Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4559 0 пікір 27 Сәуір, 2011 сағат 12:01

Айгүл Омарова. «Жаңа ефрейторға» еш қатысым жоқ

- Айгүл, сіз «Жас Алаштағы»  Жанболат Мамайдың мақаласын оқыдыңыз ба? Ол бүркеншек атпен сайтта жарияланған мақаланың авторы  сіз деп отыр ғой?

- Иә, мен «Жас Алаштан» Жанболат Мамайдың мақаласын оқып таң қалдым, әрі соның арқасында СПИК.кз сайтында «Жаңа ефрейтор?» деген мақаланың шыққанын білдім. Бірақ Жанболаттың СПИК.кз «Известия» газетінің веб-сайтынан көшіріп басқан (аталған сайтта сілтеме солай көрсетіліп тұр) комментарийден «бүркеншек» автор іздеп бүлінгенін түсіне алмадым. Әйткенменде,  ол  қалыптасқан әдеп бойынша  менен кешірім сұрап «Жас Алашта» жарық көрген мақаласын теріске шығаруға тиіс. «Жаңа ефрейторға» менің еш қатысым жоқ, қатысымның жоқтығын менің жазу стильммен, элктронды поштамды тексеру арқыла да оп-оңай дәлелдеуге болады.

Мамай айтқан жайт, Мамай жазғандай емес. Мамай мырза мастер-класста не болғанын «ұмытып» қалса керек. Рас, біздің ортамызда қазақ тілі туралы әңгіме қозғалды. Орыс қызы сонда орнынан тұрып техникалық білім беретін ЖОО-да оқитынын, қазақ тілі өзіне ертең іс барысында, тек іс барысында ғана емес, күнделікті өмірде аса қажет екендігін, ал қазақ тілін үйренуге талабы  болғанымен қаражатының жетпейтіндігін айтты.

Қазақ тілін үйрену курсына айына 5 мың төлеу керек екен. Алыстан келген, жатақханада тұратын қыз үшін 5 мың теңге біраз ақша. Мен Мамайдан қызды «Рух пен тіл» клубында оқытсақ қалай болады деп сұрадым. Мамай клубтың ол үшін құрылмағанын айтып менің өтінішімнен бас тартты. Сол кезде мастер-классқа қатысып отырған  студденттер  клуб неге қазақ тілін үйренемін деп талаптанған жастарға жәрдемдеспейді деген сыңайда сұрақтарды төпеп берді. Сондағы Мамай әлі есімде. Ол төңірегіне ызалана қарады. Еуразия университетінің студенті Жанболат Мамай тарихи деректерді қаншалықты біледі екен деп сұрағанда тіпті ызадан жарылардай болды. Сөйтсек ол дым білмейтін болып шықты.    Оқыған шығарсыздар, шындықты ғана жазғыш Мамай «Жас Алаштың» бетінде бұның бірінде айтпастан жалтарып кетті. Мамай сірә, әлгі аталған жиынға қатысқан жастардың осы күні  бар-жоғын да  жадынан шығарып алған сияқты. Олар менің көргенімді айна қатесіз қай уақытта болса да айтып бере алады.

- Газетке қарсы мақала жазу ойыңызда жоқ па?

- Иә, мен қазір газеттің адресі мен Мамайдың мақаласына қатысты сотқа дейінгі шағым дайындап жатырмын.

- Жанболат Мамай деген жігітті жақсы танисыз ба?

- Жанболат Мамай деген жігітті мен 2008 жылдың қаңтар айында алғаш рет көргенім бар (Жанболаттың жалған айтпаған жалғыз сөзі осы ғана). Мені де, мастер-классқа келген   өзгелерді де оның аяқаптай көкірегі мен құрдастарына қарап құжырайып сөйлеген сөзінің мәнері қайран қалдырды. Мастер-класта Қазақстанның Жоғарғы оқу орындарынан келген студенттер болды. Олардың дені Мамаймен түйдей жасты, кейбірі одан бірер жас үлкен болса керек. Сонда да ол паңдана сөйлеп тұрды. Бірақ, Еуразия универистетінің студенті сұрақ қойған кезде Мамайдың  кертиген кісілігенен түк те қалмады; ол өз бойына өлшеп тігілмеген  күпінің ішінде күпінген біреу екен.

Мамаймен мастер-кластан кейін еш қарым-қатынасым  болған емес.

- Қалай ойласыз, қазақ ұлтшыл халық па? Қазақ ұлтшылдығы қауіпті ме?

- Тілеуі теріс біреулер айтып жүргендей қазақ ұлтшылдығын өз басым көрген емеспін. Қазақ деген- қоңыржай, меймандос халық қой. Орыстың кеңқолтық адамы да біздер сияқты. Сведрловскде, қазіргі Екатеринбургте оқыған мен орыс халқы туралы ептеп білсем керек.

Қазақ ұлтшылдығы қауіпті ме деп сұрайсыздар? Ендеше, сіздерге сұрақ:  қазақ ұлтшыл болып кімге құқай көрсетіпті осы күнге дейін?

Қазақ тілі өркендеп кемелденген тіл. Осындай ғажайып  тілді Мамай сияқтылардың меншіктеп, қарауыл болуын өз басым еш қаламаймын.

- Сіз космополитсіз бе?

- Космополит деген ол қандай адам? Мамай түсіндіріп берсінші маған космополиттің кім екенін.

«Абай-ақпарат»

Айдос Сарым.  «Жас Алаштың» сөзі - Құранның сөзі емес

- Айдос, соңғы кездегі «Жас Алаш» газетінде өзіңізге қарсы жазылып жүрген мақалалардың себебі не деп ойлайсыз?

- Өз басым бұл мақалалардың қалай, кімнің айтағымен жазылып жатқанын жақсы білемін, астарын да қапысыз түсінемін. Алайда, оған басымды қатырғым келіп отырған жоқ. Шынымды айтсам, соңғы кездері «Жас Алаштың» әдеби беттерінен басқасын оқығым да келмейді.

- Неге?

- «Жас Алаш» кезінде өзім қызмет істеген,  қазақ баспасөзіндегі қадырлы қарашаңырақтың бірі еді. Өкінішке орай, бүгінгі күні бұл газет ұстанған бағыты ұсынықсыз, қасаң ойлар мен   қатып қалған  пікірлердің қалыбынан  шыға алмай отыр. Саяси мақалалардың бірінші сөйлемін оқи сала оның немен аяқталатынын алдын-ала білуге болады. Бұл газеттің таусылғанының белгісі. Айтары түгесілсе де  аптыға беретін газет белгілі бір топтың үгіт-насихаттық қолшоқпарына айналады.   Ал, ұлттың арман-мұраты, мұң-мұқтажы сол топтың ойлап-топшылағанындай ғана емес қой. Қоғамда өзге де сан-алуан көзқарас бар. Бұл тек қана менің емес, газетте қызмет істеген бірнеше буын өкілдерінің пікірі.

- Дейтұрғанмен газет басындағылар өздерін «ұлттың сөзін сөйлеп, күресіп жүрген басылымбыз» деуден шаршамайды ғой?

- Бүгін «мен ұлтқа қарсы жұмыс істеп жүрмін» деп ашық айтуға кімнің дәті шыдай алады? Ұлтқа қызмет ету - тек «Жас Алаштың» айтқанымен ғана жүріп тұру дегенді білдермесе керек. «СҚ»-дан, кешегі «Социалистік Қазақстаннан» сықиып шыққан Рысбектің «Жас Алашты» жандыра алмағанын көріп, біліп жүрміз бүгін.     Есіңізде болсын, авторитарлық билікпен авторитарлы жолмен күресу - көссіздік. Күрес қарғыс айтып, қара аспанды жамылумен бітпейді. Бұл тіпті күрес те емес.  Демократ болсаң - демокртиялық құндылықтарды өз бойыңнан таба біл. Бәрін өзіңнен баста. Қысқасы менің айтарым бір: «Жас Алаштың» сөзі  - Құранның сөзі емес, Рысбек Сәрсенбай пайғамбар да, оның үмбеті де емес. Сол ағамыз жұртқа сөз айтпас бұрын кеудесін «кемірген» жегі құрт сияқты  рушылдық, жершілдік  ауруларынан айықсын. Сосын көрерміз.

- Мақалалардың авторы Жанболат Мамайға хабарластыңыз ба?

- Мен оған бірнеше рет телефонмен хабарласып ала алмадым. Қолымен жазған дүниесіне жауап  бере алмайтын жігіт екен. Ол жігітке айтарым: басқаға ақыл айтпас бұрын өзінің жазған-сызғандарына, істеген шаруаларына мұқият назар аударсын. Оның «ерліктерін» тізбелемей-ақ қоялық.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562