Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
3100 0 пікір 2 Қараша, 2018 сағат 11:30

Әлемдік медицина мамандары Қазақстандағы кардиохирургияның өзекті мәселелерін талқылады

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» – деген еді. Осыған орай елімізде әр салада білім алып жүрген жастарға жан-жақты мүмкіндіктер қарастырылған. Оның ішінде аса жауапты мамандық саналатын болашақ дәрігерлер де бар. Солардың бірі Семей Мемлекеттік медицина университетінің студенттері.  

Бүгін осы университетте «Медициналық білімді, ғылымды және практиканы модернизациялаудағы заманауи инновациялық әдістер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің 65 жылдығы аясында ұйымдастырылған. Оның ашылу салтанатына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат Төкежанов және ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қатысты. Ал ғұламалар жиынының жұмысына АҚШ-ғы жетекші хирургтардың бірі, травматолог-ортопед Жолдас Құлжанов, әйгілі итальяндық профессор Лука Брузати, Жапониядағы Кочи университетінің профессоры Кен Иноэ, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова, Назарбаев университеті, медицина кафедрасының профессоры Сандро Венто, сондай-ақ Цюрих қаласындағы университет ауруханасының профессоры Филип Герч атсалыспақ.

-65 жылдың ішінде Семей Мемлекеттік медицина университеті, 26 мыңнан астам мамандарды даярлап шығарды. Басым бөлігі Қазақстан мен алыс-жақын шет мемлекеттерде абыройлы қызмет етіп келеді. Олардың арасында 7 жоғарғы оқу орнының  ректоры, 26 денсаулық сақтау саласының жетекшілері, 85 Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері, 284 бас дәрігер және 383 доценттер мен профессорлар бар. Университет түлектеріне сұраныс жоғары. Бүгінде олар Жапония, Израиль, АҚШ, Пәкістан, Үндістан, Палестина, Сирия және тағы да бірқатар елдерде табысты еңбек етуде. Осы аралықта 249 ғылым кандидаттары, 65 ғылым докторлары, 69 PhD докторлары әрі 213 магистрлар дайындалды, – деген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат Төкежанов, білікті кадрларды дайындауда университеттің қауқары жоғары екенін тілге тиек етіп, сала министрінің құттықтау хатын жолдады.

Алқалы басқосуда әр алуан сұрақтар қаузалануда. Мәселен, шұғыл медицина дамуының замануи бағыттары, клиникалық медицинаның өзекті сұрақтары, ядролық медицина және онкология, хирургияның, травматологияның және Қазақстандағы кардиохирургияның өзекті сұрақтары, сол секілді медициналық білім берудегі инновациялық технологиялар сынды бірнеше секция бойынша ғалымдар ойларын ортаға салып жатыр. Бұдан басқа, дүние жүзінің тіс қаққан майталмандары шеберлік сағаттарын өткізіп, тән саулығын емдеудегі озық әдістерімен бөлісетін болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2018