Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 5680 0 пікір 20 Шілде, 2011 сағат 06:44

Нұрлыбай Қошаманұлы. «Жұмысшы табы» - күрескерліктің бастауы

Әдетте шетелдік монополистер азаттық алған елдерде экономикасының ең табысты салаларын - кен шығару, өңдеу өндірісін иеленеді. Сатып алу, пара беру жолымен билік тетіктеріне де мүдделес лоббистерін кіргізіп, көп жеңілдіктерге ие келісім-шарттарға қол жеткізеді. Қолдары жеткесін өз талаптарын зорлап ұсынып, бұл елдерді іштен қанай бастайды. Шетелдік монополистік қанаудың бірте-бірте мемлекеттік монополистік қанауға ұласуы «жұмысшы табын» және халықтың басқа да бөліктерінің наразылықтарын тудырады. Осыдан туындайтын елдегі көпті толғантқан жалпыұлттық дағдарыстар тереңдей келе, бұл әдетте қалың бұқараны белсенді қимылға, ашық қарсылықтарға баруға итермелейді. Монополисттердің зорлық-зомбылығы мен озбырлығы, жемқорлықпен былғанған жергілікті шенеуніктердің олармен сыбайластығы, өзгеге тәуелділік, экономикалық тапшылық пен тұрмыстағы мұқтаждық, еңбекшілердің әлеуметтік құқықсыздығы жұмысшы табы мен халықтың басқа жіктерін көшелерге шығарады. Өз құқықтарының сақталуын талап етіп олар жаппай ереуілге шығу сияқты тәсілдерге жиі-жиі барады. Осылай билеуші тап дәрменсіздігінен халқын қанаушы тапқа қарсы "арандатады".

Әдетте шетелдік монополистер азаттық алған елдерде экономикасының ең табысты салаларын - кен шығару, өңдеу өндірісін иеленеді. Сатып алу, пара беру жолымен билік тетіктеріне де мүдделес лоббистерін кіргізіп, көп жеңілдіктерге ие келісім-шарттарға қол жеткізеді. Қолдары жеткесін өз талаптарын зорлап ұсынып, бұл елдерді іштен қанай бастайды. Шетелдік монополистік қанаудың бірте-бірте мемлекеттік монополистік қанауға ұласуы «жұмысшы табын» және халықтың басқа да бөліктерінің наразылықтарын тудырады. Осыдан туындайтын елдегі көпті толғантқан жалпыұлттық дағдарыстар тереңдей келе, бұл әдетте қалың бұқараны белсенді қимылға, ашық қарсылықтарға баруға итермелейді. Монополисттердің зорлық-зомбылығы мен озбырлығы, жемқорлықпен былғанған жергілікті шенеуніктердің олармен сыбайластығы, өзгеге тәуелділік, экономикалық тапшылық пен тұрмыстағы мұқтаждық, еңбекшілердің әлеуметтік құқықсыздығы жұмысшы табы мен халықтың басқа жіктерін көшелерге шығарады. Өз құқықтарының сақталуын талап етіп олар жаппай ереуілге шығу сияқты тәсілдерге жиі-жиі барады. Осылай билеуші тап дәрменсіздігінен халқын қанаушы тапқа қарсы "арандатады".

Сөйтіп, қанушы мен қаналушының арасындағы таптық күресте жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық талаптарының белгілі бір шеңбері қалыптасады. Әділетсіздіктен титықтаған олар жалақыны өсіру туралы, еңбек жағдайларын жақсарту, жұмыс күнін нақтылау, демалыс және басқа да тиесілі әлеуметтік көмектердің уақытылы да толық төленуін, жұмысшы мүддесінің кәсіподақ тарапынан қорғалуын, демократиялық құндылықтардың сақталуын талап ете бастайды. Бұл заңдылық. Бұдан ешқандай да құбыжық жасаудың қажеті жоқ. Мұндайға олар шетелдіктермен ауыз жаласқан мемлекеттік монополистердің өктемдігін тежеу, өз құқықтарын қорғау мақсатында мәжбүрліктен барады.

Тарихтан белгілі өз кезегінде «жұмысшы табы» шетелдік және жергілікті монополистермен ымыраласқан билік партиясынан көрі (бізде ол Нұротандықтар), қашанда демократиялық оппозициялық ағымдардың төңірегіне топтасып отырған. Мұндай процестер әр елде әр түрлі жағдайда өрбіп, ала-құла өрбісе де жалпыдемократиялық және ұлт-азаттық қозғалыстардың кейбір ағымдарымен де бірлесіп жатады. Әлеуметтік-саяси қайшылықтардың ушығуы, монополистердің еңбекшілерді езуінің күшейуі кей жағдайда халықтың екінші бөлігі ауылдың мал баққан қарапайым «шаруалардың» да жұмысшы табымен бірігуіне алғышарттар жасайды. Олардың біріккен қимылдары да жалпы қанаушыларға қарсы бағытта жүреді. Қоғам тарапынан соңғы кезде жиі көтеріліп жатқан еліміздегі Қытай қанаушыларына байланысты мәселелер де осыған жатады.

Бір аумақта басталған жұмысшы табының әділетті наразылығы біртіндеп елдің басқа да өңірлерінде мүдделес жұмысшы табының қолдауына ие болып, олардың саны бұқаралық сипат алады. Себебі, қоғам дамуында жұмысшы табы әр кезде де еңбекшілер мен қаналушылардың алдыңғы қатарлы күрескері, гегомоны болып келді. Тарих талай рет дәлелдеген мұндай текетірес бүгінде Қазақ Мемлекетінде де көрініс бере бастады. Бұған бүгінде еліміздің әр түпкірінде әлеумметтік қанаушыларға қарсы болып жатырған Қаражамбас (Маңғыстау), Кенқияқ (Ақтөбе) мұнайшылары мен Хромтаудағы "Қазхром" АҚ жұмысшыларының әлеуметтік наразылықтары дәлел болады. Әлеуметтік наразылықтардың тууына нендей жағдайлар түрткі болады? Бір ғана мысал: "Общественная позиция" газетінде заңгер, "Маңғыстау - тағдыр" қоғамдық қозғалысының жетекшісі Қ.Бесінбергенұлы есімді азамат мындай дерек келтіреді. Ол: "Өткен 2010 жылы елімзде 80 миллион тонна үстінде мұнай шикізаты өндірілген. Енді осы көлемді мұнайдан түскен кірісті есептеп көрейік. Қазіргі кезде мұнайдың бағасы 95 доллар. Енді қараңыз, мұнайдың бір баррелі (150 литрі) орта есеппен 60 доллар деп алайық. Бір тонна мұнай 1400-1600 литр болады десек, яғни 1 тонна мұнайдың бағасы - 600 доллар. Ал 80 миллион тонна шикі мұнайдың құны 48 000 000 000 доллар болады екен. Бұл тек қана 2010 жылғы өндірілген мұнайдың құны. Егер елімізде өндірілген мұнайдың кем дегенде 30%-ы Маңғыстаудың еншісінде болса, өткен жылғы өндірілген 80 000 000 миллион тонна мұнайдың 30% қанша ақша болады? Баспасөзде жарияланған дерекке сүйенсек Маңғыстаудан өткен бір жылғы өндірілген мұнайдың құны 14 400 000 000 доллар болыпты. Әр түрлі мұнай шығындары мен салықты алып тастағанның өзінде (тіптен осы шығындардың 50 пайызы дегеннің өзінде) қалған миллиардтаған шығындар қайда кетті?" дейді. Бұл жай ғана қарапайым есеп.

Ал, біздің жағдайда бәрі керісінше. Қоғамдық теңсіздік, дәулеттілер мен қаналушы тап қарапайым халықтың арасындағы тұрмыс және табыс алшақтығы әбден тереңдеген. Жалдамалы еңбектің үстем тапқа кіріптарлығы ушығып тұр. Маңғыстау, Ақтөбе жұмысшылары жалақысын көтеруді талап етіп жатыр. Ал билік болса жұмысшыларға барлық тиесілі әлеуметтік жеңілдіктері мен жалақыларының уақытылы төленіп келе жатқанын, жұмысшылардың қазіргі таптарының орынсыз екенін желеу етуде. Жоқ, олай емес, жалақысымен қоса әлеуметтік көмектердің деңгейі де тағы көтерілуі тиіс. Маңғыстау мұнайының бір жылдық кірісі  14 400 000 000 доллар болса, неліктен жұмысшылардың табысы төмен болуы керек? Жоғары өндірісті мекеменің табысы қай кезде де жоғары болады, демек жұмысшылардың алар жалақысы да соған сәйкес жоғары болуы тиіс. Осындайдан кейін жұмысшылардың жалақысын 100%-ға дейін көтеру керек деген талабын заңнан тыс деп көр.

Осы жерде Маңғыстау мұнайшы - жұмысшыларының қанаушы тапқа қарсы соңғы жылдардағы жиілеген ереуілі оларды шешуші табыстарға жеткізіп те жүр. "Жұмысшы табы" өз күресінде жалғыз болған емес. Оған қоғамдық ұйымдар мен халықтың басқа да жіктері тілектес. Жұмысшы табы әркезде де өз жетекшілігін қанаушы тапқа қарсы, халық мүддесі жолындағы табанды күресі арқылы орнатады. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар жалпыдемократиялық-саяси реформалар жолында заң шеңберінде халық бұқарасының мүдделерін көздей отырып, мемлекеттің ішкі және сыртық саясатына қоғамдық дамудың жетекші күшінің бірі - жұмысшы табының  ықпалын күшейтуге араласуға тырысуы да заңдылық. Үстем тапқа қарсы күресте саяси ағымдар қашанда жұмысшы табының қанаушыларға қарсы күресте табиғи одақтастары. Бұл да ғылыми аксиома. Бұл мүдделестікті: "бірін-бірі айдап салушы арандатушылардың ісі" (билік өкілдерінің сөзі) деуге негіз жоқ. Солай бола тұра біздің билік жұмысшылардың мүддесін қорғаушы саяси партияларды арандатушыларға жатқызуын қояр емес. Қарапайым ауыл халқы да жұмысшы табының мұнай-газ саласындағы келісім - шарттарды қайта қарап,  өндіріс орындарын мемлекет меншігіне қайтаруды сұраған талаптарын қолдайды. Шаруалар да шетелдіктердің қазақтың өз байлығын өзіне бермек түгілі, кірісінен түскен тамшысынан да жалатпай отырғанын көріп отыр.

Біз бір нәрсені анық түсінуіміз керек. Маңғыстау (Қаражамбас), Ақтөбе (Кенқияқ), Атырау, Батыс Қазақстан жұмысшыларының көздегені: қанаудың барлық түрінен, соның ішінде шетелдіктердің саяси - экономикалық басыбайлығынан құтылу. Мәселен, Қытай, АҚШ секілді державалар Қазақстанды тәуелсіздігін кеше ғана алған отар елдердің бірі ретінде әлеуметтік азаттыққа апаратын жолға түскенін қаламайды. Шетелдіктер әр кезде де отар елдерге кіргенде оның байлығына өз үстемдігін ұзағынан сақтап қалу үшін өкіметтегі өз сыбайластарын параға сатып алуды мейлінше пайдаланып, бірте-бірте сол елдің экономикалық және саяси жағдайына бақылауды өз қолдарына алуды көздейді. Осындай мақсатпен енген Қытай мен басқа да шетелдік трансұлттық корпорациялар бүгінде бізді бағынышты етіп ұстау үшін өздерінің бет-бейнесін бүркемелеген отаршылдықтың жаңа жүйесін енгізіп жатыр. Бұл экономикалық бұғау қазірдің өзінде қазақ елін қылғындыра бастады. Қауіпті сезінген қазақтың "жұмысшы табы" бұған жауап ретінде қазірдің өзінде барлық жерде ереуілдерге шығуда. Қанаушы тапқа қарсы көтерілген ереуілші жұмысшылардың азаттықтан туындаған табиғатын түсінбеу, оларға қуғын жасау тек қана шетелдіктердің пайдасына жұмыс жасайтынын, құқық қорғау органдары оларды жазалау шараларын тоқтату керек.

Осы орайда қазіргі қазақстандық "жұмысшы табымен" бірлесе қимылдап жүрген саяси партиялардың (ЖСДП "Азат", Коммунистер, Конституцияны қорғайық" комитеті т.б) көздегені де осыған саяды. Шетелдік монополистер (қытайлықтар т.б) Қазақстанды шикізаттың қоймасы, капиталын үстемелу және өнімін тиімді өткізудің нарығы, шектен тыс пайданың көзі деп қарайды. "Еліміздің экономикалық азаттығы басты міндет" - деп есептейтін демократтар, әрбір азаматы жұмысшылардың ереуілін бодандыққа қайта түскелі тұрған "мемлекеттік дербестігімізді" сақтап қалудан туындаған күрес қадамын қолдаулары керек. Билік елімізде жұмысшылар қозғалысының әлеуметтік кең коалицияға айналуынан, оған халықтың басқа бөліктерінің: шаруалардың, орта кәсіпкерлер мен демократияшыл зиялы қауым өкілдерінің қосылуынан қорқады. Осы бағытта 28.05.2011 күні Алматыда бірнеше саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың бастамасымен көп жайды ашып айтқан митингі өтті. Оппозициялық демократиялық қозғалыстар жұмысшылармен мүдделестігін білдіріп, мұнай-газ саласындағы Қытайға өтіп кеткен активтерді, басқа да елдегі стратегиялық нысандарды мемлекеттің меншігіне сатып алу қажеттігін мәлімдеді. Бұл орындалмайтын нәрсе емес. Орындалатын және байлығын қайтаруда әлемдік мемлекеттер тәжірибесінде бар нәрсе. Бұлай жасауға Қазақстанның байлығы да (іштегі және сырттағы көлеңкелі бизнестегі табысты қосқанда), мүмкіншілігі де жетеді. Осыны айтып жүрген партиялар ешқандай да арандатушылар емес. Керісінше, халқын қанауды тереңдетіп, іштегі әлеуметтік, саяси ахуалды монополистермен қосыла ушықтырып отырған қазақстандық биліктің ісі мен мәселеден сырт қалып жүрген Нұротандықтар болып отыр.

Оппозицияның мақсаты - халықты шектен тыс қанаушы, іштегі әлеуметтік, қоғамдық қатынастарды ушықтырушы  себептердің бірі болып отырған шетелдіктерді саяси және экономикалық тірлігімізге ықпал ететін маңызды тетіктерін айыру, ұлттық өнеркәсіпті дамытуды қолға алып, демократиялық құқықтарымызды қорғау, сыртқы саясатта антиколлониялдық бағыт ұстану ғана. Біз, өз халқын өзгеге кіріптар етіп, айтақырға отырғызатын билікпен емес, әр кезде де мемлекетіміздің "шынайы тәуелсіздігі мен азаттығы" жолында жүретін оның жетекші күші "жұмысшы табымен" біргеміз! Халық қашанда тек қана демократиялық саяси реформаларды ту еткен жұмысшы табының соңынан ерген. Қазақстан мұнайшылары мен кеншілерін біз де қолдаймыз. Екі жақта қанау жойылсын! Көтер басты, жина есті, Оян Қазақ!

Нұрлыбай Қошаманұлы,

Ақтөбе қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598