Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 7616 0 пікір 28 Наурыз, 2011 сағат 08:00

Мұхтар Әуезов. Абайдың өнері һәм қызметі (басы)

Абай 1845 жылы дүниеге келіп, 60 жыл өмір сүріп, 1904 жылы дүниеден қайтты. Қазақ Қазақ халқын надандықтың айсыз қараңғы түні ғылым сәулесінен бүркеп, тұншықтырып тұрған кезінде, тұншыққан елге дем болуға, қараңғы жерге нұр болуға надандық-аждаһаны өртеуге тұншыққан елге дем болуға, құдай жіберген хақиқаттың ұшқыны Абай туды. Табиғаттың қыңыр жолы кімді билемеген?!

Өскен орта, көрген үлгі, тоңмойын надандық толқыны ағызып, ақыз көзін шын хақиқатқа ашқызбай,заман тонын кигізіп, 35 жасқа дейін ықтиярсыз айдап келді. Бұл жасқа келгенде жұрттың кір, бұзық мінездері  бар қалпымен көзіне айқын суреттелді. Өкінді, өксіді, жиренді... Осы өкініш, өксіктің уыты бойын кернеп, сөзінде азалы, кекті, улы көп әсер көп із қалдырды.

«Өткен өмір қу соқпақ,

Қыдырады талайды.

Кім алдады, кім таппақ,

Салды соны санайды.

Нені тапсаң оны тап,

Жарамайды керекке.

Өңкей уды жиып ап,

Себеді сорлы жүрекке.

Адасқан күшік секілді,

Ұлып жұртқа қайтқан ой,

Өкінді, жолын бекінді.

Әуре болма оны қой.»

 

Абайдың белсеніп, қолына қалам ұстап надандықтанпен алысуға кіріскенге шейінгі өмірінің сыртқы пішіні осы болды. Енді Абай сөзінің бағасына келейік.

Абай 1845 жылы дүниеге келіп, 60 жыл өмір сүріп, 1904 жылы дүниеден қайтты. Қазақ Қазақ халқын надандықтың айсыз қараңғы түні ғылым сәулесінен бүркеп, тұншықтырып тұрған кезінде, тұншыққан елге дем болуға, қараңғы жерге нұр болуға надандық-аждаһаны өртеуге тұншыққан елге дем болуға, құдай жіберген хақиқаттың ұшқыны Абай туды. Табиғаттың қыңыр жолы кімді билемеген?!

Өскен орта, көрген үлгі, тоңмойын надандық толқыны ағызып, ақыз көзін шын хақиқатқа ашқызбай,заман тонын кигізіп, 35 жасқа дейін ықтиярсыз айдап келді. Бұл жасқа келгенде жұрттың кір, бұзық мінездері  бар қалпымен көзіне айқын суреттелді. Өкінді, өксіді, жиренді... Осы өкініш, өксіктің уыты бойын кернеп, сөзінде азалы, кекті, улы көп әсер көп із қалдырды.

«Өткен өмір қу соқпақ,

Қыдырады талайды.

Кім алдады, кім таппақ,

Салды соны санайды.

Нені тапсаң оны тап,

Жарамайды керекке.

Өңкей уды жиып ап,

Себеді сорлы жүрекке.

Адасқан күшік секілді,

Ұлып жұртқа қайтқан ой,

Өкінді, жолын бекінді.

Әуре болма оны қой.»

 

Абайдың белсеніп, қолына қалам ұстап надандықтанпен алысуға кіріскенге шейінгі өмірінің сыртқы пішіні осы болды. Енді Абай сөзінің бағасына келейік.

Абайдың ең бір артық өзгешелігі заманның ыңғайына жүрмей, өзінің «өздік» бетін мықты ұстап, ақылға, ақтыққа, көңілдің шабытына билетіп, көз тұнжырарлық кемшілік, міннің ортасында тұрып, ортасында жүріп, үлгілі жерден өрнек алып келген кісідей ашық көзбен қарап, барлық мінді мүлтіксіз суреттеуі жырақты жүріп қылт еткенді көретін қырағы қырандай сыншылдығы.

Мұндай сипат Абай бұл жүрген адамдарға ұқсамай, өзгеше зор мақсат үшін дүниеге келгендігіне дәлел.

Абайдың қиялы шалымды, ойы терең, ақыл-білімінің әр тарауынан көкірегінде асыл қазына көп. Сол көп қазынаны барлық ырғағы, нәзік сипатымен қазақтың ұстармаған, ысылмаған жуан тілімен биязы ғып шығаруы әрі ақындығы, «қызыл тілді» шешендігі.

Абайдың ақындық өнері, тар жолды, бірбеткей емес. Әр тараулы, сегіз қырлы. Ол тараулар мынау: мінез түзететіндік (ахлақ), тереңнен толғайтындық (пәлсапа), сыншылдық (критика), суретшілдік (художественность), жүректің мұң-зарын, сырын тапқыштық (лирика), ащы тілділік, ызалықпен күлетіндік (сатира) һәм керемет переводшиктік.

Мұндай әр жақты, сегіз қырлы өнер басқа ақындардан табыла бермейтін Абайға ғана хас сипат.

Абайдың өлеңінің көбі-ақ мінез түзеу жолына арналған. Көп өлеңнің ішінен мысалы үшін мына бір өлеңін алайық.

«Мағлұмға жаның ашып, ішің күйсін,

Харекет қыл пайдасы көпке тисін.

Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған,

Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін.»

Тереңнен толғап, хақиқатты болжап, пәлсапа жолымен де сөйлегендігіне кейінгі сөздері мысал болады.

Кім жүрер тіршілікте көңіл бермей,

Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей.

Міні қайда екенін біле алмассың,

Терең ойдың телміріп соңына ермей.

Әркімді заман сүйремек,

Заманды қай жан билемек?

Заманға жаман күйлемек?

Замана оны илемек.

Және «Алла деген сөз жеңіл» деген сөзі де пәлсапамен сөйлейтіндігін көрсетеді. Абайдың басылмаған қара сөздері көп.

Сол сөздерінің бәрі терең ойға салып толғап жазылған. Ахлақ, адамшылық, дін, халықтың мінезі, неше түрлі хақиқаттар туралы жазылған сөздері Абайда пәлсапа қуаты барлығына үлкен дәлел. Абайдың данышпандық белгісі - өзі шығарған он алты мақалы бар. Мақаланың біреуі: «Әкесінің баласы - адамның дұшпаны,

Адамның баласы - бауырың», - деген.

Заманындағы өнерсіз, қалжыңбас жігіттерді, шен құмар ел адамдарын сынағаны, өлеңге, ән-күйге қойғандығы Абайдың сыншылдығын көрсетеді.

Өзге сипаттарының ішіндегі ақындық сезімінің артық жетіктігі, дүниенің сыры мен жүрегінің жалғасып, ымдасып кететіндігі. Жылдың тқрт мезгілін қазақтың өмірімен үйлестіріп жазғандығы оқып отырғанда сол уақыттарды көзіңбен көріп, денеңмен сезіп отырғандай суретін алдыңа әкеліп елестетеді. «Сөзімде жаз бар шыбынсыз» - дегені өзінің ақындығына көзі жеткендігімен айтқан. Мысалы, Абай көз алдына мынандай дүниенің ағашты су, су бетінде дірілдеген айдың көлеңкесі, ұйықтаған ауыл, үрген ит. Бұл дүниенің бір ұнасымды суреті. Нәзік мінез, ыстық махаббатқа жүректері толып айқасқан екі ғашықтың сүлу халін дүниенің әлгіндей сұлу суретімен құбылыстырып «Желсіз түнде жарық ай» деп жазған өлеңі суретшілігінің зор куәсі.

Ғашықтық жайын, әйел турасында жазғанда Абай аса шеберлеп, қызықтыра сипаттайды. Ондай өлеңдерінде ахлақ жолынан алыстау кететін орындары  болады. Бірақ мұнысы ақындық жолында кешірерлік іс. Ақынның жүрегі не нәрсенің болсын жарастығын, келісімін, сұлудың сұлуын іздейді. Жүрегінің сезімі, көңілінің шабыты билеп, өз бетімен жазып кеткен сөзін былай неге жазбадың ахлаққа хлаф деу жол емес, ол зорлық.  Оның суретшіл көңіліне, жүрек қиялына басқаның мөлшері өлшеу емес.

Абайдың бірсыпыра өлеңдері жүрегінің сырын, шерін толқытып, қанымен, мұң-зармен шығады. Мысалы, «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?..», «Ішім өлген, сыртым сау...», «Жүрегім менің қырық жамау...» деген өлеңдері.

Шаншып алма ащы тіл, ызалы күлкі, кекесін де Абайдан табылады. Ұнатпаған қылықтарды көріп, кекеп, жерлеп, мысқыл қылатын жерлері де көп. «Болыс болдым мінеки» деген өлеңі жаман болысты сықақ қылған ылғи кекесін. Мінді кекеп айтқанына кей жерлерде үстірт қараған кісі түсінбей қалуға да болады. Мысалы, парақор болыс туралы кекеп айтқаны мынау:

Кісімсі қайда болса олжаға тоқ,

Шұқыма халық көзінше қарғаша боқ!

Жұрт - бала, ешнәрсесін тартып алма

Білдіртпей ептеп алсаң залалы жоқ.

Жатты жау деп еліңді үрпитіп ап,

Жауға жабдық деп жиып, пайда қыл тез!

Көп өнерінің бірі -  Абай керемет переводшы болған. Переводқа шеберлігі мынадан білінеді: кейбір орыс өлеңдерін қазақ тіліне аударғандары өзінің тән өлеңінен артық деуге болады.

Мұхтар Әуезов шығармаларының елу томдық толық жинағы, 1-том, мақалалар, пьесалар, 1917-1920, Алматы «Ғылым» 1997 жыл

Жалғасы бар

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300