬нәт мух¬си¬нә¬тән фә¬зид фи их¬сә¬ни¬һә уә ин кә¬нәт му¬сиәтән фә тәжәуәз ‘анһәә уә лақ¬қи¬һәл әм¬нә уәл-буш¬рә уәл-кә¬рә¬мә¬тә уәз-зул¬фә би¬рах¬мә¬ти¬кә уә ар¬ха¬мар-ра¬хи¬ми¬ин”.
“Раб¬бым! Әсі¬ре¬се мы¬на әйел мәйітті ра¬қым¬ға, ра¬қат¬тық¬қа, ке¬ші¬рім¬ді¬лік¬ке жә¬не ба¬қыт¬ты¬лық¬қа жет¬кіз.
Аллам! Бұл кісі із¬гі¬лік іс¬те¬ген адам бол¬са, Сен оның жақ¬сы¬лы¬ғын арт¬тыр. Егер бұл кісі жа¬ман¬дық жа¬са¬ған бол¬са, жа¬за¬сын бер¬мей ра¬қым ет. Кү¬нә¬ла¬рын ке¬шір.
Бұл кісіні қо¬рқыныштан сақ¬та. Ра¬қым-ша¬ра¬па¬тың¬мен сүйін¬ші¬ле. Оны ақы¬рет¬те ба¬қыт¬ты¬лық¬қа бө¬леп, жо¬ға¬ры мәр¬те¬бе¬ге шы¬ғар. Ей, ра¬қым¬ды¬лар¬дың ра¬қым¬ды¬сы Алла Тағалам!”
Жа¬на¬за ер ба¬ла бол¬са мы¬на дұ¬ға оқы¬ла¬ды:
Оқылуы: “Аллаһум¬мәж’ал¬һу лә¬нәә фә¬рә¬тан уәж’ал¬һу лә¬нәә әж¬рән уә зух¬рән уәж’ал¬һу лә¬нәә шаафи’ан уә му¬шаф¬фа’ан.
( “Аллам! Бұл сәбиді жән¬нат¬та біз¬ді қар¬сы алу¬шы әрі ақы¬рет сыйы және біз¬ге оны ша¬па¬ғат¬шы ет! Оның бізге жасайтын ша¬па¬ға¬тын қа¬был ала гөр!”)
Жа¬на¬за қыз бол¬са, мы¬на дұ¬ға оқы¬ла¬ды:
“Аллаһум¬мәж’ал¬һә лә¬нәэ фә¬рә¬тан уәж’ал¬һә лә¬нәә әж¬рән уә зух¬рән уәж’ал¬һә лә¬нәә ша¬фи’атән уә му¬шаф¬фа’атән”.
( “Аллам! Бұл қыз сәбиді жән¬нат¬та біз¬ді қар¬сы алу¬шы әрі ақы¬рет сыйы және біз¬ге оны ша¬па¬ғат¬шы ет! Оның бізге жасайтын ша¬па¬ға¬тын қа¬был ала гөр!”)
Жаназа шығарушының қажет дұғаларды білуі ләзім. 4-ші тәкбірден кейін сәлем беріледі. Әбу Ханифа (р.а.) мәзһабында 4-ші тәкбірден кейін сәлем беру басқа намаздардағы сәлем беру сияқты уәжіп. Жаназа намазында “Фатиха” сүресін қирағат ниетімен оқуға болмайды. Оны дұға ниетімен ғана оқуға болады. Жаназа намазында Құран оқылмайды.
22. Жаназа намазының шарттары
1. Мәйіт мұсылман болу керек. Мұсылман емес кісіге жаназа оқылмайды. Себебі, Алла Тағала Құран Кәрімде: “Олардың біреуі өлсе. Сен оған мүлдем жаназа шығарма”, - деген. (”Тәубе” сүресі, 84-аят).
2.Намазға мәйіттің бар болуы шарт, жоқ мәйітке жаназа оқылмайды.
3.Мәйіт жуылмай немесе су жоқ жағдайда тәйәммүм жасалмай жаназа оқылмайды.
4.Мәйіт қауымның алдында болуы қажет. Мәйіт қауымның артында болса жаназа намазы дұрыс болмайды.
5.Жаназа намазын оқитын кезде мәйіт көлік үстінде, адамдардың қолдарында немесе иықта¬рында болмауы керек.
Жаназа намазын оқушының тиісті 4 шарты бар: 1) Ниет ету; 2) Дәретті болуы; 3) Қыбылаға қарау; 4) Әуретінің жабық болуы;
23. Жаназа намазының сүннеттері және имам мәйітке жаназа намаз оқығанда қалай тұруы керек
1) Тәкбірден кейін сәна оқу:
“Субханака Аллоһумма уа бихамдика уа табаракасмука уа таъала жаддука уа жәлла сәнааука уа лә илаһа ғойрук”.
2) Тәкбірден кейін Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат оқу.
Мәйіттің жасына қарай үлкен-кіші, ер немесе әйел болуының айырмашылығы жоқ.
24. Жаназа намазын өткізуге құзырлы кісілер
Әбу Ханифа (р.а.) мәзһабында жаназа намазын өткізуге ең құзырлы кісі патша, мүфти және ол тағайындаған жергілікті имам, молдалар.
25. Имамның жаназада тәкбірді 4-тен аз немесе көп айтып қою үкімі
Әбу Ханифа (р.а.) мәзһабы ғұламалары егер имам жаңылып, тәкбірді 4 реттен артық айтып қойса, (оған ұюшылар) оған ілеспей, сәлем берген¬ше күтеді. Кейін бірге сәлем береді, сонда жаназа намазы дұрыс болады. Егер біле тұра тәкбір төрт реттен аз айтылса, намаз бұзылады. Ал жаңылып кем айтып қойса, намаздың бір рәкәтін кемітіп қойған үкімде болады. Бірақ та жаназа намазында сәһу сәжде жасалмайды. Сондықтан жамағаттан бір кісі тәкбірдің кем болғандығын имамға ескертуі керек, сонда имам тәкбірдің кем болғанын толық¬тырып, қайта сәлем береді. Жаназаны қайта оқу шарт емес.
26. Жаназаны қайта оқу үкімі
Бір рет оқылып қойған жаназаны қайта оқу мәкрүһ. Өйткені, жамағатпен жаназа бір-ақ рет оқылады. Егер жаназа жамағатсыз оқылған және мәйіт әлі жерленбеген болса Имам Ағзам (р.а.) мәзһабында жамағатпен қайта оқылады.
27. Мешіт ішінде жаназа намазын оқу үкімі
Имам Ағзам (р.а.) мәзһабы бойынша жаназа намазын мешіт ішінде оқу - мәкрүһ. Бірақ мешіт ауласында оқуға болады.
28. Шәһид үкімі
Шариатта шәһид деп Алла жолындағы соғыста қаза тапқан адамды айтады.
Шәһид екіге бөлінеді:
І. Кәміл шәһид (толық шәһид) - бұл дүниеде де, ақыретте де шәһид болып саналатын кісі. Кәміл шәһид болуы үшін бес шарт бар:
1.Саналы, ақыл-есі бүтін болу;
2.Кәмелетке толған болу;
3.Мұсылман болу;
4.Сол жерде көз жұму;
Ол өзіне тиген соққыдан емделмей, тамақ жемей, су ішпей, ұйықтамай және құлаған жерінен басқа жерге апарылмай (мысалы, шатырға, үйдің немесе бөлменің ішіне тасылмай және бір намаз уақыты өтпей) мерт болса ғана кәміл шәһид болып есептеледі.
Кәміл шәһид үкімі: Шәһидке ғұсыл рәсімі жасалмайды, тек үстіндегі қаннан өзге нәжіс тазартылады. Оны мерт болған күйінде, қалың киімдері мен қарулары шешіп алынып, жеңіл киімімен жерлейді. Шәһид өз киімі және үстіндегі қанымен жаназа оқылып жерленеді.
ІІ. Ақыреттегі шәһидтер:
Бұған зұлымдықпен өлтірілсе де жүніб болған адам, әйтпесе хайызды немесе нифасты әйел, не болмаса алған жарақатынан кейін көп уақыт өткен соң өлген адам, немесе сәби бала, есі ауысқан кісі немесе абайсызда өлтірілген кісі кәміл шәһидке жатпайды, бірақ ақыретте шәһид деп саналады. Мұндай шәһидтерге қиямет күні Алла тағала тарапынан уәде етілген сауап беріледі. Бұлардың кәміл шәһидтерден айырмашылығы - оларды жуып, кебіндеп, жаназасын шығарады. Осы ақырет шәһидтері қатарына суға батып немесе өртеніп өлген, үстін дуал немесе сол сияқты бір нәрсе басып қалған адам, сапардағы жолаушы, оба, тырысқақ ауруынан немесе дәрі-дәрмектен уланып өлген, іші өтіп қайтыс болған, эпилепсия (талма), ыстығы көтеріліп өлген, жылан-шаян шаққан, т.б және де осылардың қатарына ілім іздеп жүріп қайтқан және жұма қарсаңындағы түнде қайтыс болған кісілер жатады. Олар ақырет шәһидтері болса да жуылып, кебінделіп, жаназа намазы оқылады.
29. Жаназа оқылмайтын адамдар үкімі
Үлкен-кіші, ер немесе әйел болсын әрбір мұсылманға жаназа намазын оқу парыз. “Ат-Табиинде” жаназа намазы оқылмайтын адамдар қатарына төмендегілер жатқызылады:
1.Бүлікші, мұсылмандарға қарсы қару қолданып, соғыс ашқан кісілер;
2.Қарақшылық шабуыл кезінде өлген тонаушылар және сол сияқтылар;
3.Ата-анасын өлтіргендер: оларға қорлық болу үшін жаназа оқылмайды. Абайсызда өзін-өзі білмей өлтірген адамды жуып, жаназа намазын оқу керек (мысалы, жауды өлтіремін деп абайсыздан өзін өлтіріп алған). Сол сияқты өзге дінге, сектаға кірген кісінің жаназа намазы оқылмайды және олар мұсылмандар зиратына жерленбейді.