Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3816 0 пікір 1 Тамыз, 2011 сағат 07:38

Табиғат Абайділдаев. Құландағы елдің қорқынышы - аурухана

Журналист болған соң, әр алуан мәселе алдыңнан шығып жатады. Бір күні маған құландық Айжан Рысбековадан шағым хат келіп түсті. Хатты ақтарыстыра қалып едім, ішкі мазмұны тың фактілерге толы екен.

Хаттың мазмұны былай басталады: «Менің қызым Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылының тұрғыны Лаура Мамадиярова 32 апталық жүкті кезінде (7.04.2010 жылы) сағат тілі күндізгі он бірге таяғанда кенет іші ауырып, ауылдағы медпунктке барады. Онда мейірбике Г.Исаева бәлендей дәнеңе жоқ, жәй ғана «угроза» деп но-шпа, папаверин дәрілерін егіп, кері үйіне қайтарып жібереді. Қызым үйіне келген соң ішінен қан кеткен. Сол екі арада мейірбике қызымның үйіне қоңырау шалып, жағдай сұрайды. Лаура қан кетіп жатқанын айтады. Осы кезде мейірбике өзінде не жедел жәрдем көлігінің, не дәрінің жоқ екенін айтып, орталық болып саналатын Ақбұлақ ауылындағы амбулаторияға хабарласып, акушерка Р.Досходжаеваға мән-жайды баян етеді. Акушерка мен мейірбике ақылдасып, мейірбике көлік іздеп жүргенде менің күйеу балам ауылға келе жатады.

Журналист болған соң, әр алуан мәселе алдыңнан шығып жатады. Бір күні маған құландық Айжан Рысбековадан шағым хат келіп түсті. Хатты ақтарыстыра қалып едім, ішкі мазмұны тың фактілерге толы екен.

Хаттың мазмұны былай басталады: «Менің қызым Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылының тұрғыны Лаура Мамадиярова 32 апталық жүкті кезінде (7.04.2010 жылы) сағат тілі күндізгі он бірге таяғанда кенет іші ауырып, ауылдағы медпунктке барады. Онда мейірбике Г.Исаева бәлендей дәнеңе жоқ, жәй ғана «угроза» деп но-шпа, папаверин дәрілерін егіп, кері үйіне қайтарып жібереді. Қызым үйіне келген соң ішінен қан кеткен. Сол екі арада мейірбике қызымның үйіне қоңырау шалып, жағдай сұрайды. Лаура қан кетіп жатқанын айтады. Осы кезде мейірбике өзінде не жедел жәрдем көлігінің, не дәрінің жоқ екенін айтып, орталық болып саналатын Ақбұлақ ауылындағы амбулаторияға хабарласып, акушерка Р.Досходжаеваға мән-жайды баян етеді. Акушерка мен мейірбике ақылдасып, мейірбике көлік іздеп жүргенде менің күйеу балам ауылға келе жатады.

Сол кезде Исаева күйеу баламды тоқтатып алып, Лаурадан қан кетіп жатқанын айтады. Сол аралықта олар үйге келіп, Асхат (күйеу балам) келіншегін және 1 жас тоғыз айлық немеремді киіндіріп, алып шығады. Сол мезетте мейірбике көліктен де түспеген. Қызым немеремді өзінің алдына алып отырған. Қысқасы, бір кезде үлкен қызым хабарласып: «Мама, Лаураға ота жасап жатыр, аудандық ауруханаға жет» дейді. Мен алып-ұшып ауруханаға жетсем, сағат үш жарымда қызыма «кесерева» жасап қойыпты. Сол жерде Г.Исаева жылап отыр екен. «Неге жылайсың?» деп едім, жоғарыдағы жайтты хабарлап, немеремнен айрылғанымды «естіртті».  «Қой, болар іс болды, енді неге жылайсың?» десем, ол жайдан жай емес арада төрт сағат уақытты өткізіп алғанына опынып жылап отыр екен. Сонда деймін, Г.Исаева Р.Досходжаеваға хабарласты, ол өз кезегінде аға дәрігер А.Құдайбердинге неге дабыл қағып, тиісті шараларды қабылдап, жедел жәрдем көлігімен неге аудандық ауруханаға жеткізбеді? Егер олар осылай еткенде түптің түбінде қызымды аман алып қалуға болушы еді...  А.Құдайбердин аға дәрігер болып тұрған кезінде Үкіметтің көлігімен өзінің жеке малын тасығанын жақсы білеміз. Тіпті, суретке де түсіріп алғанмын. Осылардың салғырттығының «арқасында», менің қызым қайтыс болды. Құдайбердин жеке шаруасымен шұғылданбай, дер кезінде қызымды ауруханаға жеткізгенде бәрі басқаша болар еді».

Хаттың мазмұны осылайша өрбіп отырады. Біз түсінген бір жайт, егер гинеколог Г.Момынжанова сауаттылық танытып,  Л.Мамадиярованың жатырын алып тастағанда Лаура Мамадиярованың өмірін сақтап қалуға болатын екен. Бұл осы іс бойынша жүргізілген сараптамада да көрсетілген. Сараптаманың нақты қандай мақсатта жүргізілгенін түсініп болмайсың, біресе орыс тілінде, біресе қазақ тілінде жазылған. Сонда қалай? Құрығанда екі тілдегі нұсқасы да болуы керек емес  пе? Сондай-ақ, сараптаманың бір тұсында қаладағы нөмірі екінші ауруханаға жеткенде Л.Мамадиярованың жағдайы мүшкіл еді делінеді. Демек, шын мәнісінде де жас ананың өмірін сақтап қалу мүмкіншілігі Құлан ауылында болғанын аңдау қиынға соқпайды. Сондай мүмкіндік бола тұра біліксіздікке барған қызметкерлердің кәсіпқойлығына қандай баға беруге болады? Г.Момынжанова бар мүмкіндікті дұрыс бағамдай алмаған ба? Шағым хаттың ішінде не айтылмайды. Нақты фактілер де жетіп артылады. Айталық, бұл іс сот процесінде жалғасын тауып, аудандық соттың төрайымы Ж.Бекеева, тек қана мейірбике Г.Исаеваға ғана қатаң шара қолданып, қалған азаматшаларды кінәсіз деп табуына не түрткі болды екен? Сонда сараптамадағы дәйектер өзгелерді кінәлі деп табуға мүмкіншілік бермегені ме? Сондай-ақ, Айжан Рысбекованың шағымына берілген аудандық прокуратураның жауабынан үзінді келтірейік:

«Сіздің Г.Исаеваның ҚР ҚК-нің 114 бабының 4 бөлігімен сотталған қылмыстық ісі бойынша шығарылған сот үкіміне дәрігерлер А.Худайбердин, Р.Досхожаева, Г.Момынжанова, Н.Маженовтардың үстінен іс қозғау үшін бұзып, істі қайта тергеуге жолдауды сұраған арызыңыз аудандық прокуратурамен қаралды.

Г.Исаеваға қатысты қылмыстық іс сотпен 04.04.2011 жылы қаралып, сот үкімімен Исаева Гульмира Турекуловна ҚР Қылмыстық Кодексінің 114 бабының 4-бөлігімен айыпты деп танылып, аталған баппен 2 жылға бас бостандығынан айырылып, 3 жылға белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, оған ҚР ҚК-нің 63-бабын қолданып, шартты жаза тағайындап, 2 жыл сынақ мерзімі белгіленген.

Жамбыл облыстық сотының апелляциялық алқасымен Сіздің сотталушы Г.Т.Исаеваның ҚР Қылмыстық Кодексінің 14 бабының 4-бөлігімен сотта болған ісі бойынша сот үкіміне жазған апелляциялық шағымыңыз 16.05. 2011жылы қаралып, сот үкімі бұзылмай, өзгертілусіз күшінде қалдырылды»

Құметті оқырман, сіз бұл жерден не түсіндіңіз? Иә, шұбалаңқы, грамматикалық қателіктерге толы сөйлемдерді былай қойғанда, прокуратура қызметкерлерінің біресе «114 бабының 4 бөлігімен» деп, біресе «14 бабының 4-бөлігімен» деуі сасқан үйрек ... дегенді есіңізге салмай ма? Бұл қалай өзі, біздің құқығымызды қорғайды деп жүрген заң органының сауаттылығының осы болғаны ма? Бұдан арғысын айтпай-ақ қоялық...

Құдай-ау, шағымданушы не айтпады. Сот процесінің ресми тілде яғни, орыс тілінде жүргізілгені, ол тілді шағымданушының түсінбейтіні, оны оның қорғаушысы мен өзге де азаматтардың алдап соққаны, азамат Құдайбердиннің араға адамдарды салғаны, бәрі-бәрі тайға таңба басқандай айтылады. Біз журналистик этиканы сақтай отырып, бұл мәселелерге толыққанды тоқтағанды жөн деп ұйғармадық (оның үстіне Құдайбердиннің «шені» төмендетілген). Сондай-ақ, кейуананың аурухана палатасында жатып, қызын күзеткені бәрі-бәрі дәрігерлер Момынжанова мен Нәженовтердің «минустары» ашық жазылған.  Әрине, мұның бәрін толықтай жазу үшін бір газет арнау керек болады.

Ал, әсілінде, сараптаманың негізі бола тұра екі-үш мәрте аудандық соттың төрайымы Ж. Бекееваның өз шешімін өзгертпей қалдыруына қандай себеп түрткі болды екен? Ашынған кейуананың шағымданбаған жері қалмапты. Оның бар үміті шыңыраудағы шындыққа жетіп, лайықты жазаланбағандар өздеріне тиесілі деңгейде айыпталғанын қалайды. Тіпті, «болар іс болды» деп қоя салар едім, бұлардың мені әбден мазаққа айналдырғаны, қызымның жанын алғаны менің жүйкеме тиді» - дейді ашынған ана. Біз Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылындағы Р.Медеулов көшесіндегі А.Рысбекованың жеке үйіне барғанымызда, Лаураның ұлын көрдік. Есікке ентелеген сәбиге «Мама, апа қайда деп едім: бейкүнә сәби: «мама, аууууу» деп көкжиекті көрсетті...

Бүгінде аудандық автобекетте жемісті қызмет атқарып келген Айжан Рысбекова отбасылық жағдайға байланысты үш жасар немересін бағып-қағу үшін жұмыстан да шығып, бейкүнә немересін елден кем қылмауға жанталасып бағуда. Ал, «Әділ сот болса, ала-құла шешім шығарудан танар емес»,- дейді Айжан Рысбекова.

P.S.

Біз шағымданушы Айжан Рысбекованың үйінде болғанда шындықты іздеген ана Астанаға барып келіпті. Астанада тиісті қабылдау бөлімінде болған кейуана олардың арнайы тексеру жіберетінін де айтып қалды. «Мен мұнда барлық тиісті органдарға шағымданып, шындықтың түбіне жете алмадым, тіпті, өзімді мазақ қылды, жауаптары екіұшты, қорғаушым да нәпақасын алып, мені сатып кетті. Прокуратураның тірлігі - анау. Әділ үкім шығаратын сотыңыздан да қайран болмай тұр. Соңғы үмітім Ақордада», дейді ашынған ана.

Шынын    айту  керек, соңғы    жылдары Тұрар Рысқұлов ауданында ана мен бала өлімінің саны күрт артып кетті.  Мұны   әкімшілік жиналыстарында да естіп, мәселеге әбден қаныққанбыз. Лаура Мамадиярованың оқыстан қайтыс болуы да жоғарыдағы сөзімізге нақты дәлел бола алады. Біз бұл мақаланы жазу барысында біраз дәйектерді, шағымхаттағы дүниелерді пайдаланған жоқпыз. Бірақ, бір анығы, дәрігерлердің тірлігінде кілтипан бар екені рас. Әйтпесе, Құланда ана мен бала өлімі жыл өткен сайын өршіп, өткір мәселе аудандық, облыстық деңгейде талқыланбас еді ғой. Біз бұл мәселені алдағы уақытта да өз бақылауымызда ұстайтын боламыз. Әзірге осы...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052