Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2491 0 пікір 20 Шілде, 2011 сағат 06:01

Жүкел Хамайұлы. Жұмбақ жұлдыз (басы)

ақын Жұматай Жақыпбаев туралы ой-толғам

 

I.

«Алақанымның бедері өшпес сірә!»

Нямбуугийн Нямдорж

Асқақ шабыт, туа біткен табиғи талантымен 1960-70 жылдары шығыс өлең сөзінің жұлдызы болған Олжас, Мұқағали, Төлеген, Жұмекендердің ізін қуа, әдебиетке келгенімен солардың салған үлгілі ою-өрнегін қайталамай, өзіндік үнімен, бейне-бедерімен айқындалған, танылған санаулы ақындардың тобына Жұматай Жақыпбаев заңды түрде қосылмақ. Жалаң мақтау, ұрда-жық ұраннан бойын аулаққа салып, сазды әсер, сезім толғауын терең шеберлікпен игерген ақынның өзіндік қайталанбас қолтаңбасын қазақ әдебиетіндегі жаңа құбылыс деп айтуға болады. Көзі тірісінде небәрі үш жинағы ғана (том-том жинақ шығарған «ақын» атаулылар қаншама?!) жарық көріпті. Демек, осынау нағыз ақынды оқырманға дұрыс жеткізудің орнына, кезінде «ережелі оқулыққа» берілген белгілі зерттеушілеріміздің өзі мойындамай өткені өкінішті. Әрине, қазірдің өзінде қаншама мықты ақындар көпке танылмай тірі жүр?!...

ІІ.

«... Алты алашты аузына қаратқан көріпкел өлең қайда? Кім тонап алған? Неге жазбаймыз?»

Оралхан Бөкеев.

 

ақын Жұматай Жақыпбаев туралы ой-толғам

 

I.

«Алақанымның бедері өшпес сірә!»

Нямбуугийн Нямдорж

Асқақ шабыт, туа біткен табиғи талантымен 1960-70 жылдары шығыс өлең сөзінің жұлдызы болған Олжас, Мұқағали, Төлеген, Жұмекендердің ізін қуа, әдебиетке келгенімен солардың салған үлгілі ою-өрнегін қайталамай, өзіндік үнімен, бейне-бедерімен айқындалған, танылған санаулы ақындардың тобына Жұматай Жақыпбаев заңды түрде қосылмақ. Жалаң мақтау, ұрда-жық ұраннан бойын аулаққа салып, сазды әсер, сезім толғауын терең шеберлікпен игерген ақынның өзіндік қайталанбас қолтаңбасын қазақ әдебиетіндегі жаңа құбылыс деп айтуға болады. Көзі тірісінде небәрі үш жинағы ғана (том-том жинақ шығарған «ақын» атаулылар қаншама?!) жарық көріпті. Демек, осынау нағыз ақынды оқырманға дұрыс жеткізудің орнына, кезінде «ережелі оқулыққа» берілген белгілі зерттеушілеріміздің өзі мойындамай өткені өкінішті. Әрине, қазірдің өзінде қаншама мықты ақындар көпке танылмай тірі жүр?!...

ІІ.

«... Алты алашты аузына қаратқан көріпкел өлең қайда? Кім тонап алған? Неге жазбаймыз?»

Оралхан Бөкеев.

 

Тұлпар болар жүйріктің құлынында танылатыны іспетті, ақын болар дарынның да бала кезден қалыптасатындығы - заңдылық. Дәл солай таныла білген нағыз ақынды ескек сынның астына алып, әрбір аттаған ізін теріс көзбен қарап, сезім еркіндігін есерсоқтыққа теңегеніміз қандай надандық десеңізші. Бұған сол кезде қоғамды жайлап алған, әлі де қонған жұртының шоғы өше қоймаған ертедегі әсіре секемшіл, солақай саясаттың да кесірі тиген болар. Кейіннен шығыс десе араб, парсы жағына көз тігіп, алаң болатын теріс түсінік пайда болды. Ал шындығында, сол шығыстың төрінде ежелден өркениетті, дамыған көшпелі халықтың сан ғасырлар бойы дамыған өнерін қайда қоямыз?!. Жасырары жоқ, кешені қойып, бүгіннің өзінде өзімізді-өзіміз шеттетіп, шығыстан гөрі батыстың «асыранды баласы» сияқты сезінетінімізді қайтерсіз! Бұл буынсыз жерден пышақ салумен тең дүние. Себебі: көшпелілерді батысқа қанша телігенмен олар уызын емген шығысын ұмытпайды. Тек шығыстың тілі мен өнерінен, ой толғауы мен сезімінен алшақтап, будандануы мүмкін. Алайда буданның өзге мен өзіне тигізер зиян-кесірі бірдей екенін ұмытпаған абзал!!!

Өткеннің бәрін «ескілік» деп, сенім құдіреттілігін «нашақорлыққа» теңеп, ақылы адасқан кезде өмірге келіп, тірлік кешіп, қайғы жұтқан дарындыларды ойлағанда жаның түршігеді. Кеш болса да , соны түсінгеніміз неткен бақыт!..

 

III.

 

«Әр халық даналығымен теңеседі!»

Очирбатын Дашбалбар.

 

«Ер азаматы - атақ қуғыш, тақ құмар, қыз-келіншегі - дүние қуғыш, бақ құмар» келген керенау қоғамда дарындыларды - «ақылсыз», дарынсыздарды «ақылды» деп санадық (әлі де солай ма, қалай?!). Адамзаттың дүниетанымын тек қана «ұлы халықтың» ой-өрісімен бағалап келдік. «Ұлы халық», «кіші халық» деген ұғым санаға шеге болып қағылды. Күнделікті өмірдегі заң солай бола тұрғанымен, жоғарыда аты аталған ақындарымыздың қай-қайсысы да өзін-өзі «өлтіріп», жалған дарындылар тобына енуді ар-намыс санады. Алысты көздеген нағыз ойшылдар көз алдын емес, ертеңін ойлап, игілігін келер ұрпаққа арнайды. Мұны терең түсінген ақын Жұматай Жақыпбаев та өзін тудырған көшпелі халықтың шығыстан екенін пір тұтып, батыстың ілімімен ашқан сауатын шығыстың інжіл-маржан үлгісімен сабақтастыра білген. Соны сезінген жүрегін бабалардың намысының ұшқыны екендігін жадынан бір сәтке де шығармаған.

Жаман ел, жаман халық болмайды. Жаман пиғылды  жеке адам болуы мүмкін деген терең ұғымды - ақын Жұматай сезім шыңына көтерілудің алтын арқауы етті.

 

IV.

 

«... Түркі халқын жиып

Ел еткеніңді айттым...»

Күлтегін (кіші жазу)

«...ұйықтағандарын оятып, жатқандарын

тұрғызып жүрермін!»

Ырқ бітіг (тәпкірнама)

 

«Қазақтың бәрі сыйса деп аштым айқара,

Құшағым менің өрлігін жердің қайтала.

Торғайды атып, топырағына тигізген,

Беймергендердің берекесіздігін байқама!...»  деп аппақ көкірегін айқара ашып, әлем кеңістігіне бойлаған ақын:

«...Бағымдай ауыр басыма қонған жыға бар,

Тебінсем атты - темір бет жауым қуарар.

Атымның атын алдырып маған шақыртып,

Ныспымның даңқын намысым алға шығарар...

...Дарабозға бір жауды екі шаптырма,

Алты алаштың аруағы түгел қолдай гөр!»  деп, дарабоз Қабанбай батыр намысын сөз етіп:

«...Өткендей болды біржола мұңды әннің шағы,

Кіргендей болды мәулен бас шындардың сәні.

Орыстың ұлы Ордадан осында әкелген,

Шәйірді қайран қалдырды ғұндардың шалы!» - деп, көнелердің көріпкелдігін паш етіп, өткен дәуірлерді аралап жүрген ақын кенет:

«...Ішкі- сыртқы ерлігің жүрекке сын,

Селт етпесін, білсең де дір етпесін.

Ақсақ дедік біз Әмір-Темірді де,

Ол кеткесін... жүздеген жыл өткесін!..»  деп, мына бүгінгі дәуірге келіп, ұрпақтарының алауыздығына қайран қалып, өзіне жан серіктер іздеп:

«Мамыражай жақсы уақыт туды шын,

Қараталға, Керуленге, Ононға,

Қаза бермей бабамыздың қылмысын,

Жүр, інішек, күй тартайық онанда» деп, әуелі көшпенділер даласына ұлы бақыттың келе жатқанын күні бұрын аңғартып, саясатқа жонын тілгізіп, арнасына толмай қалған кіп-кішкентай Қаратал өзенін көк түріктен бері әлемге әйгілі  Керулен, Онон сияқты алып «ағаларына» апарып, табыстырады. Ақын жүрегіне сыйған дүниенің (өзеннің) тартылып, жоғалмайтындығын сездіреді. Кезінде Әмериканың ұлы ақыны Уолт Уйтмен Алтайды өлең еткендейін, Қаратал бойында жүрген қазақ ақынының сонау шетте жатқан Керулен, Ононды көкірегімен сезініп, өлең етуінде үлкен сыр бар. Ұлы теңіздер бастау бұлақтың түймедей көзінен нәр алып, кеңістікті иеленеді. Уақыт сынынан өткен соң терең ойдан туындаған ұғымның ақын жүрегіне қалыптасуы - оның көкірегінде күрделі тарихтың терең шындықтары жатқанын аңғартады. Қаратал өзенінің барар жері - тарих төрі, бабалар мекені. Ішкі жан-дүниесінің қалауын орындау шыдамы ақынның ой-өрісіне тікелей байланысты. Сәуле жылдамдығындағы сезім серпілісін тура тартқан сызықпен ғана көрсетуге болады. Бұл түсінік бойынша ақын Қаратал өзенін ғарыштық сезімнің жылдамдығын дәлелдеуші - түзу сызық ретінде қолданған. Көкірегіне уақыт пен алыстық, тартылыс пен жылдамдық, тереңдік пен нәзіктіктің осыншама байтақ өресін сыйдырып, ой кеңістігін игерген ақын өзін үзілуге айналған тарих пен ғасырларды жалғаған үлкен ақын екендігін дәлелдеген. Әрине, осылай үзілді-кесілді дәлел айтуға біздің қазақтың өзгені түйедей, өзін түймедей етіп сезінетін әсіре еліктегіш сезімі көтермейді де. Әйтсе де, бірден көз алдыңда айқындалып тұрған дүниені бүгін қанша жасырғанмен бәрібір келер ұрпақ тірнектеп жүріп тауып алары сөзсіз емес пе?

«Алыста не алыс, білімді мен наданның арасы алыс» деп Байдалы бидің айтқанындай білімділік жиегін шарлап, өз ортасынан алыстаған ақын сезімі сәуле жылдамдығын игеріп, ақыл-ойдың шырқау биігінен ғарыштық сезіммен:

«Бір ғажап сурет көрдім деп ертең мақтанам,

Бөтеннің жері бөлектеп маған сақтаған.

Ер Қыпшақ еділ Европадан да көрмеген,

Жалайыр Мұқылай таңғұттардан да таппаған...» дейді. Қараңыз, бүгінгі Жұматай мен XII ғасырда өмір сүрген Жалайырдың дарабоз ханы Мұқылай екеуінің арасында қанша алыстық жатыр?! Кеше мен бүгін, бүгін мен ертең деген сияқты ұғымды жойып, уақыт алыстығын жеңе білген ақын көкірегінде XII ғасыр мен XX ғасырдың арасында алыстық  жоқ. Мейлі, сіз 30, 40 ғасырларда да Жұматайды оқып көрсеңіз, бәрі бір сол күнгідей болып сезіледі. Бұл - аса дарынды, сезімтал ақындардың  ғана қол жеткізетін ұлылығы. Ал, өлеңнің астарында жасырын жатқан ғажайып өрнектер мен терең сырларымен жеке танысқан  орынды. Онсыз Жұматайды толық түсіну мүмкін емес. Өйткені, Жұматай қазақ ақындарының ішінен Мағжаннан соңғы шығыс толқынына терең бойлаған ақын. Сол себепті адамзат дүние танымындағы мәңгілік туралы ұғымдарды Жұматайдың шығармашылығынан іздестірген жөн. Дала перзенттерінің сезіміндегі бірден-бір ерекшелік - олар тарихтың қай кезеңінде де болсын, ой түйінін аспан кеңістігімен теңеп, әлемді түгелдей көкірегінде сыйдырып, аялай білген. Дәл осы тұрғыдан келгенде қазіргі біздің табынып жүрген батыстың ойшылдары күрмеуде қалады. Олардың, әсіресе Маркстан кейінгі түсініктері жеке бір таптық ұғыммен шектеледі. Бұл шектеулі ұғымның шеңберіне сайын даланы көктей өтіп, Ұлы Тәңірдің жебеуімен шындық шыңын көздеген көшпелілердің кеңістікке бойлаған ауқымды дүние танымын сыйғызу мүмкін емес. Бір ғана мысал: ұлы Шыңғыс қағанның тұсында көшпелі тайпалар бірінің тілін бірі ешқандай аудармашысыз түсініп, түпкі жауына бірге аттанып жүрген. Бұл олардың шыққан тегінің тым алыс еместігін аңғартпай ма? Балаң Шыңғысқа керейдің Тоғырыл хағаны: «Бұлғын ішігіңнің қаруына бүлінген еліңді бүтін етіп берейін...»-деп, айтқан сертінен танбай орындағанының өзінде үлкен мән болған шығар. Тарихта айқындалған бұл шындық соңғы үш ғасыр бойы ұрпақ жадынан күшпен аластатылды. Жаны дарынды Жұматай осы түп шындықты көздеп, аспан ұрпақ - Ғұндардың аруағына табынып, оның ұрпағын ұлы бірлікке шақыра білген. Заманға кенжелеп келгенімен өзін тозғынға ұшыраған түріктің - тұқымы, Шыңғыстың жаршысы екендігін толық сезінген.

(Жалғасы бар)

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588