Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6423 4 пікір 5 Тамыз, 2019 сағат 14:21

Қазақ шежіресіне бір үңіліп қоялық

Қазақтың атақты шежіреші ғалымы Құрбанғали Халид «Қазақ шежірешілері жүз, екі жүз жылғы істерге таласып отырмайды. Оқиға мың жылдан бері болса да іштерінде жүргендей біле береді» дейді. Осы бір ғажап сөзді «Тауарих хамсадан» іздеп отырып мынадай бір қызыққа жолығып қалдым.

Бірінші тарауға арналған «Деректеме» бөлімінде «ноғай», «өзбек» атауларының мағынасын, «тоқсан екі», немесе «алпыс екі бау» ұғымдарын талдай келе Құрбанғали Халид былай деп жазады: «Ақтайлақ би, атақты насабшы (шежіренің білімпазы деген мағынада қолданылады, «насаб- нама» - генеалогия дегенді білдіреді-Ж.А.), алпыс екінің ішінде танымал мәшһүр жетеу: ноғай, қазақ, башқұрт, қыпшақ, түркімен, шеркес, тибтар деп, бұл жетеудің ішіндегі көбі және байы ноғай халқы дейтін еді. Оған біреулер сіз ноғайды мақатап, асыра дәріптейсіз, орысқа бірінші өткен солар емес пе дегенде, ол кісі – бұл халықтың кемшілігінен емес, қызайлардың асқандығынан, олардың ерлігіне сеніп /.../ өзара іштеріне алауыздық кіріп, соның жазасын тартты. Солай бола тұрса да олар қырық жыл бойы атысып барып жеңілген. Біз сияқты жем жеп алданбаған деп жауап берді» деп баяндайды (Тауарих хамса, 60 бет).

*Осыған байланысты сіздерге сұрағым бар - Ақтайлақ бидің шежіресінде осы әңгіме бар ма ? Құрбанғали Халид кітабының оригиналын қарағандарыңыз бар ма ?

*Осы мәтіннің соңында кітапты баспаға дайындағандар «Қызай -Қытай жеріндегі найман руы» деп анықтама берген. «Тауарих хамсада» Қызай руы туралы бірнеше рет айтылады, бірақ жоғарыдағы мәтінде әңгіме Қызай руына қатысты емес деген пікірдемін. Бұл жерде әңгіме ноғай халқының басшылары туралы болып отырған сияқты.

*Менің ойымша Ақтайлақ шежіресінде Қызай атауының түпкі мағынасы айтылып отыр, яғни «Қызай» сөзі әуел баста «аталық» деген мағынада қолданылды деген біздің пікіріміздің дұрыстығын дәлелдейді.

Жамбыл Артықбаевтың facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340