Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2878 0 пікір 15 Наурыз, 2011 сағат 03:34

Жанат Асанқали. Өзін-өзі билеген ел бақытты

70 жыл бойы Кеңес одағын басқарған көсемдер, қоластындағы одақтас елдер басшыларын өз халықтарына қарсы қойып, үгіттеп, жаман әлеуметтік стереотиптерді бойларына терең сіңіртті. Соның салдарынан еліміз өз  тәуелсіздігін алған алғашқы жылдардан-ақ  басшыларымыз дара қазақ халқымен ұлттық мемлекет жасау мүмкін емес деп шешті. Билік бірден өз жұртына, қазақ халқының сан ғасырлық мемлекеттігінің бірден бір құқықтық-тарихи мұрагері ретінде қарамады. Кең байтақ жеріміздің қазба -байлықтарын, мұнай мен газды шетел компанияларына тарқатып берді. Олардан түскен қыруар қаражат талан-таражға салынды. Ақырында, Қазақстан Республикасының байырғы халықы өз бабалары жерінде осы күнге дейін, өгейлік тұрғысында өмір сүріп келеді.

Қазақстан жер көлемі жағынан әлем бойынша 9-шы орынды иеленеді. Ғасырлар бойы кең байтақ жерін басқыншылықтар мен шапқыншылықтардан қорғап, аман сақтап қалған мемлекетқұрушы байырғы ұлт қазақтардың, жер үсті мен жер асты байлықтарынан өзіне тиесілі заңды сыбағалары бар. Заңды түрде ретін тауып, Қазақстанның барлық дүниесін, жерін әр қазаққа кезінде өркениетті жолмен тең үлестіріп бергенде, бүгін әр қазақ өзіне тиген мұрасын жүз есе көбейтіп, шылқып байып отырар еді. Азаматтары байыған мемлекет де байып, жаһанның алдыңғы қатарлы дамыған елдері қатарында жүрер еді.

Өзінің меншігіне ие болып, өз бизнесін ыждағатты өркендетіп менеджер болу, әр қазақтың қолынан келмейді емес, келеді. Қолынан іс келмегендері жерін  немесе дүниесін қазақ іскерлеріне жалға беріп қояр еді. Президент  мемлекетте үзбей жиырма жыл басшылық жасап отырған соң, ел өкіметімен жабылып, «қазақ халқына өз елі байлығын тең үлестіріп беру» жұмыстарын бүгін  заңды түрде реттеп қойғанда, елі үшін істеген ерен істері бағаланып, байыған жұртының шексіз алғысы мен қолдауын табар еді.

«Қазынасы бар елдің, қазаны ортаймайды» дегендей, мен айтып отырған әңгіме ол құр қиял емес. Қара алтынды сатудан түскен қаражатты барлық байырғы жұртына тең үлестіріп беретін әлемде араб елдері жоқ емес, бар.

Біз барлық байлығымыздан қағылғанымыз былай тұрсын, әлеуметтік- экономикалық салада мемлекетіміздің жетістіктері де шамалы. Егін және дәстүрлі мал шаруашылығымыз да айтарлықтай мәз емес. Ет өнімдерін және басқа да барлық азық-түлікті шетелден тасып жеп-ішеміз. Тіпті, ине жібімізді қытайдан алдыртамыз.

Дайын өнім шығаратын өндіріс саласы, индустрия мүлдем дамымаған. Себебі, бизнесмен мырзалар елге жанашырлық танытпайды, ұлттық капиаталистер жоқтың қасы. Есесіне, алаш жерінде кәріс, жебірей, өзбектен шыққан миллиардер нувориштер баршылық. Тоқетері, еліміздің байлығын талан-таражға салып, ұрлап жейтіндерге «әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа жоқ. Ұлттық нигилизм қазақтың зиялы қауымының бойын жаулап алғанға ұқсайды.  Асыл дәстүрлерді ұстанатын ұлттық ақсүйектер институттарын қалыптастыру жайында осы күнге дейін ешкім сөз қозғаған емес. Осыған қарағанда елімізде асыл сүйектер тұқымы мүлдем қалмағанға ұқсайды. Қалмаса, жаңа ақсүйектер бой көтеру керек.

Алақандай 15 миллион тұрғыны бар Қазақстан Республикасы азаматтарын ажыратып, «мемлекеттімізде 130 ұлт өкілдері тұрады, олар бір-бірімен тату өмір сүреді» деп жаһанға жар салғанымыз дұрыс емес. Бұл мақтанғанымыз әлем жұрты алдында ерсі көрінеді. Ғаламда бізге қарағанда сансыз халықтар тұратын мемлекттер баршылық. Байқасаңыз, әлемде бізге ұқсап даурыққан бірде-бір ел жоқ. Себебі, олар полиэтникалық саясатпен ойнауға болмайтынын біледі. Қазіргі жағдайда біздің биліктегілер «ертегі бағында» өмір сүріп жатқандарын көреміз. Шындығына келгенде Республикамызда тұратын өзге ұлт өкілдері болашағына алаңдайды. Себебі, өкімет жиырма жыл ішінде оларға қазақ тілін үйретпеді, және жақын арада да үйретер түрлері де жоқ. Қазақтың жиырма жыл бойы орыстың көңіліне қарап орысша сөйлегені болмаса, ешкімнің алдында еш кінәсі жоқ. «Барлық Қазақстан Республика азаматтары мемлекеттік тілде сөйлеңдер»,  деп ендігі жерде біз қатаң талап қоюымызға толық хақымыз бар.

«Ұлттық патриотизмсіз» ұлтты сақтап қалу мүмкін емес. Ал, ұлт болмаған жерде мемлекеттік деген ұғым да жойылады. Сондықтан, әр қазақ баласының  тұла-бойына, ұлттық патриотизмді мықтап қалыптастыруымыз қажет.

Астана қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502