Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2154 0 пікір 12 Тамыз, 2011 сағат 08:39

Жорж С.Клейсон. Байлық кілті. ҮЛКЕН ӨКІНІШТЕН, БОЛМАШЫ САҚТЫҚ АРТЫҚ.

Бабылдық бекініс

Бабылдың ежелгі дуалына апаратын жолды қатал да қарт Банзар батыр күзетіп тұр. Дуалдың үстінде қаланың қайсар әскері жанталаса қорғануда. Мыңдаған тұрғыны бар осы бір ұлы шаһардың одан әрі аман қалуы соларға ғана байланысты болып тұр.

Зәулім дуалдың арғы жағында шабуылдаған қолдың мыңдаған сарбаздары улап-шулап,ат тұғының дыбысы толассыз естіледі, ал қола қақпаны атқылаған тас атқыш тарандар да ауық-ауық дүңкілдеуде.

Қала көшелерінен жиналған қақпа маңына найзагерлер шоғырланды, олардың таран соққысына шыдамай, ашылған қақпадан лап қоятын жауға төтеп беруге әзірленген беттері болатын.Олар көп емес еді.Бабылдың негізгі қолы патшамен бірге шығысқа, Элам еліне шабуылға аттанған еді.Олар жоқта қалаға жау шабарын ешкім күтпеген, сондықтан да қалада әскер қолы аз болатын. Сол тұстан бай қалаға Ассирияның тегеурінді қолы дүрсе қоя берді.Енді Бабылдың берік бекінісі ғана орасан шабуылға тойтарыс беруіне тура келуде.

Банзардың маңына өңдері қашып, үрейлері ұшқан қала тұрғындары шоғырланып қалыпты. Олар шайқас орнынан жаңалықтар күтуде. Ұрыс орнынан әкелінген жаралылар мен өлгендерді тым-тырыс қана бағумен тұр.

Шайқастың басты бағыты осы қақпаларға бағытталған. Қала бекінісін үш күн бойы айнала жүріп, дұшпан қолы күтпеген жерден негізгі күштерін қақпаларға қарай жөнелткен еді.

Бабылдық бекініс

Бабылдың ежелгі дуалына апаратын жолды қатал да қарт Банзар батыр күзетіп тұр. Дуалдың үстінде қаланың қайсар әскері жанталаса қорғануда. Мыңдаған тұрғыны бар осы бір ұлы шаһардың одан әрі аман қалуы соларға ғана байланысты болып тұр.

Зәулім дуалдың арғы жағында шабуылдаған қолдың мыңдаған сарбаздары улап-шулап,ат тұғының дыбысы толассыз естіледі, ал қола қақпаны атқылаған тас атқыш тарандар да ауық-ауық дүңкілдеуде.

Қала көшелерінен жиналған қақпа маңына найзагерлер шоғырланды, олардың таран соққысына шыдамай, ашылған қақпадан лап қоятын жауға төтеп беруге әзірленген беттері болатын.Олар көп емес еді.Бабылдың негізгі қолы патшамен бірге шығысқа, Элам еліне шабуылға аттанған еді.Олар жоқта қалаға жау шабарын ешкім күтпеген, сондықтан да қалада әскер қолы аз болатын. Сол тұстан бай қалаға Ассирияның тегеурінді қолы дүрсе қоя берді.Енді Бабылдың берік бекінісі ғана орасан шабуылға тойтарыс беруіне тура келуде.

Банзардың маңына өңдері қашып, үрейлері ұшқан қала тұрғындары шоғырланып қалыпты. Олар шайқас орнынан жаңалықтар күтуде. Ұрыс орнынан әкелінген жаралылар мен өлгендерді тым-тырыс қана бағумен тұр.

Шайқастың басты бағыты осы қақпаларға бағытталған. Қала бекінісін үш күн бойы айнала жүріп, дұшпан қолы күтпеген жерден негізгі күштерін қақпаларға қарай жөнелткен еді.

Қала қорғаушылар бекініс үстінен жаудың көтергілері мен баспалдақтарына жебені жаудырып, ыссы май шашуда, біреулері дуал үстіне шыға қалса, іске найза қосылуда. Қарап жатқан дұшпан жоқ, бекініс қорғаушыларына да жебені қарша боратуда.

Банзар тұрған маңнан шайқас алаңы алақандағыдай екен.Ол шайқас алаңына да жақын жайғасыпты,оған шабуыл жөніндегі ақпар да дер кезінде жетуде.

Оған қарт саудагер қолы дірілдей жанаса кетті.

- Айтшы! Айта гөрші! - жалынды ол.- Аналар бекініске өте алмайды ғой? Менің ұлдарым патшаға еріп кеткен. Кемпірім екеумізді қорғайтын ешкім қалмады.Олар менің мүлкімді, барымды тонайды-ау. Ештеңе қалмайтын болды!Қорғануға да, құл болуға да жарамаймыз - кәріміз ғой.Өлетін болдық. Айтшы, аналар өте алмайды ғой, солай ма?

- Сабыр ет, досым,- деді сардар.- Бабылдың бекінісі берік.Базарға бар да, кемпіріңе айт, қала бекінісі патшаның қазынасын қорығандай, өздеріңді де, мүліктеріңді де қорғайтынын жеткіз. Қабырғаға сүйене жүр, жебе тиіп кетпесін.

Саудагер орнына емізулі бала көтерген әйел тұрды.

- Сардар, айтыңызшы, бекіністе не болып жатыр? Менен жасырмаңызшы, мен бейшара күйеуімді тыныштандырайын. Жараның кесірінен оның ыстығы көтеріліп жатыр, бірақ ауық-ауық қалқан мен найзасын сұрауда.Баласы мен екеумізді қорғауға аттанғысы келеді.Оның пікірінше, бекіністі бұзған жаудың айбыны жаман болады.

- Жүрегіңді бас, айналайын. Бабыл бекінісі мына балаңды да, өзіңді де, болашақ балаларыңды да қорғайды. Дуал аса биік әрі мығым. Шабуылға шыққан жауға ыссы май құйған біздің жауынгерлердің дауысын естіп тұрған жоқпысың?

- Иә, естіп тұрмын. Бірақ қақпаны соққылаған таран дыбысын да естіп тұрмын ғой.

- Жұбайыңа бар.Оған бекініс қақпаларының таранға төтеп беретінін айт.Дуал үстіне шыққандарды зымыраған найзалар қағып түсіретінін жеткіз. Абайлап жүр, үйлердің арасымен қайт.

Банзар ауыр қаруланған қосалқы күшті өткізу үшін қапталға ығысты.Қола қалқандары қаңғырлап, олар өткен кезде, оған қаршадай қыз жабыса кетті:

- Айтшы, сардар, біз аман қаламыз ба? Айналадағы дыбыстан қорқып тұрмын. Қаптаған адамдар қансырауда, маған сонша қорқынышты.Менің апама, кішкентай ініме не болар екен?

Қарт сарбаз көзін сығырайтты да, оның иегін қысып қойды.

- Қорықпа, балақан, - басынан сыйпады,- Бабыл бекінісі сені де, анаңды да, ініңді де қорғайды.Сол үшін жүз жылдан аса уақыт бұрын ұлы Семирамида тұрғызған мұны.Бұған әлі күнге ешкім басып кірген емес.Кері қайт та, апаң мен ініңе айт, бекініс берік, қорқатын түгі де жоқ.

Тың қосалқы күш дуал үстіне шығып шайқасады да, олардың жаралылары мен өлгендерін кейін алып кететінін бірнеше күн бойы қарт Банзар бақылаумен болды.Оны айнала үрейі ұшқан жұрт толастар болмады, бәрінің де қоятыны бір сұрақ: бекініс төтеп бере ме? Оның бәріне де оның ардагерге тән мақтанмен айтатыны: «Бабылдың бекінісі сендерді қорғайды».

Үш апта және бес күн бойы қаланы соққылау бір де бір толастамады.Қан сасыған өткілмен қосалқы күш қатары жоғары қарай бірінен соң бірі қанша өтсе, соншама олардың жаралы тобы мен өліктерін шығарғанын бақылаған Банзар ернін барған сайын аямастан тістелеп тұрды. Күн өткен сайын, бекініс түбінде өлген жаудың өліктері де таудай болып үйіле берді. Оларды түнде ғана жолдастары алып кетіп, жерлеп жатты.

Төртінші аптаның бесінші түні ғана айқай-шу сап тыйылды.Жаңа туған айдың сәулесі жазыққа түсіп, шегінген қолдың шаңын көрсетті.

Бекініс қорғаушылардың әлемет айқайы айналаны тітіркентті.Оның мәніне қателесу мүмкін емес еді. Ол айқайды дуал түбіндегі сарбаздар іліп әкетті де, одан әрі жаңғырық іспетті дауыс көшелерді жаңғыртты.

Жұрт үйлерінен шығып жатыр. Көшелер халыққа лық толды.Өткен апта бойы ұйлыққан үрей қуанышқа толы айқайға ұласты.Ваала тәуханасының мұнара басынан жеңіс оты аспанға шапшыды.Көкке көтерілген көгілдір түтін, шаттыққа толы жаңалықты түкпір-түкпірге жеткізуде.

Бабыл бекінісі қала қазынасы мен байлығына қол сұғуды аңсап, тұрғындарын құл етуді көксеген қуатты дұшпанға осылайша тойтарыс берді.

Бабыл ғасыр сайын гүлдене берді, өйткені, ол толық қорғаныста еді. Басқа жайтты ол өзіне керексінбеген қала еді.

Бабыл бекінісі қорғанысқа деген адамдық қажеттіліктің көрінісі болатын. Ол ниет әркімге де тән. Бүгінде ол, өткен замандардан гөрі, тіпті, күштірек, бірақ бізде енді сол мақсатқа жарайтын одан да жақсы әрі қуатты саймандар бар.

Бүгінде ондай саймандарға қамсыздандыру компаниялары, жинақ шоттары, мақсаттық инвестициялар жатады. Олар бізге кез келген есіктен кіріп келетіндей, тосын апаттан қорғануға жарайды.

 

 

ЛАЙЫҚТЫ  ҚОРҒАНЫССЫЗ,  АЛҒА БАСУ БОЛМАЙДЫ

Бабылдық түйе сатушы

Адам аш болған сайын, оның ойы айқын болып, астың иісі анығырақ шығады. Азмұрдың ұлы Тарқат та солай ойлайды. Біреудің бағында жұлып жеген екі түйір жаңғақты айтпағанда, нәр татпағалы екі күн болды. Әлгі бақтан басқа ештеңе жұлып үлгермеді, қожайынның қабаған иті үйінен жүгіріп шығып, мұны қуып берді, тіпті, көшеге түсіп алып, соңынан біразға дейін қалмады. Оның ащы дауысы бұл базар алаңына кіргенде де құлағынан кетпей қойды. Шырыны тамшылаған жемісті себеттен уыстап ала қашар ма еді, құлағындағы әлгі иттің шәңкілі болмағанда.

Ол бұрын Бабыл базарының сөресінде иісі аңқыған мұншама алуан дәмді астың боларын ойламапты.Базар алаңынан өтті де, керуен сарайға келіп, есік алдында біраз сенделіп жүрді. Ол әлдебір танысты кездестіріп, одан ең болмаса жез бақыр сұрап алуды ойлады.Томсырайған азғынды сол ғана күлімсіретіп, дәмханадан бір шығуға итермелер еді.Ақшасыз ол мұнда шақырылмаған қонақтай екенін жақсы білді.

Ойға кеткен Тарқат, кездейсоқ  түрде кездеспеуге тиісті түйе сатушы Дабасармен бет пе бет кезіккенін қарасайшы! Ол Табасарға қарызын беруге әлдеқашан уәде берген.

- Ау, Тарқатпысың? - анау қуанып кетті. - Мен де сені ойлап, бір ай бұрын алған қос жез бақыр мен одан да ертерек қарызға берген күміс бақырды қашан қайтарар екен деп келе жатыр едім.Кездескеніміз жақсы болды.Маған да ақша керегіп тұр еді. Ал, не дейсің?

Тарқаттың өңі түнеріп сала берді. Оның аш қарынға сөзуар Табасармен дауласуға күші де жоқ еді.

- Кешіре гөр, - деп ол күмілжіді,- бүгін менде сенімен есептесуге жез де, күміс те ақша жоқ еді.

- Ендеше қайдан болса да тап,- Табасар да тап берді.- Саған екі жез және бір ғана күміс бақыр табу не тұрады, қиын кезде қол ұшын берген әкеңнің досына.

- Таба алмаспын. Менің қыр соңымнан әлдебір сәтсіз тағдыр қалмай қойды.

- Сәтсіз тағдыр! Өз қатең үшін Жаратқанды кінәләмә.Сәтсіз тағдыр қалай қарызды қайтарам дегенді емес, қалай қарыз алуды ғана ойлайтын адамды қуалайды. Қане,жүр менімен, ас ішкенше күтіп отырасың.Қарным ашты және де  саған бір хикаяны айтып беруім керек.

Табасардың дөрекі турашылдығы теңселтіп кетті Тарқатты, дегенмен, бұл дәмхана табалдырығын аттауға мүмкіндік беретін шақыру еді. Табасар оны түпкі бұрышқа қарай итергіштеді де, екеуі кілемше үстіне жайғасты. Оларға жымыйыспен жақындаған Қауысқор қожайынға, Табасар өзіне тән мәнерде:

- Қане, шөлдаланың семіз кесірткісі, маған жақсы қуырылған қойдың санын және де көбірек нан мен көкөніс әкел, аштық қысып барады. Айтпақшы, менің досымды да ұмытпа.Оған бір құмыра салқын су әкел.Бүгін аспан жерге түскендей ысып кетті.

Тарқаттың жүрегі дүрсілдеп қоя берді.Неліктен Табасар асаған қой санына қарап, су  ішумен отырмақ? Бірақ ол ештеңе демеді. Оның басына айтар сөз де келмеген еді. Табасар үнсіздік дегенді,тіпті білмейтін болар. Дәмханаға кірген таныстарына сәлем ретінде күлімсірей қол бұлғады да, сөзін жалғады:

- Орфадан қайтқан саяхатшылардан бір бай туралы естідім, ол өзіне тастан әйнек тілдіруге бұйрық беріпті.Ол үйін жаңбырдан қорғау үшін әлгіні терезесіне салдырыпты.Тас әйнек сарғылт түсті екен, одан далаға қарап көрген олар, басқа түске боялған дүниенің ерекше екенін айтып даурығысады.Бұған не дейсің,Тарқат? Дүниенің басқа түсті болуы мүмкін бе?

- Бәрі де мүмкін, - бозбаланы Табасар алдына қойылған қуырылған қой саны көп алаңдатты.

- Мен оған сенемін, өйткені, өзім де өзге түсті дүниені көрдім.Менің саған айтқалы отырған хикаямда сол менің дүниенің кәдімгі түсін көргенім жайлы болмақ.

- Табасар бір қызық хикая айтқалы отыр,- деп көршілер сыбырласып, төсеніштерін жылжыта бастады.Басқалары да шайнаңдаған ауыздарына тыныштық беріп, доға тәрізді жайғаса қалды.Бәрінің қолдарында да,  жартылай мүжілген жілік.Жалғыз Тарқат қана ассыз отырды. Табасар қой санын бөлісер емес, тіпті, ыдыстан еденге түскен бір тілім нанды да ұсына қоймады.

- Мен айтқалы отырған хикая,- деп бастады Табасар, бір кесек етті шайнаңдап,- менің жас кезіме қатысты. Ол менің қалай түйе сатушы болғаным жайлы.Араларыңда менің Сирияда құл болғанымды білетіндерің бар ма?

Бөлме іші араның ұясындай гуілдеп кетті де, ол Табасарға жағымды әсерін бере түсті.

- Мен жас кезімде,- ол қой санынан үлкен бір кесекті қыршып түсті,- әкемнен ер-тұрман жасауды үйрендім. Әкемнің шеберханасында жұмыс істей жүріп, өзім мен әйелім екеумізді асырадым.Әрі жас,әрі тәжірибесіз болғандықтан, табысым сонша көп болмаса да,қарапайым тіршілікке жететін. Жас болғасын көп нәрсе алғың келіп алаңдайсың, бірақ мен оған бармадым.Алайда, дүкеншілердің менде ақша жоқта маған қарызға қиналмай беретінін байқадым.

Жастығым мен тәжірибесіздігімнен, өз табысынан көп ақша жұмсаған адам, қайдағы бір апат пен сордың боранын тұрғызатын жел шақыратынын білмеппін. Мен өз құмарыма еріп, табыспен санаспастан, қымбат киіндім, әйеліме әшекей алуға әуестендім.

Әупірімдеп жүріп, қарыздан құтылатынмын. Бірақ табысымның бір уақытта тірлік етуге әрі қарызды қайтаруға жетпейтінін байқадым. Қарызгерлер мен алған қымбат сатық (покупка) үшін соңымнан қуып жүріп ақысын алатын болды.Өмір сүру күрделене түсті. Мен достарымнан қарыз ала бастадым. Бірақ оны төлеуге әлім келе бермеді.Жағдайым барған сайын ауырлай түсті.Әйелім төркініне кетті де, мен Бабылдан кетіп, өмірге қолайлы басқа қала іздеуді шештім.

Екі жыл бойы мен керуен жетекшінің ауыр халын бастан кештім.Онда мен шөлдаланы кезіп, қарусыз керуен тонаған қарақшылар тобырымен байланыстым.Мұндай қылықтың абыройлы әкемнің ұлына лайық еместігі белгілі, бірақ мен ол кезде дүниені тобықтан келетін теңіз суындай сезінетінмін, өзімнің қаншалықты құлдырағанымды ұқпадым.

Біздің алғашқы керуен тонауымыз сәтті болды. Алтынды қазына мен тай-тай жібекті, басқа да тауарларды қолға түсірдік.Олжаны Гинир қаласына апарып сонда оңды-солды қыдырысқа жұмсадық.

Келесі тонау жұмысы соншалықты олжалы болмады. Керуенге енді ұмтылғанымызда, саудагерлер күзетке келіскен жергілікті тайпа бізге бас салып, шайқаса кетті. Біздің екі басшымыздың бірін өлтіріп, қалғанымызды Шам (Дамаск) қаласына айдап әкелді де, онда барымызды сыпырып алып, өзімізді құлдыққа сатты.

Мені екі күміс бақырға шөлдалалық тайпа көсемі сатып алды. Шашымды сыпырып тастады да, бұтыма лыпа болар мата байлады. Сөйтіп, мен кәдімгі құл болдым да шықтым. Қамсыз жас болғасын, мұның бәрі өткінші ғана күлкілі жайттардың бірі болар деп ойладым, бірақ бір күні қожайын мені төрт әйелінің алдына шығарды да, олардың мені әтек٭ ретінде алуларына болатынын жеткізді.

Өзімнің жағдайымның мүшкілдігін сонда ғана ұқтым.Шөлдаланың бұл тайпасы әрі жабайы, әрі аса жауынгер болатын. Не қаруым жоқ, не қашатын титтей де мұрсатым жоқ мен, енді толығымен солардың билігінде екенмін.

Үрейім ұшқан мені төрт әйел,тіпті, байқамағансыды. Ал, мен олар тарапынан маған кішкентай да аяушылық боларына үміттенерімді де білмедім.Сира бәйбіше басқасынан жасы үлкен еді.Ол маған қарады да, келбетінен ештеңе сездірмеді. Одан әлдебір аяушылық күтудің пайдасы жоқтай көрінді.Келесі әйел тәкәппәр келген сұлу екен.Ол маған жиіркенішті құртқа көзі түскендей жыйырыла қарады да қойды.Ал, екі жас бике тоқтамастан сықылықтаумен болды.

Өзіме деген үкімді күткенше, мен шексіз уақыт өткендей сезіндім.Шамасы, әйелдердің әрқайсысы шешімді өзгеге қабылдатуға бейім танытқандай.Ақырында Сира салқын дауыспен сөйлеп кетті:

-         Бізде қортықтар жеткілікті ғой, ал түйе айдаушылар аз, барының өзі пайдаға жарамайды.Мысалы, мен бүгін ауру шешеме баруым керек, ал менде түйені сеніп тапсыратын бір де бір құл жоқ.Мына құлдан түйеге ыңғай бар ма екен, сұрашы.

- Түйе жөнінде не білесің? - деп сұрады қожайын менен.

- Мен түйені шөгере аламын, қомдаймын,шаршатпай ұзақ жолға айдаймын.Ауыра қалса, түйені емдей аламын.

- Мына құлдың әңгімесі түзу екен, - деп бағалады мені қожайын.- Егер,Сира, қажет десең, осыны айдаушы етіп ал.

 

٭ Әтек - еркектік ұрыққабы аласталған құл.

Мен осылайша Сираның қарауына өтіп, сол күні оның шалғайдағы ауру шешесіне  түйесін айдап бардым. Сәті түскен жағдайды пайдаланып, оған тағдырыма араша түскені үшін ризалығымды білдірдім де, өзімнің тумысымнан құл емес, Бабылдағы беделді шебердің,яғни, ерікті адамның ұлы екенімді айттым. Мен өзімнің басымнан кешкен жайтты баяндап едім, оның жауабы мені тұйыққы тіреді:

-  Егер сенің осалдығын осындай жағдайға әкеп соқса, несіне сен ерікті адам болмақсың? Егер адамда құлдың жаны болса, ол солай болып қала бермек, қалай және кім болып туылғанына қатыссыз, ойпаң жерді қуалап ағатын су секілді.Егерде сенің жаның ерікті адамдыкы болса, сен өз қалаңда жүріп-ақ, тағдырдың қандай тәлкегіне қарамастан,құрмет пен абыройға кенелер едің.

Бір жылдан аса мен құл бола жүріп, құлдармен бірге тұрғанмен, олардың біріне айнала алмадым. Бір күні Сира менен сұрады:

- Сен неге жападан жалғыз отырсың, басқа құлдар топ-тобымен жүргенде?

- Мен сенің айтқан сөзіңді әлі ойланып жүрмін,- дедім мен.- Менің жаным құлдыкы емес екен. Олармен бірге отыра алмаймын, сондықтан жалғызсырап отырмын.

- Маған да жалғызсырауға тура келеді,- деді ол.- Менің жасауым орасан мол болды, қожайын сол себепті маған үйленген.Бірақ ол маған ғашық болған емес. Алайда, әрбір әйел де өзін сүйюді қалайды ғой. Сол себепті де мен бедеу болдым, ұрпақсызбын, ұлым да, қызым да жоқ. Үйде жалғыз отыруға содан да мәжбүрмін.Егер мен еркек болсам, құлдықтан гөрі өзіме өлімді лайық санар едім, бірақ тайпамыздың дәстүрі әйелдерді амалсыз күң болуға итермелейді.

- Бұл жолы мен туралы не ойлайсың? - деп сұрадым.- Мендегі рух кімге лайық - ерікті адамға ма, әлде құлға ма?

- Сен Бабылдағы қарызыңды өтегің келе ме? - деп сұрады әуелі ол.

- Иә, мені сол ой мазалап жүр, бірақ оған мүмкіндік жоқ қой.

- Егер бірнеше жыл өтіп, ал сен оған талпынбасаң, онда сенің жаның құлдыкына тән болғаны.Ер адам өзінің абыройын ойлауы керек, ал қарызды өтемейтін адамда абырой қала ма?

- Менің қолымнан не келеді? Сирияда құлдықта жүрген жоқпын ба?

- Ендеше Сирияда құл болып қала бер, осал неме.

- Мен осал емеспін,- қызбалана ақталдым.

- Онда дәлелде.

- Қалайша?

- Сенің патшаң кез келген жаумен қандай тәсіл болса да, күреспей ме? Ал сенің дұшпаның - ол сенің қарызың.Сені Бабылдан сол қуды емес пе? Демек, оның сенен мықты болғаны.Егер сен ерлерге тән қайсарлықпен онымен күрескеніңде, оны тізе бүктіріп, жерлестерің алдындағы абыройың артқан болар еді.

Содан кейін мен бұл кінәлауды ойымнан шығара алмай басым қатты, ойша оған қарсы дауласып, жанымның құлға тән еместігін айтып өзімді ақтаумен болдым. Бірақ оның бәрін Сираның көзіне тура айтуға дәрменім болмады.Үш күннен соң, оның күтуші қызы мені бәйбішеге шақырып келді.

-  Анам тағы сырқаттанып қалды. Келенің ішінен ең жақсы екі түйені тез қомда. Меске толтыра су мен ұзақ жолға азық ал. Қызметші қыз саған бәрін тауып береді.

Мен жалмажан түйелерді қомдадым да, бірақ қызметші қыздың жолазықты сонша мол бергеніне қайран қалдым, өйткені, бәйбішенің анасы бар болғаны бір күндік жерде тұратын. Қызметші артқы түйеге отырды да, мен бәйбіше жайғасқан алдыңғы түйені жетекке алып, жаяу жүрдім. Біз бәйбіше шешесінің үйіне келгенімізде, қас қарайған еді. Сира қызметшіні үйге жіберді де, менен мынаны сұрады:

- Табасар, сендегі жан ерікті адамдыкы ма, құлдыкы ма?

- Еріктінікі,- дедім.

- Ендеше, соны дәлелдейтін сенде мүмкіндік бар. Сенің қожайының шарапқа масайды, ал оның қызметшілері жалқау. Мына түйелерді мін де, жолға түс. Мына қоржында қожайынның киімі бар, соны киерсің. Мен сені «түйелерді мініп қашып кетті» дермін.

-  Сенде патшайымның рухы бар екен, - дедім мен оған.- Мен сенің бақытты болуыңды тілеймін.

-  Айдаладағы жат елдегі бөгде біреуге қашып барған әйелде қандай бақыт болушы еді? - деді ол.- Өз жолыңа түс, шөлдаланың пірлері саған жар болсын, өйткені, жол ұзақ, бұл далада қорек те, су да жоқ екенін білесің.

Мені сонша азғырудың керегі шамалы еді. Мен бәйбішеге шын жүректен алғысымды айтып, түн қойнауына сүңгіп кеттім. Ол ел маған сонша жат еді, сондықтан да, Бабылдың қай бағытта екенінен де хабарым болмады.Соған қарамастан, шөлдаланың сайын құмын батыл кешіп, алға жүре бердім.Түйенің бірін жетектеп, біріне мініп алдым. Қожайынның мүлкін ұрлап қашқан құлдың алда күткен тағдыры қандай боларын ойлаумен, түні бойы және келесі күні тоқтамастан жүре бердім.

Келесі күні кешке қарай, беймәлім қыратты елсіз жерге тап болдым. Түйелердің табандарын қырлы да қиыршық тас жаралап болды.Менің алға басуым мұң бола бастады. Адамды да, аңды да кезіктіру мүмкін болмады. Мынадай ат байласа, тұрғысыз жарамсыз жерде кім болсын.

Мұндай қатерлі қашқын сапарға шығып, ілу де біреу ғана шыдауы мүмкін.Күннен күнге алға ілбумен жүрдім.Азық та, су да таусылды.Күн тас төбеден күйдірумен болды. Тоғызыншы күні мен түйеден сыпырылып түстім де, оған қайта мінуге күшім жоғын білдім, енді шөлдалада ажал күтуден басқа амал жоқ еді.

Жерде жатқан күйі ұйықтап кетіппін. Мені таң ата шыққан күн сәулесі оятты. Сүйретіле тұрдым да, жан жағыма көз салдым.Таңғы ауа қоңыр салқын әрі аздап сыз сезіледі.Түйелерім менен ұзамастан шөккен күйлері жайбарақат күйіс қайырып жатыр.Айналаны тас аралас құм басыпты, кей жерлерде тікенді шөп өсіп тұр. Судың иісі де сезілмейді, адамға да, түйеге де жарайтын қорек болсайшы!

Осындай бетпақ шөлдалада ғұмырымның біткені ме? Менің есім мұндай айқын ойлы болмаған шығар, ал денем мен үшін маңызсыз секілденді.Жырылған әрі қанаған ерінде, құрғап, ісінген тілде, аш қарында - ешқандай мән қалмады.

Алысқа көз салып, өзімнен өзім тағы сұрадым: «Мендегі жан кімге тән - құлға ма, ерікті адамға ма?» Дереу басыма айқын ой келді: «Егер менде құлға тән жан болса, мен осы мүшкілдікке беріліп, мына шөлдалада арам қатуым керек.Ол қашқын құлға лайық ажал болар еді. Ал, егер мен тумысымнан ерікті болсам, Бабылды қалай да тауып, маған қарызын сеніп тапсырған адамға берешегімді қайтарып, сүйікті әйелім мен туыстарыма аман-есен қайта оралуым керек.»

«Сенің дұшпаның - ол сенің қарызың.Сені Бабылдан сол қуды емес пе?» - деп еді-ау Сира. Сонысы рас екен. Мен неге ер адамға лайық қорғанбадым? Мен неге әйелімнің төркініне кетуіне жол бердім?

Осы кезде таң қаларлық жайт болды. Дүниенің түсі өзгеріп кеткендей, мен бұған дейін оған әлдебір түрлі түсті әйнек арқылы қарап келіп, соны көзімнен алып тастағандай, көз алдым айқындалып кетті. Өмірдің нағыз мәніне көзім енді жеткендей.

Шөлдалада ажалды қарсы алсам ба? Жоға! Не істеу керегім есіме сап етті. Әуелі Бабылға жетуім керек, қарыздар әр адамға жолығып, оларға ұзақ жылғы қаңғу мен қорлықтан кейін қарызын қайтаратынымды жеткізуім қажет. Сосын бала-шағама үй салуым керек те, ата-анама мақтан болардай қаланың абыройлы тұрғыны болуға ұмтылу керек.

Менің қарыздарым маған нағыз дұшпан екен, бірақ маған қарыз берген жандар менің достарым еді,өйткені, олар маған сенді ғой.

Мен өлермендікпен түрегелдім.Аштыққа да, шөлге де назар аудармадым.Олар менің Бабылға жету жолымда аяғымнан кері тарта алмады.Менің бойымдағы жанымның ерік-жігері өзіме тән дұшпандарыммен қарсыласа отырып, достарымды қайтаруға шайқасып бақты.

Қырылдаған даусымнан ерікті адамға тән қауқарлы дауысты естіген түйелерімнің тұманданған көздерінде жарқыл пайда болды. Шөккен түйелерім бірнеше рет ұмтылыстан соң түрегеліп, бойларын тіктеді де, менің ішкі түйсігімнің бағыттауымен, Бабылдың сол тұста екендігіне сенімді түрде қарыштап қадам басты.

Біз суға тап болдық. Келген жеріміз барынша құнарлы да, өсімдік пен жеміске  толы маңай екен. Бабылға барар жолды да осы арадан таптық, өйткені, ерікті жан өмірді мәселелердің кезігуі деп ұғып, оны шешумен шұғылданады да, құл рухты жан бар болғаны «Құл болғасын қолымнан не келсін?» деп зарлаумен жүріп, қауқарсыздығын әйгілейді екен.

Ал,сен Тарқат, қалай ойлайсың? Аш қарынға ойлану адамға оңай ма? Өзіңді өзің құрметтеуге түсірер жол іздегің келмей ме? Дүниенің нағыз түсін айыра аласың ба? Қарыздарыңмен әділетті түрде есеп айырысуға және Бабылдағы абыройлы адамға айналуға құлқың бар ма?

Бозбаланың жанарына жас үйірілді.

- Сен маған жаңа өмір үлгісін көз алдыма әкелдің. Енді мен өзімді ерікті жанға лайық сезіне бастадым.

- Сонымен, Табасар, Бабылға келгесін не істедің? - деп сұрады тыңдаушылардың бірі.

- Мақсат болса, оған жетер жол да болады екен,- жауап берді ол.- Біріншіден, мен қарыз берушілерімді аралап, қарыз қайтаруға мұрсат боларлық белгілі бір мерзім сұрадым.Көпшілігі мені жайдары қарсы алды. Әрине, мені балағаттағандары да болды, бірақ көбі маған қол ұштарын беруге әзір еді. Олардың бірі мен зәру болған басты нәрсеге көмектесті. Ол - молайтушы Матон еді. Менің Бағдатта түйе айдағанымды естіген ол, сол кездегі шыққан патшаның жарлығына сәйкес әскери жорыққа қажет мықты да сау түйелер әкелуге саудагер қарт Небатырға аттандырды. Менің түйе жөніндегі білігім дер кезінде пайдаға жарады. Көп ұзамай, мен соңғы жез бақырға дейін қалдырмастан, қарызымды өтедім. Осыдан соң ғана мен еңсемді көтеріп, беделді адамдар санатына абыроймен оралдым.

Табасар асқа тағы да бас қойды.

- Қауысқор, оңбаған жылан екенсің,- айқайлап аспазды шақырды,- етің суып қалды. Тура қазаннан тағы да ыстығын алып кел. Менің досымның ұлы Тарқатқа да ет әкел. Ол да аш, менімен тамақтас болсын.

Ежелгі Бабылдың түйе саудагері Табасардың хикаясы осылай тамамдалды.Ол өзіне дейінгі данышпандар білген әрі іске жаратқан бір ғана ақиқатты осылай ұғып, өз жанын жаңғыртқан болатын.

Бұл ақиқат талай замандарда қиындық жолағынан құтқарып, сәттілікке ұшыратты.Адамдар ол ақиқаттың сыйқырлы күшін ұққанша, солай бола бермек:

МАҚСАТ  БОЛСА,  ОҒАН  ЖЕТЕР  ЖОЛ  ДА  БАР.

 

Жалғасы бар...

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552