Жанкелді Шымшықов. Кедендік одақтың шындығы
Ресей Федерациясы, Беларусь және Қазақстан Республикасының Кедендік Одағы мен болашақ Біртұтас экономикалық Кеңістігінің қабыл алуға болмайтын теріс жақтары:
1. Миллиондаған адамдардың тағдыры шешілетін, орасан зор саяси, экономикалық әлеуметтік маңызы бар, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін анықтайтын, сайып келгенде бүкіл халықтың, қазақ ұлты мен оның мемлекеттілігінің келешегін шешетін мәселенің жалпы халықтық талқылауға (референдумға) салынбай, ат төбеліндей биліктегі топтың ат-үсті келістіре салуы - өркениеттілік пен адами ұстанымдарды аяқ асты ету деп бағалауға болады.
2.Кедендік Одақтың (РФ, БР, ҚР) Қазақстан экономикасына, Біртұтас экономикалық Кеңістік оның қаржы және саяси жүйесіне қаншалықты пайдалы және қаншалықты зиянды екеніне жан-жақты ғылыми, қоғамдық, тэуелсіз сараптама жүргізіліп, оның әлеуметтік, экономикалық, қаржылық және саяси салдарына баға беріліп, оң мен солы жарияланып, қатардағы азаматтар түгілі ғалымдар мен мамандар пікірі есепке алынған жоқ.
Ресей Федерациясы, Беларусь және Қазақстан Республикасының Кедендік Одағы мен болашақ Біртұтас экономикалық Кеңістігінің қабыл алуға болмайтын теріс жақтары:
1. Миллиондаған адамдардың тағдыры шешілетін, орасан зор саяси, экономикалық әлеуметтік маңызы бар, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін анықтайтын, сайып келгенде бүкіл халықтың, қазақ ұлты мен оның мемлекеттілігінің келешегін шешетін мәселенің жалпы халықтық талқылауға (референдумға) салынбай, ат төбеліндей биліктегі топтың ат-үсті келістіре салуы - өркениеттілік пен адами ұстанымдарды аяқ асты ету деп бағалауға болады.
2.Кедендік Одақтың (РФ, БР, ҚР) Қазақстан экономикасына, Біртұтас экономикалық Кеңістік оның қаржы және саяси жүйесіне қаншалықты пайдалы және қаншалықты зиянды екеніне жан-жақты ғылыми, қоғамдық, тэуелсіз сараптама жүргізіліп, оның әлеуметтік, экономикалық, қаржылық және саяси салдарына баға беріліп, оң мен солы жарияланып, қатардағы азаматтар түгілі ғалымдар мен мамандар пікірі есепке алынған жоқ.
3. Кедендік Одақты (РФ, БР, ҚР) үш ай ішінде қауырт құрып жария еткенде дүние жүзінде әр кезеңде, әр деңгейде қүрылып әрекет етіп жатқан халықаралық интеграциялық (экономикалық одақтың (60-тан астам) )
құрылу, қалыптастыру және даму тәжірибесі есепке алынған жоқ. Мысалы, Европа Одағы құрылуы мен бүгінгі деңгейге жетуіне 60 жыл қажет болды.
Мәселен, 1951-57 жылдары алғашқы дайындық сатысында Еуропаның көмір мен болат бірлестігі қүрылып, көмір мен болаттың жалпы рыногі іске асырылды.
1958-1966 жылдары екінші сатысында Еркін сауда аймағы (ЕСА) құ-рылып, Еуропа қауымдастық ішінде ЕСА-да кедендік төлемдер жойылып, үшінші елдермен бірдей кедендік тариф енгізіп, бірдей аграрлық саясат жүзеге асырылатын болды.
1968-1986 жылдары үшінші сатыда Кедендік Одақ қүрылып, ҒЗЖ-ғылыми зерттеу жүмыстары, технологиялық даму мен қоршаған ортаны қорғау саласында бірегей саясат енгізілді. Сонымен қатар валюта қаржы саласында интеграция басталып, ЭКЮ бірегей есептік бірлік енгізілді.
1987-1992 жылдары төртінші сатысында Жалпы рынок қүрылып, мүше елдер арасында капитал мен жүмыс күшінің еркін қозғалысы, бөлімшелер құру еркіндігі, қызметтер саудасының еркіндігі, басқаша айтсақ 4 еркіндік (тауар, қызмет, капитал, жұмыс күші) жүзеге асып энергетика, көлік, әлеуметтік және аймақтық дамуда бірегей саясат енгізілді.
1993 жылдан бесінші сатысында Экономикалық Еуропалық Одақ қалыптасып, экономика мен саясатта интеграция күшейіп, валюта мен ақша несие саясатының біртұтас орталығы қүрылып, 1999 жылдың қаңтарынан есептеуге қажет еуро, ал 2003 жылдан қолма қол ақша еуро енгізіліп, Еуропалық Валюталық Одақ құрылды.
Бүл үрдіс Еуропа интеграциясында келесі сатыда Біртұтас Еуропа конституциясын қабылдауға және саяси одақ құруға апаруы ықтимал. Бұдан жасалатын қорытынды «асықпаған арбамен қоянға жетеді». Осындай байыпты интеграциялық саясатты ұстанып отырғандардың қатарына Еуропалық Одақтан басқа НАФТА-ны ( солтүстік американың еркін еркін сауда аймағы, 1988ж.), АСЕАН-ды (Оңтүстік Шығыс Азия елдерінінің қауымдастығы, 1967ж.), ЛАИ-ды (латын америкалық интергациялық қауымдастығы, 1960ж.) және т.б. жатқызуға болады.
4. Ғылыми тұрғыдан экономикалық интергацияны анықтасақ, онда ол халықаралық еңбек бөлісі негізінде екі немесе одан да көп үлттық мемлекеттердің бірігу үдерісі және өзара тұрақты өндірістік экономикалық байланыстардың қалыптасуы. Бұл түрғыдан алғанда Ресей де, Қазақстан да өте ұқсас экономикалық құрылым қалыптасқан, негізінен, бірдей шикізат өндірісіне тәуелді елдер (мұнай, газ, метал, бидай т.б.). Сөйтіп экономикалық тиімділікке апаратын әртүрлі еңбек бөлінісіне сай ерекше мамандандырылып, айырықша өнім өндіріп, абсолютті немесе салыстырмалы өндірістік артықшылықтары алшақ, экономикалары өзара алмасу арқылы зор пайдалылыққа қол жеткізетін мемлекеттер (РФ, ҚР) емес, керісінше, олар көп ретте бәсекелестер. Әсіресе, шикізат өндірілетін салаларда ( уран, алтын, мүлай, газ, қара металл, түрлі түсті металл, ауыл шаруашылық өнімдері т.б.).
Ендеше, объективтік экономикалық заңдылық тұрғысынан келгенде Кедендік Одақ көлемінде екі елдің экономикасында бәсекелестік бәсеңсиді, Ресейлік салалық монополизм орын алды. Қысқа мерзімде Ресей экономикасы пайдаға шығары сөзсіз, өйткені оның шикізат саласының бәсекеге қабілеттілігі ҚР экономикасынан жоғары. Алайда ұзақ мерзім кезінде екі елдің де бәсекенің тежелуінен экономикасы зардап шегіп, даму карқыны төмендеп, тиімділігі азаяды.
5. Кеңестер Одағы ыдырап, тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылғалы 20-жылға жуық уақыт өткенде РФ мен ҚР экономикаларында қүрылымдық жағынан алғанда пәлендей оң өзгерістер болған жоқ. Керісінше, екі ел де экономикалық қүрылымдық шегініс жасап, шикізат тәуелділігін тереңдете түсті. Мәселен, Қазақстан Республикасында 1990 жылы Жалпы Ішкі Өнімнің құрамында өнеркәсіптің үлесі 17%, мұнай-газ - 4%, ауыл шаруашылығы-38% болса, қазіргі деректерге сүйенсек өнеркәсіп- 7%, ауыл шаруашылығы- 8%, ал мұнай-газ - 63% болғанын мойындау керек. Әрине, Беларусь экономикасының түтастығын сақтап қалды. Алайда олар да жаңа инновациялық технологияларды игеріп, оның негізінде жаңа индустриялық экономика қүра алған жоқ. Ендеше кедендік одақ бүрынғы ескі Кеңестік Одақтың тиімсіз экономикасының шала жансар сүлбасы ғана болары хақ.
6. Қазақстанда жүргізілген жекешелендіру салдарынан шет ел капиталына тэуелділік қалыптасты. Мысалы 2008 жылы тау-кен өнеркәсібінде 1871 кәсіпорын әрекет етсе, оның 146-сы шет ел кәсіпорындары, 1722 жеке, тек қана 3 мемлекеттік кәсіпорын, оның өзінде 2-шағын, 1 -орта, бір-де бір ірі кәсіпорын жоқ. Өңдеу өнеркәсібінде 20 233 кәсіпорын бар. Мемлекеттік кәсіпорындардың үзын саны 290 немесе бар жоғы 1%-дан сәл жоғары, оның тек 4 -еуі ғана ірі кәсіпорын.
Қазақстандағы барлық кэсіпорындар ішіндегі мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындардың үлесі 11%-ға жуық өнеркэсіптік өндіріс қүрылымындағы мемлекет үлесі 1%-дан төмен, ал шет елдік кэсіпорындардың өнеркәсіптік өндірістегі үлесі 25%-ға жақындаған.
Егер шет ел капиталының араласуымен қүрылған қүқықтық жағынан мемлекеттік емес меншікті назарға алсақ, онда шет ел меншігінің үлесі 43%-дан асып жығылады. Мұндай жағдайда кедендік одақтағы Қазақстан билігі экономикаға пәрменді әсер ете алмайтыны белгілі. Мысалы, Еуропа қауымдастығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың жаңадан жасалған құнға үлесі 12,5%, негізгі қорларға салынған күрделі қаржылардың 20% жуығы жатады. Мемлекет дефолт жағдайында. Сыртқы қарызы -$111 млрд. Бұл елдің Жалпы Ішкі Өніміне тең. Дүниеге келген әрбір Қазақстан азаматының шетелдің алдындағы қарызы $7,5 мың. Мұның бәрі «Қазақмыс», Еуразия тобы, «Митталстиль» сияқты олигархиялық топтардың 15 жыл бойы бюджетке төлем төлемеуінен, экономиканың 20%-ын құрайтын мұнай саласынан $78 млрд-тың бюджетке түспеуінен және ел экономикасын шетелдік компаниялардың басқаруынан туындап отыр.
Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының Үкметі РФ немесе Беларусь сияқты Кедендік Одақтың экономикалық сұрақтарын шешу барысында басымдылық таныта алмайды, өиткені экономикадағы Қазақстан мемлекетінің үлесі мүлдем мардымсыз.
7. Кедендік Одақ (РФ, БР, ҚР) тең одақтастар бірлестігі емес. Одақ болғаннан кейін тең қү-қылы, тең қабырғалы, бірдей дауыс мөлшері, бар мүшелер бірігуі керек еді. КО-ның комиссиясын алсақ, мүнда Ресейдің дауыс үлесі 57%, ал Бр мен ҚР 21,5 дауыстан бөліскен, өзінен он есе үлкен елмен тең қабырғалы одақ құрылмайтынын 70 жылдың тәжірибесі көрсетті. Бүл жерде түсініксіз мәселе Беларусияда 2010 жылы 9,5 млн адам мекен етсе, Қазақстанда 16,5 млн. адам тұрғын бар. ҚР тұрғын саны БР-нан 1,8 есе артық жалпы ішкі өнім көлемі 2 еседен астам көп болса да, дауыс мөлшері бірдей. Жарайды, бүл аса маңызды емес делік, ал Ресейдің КО комиссиясында 57% дауыспен екі елдің қосылып қарсы шықса да (57% > 43%) басымдылық танытып, өз мүддесін жүзеге асыратыны айдан анық. Бұндай бірлестікті кім одақ деп айта алады? Логикалық тұрғыдан келгенде мұндай дауыс арасалмағы БР мен ҚР-дің Ресей Федерациясына бодандыққа кіргенін айқын көрсетіп тұр. Айналысқа түсетін товарлар мен қызметтердің жалпы тарифтерінің 90% Ресей тарифтерінің деңгейіне келтірілуге тиісті.
Сәуір айында (Каз.правда, 2 сәуір 2010ж.) Қазақстан тауарлар тарифтерінің 47,7% Ресей тарифтері деңгейіне келтірілді. Сырттан келетін тауарларға біздің кедендік салықтар мен төлемдер Ресей Федерациясында орташа есеппен алғанда тауар қүнының 10%- 16% құраса, бізде - 5%- 6% деңгейінде. Егер бүкіл импорттық тарифтерді Ресей деңгейіне көтерсек, бұл РФ мен БР басқа шет елден келетін импорт тауарларының бағасы кем дегенде 5% -10% ға көтерілетінін көрсетіп тұр.
Әрине, бүл қысқа мерзімде үкіметтің малақайын аспанға атып қуанған 61 млрд. теңге түсімін беруі мүмкін. Алайда ұзақ мерзімде көптеген озық елдердің сапалы өнімі импортқа келуден қалып, Қазақстан тұтынушылар РФ мен БР ескірген технологияларының сапасыз өніміне телміріп қалары сөзсіз. Ендеше Кедендік Одақтың қарапайым тұтынушыға берері қымбатшылық пен сапасыздық.
8. Қазақстан Республикасында ашық экономика қүрылды. Оған дәлел жалпы ішкі өніммен сыртқы экономикалық айналым көлемінің арасалмағы, бірдей, ал кей жылдары сыртқы экономикалық айналым көлемі ЖІӨ - 18,3 млрд. $ қүраса, сыртқы экономикалық айналым көлемі 19,31 млрд. $ (экспорт 10,34 млрд. $, импорт 8,97 млрд. $,) болды. Ал 2008 жылы сыртқы экономикалық айналым көлемі 124,9 млрд. $ (экспорт 76,35млрд. $, импорт-48,55 млрд. $) ЖІӨ көлеміне пара-пар. Бүл біздің экономикамыз үшін Кедендік саясаттың, сыртқы саудалық, монетарлық және тарифтік реттеуші тетіктердің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Экономиканы реттеудегі осы аспаптар мен тұтқаларды РФ -ға өз еркімізбен беруіміз экономикалық қауіпсіздік пен тәуелсіздікке нұқсан келтірері сөзсіз.
Экспортқа шығаратын Қазақстан өндірісінің 300 тарта тауары болса, олардың 200 атауының жалпы түсімі 10 млн. $ ға да жетпейді. Тек 10 түрлі тауар миллиард $ дан астам түсім берсе, тек жалғыз экспорттағы 45,51 млрд $ түсім түсіретін тауар мүнай болып табылады. Сөйтіп, бүкіл экспорттың 61% мүнай мен газ қүрайды. Сондықтан Кедендік Одаққа кіргенде Ресей Федерациясына тәуелділік арта түсері және бәсекеге қабілеттілігі кеми түсуі әбден анық.
9. Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының өндірістік мүмкіндіктері өңдеу өнеркәсібінде Қазақстанмен салыстырғанда анағүрлым жоғары. Әсіресе, шағын және орта бизнеске келсек, Қазақстандық шағын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі төмен. Сондықтан Кедендік Одақ онсыз да тұралап көтеріле алмай жатқан Қазақстандық шағын, орта бизнеске қосымша соққы берері созсіз.
10. РФ ның ауыл шаруашылығы, әсіресе егін шаруашылығы Қазақстан экономикасына бәсекелес екені сөзсіз. Сондықтан кедендік, тарифтік аспаптарды Ресей өз қолында ұстап, қолдана отырып Қазақстанның бәсекелес ауыл шаруашылығына ойсырата соққы берері хақ. Мәселен, ет өнімдеріне келсек. Малды міндетті түрде бойняларда союды ереже түлып, дәстүрлеп сойылған мал етіне тосқауыл қою арқылы, елдегі ет өнімінің бағасы 10% жоғарлағанын тілге тиек етсек те болады.
Сонымен қорыта келсек, Кедендік Одақ (РФ, БР, ҚР) жан-жақты ойластырылып, көпшіліктің, ғылыми сарапшылардың бағасын алған ұйым емес. Оның оң әсерінен саяси, экономикалық, қаржылық, менеджменттік зардаптары асып түседі.
2010 жылғы 20 желтоқсанда Мұхтар Шаханов ағамыздың тапсырмасымен орындалған.
Орындаушы: э.ғ.к., профессор Жанкелді Ерденұлы Шымшықов.