Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
2227 0 пікір 8 Қазан, 2019 сағат 21:22

Қызылордадағы инновациялық 28 жоба. Ол қандай жоба?

Бүгін Қызылорда облысы әкімі, «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен «Индустриялды даму» бағытындағы партиялық тыңдау өтті.

Мәжілісте Жалағаш, Сырдария аудандарының әкімдері мен облыстық кәсіпкерлік және туризм, ауылшаруашылығы басқармаларының басшылары индустрияландыру картасының бірінші және екінші бесжылдығы аясында қолға алынған жобалар туралы баяндады.

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығында Сырдария ауданы бойынша құны 41 млрд 520 млн теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге асырылып,нәтижесінде 206 адам жұмыспен қамтылған. Биыл кәсіпкерлер тарапынан жүзеге асырылатын 2 жоба ұсынылған.

Олар: «Шаған» шаруа қожалығының құны 150 млн.теңге болатын «Күріш ақтау зауытының құрылысын салу және зауытты іске қосу» жобасы. Өндіріс орнын ашу арқылы 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Зауыттың қуаты күніне 60 тонна күріш ақтай алады. Жоба кәсіпкердің өз қаржысымен іске асырылады.

Екіншісі «Ақжарма 2» шаруа қожалығының күріш ақтау зауытын, кіші пастерленген сүт цехын іске қосу, жылыжай және бау – бақша өнімдерін сақтайтын қойма салу жобасы. Жұмыспен қамтылатын адам саны 33, жоба құны 200 млн.теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар Сырдария ауданының әкімі аудан бойынша 2019 жылдың 1 қыркүйегінде негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 43 млрд.866 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есеге өскендігін атап өтті.

Ал Жалағаш ауданының әкімі, индустрияландыру бағдарламасының бірінші бесжылдығы аясында «Бис Групп» ЖШС-нің жалпы құны 1,8 млрд. теңгені құрайтын «Қызыл мия тамырын өңдеу зауыты» жүзеге асырылғандығын айтты.

Аталған жоба 2013 жылы Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізіліп, 2014 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде зауытты ашу үшін 8,75 гектар жер телімі берілген. 2017 жылы зауытқа құны 115 мың АҚШ долларын құрайтын қондырғылар орнатылып, алғашқы 20 тонна және 2018 жылы 13,6 тонна өнімін (қара ұнтақ глицирризин қышқылы) Қытай мемлекетіне экспортталды.

Облыс әкімі бүгін қаралған жобаларға қатысты өз пікірін білдіріп, жүзеге асырылуы тиіс жобалардың аяқсыз қалмауын қатаң тапсырды.

- Бүгін мәжіліске екінші деңгейлі банк өкілдерінің қатысып отырғанын пайдалана отырып, сіздерді де бағдарламаларға бөлінген қаражатты игеруде белсенділік танытып, бірге жұмыс істеуге шақырамын. Алдағы уақытта партиялық тындауларда банктердің өңір экономикасына қосқан үлесін қарайтын боламыз. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды қатаң бақылауға алу қажет,-деді аймақ басшысы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2032