Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4188 4 пікір 4 Мамыр, 2011 сағат 07:26

Дағдарыстан кейінгі жаңа кезеңдегі ортақ қағидаттарды барлық елдердің күш-жігерімен қалыптастыруымыз керек-Н. Назарбаев

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше, 3 мамырда  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа онжылдық: қауіп-қатерлер мен перспективалар» атты тақырыпқа арналған IV Астаналық экономикалық форумның жұмысына қатысып сөз сөйледі.

- Қадірлі қонақтар! Құрметті форумға қатысушылар! Ең әуелі құрметті меймандарға, осы форумға қатысушыларға қонақжай Қазақстан жеріне басқан қадамдарыңыз құтты болсын деп айтқым келеді!, - деп бастады сөзін Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Еуразия жүрегіндегі Елордамызда Астаналық экономикалық форумы осымен төртінші жыл өтіп отырғандығын жеткізіп, халықаралық іргелі шараға қатысушылар қатары жыл сайын өсіп келе жатқандығын, осыдан форумға үлкен қызығушылық бар екені бәрімізге байқалып отырғандығын атап көрсетті.

- Бүгінде әлемдік қоғамдастық жаңа онжылдыққа қадам басты.

Қазіргі үрдістер дүние дамуының жаңа қарсаңында тұрғанын білдіреді.

Сондықтан дағдарыстан кейінгі кезеңде «жаңа қағидаттар қандай болады, қандай жаңа тәртіп орнайды» деген сауал баршаны толғандырады.

Мен мұндай ортақ қағидаттарды барлық елдердің күш-жігерімен қалыптастыруымыз керек деп санаймын.

Сонда ғана әлемдік құрылымның жаңа жүйесі баршаның және әрқайсымыздың мүддемізге сай болады.

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше, 3 мамырда  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа онжылдық: қауіп-қатерлер мен перспективалар» атты тақырыпқа арналған IV Астаналық экономикалық форумның жұмысына қатысып сөз сөйледі.

- Қадірлі қонақтар! Құрметті форумға қатысушылар! Ең әуелі құрметті меймандарға, осы форумға қатысушыларға қонақжай Қазақстан жеріне басқан қадамдарыңыз құтты болсын деп айтқым келеді!, - деп бастады сөзін Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Еуразия жүрегіндегі Елордамызда Астаналық экономикалық форумы осымен төртінші жыл өтіп отырғандығын жеткізіп, халықаралық іргелі шараға қатысушылар қатары жыл сайын өсіп келе жатқандығын, осыдан форумға үлкен қызығушылық бар екені бәрімізге байқалып отырғандығын атап көрсетті.

- Бүгінде әлемдік қоғамдастық жаңа онжылдыққа қадам басты.

Қазіргі үрдістер дүние дамуының жаңа қарсаңында тұрғанын білдіреді.

Сондықтан дағдарыстан кейінгі кезеңде «жаңа қағидаттар қандай болады, қандай жаңа тәртіп орнайды» деген сауал баршаны толғандырады.

Мен мұндай ортақ қағидаттарды барлық елдердің күш-жігерімен қалыптастыруымыз керек деп санаймын.

Сонда ғана әлемдік құрылымның жаңа жүйесі баршаның және әрқайсымыздың мүддемізге сай болады.

Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруде белсенді рөл атқаруға ұмтылып келеді. Оны бәріңіз білесіздер.

Бұл орайда біздің тәжірибеміздің мол екенін өздеріңіз жақсы білесіздер.

Қазақстанның осы рөлін айқындауға өткен жылғы ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалығы және саммиттің өтуі дәлел бола алады деп санаймын, - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан - қазіргі күні әлем­дегі қарқынды дамып келе жат­қан мемлекеттердің бірі екендігіне тоқталып, еліміз бір­қатар дағдарыстарды сәтті еңсере білгендігін атап көрсетті. «Соның ең үлкені Кеңес Ода­ғының тарауы болды. Бұл отан­дық экономиканы толық тұқыр­тып кетті. Мұнан кейін Оңтүстік-Шығыс дағдарысы, ең соңында әлем елдеріне әлі күнге дейін ауыр салмағын сездіріп отырған әлемдік дағдарыс. Осының бар­лығын Қазақстан ойдағыдай ең­серу үстінде. Менің ойымша, біз 7 пайыздық деңгейдегі, жоғары қарқынды тұрақты экономикалық өсу траекториясына шықтық», - деді Президент.

Н. Назарбаев Тәуелсіздіктің 20 жылдығы ішінде халқымыз мемлекетімізді құрып қана қоймай, 12 жыл­дың ішінде жаңа астананың са­лынып үлгергендігін, мұның өзі Қазақстан дамуының көрнекті көр­сеткіші әрі болашағының бе­рікті­гі­нің белгісі екендігін атап көр­сетті.

Мемлекет басшысы былтырдан бастап, Қазақ елінің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі - 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыруға кіріскендігін айтты. Ал ол бойынша алдағы онжылдықтағы басты міндет - ел экономикасы жаңа деңгейге көшіру болмақ.

- Біз 2016 жылға қарай ішкі жал­пы өнімнің жан басына шақ­қан­дағы көлемін 15 мың дол­лар­ға жеткізе отырып, жоғарғы кіріс деңгейіндегі елдер тобына қо­сыл­у­ды мақсат етіп отырмыз. Егер 1994 жылы жан басына шақ­қан­дағы ІЖӨ көлемі 700 дол­лар­ды құраса, үстіміздегі жылы 10 мың долларға дейін жетіп, са­нау­лы жыл­дардың ішінде ел эконо­ми­касы 13 есе өсті. Бұл мақсатқа же­тудің негізгі құралы елдің үде­ме­лі индустриялық-инновация­лық даму бағдарламасы болып та­былады. Ол біздің экономи­ка­мыз­ды болашақ дағдарыстардан қауіпсіздендіруі тиіс, - деді Президент.

Н. Назарбаевтың пайымдауынша, алайда жаһанданған әлем­де­гі бір елде болған оқиғалар бас­қа елдердің дамуына да ықпал етпей тұрмайды. Біз бір-біріміздің жағ­дайымызға тәуелдіміз. Бүгінгі фо­рум - осындай халықаралық дең­гейдегі үлкен мәселелердің шешімін іздестіретін танымал үн­қа­ты­су алаңдарының бірі. Осыған орай, Қазақстан Көшбасшысы қа­зіргі дағдарыстардың сабағынан туындайтын алдағы жаңа онжыл­дық­тың перспективалы мәселеле­рі туралы өз көзқарасын жеткізді.

Соңғы кездері кері әсерлерді еңсерудің белгілері пайда бола бастағанына қарамастан, соңғы 70 жылдағы экономикалық ката­клизм­­нің ең ірісі болып табы­латын дағ­дарыстың терең проблемаларын шешу мәселесі әлі айқындалған жоқ. Қазіргі дағдарыс әлемге берген сабақтарды объективті және жан-жақты талдау қажет. Оның басты сабағы - экономикалық саясатта теңгерімсіздіктерге жол бермеу. Осы ретте ауыр болса да ба­қылаусыз бетімен кеткен қар­жы рыноктарын төтенше қысым­да ұстаудың маңызы мен пайдасы зор. Реттелмеген қаржы секто­рына үйлестірілген ашық капитал - бұл баяу жарылатын бомбамен тең. Ол бүкіл әлем бойынша бір рет жарылды, әлі де талай жарылуы мүмкін.

Дағдарыстың екінші сабағы әсіресе, дамушы елдер үшін ин­дустриялық және инновациялық саясаттың маңызының артуы болды. Әлемнің көптеген елдері жаһандық бәсекелестікке инновациялар, жаңа технологиялар мен өзіндік корпоративтік чемпион­да­рын қалыптастыру арқылы қо­сылуға әрекет етуде. Дегенмен, қазіргі таңдағы қаржы секторы мен нақты экономиканың ара­сын­дағы айырмашылықтар бар­ған сайын көзге түсіп, іргелі си­патқа ие болды. Жуықта «Форбс» журналы «Глобал-2000» кезекті рейтингін жариялады. Мұнда әлемнің 2000 ірі трансұлттық компаниясының жиынтық түсімі 30 триллион доллар, таза пай­дасы - 1,5 триллион дол­ларға жуық, активтері 125 трил­лион доллар болғандығы көрсетілген. Оларды шартты түрде «индус­триялық» және «қаржылық» деп екі топқа жатқызуға болады. Ка­питалдың нақты секторындағы 1700-ге жуық қатысушылар са­нының қаржы капиталына қара­ған­да екі есе артық болған­ды­ғына қарамастан, олардың әлем­дік да­му­дағы рөлі салыстыруға келмейтін дең­гейдегідей төмен болып қалып отырғандығы алаң тудырмай қой­майды. Осылардың арасында тиімді теңгерімділік қам­тамасыз етілген жағдайда ғана жаһандық дағдарысты аяқ­тауға болар еді.

«Енді қане, ойласайық!» деген Н.Назарбаев ортаға экономика мен қаржы саласының ғалымдарына біраз бас қатыруды, тіпті ұзақ «мүжуді» талап ететін көкейтесті сауал «кесегін» тастады: «Екі топтың осындай арақатысы теңгерімді ме? Олардың әрқайсысының әлемдік аренадағы іс-қимылдарының ұйымдастырылушылық рәсімделу және үйлестірілу деңгейі мен дәрежесі қандай?»
- Әлемдік капиталдың осынау екі табиғи байланысты бөлшектері арасында ұтымды теңгерім қамтамасыз етілгенде ғана жаһандық дағдарыс шындап аяқталатын болады! - деді Елбасы.

Елбасының пікірінше, дағдарыстың үшінші сабағы жеткілікті дәрежедегі әлеуметтік саясаттың қажет екендігіне тү­сі­нік­тің артқандығымен ерекшеленіп отыр. Соңғы кездері оның рөлі негізсіз төмендетілген бо­ла­тын. Араб елдерінде, соның ішінде дамыған бірқатар елдердегі бел­гілі оқиғалар халықтың әлеу­меттік жағдайын тұрақты назарда ұстаудың өткірлігін көрсетіп берді. Өкінішке қарай, нарықтық күш­тер жұмыспен және азық-түлікпен, әлеуметтік қорғаумен және тұрақтылықпен қамтамасыз етудің сайма-сай міндеттерін барлық жерде бірдей шеше алған жоқ. Осының салдарынан дамы­ған және дамушы экономика­лар­дың арасында айырмашылық ұл­ғайып, сауда даулары, валюталық кикілжіңдер, мемлекеттік қарыз­дар көбейіп, жұмыссыздар мен аз қамтылған халық саны өсті. Әлем­де бірінші рет бүтіндей мем­лекеттердің банкроттық жағ­дайға тап болуы пайда болды.

- Дағдарыстың орын алған салдарын мойындай отырып және одан сабақ алып, біз  XXI ғасырдың екінші онжылдығында әлемдік экономикадағы қауіп-қатерлер мен перспективалық міндеттерді қарастыруға кірісуімііз қажет, - деп атап өтті Президент.

Елбасы осындай жағдайларға тоқтала келе, әлемдік экономи­каның алдында оның қаржылық, индустриялық-инновациялық және ресурстық-азық-түліктік секілді үш негізгі секторында жа­һан­дық сынақтар тұрғандығын атап көрсетті. Әлемдік қаржы сек­торының дағдарысты жағдайы әлемдік қаржы жүйесінің ақау­лығында және оның негізгі құ­рам­дас бөлігі әлемдік резервтік валютада тұрғандығын, қазіргі қолданыстағы валюталық-қаржы­лық жүйе заңдылық пен демо­кратиялық қағидаттарға жауап бере алмайтындығын, макроэко­но­микалық қағидаттарды бұрма­лап, пайда болған жаһандық проб­лемаларды шешуге кедергі келтіретіндігін жеткізді. Бұл ахуалды жою үшін осы уақытқа дейін қолға алынбаған түбегейлі шаралар қа­рас­тырылуы қажет.

Елбасының паймыдауынша, осы жағдайға байланысты әлем­нің бірқатар елдері баламалы валютаны қарас­ты­руға мәжбүр болуда. Ақыр аяғын­да әлемнің бар­лық экономикалары ұлтүстілік есеп-төлем бірлігін құру және енгізу, ал мұнан кейін жаңа қағидатты жаһандық ва­лютаны құ­руға келетін болады.

«Мен бұл жайында бұдан бір жыл бұрын болған Астаналық экономикалық форумда осы мінбеден айтқан болатынмын. Индустралдық-инновациялық қауіп-қатерлер әділ сауданы және экономиканың өнеркәсіптік дамуын теңестіру қажеттігінен туындайды. Азық-түлік-ресурстық қауіп-қатерлер әлемдік энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен түсіндіріледі», - деді Президент.

Президенттің сөзінше, ал қазіргі жағдайда әлемде экономикалық қатынастарда да­мы­ған және дамушы елдер ара­сында экономикалық теңсіздік қа­лып­та­сып отыр. Оның өзі үл­кен проб­ле­ма­ларды көлденең тартуда. Бүкіл­әлем­дік банктің мәліметтері бой­ынша үстіміздегі жылдың басынан бері азық-түлік бағасы 36 пайызға көтерілген.

Осының салдарынан кірісі төмен және азық-түлігі тапшы елдер азық-түлік импортын қаржы­лан­ды­ру проблемасына тап болды. Өткен жылдың маусым айынан бері кедейлік шегінен төмен адам­дардың саны 44 миллионға дейін өсті. Азық-түлік бағасының көте­рілуі жағдайында бұл сан­ның одан әрі арта беретіндігі анық.

Елбасының пікірінше, азық-түлік дағдарысың салдары бүкіл әлемдегі әлеуметтік және саяси жағдайдың ушығуынан көрініс беріп отыр. Мұндай жағдайда өңірлік және жаһандық деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін қолдау қажет. Бұл ретте елдер арасындағы үйлестіру мен келісілген және өркениетті іс-қимылдар аса маңызды болып табылады.

«Қазақстан жоғары сапалы азықтық астықты дәстүрлі экспорттаушы болып табылады. Сонымен қатар бірегей табиғи жағдайы  мүйізді ірі қараның экологиялық таза етін экспорттауға бағытталған бағдарламаны әзірлеуге және оны 2020 жылға қарай 180 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл өте салмақты әрі өршіл бағдарлама. Менің ойымша, оны жүзеге асыру үшін бізде барлық алғышарт бар. Біз шетелдік инвесторларды көрші елдердегі сенімді тұтыну нарық және жақсы бизнес-ахуал түріндегі  мығым негізі бар жобаларға қатысуға шақырамыз», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының пікірінше,  қазіргі таңда бірде-бір ел «қазір дами бер, ал экологиямен содан кейін айналысамыз» формуласы бойынша өмір сүре алмайды. Адамзатқа ғаламшардың энерго-экологиялық жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүзеге асырылатын сценарийі өте-мөте қажет. Ол қазірде, болашақта да бар барлық елдерге тиімді болуы керек. Мол табиғи ресурстарға ие ел ретінде Қазақстан әлемдік энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өз жауапкершілігін түсінеді. Энергия үнемдеуші технологияларды, «жасыл экономика» тетіктерін енгізу - бұл таяу онжылдықтағы еліміздің индустриялық саясатының басты құрамдауыштарының бірі болып табылады. Сондықтан да жаһандық жылыну проблемаларын шешуге қатысу үшін Қазақстан энергетиканы технологиялық жаңғыртуды жылдамдататын және энергия үнемдеуді дамытатын болады.

Н. Назарбаев 2007 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессия­сын­да өзінің қазіргі қалыптасып отырған жалпыадамзаттық проб­лема­ларға сәйкес «Жаһандық энер­гоэкологиялық стратегияны» әзірлеу идеясын ұсынғандығын жеткізді. Оны талқылау Бразилия­да 2012 жылы өтетін БҰҰ-ның «РИО+20» тұрақты даму кон­ференциясына ұсынылып отыр. Осы орайда Президент бұл осы форум аясында талқыланатынына және қолдау табатындығына үміт артты.

Елбасының пікірінше, қазіргі күні мемлекеттердің бірігіп күш-жігер жұмсауы жағ­дайында ғана проблемаларды шешуге болады. Осыған орай Президент жалпы әлемдік саясат мы­нандай мәселелерге назар ауда­руы орынды екендігін айтты.

Біріншіден, макроэкономика­лық басқарудың үйлестірілген жүйесін жасақтау қажет. Екіншіден, шикізаттан қаржы секто­ры­на дейінгі рыноктарды жаһандық тұрғыдан реттеу. Үшіншіден, тиімді валюта-қаржы жүйесін негізге алу. Бірінші бағыт үшін үлкен жиырмалықтың қаржы министрлері ұлттық экономикалар жағ­дайын бағалаудың әмбебап инди­каторларының тізімін айқындауы қажет. Қазіргі күні әлемдік ры­нок­тарды реттеу жүйесін құру ту­ралы көп айтылуда. Бірақ үй­лес­тірілген шешім әлі әзірленген жоқ.

Биржалық тауарлардағы, әсі­ре­се, энергоресурстар мен шикізат жөніндегі, сондай-ақ азық-түлік тауарлары рыногындағы ба­ға­ларды қажетінше басқарудың халықаралық үйлестірілімін қам­тамасыз етудің маңызы зор. Қар­жы рыноктарын жаһандық бас­қару бөлігінде шығарылатын ба­ға­лы қағаздар рыногына екпін түсірген орынды болар еді. Соң­ғы дағдарыс алдында деривативтер рыногының айналымы бүкіл планетаның жиынтық ІЖӨ-сінен 8 есе асып түскені белгілі. Ең ақырында жаңа әлемдік резервтік валютаны құру мөлдір және бар­шаға түсінікті жаһандық валюта­лық-қаржылық жүйені қалыптас­тыру мүмкіндігін берген болар еді. Мұндай жағдайда елдердің ре­зервтері неғұрлым тұрақты бо­лып, болашақ экономикалық перс­пекти­валарды нығайтатындығы анық. Елбасы осындай ұсыныста­рын білдіре келе, Мемлекет басшысы халықаралық үйлестіруді күшейту үшін барлық елдің жаһандық реттеу туралы Пактіге қосылу қажеттігін атап өтті. Бүгінгі қауіп-қатерлерді шешу жолдарын талқылаудағы жоғарыда айтылған көзқарастар аталған құжатта көрініс табуы керек. Бұл Пакті халықаралық экономикалық саясаттың негізгі элементтерін келісу үшін нақты құрал бола алады.

- Мен біздің форумның халықаралық валюта-қаржы жүйесін тұрақтандыруға оң ықпал ететініне кәміл сенемін.

Атап айтқанда, дүниежүзілік жаңа валютаға өтуі бойынша Жол картасын әзірлеуге болады.

Әрине, бұл бір күнде немесе бір форумда шешімін табатын қадам емес екенін бәріміз білеміз.

Сондықтан бұл істі осы форумда бастап, тұрақты жұмыс істейтін форумның виртуальдық сайты арқылы жалғастырып, келесі жылы өтетін бесінші форумда қабылдау мумкіншілігіне қол жеткізуге болады деп сенемін.

Баршаңыз білесіздер, Астаналық экономикалық форумының маңызы жылдан-жылға арта түсуде.

Сондықтан келесі жылдан бастап ол тұрақты түрде мамыр айында өткізілетін болады.

Баршаңызды келесі жылдың 23-24 мамырында өтетін Бесінші Астаналық экономикалық форумның жұмысына қатысуға шақырамын.

Сөз соңында табысты жұмыс тілеймін-, деді Н. Назарбаев.

 

 

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343