Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3083 0 пікір 19 Шілде, 2011 сағат 12:48

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ. Ұлттың болашағы балабақшаға тіреліп тұр

Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Сондықтан егемендігіміз баянды болып, ел ертеңі жарқын болсын десек, ұлт ұрпағына дұрыс тәрбие беру - парыз! Яғни «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»! Сондықтан балаға бала деп қарамай, құйттай күнінен бастап оның елін сүйер бүлдіршін, ұлтын ұлық тұтар ұлан, мақ­та­нышымызға айналар отан­шыл азамат болып қалып­тасуына тырысуы­мыз қажет. Бала бойына тәрбиенің ұрығын себетін, ең алдымен, ата-анасы болса, одан к­ейін, балабақшасы. Тіпті есін білер-білмес шағы­нан бастап күнұзаққа бала­бақ­ша­да жүретін бала үшін ба­ла­бақшаның ықпалы ба­сым­дау десек те болады. Ен­де­ше, балабақшаларымыз балалардың ұлтына сай азамат болып қалыптасуы жолында тәлімді тәрбие бере алып отыр ма?!

Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Сондықтан егемендігіміз баянды болып, ел ертеңі жарқын болсын десек, ұлт ұрпағына дұрыс тәрбие беру - парыз! Яғни «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»! Сондықтан балаға бала деп қарамай, құйттай күнінен бастап оның елін сүйер бүлдіршін, ұлтын ұлық тұтар ұлан, мақ­та­нышымызға айналар отан­шыл азамат болып қалып­тасуына тырысуы­мыз қажет. Бала бойына тәрбиенің ұрығын себетін, ең алдымен, ата-анасы болса, одан к­ейін, балабақшасы. Тіпті есін білер-білмес шағы­нан бастап күнұзаққа бала­бақ­ша­да жүретін бала үшін ба­ла­бақшаның ықпалы ба­сым­дау десек те болады. Ен­де­ше, балабақшаларымыз балалардың ұлтына сай азамат болып қалыптасуы жолында тәлімді тәрбие бере алып отыр ма?!

Өкінішке қарай, бүгінгі балабақшаға берілетін білім стандарты, тәлім-тәрбие бетімен кеткен десек те болады. Бетімен кеткені емей немене, балабақшадағы былдыр-былдыр тілі енді шыққан балалары­мыз­ға бірі келіп қытай, араб, ағылшын тілін тықпаласа, енді бірі келіп есін білмейтін сәбилерімізге хиджаб кигізіп, сүре жаттатқызып әуре. Шыны керек, өзіміз әлі күнге «қазақ тілін үйретуді балабақшадан бастау керек» деген құр ұраннан әрі аса алмай, бақшадағы балаларға қазақ тілін үйретудің жөнді жүйесін бір ізге түсіре алмай жүргенімізде көрші Қытай елі еліміздегі балабақшаға ғана емес, қазақстандық мектептерге арналған «Қытай тілі» оқулы­ғын арнайы басып шығарып үлгерген. Қытайдың Шыңжаң оқу-ағарту баспасынан жарық көрген балабақшаға арналған оқу­лығында: «Балабақшаға арналған «Қы­­тай тiлi» - Қазақстандағы 5-7 жас­та­ғы ба­лалар үшiн арнайы құрасты­рыл­ған оқу­лық. Бұл оқулық қазақ ба­ла­ларының жанды суреттер арқылы, қа­рапайым сөз-сөй­лем­дер арқылы, қы­зықты ойын қимылдары арқы­лы олар­дың кiшкентайынан бастап қытай тiлi жөнiнде алғашқы танымы мен әуес­­тiгiн қалыптастырып, қытай тiлiн үй­ре­ну­лерi үшiн негiз қалауына пайдасын тигiзедi», - деп жазылған. Қысық көз көршінің не ойлағанын қайдам, қазақ үшін бұл оқу­лықтан титтей де пайда жоғы анық. Онсыз да балабақшадағы баланың миын «қазақ, орыс, ағылшын тілін тең меңгерейікпен» қа­тырып жүргенімізде қытай тілін қосып оқы­ған баланың миы не болады? Ертеңгі күні көршіміздің «Қытай тілі» оқулығын баз біреулер балабақшаның оқу стандартына қосып жіберсе, түк те таң­ғалмайтын шығармыз. Өйткені бала­бақ­шаның бақы­лаусыз қалуы жағдайды ушық­тырып тұр. 4-5 жасынан бастап сан тілді зорлап мең­герген баланың ертеңгі күні дүбәра ұрпақ болып қалыптаспасына кім кепіл?!

Ол аздай соңғы кездері сәнге айналған халал стандарты балабақшаларға да жетті. «Балаңызға халал тәрбие береміз» деп, интернетте ашықтан-ашық жарнама жүр­гізіп, балаларға діни тәрбие беріп жатқан балабақшалардың әрекеті де тұман. Айт­пақшы, халал балабақшалар балаларға араб тілін меңгертуді қолға алған. Сана-сезімі әлі толық қалыптаспаған баланың ап­тасына екі рет араб тілі сабағын өтіп, иман сабақтарында дұғалар мен сүрелер жат­тауы бала санасына зиян емес пе?! Өмір­дің ащы-тұщысын басынан өткерме­ген, періштедей пәк сәбилерге дін ұстануға қандай қажеттілік бар? Өмірді танып-білмеген бүлдіршіндер дінді қалай түсінеді? Мұны бақылап отырған ешкім жоқ. Небір діни ағымдар аранын ашқан аждаһа заманда «Әл-Кәусар», «Ахляқ» атты халал ба­лабақшалардың бақылаусыз әрекеті де шошытпай қоймайды.

Жақында Тәжік елі кәмелетке толма­ған­дардың мешітке жұма намазға баруына тыйым салды. Яғни олар оңы мен солын танымаған жастардың санасын сақтанды­рып, ертеңгі күні бұрыс жолға түсіп кетпеуін, орта жолдан әлдебір ағымдардың же­те­­гінде кетпеуін осылайша қамтамасыз етіп отыр. Ал біз ақыл-есі толық жетілмеген ба­лаға сан тілді меңгертіп, қазақ тілінен бұ­рын араб тілін ұқтыруға зорлап кірісіп жатырмыз. Осылайша балаларымыздың ба­сын басқа тілмен қатырып, санасын дінмен аямай-ақ шырмаудамыз. Кәмелетке тол­маған­дарды дінге тартудың қаншалық­ты дұрыс-бұрыстығы заңымызда да анық көрсетілмеген. Осы орайда жеке кәсіпкер­дің құжатын алып, халал балабақша ашып, заңсыз тірлік істеп отырғандарды тексеру үшін тиісті орындарға алдымен прокура­тура­ның рұқсаты керек екен. Алайда тиісті құ­зыр­лы орындар прокуратураның рұқса­тын алып, халал балабақшалардың ұлтқа қаншалықты адал қызметін тексеруге құ­лықсыз. Сондықтан «балабақша иелері өзге ағымдардың сойылын соғып жүрген­дер емес пе? Балабақшадағы діни тәрбие дұрыс сенімге құрылған ба?» деген сұрақ­тар­ға жауап берер ешкім жоқ. Осылайша еліміздің балабақшаларындағы білім беру жүйесі құзырлы орындардың да, Білім және ғылым министрлігінің де назарынан тыс қалып отыр. Яғни «халал» деген атына қызығып, арыстанның аузына балаларымызды өзіміз салып беріп отырмағанымызға ешкім де кепіл емес...

Бейресми ақпарат көздеріне сүйенсек, елімізде діни 5-6 балабақша бар көрінеді. Бір анығы - мұндай жекеменшік халал ба­ла­бақшалар тиісті орындардан лицензия да алмайды екен. Ендеше, ертеңгі күні қолына қару алып, адам қанын жүктеуден тайынбайтын терроршылар лицензиясыз, халал балабақшалардың «жемісті өнімі» боп шықса, қайтпекпіз?!

Оңғар қажы ӨМІРБЕК, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы:

- Мұсылмандық білім беретін балабақ­ша­лардың ашылуы өте жақсы. Бар мәселе олардың қаншалықты дұрыс тәлім-тәрбие беруінде болып тұр. Сондықтан тиісті орын­­дар еліміздегі барлық балабақша­лар­ды бақылауға алып, білім беру стан­дарт­тарының қатаң сақталуын талап етуі керек.

Ғалия ҚАЙДАУЫЛҚЫЗЫ, ҚР білім беру ісінің үздігі, этнопедагог:

- Діни бағдарлама бойынша бала­бақшада білім алған балалар мектепке бар­ғанда мүлдем басқа ортаны көреді. Мек­тептегі білім беру жүйесі мүлдем басқаша. Ал бұл - бала санасына ауырлық түсіреді. Сондықтан балабақшадағы дінге тез арада қатаң тыйым салу қажет. Оның үстіне бүгінгідей қоғамымызды сан түрлі секта шырмаған заманда халал бала­бақшалар мүлдем қажет емес. Есесіне ұлт боламыз десек, ұлттық сипаттағы, яғни салт-дәстүріміздің аясындағы балабақ­ша­лардың санын арттырған жөн. Біз бала­ларымызға діни тәрбие бергеннен ұтылуы­мыз мүмкін, ал ұлтын сүюге баулудан ешқашан ұтылмаймыз. Қазақ ертегілері мен ұлттық музыканы құлағына сіңіріп, ұлттық тағамдармен тамақтанып өскен ұрпақтың ертеңгі күні ұлт ұстанымына лайық болары да сөзсіз. Сондай-ақ бала­бақ­ша мәселесі мемлекеттің өз құзырын­дағы іс болуға тиіс. Өйткені ел боламын деген ел ең алдымен ұрпақ мәселесін ал­дыңғы орынға қояды.

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2104
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2210
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625