Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2512 0 пікір 9 Ақпан, 2011 сағат 23:14

Батырхан Дәрімбет. «Ол сұмырай арамыздан шықты ғой!»

VII бөлім.                  СҮРГІННЕН   КЕЙІНГІ  СЕРГЕЛДЕҢ

2 тарау

«Ол сұмырай    арамыздан   шықты  ғой!»

Б.Дәрімбеттің Мағжан Жұмабаев жайлы аяқталмаған кітабынан үзінді

10 жылға сотталған  Мағжан 1936 жылы мерзімінен бұрын Максим Горькийдің жәрдемімен елге оралды. Бұл кезде ел танымастай өзгерген болатын. 1930-1932 жылдардағы аштық елдің жартысына жуығын жалмап кетсе, оқыған азаматтар түгелімен айдауда еді. Сондықтан Мағжан Алматыға келмей, әуелі Қызылжарға тұрақтағысы келеді. Ондағы ойы, елдегі жағдаймен танысу, мүмкіндігі болса қаражат жинап әлденіп алған соң ғана орталыққа бару. Бұл ойын 1937 жылдың басында Сәбитке жазған хатында Мағжан былай білдіреді: «Мен Қазақстанға жаңа жолға түскенімді өзімнің қалам күшіммен көрсетсем деген жалғыз тілекпен оралдым. Қалай болғанда да орталыққа жетуім керек деп шештім. Егер жолға қаражат тапсам орталыққа баруды ойлап отырмын (Т.Кәкішұлы, «Мағжан-Сәкен, А.  «Қазақ университеті», 1999, 406 б.).

Бұл екі арада Мағжан елдегі туысқандарын аралап мауқын басуға тырысты. 1936 жылдың шілде айында ол атасы Жұмабайдың нағашылары Жауыр Атығайлардың еліне барады. Бұлар қазіргі Омбы облысы Москаленко ауданындағы 4 ауылды мекендейді екен: Тұма, Саға, Қызылағаш, Қарағаш деген. 1989 жылы осы ауылдарға іздеп барып Мағжанды көрген екі адаммен сөйлескенім бар. Солардың бірі  -  Сахузада деген Атығай аулының тұрғыны былай деген болатын:  «Шамамен 1936 жылдың шілдесі болса керек. Бір күні атақты ақын Мағжан осында келетін болыпты деген хабар дүңк ете түсті. Біз Қарауылдың ішіндегі Жауыр деген ел боламыз...

Жауыр  -  Мағжанның атасы Жұмабайдың нағашысының елі. Мағжанның әкесі Бекеннің ағасы Нұрмұхаммедтің баласы Ахметжан конфискация кезінде Ақтөбе жаққа жер аударылып, онан қайтқан соң туған жерінде белсенділер маза бермей осы жаққа келіп тұрақтаған екен. Айдаудан арып келген Мағжанды бой жазсын, ел-жұрттың арасында болсын деп осында шақырып әкелген осы Ахметжан.

- Біз ол кезде жаспыз. Мағжан ағамыз көбінесе осындағы бірнеше ауылдың үлкені болып жүрген Зейніш Тамаұлы деген кісімен бірге болды. Мағжанның Есламға шығарған өлеңінде айтылатын Зекең деген кісі осы Зейніш ағай. Ол кезде Жауырлар Тұма, Саға, Қызылағаш, Қарағаш деген төрт ауыл болып тұратын. Мақаң осы төрт ауылда да болды.

-  Мағжанды үйіне кімдер шақырды?

-  Осы ауылда бас көтерерлердің бәрі шақырды ғой.

-  Үйіне шақырғандардың бәрін кейін НКВД ұстап кетті деген не сөз?

-  Ол сөз рас. Он шақты адамды алып кетті. Содан қайтып келген Ғабдылғалым. Он жыл отырып келді.

-  Кімдерді  Ұстап кетті? Аттарын атамас па екенсіз?

-  Есіме түскенін айтайын...

Қария біраз ойланып қалды. Елу үш жыл бұрын болған оқиғаларды еске түсіру оңай шаруа емес.

- Баймұқан, Жекемұрат, оның інісі жаңағы Ғабдылғалым....  Сағадан  Аушахман Бәйімбетұлын ұстады... Қызылағаштан  Мұхаметжанды.. Тұмадан Қалиды, Тұрсынның Қабдолласын  ұстады.. Қызылағаштан Әлімжан Исаұлы да ұсталды.. Осылар қалыпты есімде...

-  Аға, бұларды органға кім айтты екен? Білмейсіз бе? Мағжанды кімнің қонақ қылғанын НКВД қайдан біледі.

- Ол сұмырай арамыздан шықты ғой!

- Кім екенін айтып жібермес пе екенсіз? - деп сұрадық.

Сахузада баласы Есенәліге, келіні Зайраға қарады. Олар болса әкесінен көздерін тайдырып әкетті.

- Білемін, - деді ақсақал, - бірақ айта қою қиын. Өзі ол дүниеге кетіп қалған адам. Балалары, немерелері бар. Соларға қара таңба ғой. Айта алмаймын-ау деп қорқам.. Немере-шөберелерінің не күнәсі бар. Аталарының опасыздығы үшін олар ұятқа батады ғой. Елдің бетіне не деп қарайды...   Ақсақал назарын төмен салып отырып қалды. Біз де оны қыстамадық. Өзі белсеніп айтпаған соң не деп болар...

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499