Ерлан ҚАРИН. Қазақстандағы терроризм қауіп-қатері
Терроризм мәселесі соңғы уақытқа дейін елімізде ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіретіндей дәрежеде емес, ал ықтимал қауіп-қатер ретінде ғана қарастырылып келді. Сондықтан да болар, еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйесі басқа қатерлерге қарсы, айталық этносаралық шиеленіс, есірткі тасымалының жолын кесу, заңсыз миграция сияқты қауіп-қатерлерге төтеп беруге бейімделген еді. Қазақстандық және шетелдік сарапшыларда терроризм проблемасы Қазақстанға төніп тұрған нақты қауіп емес, ал Орталық Азиядағы жалпы ахуал аясында қарастырып келді (әсіресе 1999 жылғы ақпандағы Ташкенттегі терактіден және 1999-2000 жылдары Қырғызстанның Оңтүстігіндегі Баткен оқиғасынан кейін). Қоғамдық пікірде де терроризм Қазақстанда негізінен сыртқы қауіп-қатер ретінде ретінде қабылданды.
Терроризм қауіп-қатеріне
қарсы бағытталған негізгі қадамдар
Терроризм мәселесі соңғы уақытқа дейін елімізде ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіретіндей дәрежеде емес, ал ықтимал қауіп-қатер ретінде ғана қарастырылып келді. Сондықтан да болар, еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйесі басқа қатерлерге қарсы, айталық этносаралық шиеленіс, есірткі тасымалының жолын кесу, заңсыз миграция сияқты қауіп-қатерлерге төтеп беруге бейімделген еді. Қазақстандық және шетелдік сарапшыларда терроризм проблемасы Қазақстанға төніп тұрған нақты қауіп емес, ал Орталық Азиядағы жалпы ахуал аясында қарастырып келді (әсіресе 1999 жылғы ақпандағы Ташкенттегі терактіден және 1999-2000 жылдары Қырғызстанның Оңтүстігіндегі Баткен оқиғасынан кейін). Қоғамдық пікірде де терроризм Қазақстанда негізінен сыртқы қауіп-қатер ретінде ретінде қабылданды.
Терроризм қауіп-қатеріне
қарсы бағытталған негізгі қадамдар
Дегенмен, аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда террористік және экстремистік іс-әркеттерді анықтау және оның жолын кесу үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық негіздерді жасау және жетілдіру жөнінде айтарлықтай жұмыстар атқарылды. 1999 жылғы шілдеде республикада терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және барлық меншіктік формаларындағы ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ терроризмге қарсы күресті жүзеге асырумен байланысты азаматтардың құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін айқындайтын «Терроризмге қарсы күрес туралы» заң қабылданды.
2003 жылғы желтоқсанда Президенттің жарлығымен терроризмнің және діни экстремизмнің көріністерімен күресте барлық қауіпсіздік қорғау құрылымдарының неғұрлым тиімді жұмыс істеуі үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы күрес орталығы құрылды және оған барлық арнайы құрылымдардың, құқық қорғау органдарының және өзге де ведомстволардың қызметін үйлестіру жүктелді.
2006 жылғы қазанда ҚР Бас Прокурорының мәлімдемесі бойынша ҚР Жоғарғы Сотымен келесі халықаралық ұйымдар террористік деп танылып, олардың Қазақстан территориясындағы қызметіне тыйым салынды:
1. «Әл-Каеда»;
2. «Шығыс Түркістан ислам партиясы»;
3. «Күрд халықтық конгресі»;
4. «Өзбекістан ислам қозғалысы»;
5. «Әсбат-әл-Ансар»;
6. «Мұсылман бауырлары»;
7. «Талибан» қозғалысы»;
8. «Боз Кұрт»;
9. «Орталық Азия моджахедтер жамағаты»;
10. «Лашқар-и-Тәйба»;
11. «Әлеуметтік реформалар қоғамы».
Кейін Астана қаласы сотының шешімімен сондай-ақ «Хизб-ут-Тахрир-әл-ислами», «Аум Синрике» және Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы ұйымдарының қызметіне тыйым салынды.
Көріп отырғанымыздай, аталмыш «қара тізімге» енгізілген барлық ұйымдар халықаралық террористік құрылымдар болып табылады, олардың қызметі көбінесе Қазақстанның айналасына, көрші елдерге қарсы бағытталған болатын. Бұл жағдай олардың бізден гөрі сыртқы елдерге төніп тұрған қауіп-қатер екенін растағандай болды.
Осы тұрғыда Қазақстан ТМД Терроризмге қарсы күрес орталығы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы Терроризмге қарсы аймақтық құрылымы сияқты ұйымдардың мүшесі бола отырып, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес желісінде халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытты және дамытып келеді.
Бұлыңғыр елес пе әлде сұмдықтың сұлбасы ма?
Соңғы уақытқа дейін терроризм қоғамның күн тәртібінде алыстағы қауіп-қатердің бір бұлыңғыр елесі сияқты қабылданып келді.
Алайда өткен жылдың мынадай оқиғалары:
- 2010 жылғы маусымда болған Маңғыстау облысында қатаң тәртіптегі колониядан діни экстремистік ұйымның мүшелерінің жаппай қашып шығуы. Бұл қашып шығудың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы және қатыгездігі, сондай-ақ ресми емес хабарлама бойынша қашқындардың бір бөлігі өзін-өзі жарып жіберуі ерекше назар аудартты;
- Солтүстік Кавказда террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға қатысты күдікпен Қазақстан азаматтарының Ресей аумағында қолға түсуі.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың басындағы мынадай оқиғалар:
- биылғы жылғы сәуірде өткізілген ІІМ «Сұңқар» таңдаулы бөлімшесінің экстремистік топтың мүшелеріне қарсы арнайы операциясы;
- Қазақстан азаматтарының РФ-ның Оңтүстік өңірі аумағындағы террористік іс-әрекеттерге қатысуының жаңа фактілері;
- 17 мамырдағы Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД ғимаратында кейбір деректер бойынша діни экстремистік ұйымның мүшесі болған азаматтың өзін-өзі жарып жіберуі;
- 24 мамырда Астана ҰҚКД уақытша ұстау изоляторы ғимаратының жанында автокөліктің жарылуы. Жарылыс затының іске қосылуына байланысты машинада болған екі адам сол жерде жан тапсырған.
Аталған оқиғалар қоғам ішінде алаңдаушылықтуғызды және де бұл жағдай құзыретті органдар тарапынан дер кезіндегі толық және объективті ақпарат болмауынан ушыға түсті. Қоғам назарына бұрын іліге бермейтін «телефондық терроризм» оқиғаларының өзі де бұрынғыдай емес ерекше әсермен қабылданатын болды.
Осылайша, Ақтөбе мен Астанадағы жарылыстардың қалайша бағаланатынына, сондай-ақ бұл оқиғалардың артында кімдер, қандай күштер, себептер тұрғанына қарамастан, өкінішке қарай, біздің елімізде терроризм қауіп-қатерінің күн өткен сайын күшейіп бара жатқанын еріксіз мойындауға тура келеді:
- Қазақстан азаматтарының басқа елдердің жерінде террористік іс-әрекетке қатысуын куәландыратын мәліметтер жиілеп кетті;
- Біздің еліміздің аумағында да экстремистік және террористік іс-әрекетпен байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған қазақстандықтардың саны да өсе түсуде. Мәселен, атап айтқанда 2008-2009 жылдары ресми деректер бойынша елде 7 террористік оқиғасының жолы кесілді (Kazakhstan Today Ақпарат агенттігі, 14.10.09 ж., http://www.today.kz/ru/news/kazakhstan/2009-10-14/teract). Сондықтан да терроризм проблемасы бұрын бізге алыстағы қатер болып көрінсе, бүгінгі күні ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер төндіретін сипат алуда.
Қазақстанда террористік қауіп-қатердің үдей түсу кезеңдері
Шын мәнісінде, терроризм көріністері Қазақстанда бұрын да орын алған болатын. Осы ретте кейбір зерттеушілер 1992 жылғы ақпанда Шымкент қаласының әуежайында кепілге адам алумен байланысты оқиғаларды қарастырады. Басқалар 2000 жылы Алматының орталығында қарулы экстремистік топтың мүшелерін жойып жіберу мысалын келтіреді. Бірақ бұлар терроризмнің жекелеген, жергілікті көріністері болатын және де бұл әрекеттер көбінесе криминалды сипатта еді.
Тұтастай алғанда, Қазақстанда террористік қауіп-қатердің үдеу түсуінің шартты түрде үш кезеңін бөліп айтуға болады:
1. «Қашқын террористер»
(90-жылдардың соңы - 2000-жылдардың басы)
Он жыл бұрын Қазақстан үшін терроризм проблемасы көбінесе республика аумағында қашқын террористердің, яғни террористік іс-әрекеті және заңсыз әскери құрылымдарға қатысқаны үшін басқа мемлекеттің азаматтарының бізде елде жасырынуымен байланысты болды.
Мәселен, 2000-2004 жылдары Қазақстанның құқық қорғау органдары террористік іс-әрекеті үшін біздің еліміздің аумағына келіп жасырынған Өзбекстанның сегіз азаматын ұстап, өзбек жағына берді.
2004-2005 жылдары Қазақстанның аумағында 11 адам ұсталып, Ресейге, Өзбекстанға және бірқатар басқа елдерге жөнелтілді (Zakon.kz Ақпарат агенттігі, http://www.zakon.kz/68872-za-uchastie-v-terroristicheskojj.html, 03.02.06ж.).
2006 жылы Қазақстанда терроризмге қатысы бар деген 13 адам ұсталды. Қылмыскерлердің көпшілігі - Ресей, Өзбекістан, Түркия және Қытай азаматтары. (http://studies.agentura.ru/centres/cap/itogi2005-2006)
2. «Сырттан келіп арбау кезеңі»
(2000-жылдардың басы мен ортасы)
Бұл кезеңде Қазақстан азаматтарының іргелес елдердің де, алыс шетелдердің де аумақтарындағы террористік іс-әрекетке тартылу оқиғаларының жиілеуі байқалады. Ең шулы оқиға - Өзбекстандағы 2004 жылы террористік акцияларды ұйымдастырған «Орталық Азия моджахедтер жамағаты» террористік тобының әшкереленуі. Аталған топқа Қазақстан азаматтары да кірген, олар өз пікірлері бойынша көбінесе «мұсылмандардың құқықтарын аяққа басқан Өзбекстанның билігіне қарсы» қылмыстық әрекет еткен.
Сондай-ақ Қазақстан азаматтары Ауғанстан және бірқатар басқа елдердің аумақтарында заңсыз әскери құрылымдардың іс-әрекетіне қатысқан сияқты деген ақпарат кеңінен тарады. Мәселен, Гуантанамо түрмесінің тұтқындарының бірі Қазақстан азаматы болып шықты. Сондықтан 2005 жылы белгілі американдық «Ұлттық барлау кеңесі» үкіметтік емес ұйымы «Болашақ жаһандық карта» деп аталатын талдамалы-болжамдық баяндамасын жария етіп, онда Қазақстан Ресеймен, Әзірбайжанмен және Түркменстанмен қатар радикалды топтар орын тепкен және арнаулы дайындықтан өткен әрі лаңкестік әрекеттер жасаудың тәжірибесі бар «джихадтың кәсіби жауынгерлері» тұратын өңірлерге жатқызылды. Басқаша айтқанда, терроризмнің қауіп-қатеріне аз ұшыраған ел деп саналатын біздің еліміз осы кезеңде әртүрлі сараптама мәліметтерінде атала бастады.
3. «Жергілікті немесе «өзіміздің террористер»
(2000 жылдардың аяғынан бастап)
Бұл кезең бір жағынан Қазақстан азаматтарының басқа елдердің аумағында террористік іс-әрекеттерге қатысу жағдайының жиі кездесуімен сипатталады.
Мысалы, 2009 жылдың шілде айында Дағыстанда жүргізілген арнайы операция кезінде сегіз террорист өлтіріліп, құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша олардың бесеуінде қазақстандық төлқұжаттар табылған (Диапазон газеті, 16.02.11ж, http://diapazon.kz/kazakhstan/kaz-incidents/35804-zachem-pugat-rossijan-terroristami-iz-kazakhstana.html ).
2009 жылдың 19 шілдесінде қырғыз қауіпсіздік қорғау қызметтері Бішкекте және елдің оңтүстігінде террористік әрекетке қатысы бар деген күдікпен 18 адамды тұтқынға алды, олардың арасында Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан азаматтары болған (Vesti.kz интернет-сайты, 17.07.2009ж., http://vesti.kz/asia/19917/ ).
2010 жылдың 19 қыркүйегінде тәжік қарулы күштері Тәжікстанның Рашт алабында жүргізілген арнайы операция кезінде өлтірілген бір қылмыскерден Қазақстан азаматының төлқұжатын тапқан (Paruskg.info интернет-сайты 22.04.11ж., http://www.paruskg.info/2011/04/22/42848 ).
2011 жылдың 19 қаңтарында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Бішкекте терактілерді ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматының тұтқынға алынғандығын растады (Gazeta.kz Ақпарат агенттігі, 19.01.11ж., http://news.gazeta.kz/art.asp?aid=331922 ).
2011 жылдың ақпанында Махачкалада Қазақстанның азаматтары болып табылатын - 1989 жылы туылған, Альберт Әбдікәрімов және 1990 жылы туылған Райынбек Ержанов заңсыз қарулы топтарға қатысы бар деген күдікпен тұтқындалды (Tengrinews.kz интернет-сайты, 31.03.11ж. http://tengrinews.kz/crime/182829).
Және осы кезеңде, екінші жағынан, біздің еліміздің аумағында террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға талпыныстар көріне бастады. Бұл жөнінде мына кесте куәландырады.
Еліміздің аумағында террористік іс-әрекетке байланысты қылмыс жасағаны үшін тұтқындалған және сотталған адамдар саны
2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009*** | 2010 | 2011
І-тоқcан |
|
Жауапкершілікке тартылған адамдар саны | 116 | 220 | 66 | 333 | 114 | 222 | 224 | 331 |
7 |
* 2009 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы ҚК-ның төмендегі баптары бойынша сотталған адамдар бойынша мәліметтер
168 бабы - билікті зорлықпен басып алу
233 бабы - Терроризм
233-1 бабы - Терроризмді насихаттау және терроризм актісін орындауға ашықтан-ашық шақыру
233-2 бабы - Террористік топты құру, басшылық ету және оның әрекетіне қатысу
Сондықтан да Ақтөбе мен Астанадағы соңғы оқиғалардың террористік астары расталатыны немесе расталмайтынына қарамастан, елімізде терроризм қауіп-қатері күшейіп келе жатқанын мойындауға тура келеді. 2010 жылы қыркүйекте «??????.info» экстремистік сайттардың бірінде қазақстандық полиция қызметкерлеріне қарсы жиһад туралы аталмыш үндеу жарияланып, ол жай ғана «қарсыласуға» емес, топтық қарулы шабуылды ұйымдастыруға шақыру мазмұнында болды. Бұл сайтта құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы терактілер қалай ұйымдастырылуы керек екендігін экстремизмнің идеологтары толық және егжей-тегжейлі түсіндірген. Мүмкін қазақстандық құқық қорғау органдарында бұл материалдарға және сайттардың өздеріне айтарлықтай мән бермеген болар. Бұл сайттардың бірден жабылмағандығы біздің жорамалды растайтын сияқты. Тек Ақтөбе мен Астанадағы жарылыстардан бір ай өткеннен кейін барып Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мазмұны терроризм мен экстремизмді насихаттау мен оны жақтауға тыйымды бұзған 15 шетелдік сайттардың анықталғанын жариялады. Олардың Қазақстан Республикасы аумағында таралуы сот жүзінде заңсыз деп табылып және қазақстандық тұтынушылардың материалдарға қол жетімділігін шектеу бойынша шаралар қолданды.
Кездейсоқ жарылыстар ма әлде қауіпсіздік қорғау құрылымдарына
қарсы мақсатты түрде шабуыл ма?
Көптеген сарапшылар Ақтөбе мен Астанадағы жарылыстардың арнаулы қызмет ғимараттары - Ұлттық қауіпсіздік комитетінде болғандығына бірден назар аударды. Бірінші жағдайда жарылыс облыстық департамент ғимаратында, екіншісі - уақытша тергеу изоляторы кіре берісінің алдында болған. Әрине, тек екі фактіге негізделіп, қандай да бір байланыс пен заңдылық жөнінде кесіп айту қиын. Әзірге сарапшылар тек қосымша дәлелдерді келтіреді, соның ішінде, екі жарылыс арасындағы мерзімнің қысқалығы мен жарылыс болған объектілердің өзі. Одан өзге елдердегі осындай жағдайларға қарағанда Ақтөбе мен Астанада болған жарылыстардан кейін ешқандай да ұйым өзіне жауапкершілікті алмағандығын атап өту керек. Ал анонимді теракт - бұл нонсенс, өйткені кез-келген теракт әдетте әуел бастан-ақ кеңінен ақпараттық және қоғамдық резонанс тудыруға бағытталатынын атап өту қажет. Сондықтан да Ақтөбе мен Астанадағы оқиғаларды бір тізбекте немесе қандай да бір жоспарға сәйкес арнайы акциялардың сериясы ретінде қарастыру асығыстық болар еді.
Алайда құқық қорғау органдарына қарсы мақсатты түрде шабуыл жасау - террористік топтардың тактикаларының бірі екендігін де айту керек. Мысалы, Ресейдің Кавказ аумағында тіркелген террористік іс-әрекет бойынша салыстырмалы мәліметтер осы жөнінде куәландырады.
Айталық, 2009 жылы Ингушетияда 4 теракт болса, оның 3-і құқық қорғау ведомстволарына қарсы бағытталған («Северный Кавказ» газеті, 05.04.2010ж. ).
Дағыстанда 2009 жылы 9 теракт орын алған, оның 8-і құқық қорғау органдарына қарсы. Ал 2010 жылдың қаңтар-қазанында 8 терактілер орын алды, олардың 5-і қарулы күштерге қатысты болған және барлығын - террорист-жанкештілер іске асырған (РИА Новости Ақпарат агенттігі, 24.10.10ж.,).
Бірақ осындай іс-әрекеттер тек Кавказға ғана тән емес, ұқсас тактика бірқатар Орталық Азия елдерінде де де байқалады.
Мәселен, 2010 жылдың 3 қазанында Худжанд қаласында Тәжікстанның ІІМ өңірлік басқарма ғимаратында террорист-жанкешті өз-өзін жарып жіберді («Вести» порталы, 03.09.10ж., http://www.vesti.ru/doc.html?id=390046).
2010 жылдың 30 қарашасында Бішкекте былтырғы жылдың сәуірінде шеруге қатысушыларды ату жөнінде іс қаралып жатқан Спорт сарайының ғимаратында екі жарылыс орын алды, құқық қорғау органдарының екі қызметкері зардап шекті (Tengrinews.kz интернет-сайты, 30.11.10ж. http://tengrinews.kz/events/92034).
2010 жылдың 25 желтоқсанында Бішкекте қалалық ішкі істер басқармасының ғимаратында 30 қарашада жарылғанға ұқсас бомба залалсыздандырылды (http://www.newsru.com, интернет-сайт, 25.10.10ж., http://www.newsru.com/world/25dec2010/guvd2.html).
2011 жылғы 5 қаңтарда Бішкекте төлқұжаттарды жоспарлы тексеру барысында үш милиция қызметкері өлтірілді (http://www.newsru.com, интернет-сайт, 05.01.11ж., http://www.newsru.com/world/05jan2011/kyrgyzia.html).
Сондықтан сарапшылардың «қауіпсіздік қорғау органдарына» қарсы арнайы бағытталуы мүмкін бүгінгі террористік белсенділік тактикасына назар аударуы кездейсоқтық емес. Олардың пікірінше, мұндай іс-әрекеттер бірнеше мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Біріншіден, бұл қауіпсіздік қорғау ведомстволарының беделін түсіруге бағытталған, сөйтіп олар қоғамдық пікірде тіпті өздерінің объектілері мен қызметкерлерін қорғай алмайтындай болып қылып көрсету.
Екіншіден, жемқорлыққа қарсы белсенді күрес - жол және қаржы полициясы, кеден органдарының, прокуратура қызметкерлерінің біліксіздігі мен жемқорлығының көптеген оқиғаларының БАҚ-нда кеңінен жариялануын ескерсек, теракт объектілерін қауіпсіздік қорғау ведомстволары арасынан таңдау қоғам тарапынан жаппай айыптау тудырмай, тіпті кейбір адамдар тарапынан мұндай әрекет аяушылық пен құптау тудыруы да мүмкін.
Үшіншіден, Солтүстік Кавказ және басқа террористік іс-әрекет ошақтарының тәжірибесінен көретініміз, құқық қорғау органдарына арнайы қарсы әрекеттерді ұйымдастыру, нәтижесінде қауіпсіздік жүйесін ғана емес, жалпы билік жүйесін әлсіретуге ықпалын тигізу мүмкін.
Қарсы іс-әрекеттер
Егер бүгінгі террористік белсенділік жоспарлы сипатта болатындығы туралы сарапшылардың тұжырымы дұрыс болса, онда террористік қауіп-қатердің артуына жол бермеу мақсатында арнайы кешенді іс-шаралар қолдану қажет.
- террористік қауіп-қатерлердің алдын алу түрлері мен әдістерін жетілдіру қажет. Бұған дейін терроризм қаупі болуы ықтимал құбылыс ретінде қарастырылып келсе, ал бүгінде арнаулы қызметтерге шынайы жағдайда терроризммен күресте практикалық тәжірибесі мен дағдыларын шыңдау қажет.
- стратегиялық инфрақұрылым объектілерін (мұнай-газ құбырлары, су-жылумен қамту кәсіпорындарын), сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар басқа да объектілерді ғана қорғауға ерекше ден қоймай, сонымен қатар терроризмнің салдарынан болған төтенше жағдайларда тұрғындарды да қорғауға бағытталған шараларды да қатар күшейту. Мәселен жер сілкінісі секілді стихиялық апат кезіндегідей, азаматтардың өздері де, тиісті қызметтер де дағдарысты жағдайда қалай әрекет ету керектігін білуі тиіс.
- уақытылы және білікті түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жүйені ретке келтіруге ерекше назар аудару қажет. Себебі объективті, уақытылы және теңгерімді ақпарат беру түрлі деңгейдегі қауесеттердің орын алуына және басқа да арандатушылыққа жол бермеуге мүмкіндік береді.
Бірақ, ең бастысы терроризм қаупі тек мемлекеттің жазалаушы қызметінің күшеюіне, немесе арнаулы қызметтерді нығайтуға ғана негізделмей, ал бірінші кезекте, терроризмнің таралуына ықпал ететін алғышарттар мен себептерді жоюға бағытталуы қажет. Бүгінде сарапшылар арасында терроризмнің пайда болуына қатысты ортақ пікір жоқ. Біреулері әлеуметтік-экономикалық мәселелердің (кедейшілік, жоқшылық, қоғамның маргиналдануы) ушығуы себепші деп есептейді. Өзгелері - негізін саяси режимнің (қоғамның ашық\жабық дәрежесі, білім деңгейі, құқық және еркіндік деңгейі) ерекшелігінен көреді. Үшіншілері - терроризмнің негізінде әлеуметтік мәдени өзгеріс (белгілі бір құндылықтар мен адамгершілік нормаларының құнсыздануы) жатыр деп есептейді.
Алайда қандай-да бір басқа құбылыс секілді терроризмнің де пайда болуына себептердің кешені мен күрделі шиеленіскен мотивтер әсер ететінін түсіну қажет. Ал Қазақстан жағдайында терроризм қауіп-қатерінің күшеюіне ықпал ететін үш негізгі факторды бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, әлеуметтік депрессия факторы, әлеуметтік мобильділік каналдарының және лифтілерінің жоқ болуы. Қоғамның маргиналдануы, сонымен қатар байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық шарықтау шегіне жеткенде әлеуметтік қарсылықтар туындайды, олардың бір түрі терактілер болуы мүмкін.
Екіншіден, идеологиялық саладағы мемлекеттік саясат тиімділігінің төмендігі, соның ішінде діни және этносаралық салада, тіл және дін саясатын жүргізудегі формализм. Діни істер бойынша арнайы агенттіктің де құрылуы осы салада жүйелі іс-әрекеттердің қажеттілігін биліктің де мойындап отырғанын көрсетке керек.
Үшіншіден, терроризм жағдайына шекаралас мемлекеттердегі «шиеленістік ошақтарының» болуы үлкен ықпал етеді. Біздің жағдайда Орталық Азияда тұрақсыздықтың сақталуы аймақтық қауіпсіздіктің негізгі бір факторы. Мысалы, Қырғызстандағы саяси дағдарыстың ушығуы және Тәжікстанда орын алған қарулы қақтығыстар. Осыған байланысты Тәжікстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда түрлі сипаттағы экстремистік және террористік ұйымдардың жандануы.
Ұлттық қауіпсіздік диллемасы
Жыл сайын терроризм индексін жариялап отыратын, «Maple Croft» британ компаниясының мәліметтері бойынша Гренландия мен Антарктиданы есепке алмағанда, әлемде терроризм қаупі төніп тұрмаған аймақ жоқ.
Осындай жіктеу бойынша Қазақстан терроризм қаупі төмен елдер қатарына жатады және көптеген еуропалық елдермен бір деңгейде орналасқан. Ал Ұлыбритания, Франция, Испания және АҚШ секілді елдерде қауіп-қатер деңгейі айтарлықтай жоғары. Сондықтан, терроризм ортақ қауіп-қатер.
Сонымен бірге терроризм қаупін дұрыс бағаламай, оны елемей және жекелей алынған елде қауіптің өзін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ терроризмді асыра бағалауға да болмайды, қоғамда дүрбелең салып және үрей мен қорқыныш ұялатып, қоғамдық резонанс әсерін күшейту арқылы террористерге қолдау көрсетуге болмайды, себебі кез-келген теракт ең алдымен, кең ақпараттық әсерге есептелген. Осындай теңгерімді ұстап тұру қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бірақ, ең бастысы - терроризм, экстремизм сияқты қауіп-қатерге төтеп беріп, тиімді қарсы тұрудың ең басты шарты - ол қоғам мен биліктің өзара келісімі, ұлттық бірлік. Осы зұлымдықпен ондаған жылдар бойы күресіп келе жатқан басқа елдердің тәжіриебесін зерттеп қарасақ, бірден байқайтынымыз - бірлігін шайқалтып, нешеме себептермен іштей бөлініп, жіктеліп отырған қоғам, ел, мемлекет ғана осы қауіптің құрбанына айналуы ықтимал. Сондықтан, осы да, басқа да қазіргі заманның сынақтары мен қатерлеріне қарсы тұру үшін - ең алдымен, қоғамның жіктелуіне, бөлінуіне жол бермеу керек.
Абай-акпарат