Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2322 0 пікір 10 Ақпан, 2011 сағат 23:09

Алтынбек Сәрсенбайұлы шыққан шындық биiгi

Бүгін - Алаш жұрты саясаткер, алғыр да, алымды, сұңғыла да, сырбаз, қазақтың қамын қара басынан биік қойған аяулы Алтынбек Сәрсенбайұлынан қапияда көз жазып қалған күн. Қазақ үшін қаралы күн!

Осыдан тура бес жыл бұрын қара түнді жамылған қара ниетті қылмыскерлер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшісі Бауыржан Байбосын және жүргізушісі Валерий Журавлевті Алматының сыртында қастандықпен оққа байлаған еді.

Уақыт алға озды. Алаштың жадындағы Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі мен еңбегі жыл өткен сайын жаңғырып, жалғасып келеді. Елдің жүрегіндегі ер өлмейді деген осы!

Жыл сайынғы Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алуға арналған жиын осы күні өтетіні белгілі. Ол биыл да жалғасын тауып отыр. Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың дайындауымен қазақ ақындарының Алтынбек Сәрсенбайұлына арнаған  өлеңдер топтамасы «Алтынбек Сәрсенбайұлы шыққан шындық биiгi» деген атпен кітап болып жарық көрді. Сол жинақтан үш өлеңді ұсынып отырмыз.

«Абай-ақпарат»

 

Мұхтар Шаханов

Алтындар жарқылы

немесе Алтынбек Сәрсенбайұлы шыққан шындық биiгi

Қазiр не көп, дүкендерде көз арбаған алтын көп,

Маған неге алтын осы сезiледi салқын боп?

Жылтырайды ол ұрылардың әйелiнiң қолында,

Пәре болып бұғып жатыр жемқорлардың жолында...

Бүгін - Алаш жұрты саясаткер, алғыр да, алымды, сұңғыла да, сырбаз, қазақтың қамын қара басынан биік қойған аяулы Алтынбек Сәрсенбайұлынан қапияда көз жазып қалған күн. Қазақ үшін қаралы күн!

Осыдан тура бес жыл бұрын қара түнді жамылған қара ниетті қылмыскерлер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшісі Бауыржан Байбосын және жүргізушісі Валерий Журавлевті Алматының сыртында қастандықпен оққа байлаған еді.

Уақыт алға озды. Алаштың жадындағы Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі мен еңбегі жыл өткен сайын жаңғырып, жалғасып келеді. Елдің жүрегіндегі ер өлмейді деген осы!

Жыл сайынғы Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алуға арналған жиын осы күні өтетіні белгілі. Ол биыл да жалғасын тауып отыр. Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың дайындауымен қазақ ақындарының Алтынбек Сәрсенбайұлына арнаған  өлеңдер топтамасы «Алтынбек Сәрсенбайұлы шыққан шындық биiгi» деген атпен кітап болып жарық көрді. Сол жинақтан үш өлеңді ұсынып отырмыз.

«Абай-ақпарат»

 

Мұхтар Шаханов

Алтындар жарқылы

немесе Алтынбек Сәрсенбайұлы шыққан шындық биiгi

Қазiр не көп, дүкендерде көз арбаған алтын көп,

Маған неге алтын осы сезiледi салқын боп?

Жылтырайды ол ұрылардың әйелiнiң қолында,

Пәре болып бұғып жатыр жемқорлардың жолында...

Шындық жоқта адамдық жоқ, һәм тiлектес халық жоқ,

Алтын даңқын есiмiңмен асқақтаттың, Алтынбек.

 

Бiздiң билiк бастан-аяқ орташадан құралған,

Оған рухи сана қосу қоғам үшiн ұлы арман.

Тағдырыңды ендi қайта жасақтауға күш бар ма,

Қауiп болдың билiктегi қалайыға, мыстарға.

Басшылардың бәрi дерлiк ұлтсыздыққа байланған,

Демократпыз дегенiмен "жемократқа" айналған.

 

Билiк сыртқа ұнау үшiн қыса түсiп шiдердi,

Туған ұлтын, туған тiлiн қоса сатып жiбердi.

Қажетсiнбей ұлтқа, рухқа лайықталған өрiстi,

Он шақты адам мемлекеттiң бар байлығын бөлiстi.

Он шақты адам билiк, байлық айдынынан түспедi,

Олар және ойына не келсе соны iстедi.

 

Сен соларға қарсы күрес, дара күрес бастадың

Сондықтан да тез тарылып кеттi ғұмыр аспаның.

Түрi ғана адамға ұқсап, iзгiлiгi арыған,

Жан шындығын сақтап қала алмағанның бәрi мал!

Қоғам әлi бөле алмай жүр ез бен ердiң арасын,

Ал сен өзiң шыққан шындық биiгiнде қаласың!

 

Жанарбек ӘШІМЖАН

Ауылға хат

Қалай бауыр, ауылда шал аман ба,

Ағашты ат қып мiнген бала аман ба?

Торайғырдың төсiнен қар кеттi ме,

Сал Қапез әнге қосқан дала аман ба?

 

Сенi ойласам бөлiнiп санам мыңға,

Отырамын күбiрлеп ар алдында.

Топырағын өзгенiң жерсiнбейтiн

Қолды болған торыңды таба алдың ба?

 

Тағы қандай шаруалар еңсерiлдi?

Ала алдың ба даярлап жем-шөбiңдi?

...Сендерде ғой адалдық, бекзадалық,

Жiгiттерi-ай ел жақтың ең сенiмдi!

 

Ауыл жақтан ән жетсе құлағыма,

Байыз таппай кетемiн тұрағымда.

Бақұл болсын... бiраз шал кетiп қапты,

Әлдилеген бiздердi тұмағына.

 

Жалаң жiбек жамылған қыздарымды,

Қылыш мiнез сағындым ұлдарымды.

Шалдарымды сағындым, бауларымды,

Солар едi киесi түзгi ауылдың.

 

Ауылда ғой гүл көктем, жайдары күз,

Құрақ ұшар атты да, жайдағыңыз.

Кер бестiнi сағындым, кең даланы,

Кеттiк достым, ауылға, сайланыңыз!

 

Нарынқол, Жалаңашым - дала мекен,

Жаралы екен, осы өңiр жаралы екен.

Заманақыр зауалы таяғанда,

Бұл ел де жер түбiнде қала ме екен?..

 

Аға, сiз айтыңызшы пәтуәнi,

Туған ұл жерсiнбеп пе жат ұяны!

Құлағыңа жете ме бақи әнi?

Бiз топырақ iздеймiз.

Кiм iздейдi?

Жолбарыс ұл ұл жоғалса қапияда.

 

Опырылып отырам осыны ойлап,

Қонбады ғой тәңiрi, басыңа-ай бақ.

Тас-талқан қып кетедi аспанымды,

Кенеттен күн құбылып, жасын ойнап.

 

Жалаң жiбек жамылған қыздарымды,

Қылыш мiнез сағындым ұлдарымды.

Шалдарымды сағындым, бауларымды,

Солар едi киесi түзгi ауылдың.

 

Болмады ғой тiптi де өмiр - бұйым,

Үйiрiп тағы әкеттi жемiр-құйын.

Алматының аспаны ағыл-тегiл -

Алты Алатшың мұп-мұздай көңіл-күйі...

 

Талғат Ешенұлы

ҚИСЫҚ АҒАШ

(А.Сәрсенбайұлының рухына)

Нұр саулаған гауһар тастай қарашықтан нұр емес,

мөлт-мөлт етіп жас тамса;

елжіреген ет жүрегің қан жылап,

қан кеткесін қатқан қара тас болса;

бодандық пен кемдіктің,

бостандық пен теңдіктің,

ақиқатында, мағынасы бос болса;

қу тірлікті сүргенің -

тоғыз ауыз тобасыз сөзбен,

тоғыз түйеге жүк болар байлықпен,

тоғыз грамм қорғасынмен ғана расталса -

сонда шындықты қайдан табамыз ?!

 

Өзімізде бар нәрсені өзімізге қимасақ;

уақыт пен кеңістікті ноқталаған көңілдер

мезгілден де жаңылып, шекті қойып

қара жер мен көк аспанның аясына сыймаса;

біреудің надандығы мен тоқшылығы да,

біреудің жамандығы мен жоқшылығы да,

айналып келгенде, қара халықты ғана қинаса;

азуы бары - азулымын екен деп айылын жимаса;

құрығы ұзыны - құрықтымын екен деп құлқынын тимаса -

сонда тәубені қайдан табамыз ?!

 

Дін, діл дейміз, тіл дейміз...

Діндарың кім ?

Дін қайда ?

Ділмарың кім ?

Діл қайда ?

Тілемсек кім ?

Тіл қайда ?

Шағыстырып отты - суға, жерді - көкке, күнді - айға;

бар ілімді ой-ботқа ғып,

жоқ ілімді ойлап тауып, әйтеуір, қойыртпақтап келтіреміз ыңғайға.

Көз де, сөз де, көкірек те аллаға емес, адамға құл мұндайда -

сонда иманды қайдан табамыз ?!

 

Бірлік қайда ?

Бар ма, бірлік, ой бақсақ ?

Батыс, шығыс, оңтүстік боп, жеке-жеке аймақ сап;

жақсы менен жайсаңыңды бір-біріне айдап сап;

руыңмен деп у ішкізіп, өзің зәмзәм су ішіп;

шатырдағы орын үшін шайтанмен де туысып,

сосын келіп кісімсіну - қай мақсат ?!

 

Тірлік қайда ?

Шындық - жалған;

тәубе - қалған;

бірлік - арман;

иман - жоқ.

Жапа шеккен ағайынның айтқанына ұйыған боп,

реті келсе солармен

қышқылдатып шарап жұтып, ыстық-ыстық шай ішіп;

саясат деп, мәдениет деп қабырғамыз қайысып,

өп-өтірік отырамыз майысып.

 

Ал жай күні қыңыр сөз бен құр ұйқыдан бас алмай;

жанға пайда әкелмейтін шүкірліктен аса алмай;

біреу қызмет жасардай;

біреу құман тосардай,

кергиміз кеп, сорда өскен қисық ағаш секілді.

Сен бе, жалғыз кекілді ?

Мен бе, жалғыз кекілді ?

 

Екеумізде не айырма ?

Екі қолмен, екі аяққа - жалғыз бас.

Тәнімізді ойын, жанымызды ой сорған.

Өзіміз де білмейміз қайсы - мұрат, қайсы - арман.

Тек қиял бар - құмай шалғызбас,

күдік бар - түлкі алғызбас.

Сосын... сосын өзгермейтін түсінік бар көні қатқан терідей.

Әй, түбі бар ғой,

емексіткен сол қиял құм шекердей ерімей;

елегзіткен сол күдіктен жерімей;

түсініктер күйремей, көні қатқан терідей -

сірә де ел болмаспыз !

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520