Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3175 0 пікір 4 Шілде, 2011 сағат 07:38

Ақтөбе оқиғасы: зерттемесе зор қауіп

Ақтөбедегі жағдайдың ақ-қарасы әлі ажыратылған жоқ. Ресми ақпарат тақыл-тұқыл. Содан да болар ел іші Ақтөбе жаққа қарап, көзі алақандай болып отыр. Бейресми деректерге қарағанда, онсыз да шыққалы тұрған көздің ағып түсуіне батыс өңіріндегі мұнайдың маңындағы жең ұшынан жалғасқан жемқорлық себеп болған көрінеді. Екі полицейдің өліміне қатысты да түрлі ақпар желдей гулеп тұр. Шұбаршиді шулатқан содырлар Сыр бойына өтіп кетіпті деген сыбыс бар. Қызылорда да тағы бір полицей кісі қолынан қаза болғаны жөнінде айтылып жатыр.

Биліктің мазасын қашырып, жұртты дүрліктірген оқиғаның жай-жапсарын, кейінгі болар ауанын білмек оймен дін мәселесінің жілігін шағып, майын ішіп отыр-ау дейтін біраз азаматтарға хабарластық. Көбі көзқарасын айтуға тайсақтады. Соның ішінен өз пікірлерін айтқан Бақтыбай Айнабеков пен Мұрат Телебековтің ойын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

«Абай-ақпарат»

Бақтыбай Айнабеков, «Қазақстан қажылары» діни бірлестігінің төрағасы:

- Шұбаршидегідей оқиғаның болатынын осы күнге дейін халық та, үкімет те білді. Біздің үкімет -  болған нәрсені сол күйінде жеткізбейді, жасырады.  Бұл сөзімізге дәлел Шымкенттегі, Ақтөбедегі ҰҚК-нің бөлімшелерінде болған жарылыстар. Соны да үкімет жария етпеді. Әр оқиғаны жіті қадағалап, індетіп зерттемеді. Ең соңында қылмыс жасаған адамды ұстап, қамайды да сонымен шектеледі. Мұндай шетін жағдайлардың басшылары да, ұйымдастырушылары да - елде және шетелде. Кезінде сондай қылмыскерді ғана емес, оның жұмыс істеуіне мүмкіндік берген адамдарды да анықтау керек еді. Осы ретте ҰҚК-нің қызметі белсендірек һәм жариялы болса жақсы болар еді дейміз.

Егер осы іспеттес жағдайларда жариялы жұмыс болмаса, алдағы уақытта бұдан зор оқиғалар болуы мүмкін.

Діннен болып жатқан мұндай мәселелерді діни адамдардың ғана тоқтатуға мүмкіндігі бар. Үкімет шеттен келген діни ағымдарды тіркейді де, көз жұмып отыра береді. Ал, оның салдары қиын болатынын олар білмейді. Себебі, дінге жаны ашымайды. Сондай-ақ, елдегі діни ахуалға дін зиялылары да, дін басшылары да, діни басқарма да назар аударып отырған жоқ.

Дін  өте нәзік нәрсе. Оны ұстап, бақылай алмасаң  - жойқын қару.

Үкіметтің жанынан діни мәселеге байланысты арнайы комиссия құрылып, дінді білетін адамдарды жинап, мұның алдын алмаса бұл өте қауіпті.

Дін істері жөніндегі агенттіктің ең басты жұмысы -  Конституциядағы мемлекеттік тіл  қазақ тілі, дін  Ислам деп енгізуі керек. Агенттік осыны жүзеге асырса, діни ағымдардың да алдынан тосқауыл қоюға болар еді.

Мұрат Телебеков, «Қазақстан мұсылмандары одағының» төрағасы:

- Әрине, елімізде мұндай қайғылы оқиғаның орын алғаны өкінішті. Меніңше, бұл жерде белгілі бір қылмыстық топтың қолтаңбасы бар секілді. Және жемқорлық көрсеткіші төмендемей отырған құқық қорғау саласының да осы тақілеттес жайттарға парақорлықтың кесірінен астасып кеткен ілік-шатыстығы болуы мүмкін. Тіпті, құқық қорғау саласы экстримситік сипаттағы оқиғаларды өзі ішіндегі қызметкерлерге қарсы өздері ұйымдастыруы да ғажап емес екенін жоққа шығаруға болмайтын сияқты.

Әлбетте, бұл мәселеге діни экстримистердің қатысы  болуы әбден  мүмкін. Әмбесі, діни экстримистердің де негізгі нысанасы құқық қорғау органдары болып отырғаны  ойландыратын жайт. Егер осы тектес оқиғаларды талдап, зерттеп шешу жолдарын қарастырмай күшпен басып отырсақ, онда діни экстримистік ағымдардың нысанасына бұқара халық пен саясаткерлер, мемлекеттік маңызды нысандар айналады.

Тіпті, соңғы кездері жиілеп кеткен өзін-өзі қол салатын адамдардың  әрекетін де осымен байланыстыруға болады. Ондай адамдар өзін-өзі жарып жіберуге бейім келеді. Олардың күні ертең діни экстримис болып шықпасына кепілдік жоқ.

Сонымен бірге, төтенше оқиғаның Ақтөбеде орын алуы бұл аймақтың экстримистік ошаққа айналған солтүстік Қапқаз сияқты жерлерге жақындығынан да болса керек. Оған елдегі халықтың әлеуметтік қиындығын қосыңыз. Діни экстримистік ағымдар да осындай аймақтарда жұмыс жүргізуге тырысады.  Ақтөбедегі екі полицейдің қаза табуы соның бір белгісі. Билік мықтап ойлануы тиіс.

Дін мәселесінде билік  тым сылбыр қимылдауда. Діни агенттік ең әуелі елдегі діни тұлғалардың, дін адамдарының беделін көтеруге жұмыс істегені дұрыс. Себебі, жұрт арасында дін адамының сөзі өтуден қалды. Ол үшін бізге қанша қиын болса да діни басқарманың басшысын ауыстырып, басқарманың қызметін түбегейлі қайта қарау қажет.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354