Әмірхан Балқыбек. Нағашың еврей болса...
Менi «Шыңғыс хан бiз секiлдi ХХ ғасырда дүниеге келсе немесе бүгiнгi ХХI ғасырдың тумасы болса, төлқұжатына ұлтын кiм деп жаздыратын едi?» деген сауалдың жауабы қызықтырады. Әрине, көптеген замандастарымның сауалдың бұлай қойылуы дұрыс емес дейтiнiн жақсы бiлемiн. Мейлi, десе дей берсiн. Мен өз қиялымда туған сауалдың жауабын тапсам деген талпыныста қала беремiн.
Төмендегi әңгiме де, бар болғаны, сол сауалға жауап iздемек көп талпыныстарымның бiрi ғана. Және бұл әңгiме, қызық болғанда, жазушы Борхестен басталмақ.
Иә, осы Борхестi бүгiнгi әдебиетшi қауымның бiлмейтiнi жоқ. Ең кемi, оның аргентин жазушысы екенiн естiген. Қайсыбiреулерi оның атақты зағип кiтапханашы болғанын да айтып бере алуы мүмкiн. Тiптi, жазушы турасында одан да маңыздырақ, одан да мәндiрек жайттарды тiлге тиек ететiндер арамыздан табылып қалар. Бiздiң де бүгiн осындай қаламгер жайлы маңызы бар-ау деген деректi оқырманға жеткiзсек деген ниетiмiз болып отыр.
Қалай ойлайсыз, «Гомер» Борхестiң (зағиптығын меңзеп отырмыз - Ә.Б.) ұлты кiм болуы мүмкiн?
Испан дейсiз бе? Мүмкiн, әбден мүмкiн.
Менi «Шыңғыс хан бiз секiлдi ХХ ғасырда дүниеге келсе немесе бүгiнгi ХХI ғасырдың тумасы болса, төлқұжатына ұлтын кiм деп жаздыратын едi?» деген сауалдың жауабы қызықтырады. Әрине, көптеген замандастарымның сауалдың бұлай қойылуы дұрыс емес дейтiнiн жақсы бiлемiн. Мейлi, десе дей берсiн. Мен өз қиялымда туған сауалдың жауабын тапсам деген талпыныста қала беремiн.
Төмендегi әңгiме де, бар болғаны, сол сауалға жауап iздемек көп талпыныстарымның бiрi ғана. Және бұл әңгiме, қызық болғанда, жазушы Борхестен басталмақ.
Иә, осы Борхестi бүгiнгi әдебиетшi қауымның бiлмейтiнi жоқ. Ең кемi, оның аргентин жазушысы екенiн естiген. Қайсыбiреулерi оның атақты зағип кiтапханашы болғанын да айтып бере алуы мүмкiн. Тiптi, жазушы турасында одан да маңыздырақ, одан да мәндiрек жайттарды тiлге тиек ететiндер арамыздан табылып қалар. Бiздiң де бүгiн осындай қаламгер жайлы маңызы бар-ау деген деректi оқырманға жеткiзсек деген ниетiмiз болып отыр.
Қалай ойлайсыз, «Гомер» Борхестiң (зағиптығын меңзеп отырмыз - Ә.Б.) ұлты кiм болуы мүмкiн?
Испан дейсiз бе? Мүмкiн, әбден мүмкiн.
Өйткенi, оның испан тiлдi әдебиеттiң белдi өкiлдерiнiң бiрi екенiн ешкiм жоққа шығара алмайды. Арамызда оны тiптi Нобель сыйлығына ие болған әйгiлi «Жүз жылдық жалғыздықтың» авторы, Латын Америкасы әдебиетiнiң бейресми ту ұстаушысы Габриэль Гарсиа Маркестен мықты дейтiндер де бар. Ұзын сөздiң қысқасы, Борхес ойы да, бойы да алып Сервантес, қағылез де сезiмтал ақын Лоркалардың тiлiнде қалам тербеген жан. Яғни, Борхестi айтып мақтанса, испан тiлдi жұртшылық мақтануға тиiс. Және мақтануға толық құқықтары да бар. Бiрақ бiз айтпақ әңгiме бұл емес. Бiз айтпақ әңгiме Борхестiң өзiн испандық санамайтыны туралы. Бұл жайында жазушының өзi былай дейдi:
«Кiм өмiрiнiң қайсыбiр сәттерiнде бабаларын iздеумен әуестенбедi дейсiз? Туыстары мен жақындарының бағзы тарихын қиялында танып бiлуге талпынбаған жан әсте жоқ шығар. Мен мұндай iзденiстермен бiрқанша рет әуейiлендiм және өзiмдi еврей сезiнуден әрқашан ләззат табатынмын. Әңгiме, бар болғаны, бетегеден биiк, жусаннан аласа, оңашада отырып алып құр қиялға бататын жанның ойдан шығарған шытырман шырғалаңдары туралы ғана. Мұның Израильдiң беделiне ешқандай нұқсан келтiрмесi анық. Өйткенi, менiң иудейлiгiм Мендельсонның әуендерiндей, сөзi жоқ музыка iспеттi болымсыз, бейкүнә ғана нәрсе ғой. Әйтсе де «Тигель» журналы менiң осы уақытқа дейiн көпшiлiктен «өте зымиян, сұрқия» түрде жасырып келген еврейлiк тегiм туралы әлемге жар салу арқылы, соңғы уақытқа дейiн өткеннен тырбанып iздеген үмiтiмнiң сенiммен қауышып, нық негiзiн табуына септiгiн тигiздi.
Менiң толық есiмiм - Борхес Асеведо болады. «Росас және оның дәуiрi» атты кiтабының он бесiншi тарауына жасаған түсiндiрмелерiнiң бiрiнде Рамос Мехия сол кездегi Буэнос-Айрес отбасыларының бәрiн санап шығады және олардың бәрi «өз түп-тамырын португал еврейлерiнен алатынын» дәлелдейдi. Тiзiмде Асеведо атты фамилия да бар: менiң семит тектестерге қандай да болмасын қатысым бар екенiн дәлелдейтiн жалғыз дерек осы ғана...» (Хорхе Луис Борхес, «Мен евреймiн», шығармаларының 4 томдық жи-нағы, «Амфора» баспасы, Санкт-Петербург, 2005 жыл, 493-бет).
Иә, бұдан кейiн, несi екенiн, қиялыңда әрдайым еврей болуды армандап келген Борхестiң еврейлiктен ат-тонын ала қашатыны бар. Шамасы, бұл оның Карл Маркс, Зигмунд Фрейд, Освальд Шпенглерлермен туысқысы келмейтiнiнен болар. Әлде басқа себеп бар ма?
Бұл сауалдың жауабы «Мен евреймiн» деп аталатын осы мақаланың соңында жатқан секiлдi:
«Бiздiң күстанаушылармыз жат тамырларды тек еврейлердiң арасынан ғана табанды түрде iздеуге бейiм. Олар оны финикийлердiң, нумидийлердiң, сақтардың, бабылдықтардың, парсылардың, мысырлықтардың, ғұндардың, вандалдардың, ос-троготтардың, эфиоптардың, иллирийлықтардың, пафлагондардың, сарматтардың, мидиялықтардың, отто¬мандардың, берберлердiң, британдардың, ливиялықтардың, циклоптар мен лапифтердiң арасынан тiптi де iздеп әуре болмайды. Себебi, Александрия, Бабыл, Карфаген мен Мемфистiң айлы түндерi сiзге ешқашан айтулы бабаларыңызды тарту етпек емес: мұндай мүмкiндiк шайырдың иiсi танауыңызды қытықтар Өлi теңiздiң төңiрегiн мекендеген тайпалардың ғана еншiсiне жазылған».
Бұл үзiндiден Борхестiң қандай да бiр толыққанды тарих тек еврейлерге ғана тән деп есептейтiнiн аңғаруға болады. Интеллектуал Борхестiң өзге халықтармен бiрге сақтар мен ғұндардың ұрпақтарын да (демек, бiздi де - Ә.Б.) келемеждеп отырғанын түйсiнесiз. Борхестiң қиялында өзiн неге еврей ретiнде көргiсi келе беретiндiгiнiң де себебi осы бiр сана түкпiрiндегi бұғыныңқы, бейбiт кейiптегi мақтанышта жатқаны байқалады.
Иә, Борхес - еврей. Әйтпесе мақаласының тақырыбын «Мен евреймiн» деп айқайлатып қоймас едi ғой. Бәлкiм бұл оның «Бүкiл әлемнiң еврейлерi, бiрiгiңдер!» деген жасырын үндеуге қатқан құпия емеурiн - жауабы болар. «Израиль! Мен де өз балаңмын!» дегенi шығар. Әйтпесе, өзiнiң еврей екенiн бүкiләлем бiлетiн Борхес түгiлi, бiздiң кiм еке-нiн кешеге дейiн бiлмей келген Машкевичiмiз де жасырмай жайып салған жоқ па! Машкевич тiптi Израильге қаржылай көмектесетiнiн де ашық айтты. Әрине Қазақстанда жүрiп тауып жатқан дүниесiнiң есебiнен. Сосын миллиардер Маш¬кевич қана емес, бiлiмпаз Борхес те еврей болып жатса несi айып!
Ендi еврейдi қойып өзiмiзге бiр сәт оралайық. Шынымды айтайын, тек Борхес емес, менiң де еврей болғым келген. Қиялымда Өлi теңiздiң жағалауына қанша рет бардым екен, ендiгi оған есеп те жоқ болар. Мұса ғалайссаламның еврей жұртын Мысыр құлдығынан алып шыққан уақыты, Сүлеймен пайғамбардың эротикалық айшықтарға толы махаббат жырлары, пайғамбар iспеттес израиль қойшы ақындарының үрей мен сенiм, қорқыныш пен көрiпкелдiк қатар ұйысқан жүрек жарды сырлары, бұлардың бәрi тек менi емес, талайды тәнтi еткен тарих беттерi, сөз өнерiнiң үздiк парақтары. Еуропа, қос Америка мен Австралияны, бәлкiм басқа құрлықтарды да ұстап тұрған мәдени-рухани тiн, яки тамыр. Әйтеуiр, адамзат тарихының өн бойында тереңге тартқан екi тамыр болса, соның бiрi екенi анық. Яғни, оған қызыға қарамау еш мүмкiн емес. Иә, бала кезiңiзден қызыға оқып өскен «Жүсiп-Зылиха» қисса дастаныңыздың өзi ең алдымен осы еврейдiң топырағына дән болып түсiп, көктеп өнген хикая болса, қызықпасқа, тамсана қарамасқа не шара!
Бiрақ, амал қанша, қызыға қарағаннан, құмарта iңкәрланғаннан еврей болып кеткен бiз жоқ. Ондағы көзi танадай ару Суламифьтер мұнда да бiр қазақ баласының Сүлеймен болғысы келiп жүргенiнен мүлдем бейхабар екенi, бұл да ендi ешкiмнен қымтанып, қалқалап жасыра алмайтын шындығымыз.
Дегенмен менiң бәрiбiр еврей болғым келедi. Неге?
Жауап берейiк. Соңғы кездерi қазақ баспасөзiнде Шыңғыс ханның ұлты кiм болғаны туралы әңгiме қайта өршiп тұр. Кейде дау-дамайлы бұл әңгiменiң жолындағысының бәрiн қопара, қотара көшiрiп келе жатқан даладағы жын секiлдi алып дар мойын құйынға ұқсап кететiнi де бар. Әйтеуiр қорқынышты. Iштей ұлы аруақты мазалап жатқанымыздың түбi жақсылықпен тезiрек бiтсе едi деп тiлейсiң. Амал қанша, даудың ұшығына шығар емеспiз.
Мiне осы Шыңғыс хан жайлы даудың оянуына еврей бауыр, егер Шыңғыс ханның шешесi еврей болса, бiр мысқал да мүмкiндiк бермес-тi. Бiрден шешесi еврей, демек өзi де еврей дер едi. Иемденiп алып, бүкiл әлемге ұлықтар едi.
Ал бiзде ше?
Байғұс басымыз Шыңғыс ханды шешесi қазақ қоңыраттың қызы болғанына қарамай, қаншадан берi кеудесiнен керi итерiп келемiз. Қайсыбiр бiлгiштердiң тiптi Шыңғыс ханның бiзге ешқандай қатысы жоқ деп кесiп айтқысы да келедi. Ал Шыңғыс ханды әкесi жағынан қазаққа, түркiге тартқысы келетiн талпыныстарға ешқандай назар аударғылары келмейтiн қыңырлықтары және бар. «Япыр-ау,- дейсiң iштей, егер қазақ еврейдiң жолын ұстанғанда (еврейде еврей анасының баласы еврей болып саналады, ал әкесi еврей болғанымен шешесi еврей болмаса, ондай ұл-қыздың израиль ұрпағы болып саналуға қақысы жоқ - Ә.Б.) Шыңғыс ханның қазақ екенiне титтей де күмән-күдiк болмас едi ғой, ал бiз еврей емес, қазақпыз деп осынша бұлқан-талқан болудың жөнi бар ма? Әлде қоңырат қазақтың тайпасы емес пе? Егер ғайыптан тайып осылай бола қалса, онда керей, найман, жалайырлардың да қазақ болмағаны да. Сонда қазақ боп Шыңғыс ханды жатсынып жатқан қазақтарың кiмдер?
Иә, айттым ғой, менiң еврей болғым келедi. Өйткенi, Шыңғыс хан туралы даудан тек еврей болып қана құтыла алатынымызды жақсы бiлемiн.
Борхес дұрыс байқаған. Ол «Александрия, Бабыл, Карфаген мен Мемфистiң айлы түндерi сiзге ешқашан айтулы бабаларыңызды тарту етпек емес: мұндай мүмкiндiк шайырдың иiсi танауыңды қытықтар Өлi теңiздiң төңiрегiн мекендеген тайпалардың ғана еншiсiне жазылған» дейдi. Ал менiң ұлы бабаларыңнан жұрдай қылатын халықтар мен тарихи өңiрлердiң тiзiмiне Борхестiң соңын ала өзiмiздiң Ұлы Даланы да қосқым бар. Өйткенi, ұлы бабаларымен мақтана бiлу парасаты, баласының белi ғана емес, қызының да құрсағынан шыққан әрбiр ұлын қадiрлей бiлу даналығы тек еврей бауырдың ғана талайына жазылған несiбе. Олардың ұлы халық болатыны да сондықтан.
Әлем бiлетiн Борхес «Мен евреймiн» дейдi.
2006 жыл.
(жалғасы бар)
«Абай-ақпарат»