Жексенбі, 24 Қараша 2024
3317 0 пікір 19 Маусым, 2019 сағат 12:47

ҰБТ кезінде Telegram-каналы арқылы заң бұзушылықтар туралы хабарлауға болады

Бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясы аясында білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындылары бойынша мектептер рейтингінен бас тарту көзделіп отырғаны туралы айтып берді.

Министр осы ұсынысын ҚР Үкіметінің отырысы кезінде өңірлердің әкімдеріне бағыттады.

«Бүгін Үкімет отырысында баяндама жасай отырып,  мен облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың әкімдерінен Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша рейтинг жүргізбеулерін сұрадым.  Біз мұндай рейтингтің қажеті жоқ деп санаймыз», — деді А. Аймағамбетов.

Білім және ғылым министрі мұндай рейтинг объективті емес және мектептердің әзірлік деңгейін көрсетпейді деп санайды.

«Егер бұрын ҰБТ бірден екі функцияны: мектептегі қорытынды аттестаттау мен ЖОО-ға түсуді қамтыса, қазір олар бөлініп, бұған тек жоғары оқу орнына түскісі келетіндер ғана ерікті түрде қатысатын болды.  Сондықтан жоғары оқу орнына түсу нәтижелері бойынша рейтинг жүргізудің, мектептерге баға берудің қажеті жоқ деп ойлаймын», — деді А. Аймағамбетов.

Сонымен қатар министр атап өткендей, оқушылардың жетстіктерін бағалаудың басқа да көрсеткіштері, мүмкіндіктері мен тетіктері бар.

«Әрине, мұндай көрсеткіштер бойынша белгілі бір қорытынды жасауға болады, бірақ біз мектеп туралы айтсақ, рейтинг ұғымының өзі күрделі процесс. Бұл ең алдымен тәрбиелеу, оқыту процесі. Бұл түрлі процестер, сондықтан оларды қандай да бір тетік арқылы бағалау біршама әділетсіз. Бұл жерде кешенді тәсіл қажет», — деді А. Аймағамбетов.

А. Аймағамбетовтің айтуынша, биыл бакалавриат үшін 53 785 грант бөлінді. Өткен жылғыдай, магистратура үшін 13 мыңнан астам грант қалып отыр. 2 312 грант докторантураға бөлінеді.

Сонымен қатар баспасөз конференциясы барысында министр Білім және ғылым министрлігінің  Telegram-каналарқылы ҰБТ нәтижелерін алу мүмкіндіктері жайлы айтып берді.

«Біздің өзімізде Telegram-канал бар, тестілеу нәтижелерін сол арқылы алуға болады. Өткен жылы біз бұл рәсімді алғаш рет іске қосып көрдік. Сонымен қатар біз тестілеу рәсімінде орын алған қандай да бір бұзушылықтар туралы ақпаратты жіберуге болатын Telegram-каналды ашуды жоспарлап отырмыз. Біз бұл хабарламаларды бірден алып, сол бойынша бірден шаралар қабылдай аламыз», — деді министр.

Баспасөз конференциясы соңында ведомство басшысы абитуриенттер мен ата-аналарға тілегін жеткізді.

«Бірыңғай ұлттық тестілеу — бұл өте маңызды емтихан. Әрі, тым қарбалас дүние. Әрине, бәрі көп нәрсеге қол жеткізуді армандайды, бірақ ең бастысы қобалжымау керек. Сіздер әзірлендіңіздер. Көпшілігіңіз бұл тестілеуден өттіңіздер. Мектепте сіздерге қажетті білімді берді. Сондықтан жақсылап ұйықтап, емтихан тапсырамын деген ойдан бір сәт сергіген жөн», — деді А. Аймағамбетов.

Министр ҰБТ кезінде тыйым салынатын заттар туралы да айтып берді.

«Адам шпаргалканы, ұялы телефонын немесе басқа құрылғыны өзімен бірге алып кіргенде, оның көңілі басқа жаққа алаңдайды. Ол мұны қалай алып өтсем деген оймен назарын басқа нәрсеге аударады. Одан кейін басқалар байқамау үшін қалай алып шығып, қалай пайдалансам деп алаңдайды. Мұның бәрі күйзеліс тудырады және түлекке еш көмектеспейді. Мен адам өзіне-өзі сеніп, дайындалып, оқуы керек деп санаймын», — деді  министр.

Сонымен қатар ол түлектерге ҰБТ-ға тестілер бойынша емес, бағдарлама материалдары бойынша дайындалу керектігі туралы кеңес берді.

«Барлық ата-аналар мен түлектер сәттілік тілеймін», — деп түйіндеді министр.

Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608