Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2086 0 пікір 14 Мамыр, 2011 сағат 16:58

Серік Сағынтай. Қала иттеріне де пәтерақы төлету керек

Әр жыл басталған сайын Қара­ған­дыда, тек Қарағанды ғана емес, қалалы жердің бәрінде тұрғындарға коммуналдық қызмет ұсынатын мекемелер ел тұтынар суға, жылуға, қала­ның көпқабатты үйінде, ауласында ұсынылатын өзге де қызметтерге төленетін ақы тарифтерін өсірмекке талпынады. Коммуналдық қызмет мекемелері, пәтер иелерінің коопера­тивтері әр отбасының тұрғын үйін­дегі шаршы метрді санамалап, аула­дағы тазалық пен тәртіп үшін адам басына тиесілі төлемақының әлі де ар­зандығын тілге тиек етіп келеді. Ке­йінгі кездері арнайы санақ алып, ең­бектеген баладан, еңкейген кәрі­ге дейін тізімге іліккен. Қала пәтер­ле­ріндегі пайдалы шаршы метрді тұты­натын «тұрғындардың» ішінде ілік­пей қалғаны - иттер мен мысықтар ғана.

Көпқабатты үйдің толыққанды тұрғыны сана­латын ит-мысықтар үшін неге пәтерақы есептелмейді?! Өмірге келген бетінде тізімге алынатын сәбиге бөлініп, есептеліп келетін коммуналдық қызмет төлемақысы әрқайсымызбен көршілес тұра­тын та­йыншадай төбеттер мен аптасына алты рет жуынбаса, көңілі көншімейтін марғау мысықтар үшін неге есептелмейді?!

Шынтуайтында, коммуналдық игіліктерді қа­ла­лық қаймана тұрғынмен бірге бөлісетін «төрт аяқты туыстарымызға» тұтынатын су мен ауа тегін! Бір итті жуындыруға жұмсалатын ыстық-суық су мөлшері кішкене сәбиді шомылдыруға кететін судан әлдеқайда көп болатынын есептеп шығару өте оңай. Мәселен, бір төбеттің салмағы 20 келі басады делік. Терісін қылшық басқан итпен салыстырғанда, баланың салмағы бес есе аз ғой. Итке, тіпті, қолдың басындай қанденге бір жуындырғанда, кемі 1 текше метр су жұмсалатыны анық. Ал балаға... бір леген ыстық су ғана. Оның сыртында, бала үшін пәтерақы есептелінген. Ал итке есептелінбейді!

Алыс-жақын шетелдерде, Еуропада ит асырау­шылар арнайы салық төлеп, ветеринарлық дәрі­гер­ге, полицияға тіркеліп, ит қыдыртатын арнайы орын­дарға жазылады екен. Ал бізде 2004 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі бүкіл ит-мы­сықты санаққа алып, құжаттамасын түзету туралы қаулы қабылдаған болатын. Бірақ аталмыш қаулы түрлі себептермен орындалмай қалды. Ешбір мемлекеттік мекеме «төрт аяқты туыстарды» санап шығуға талпыныс жасамаған. Соның салдарынан ит қапқан, құтырған ит талаған, соның салдарынан адам өміріне залал, денсаулығына зақым келген жағдайларда ғана иттерді тізімдеу еске түседі.

Бір қызығы, Ауыл шаруа­­­шылығы министрлігі жүр­гіз­ген науқандық ша­ра­ның бірі - ауылдағы мал-мүлікке қатысты санақ тиіс­ті тәртібімен жүргі­зілді. Қа­­тынас пен жер шалғай­лы­ғына қарамастан, алыс ауыл­дардағы мал басын түгендеу, құжаттау рәсімі өз деңгейінде өткізілді. Ал ауылға қарағанда тәртіп-тек­серісі, қарым-қатынас құ­рал­дары дамып кеткен қала­дағы ит санағы неге жүр­гізіл­мей қалды?! Осы тектес сұрақтарға жауап іздесек, түрлі астарлы әңгі­ме­лерді, ұлтаралық деңгейдегі түсініктер тексеріске түсетін жайттардың беті ашылатын тәрізді.

Ресми атқарушы органдар жеті қазынаның бірін түгендемей отырғанына қа­рамастан, қалалы жер­дің бәрінде дерлік ит асыраушылардың арнайы клуб­тары, тіпті интернет сайттары да бар! Клубтар мен сайттарда төбеттер төбелесі, қанденнің ата-тегін түген­деуге қатысты аламан бәйге, жалаулы жарыс­тар тұрақты өткізіліп тұрады. Сайттардағы блогтар мен кон­фе­рен­цияларда иттердің сұлулық байқауы, денсау­лығын тексерту үшін апаруға тиіс­ті маман-дәрі­гер­лер­дің мекенжайлары, оларға арнал­ған өлең­­дер (!), ит асыраудың қызық-шыжықтары тура­лы кеңінен талқы­ланады. Тек, олардың бізбен бір­ге пәтерде тұрға­ны үшін мемлекет қазынасына төлену­­ге тиісті коммуналдық шығын, пәтерақы деген әңгім­е жоқ! Неге? Себебі ит - адамның досы!

Шыны керек, ит асыраудың қоғамдағы мораль­дық тәртіптері туралы әңгіме ерте бастан айтылып келеді. Енді, зайырлы мемлекеттердегідей ит-мы­сық үшін салық пен пәтерақы талап ететін уақыт келген сыңайлы...

Дерек-дәйек

Қарағандыда нақты тариф бойынша, суық судың текше метрі - 54,43 теңге, канализация құбырын тұтынғаны үшін отбасындағы әр адам ағызылған судың әр текше метріне 41,19 теңгеден айналып тұр.

Жаңа жыл басынан бері «Қарағандыжылусбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі электр қуаты мен ыстық су және жылыту тарифтерін едәуір қымбаттатты. Себеп - ЖШС электр энергиясын сатып алушылардан қымбат бағаға алуға мәжбүр болып отыр.

* * *

Қарағандыда өткен жыл соңында ротвейлер тұқымдас ит иесінің бетінен тістеп алып, жас баласын талап тастағаны жұртшылықты шу еткізді. Жергілікті құқық қорғау органдары оқиға салдарын толық тексермей, итті атып тастаумен шектелді.

Қарағанды

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529