Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4165 0 пікір 28 Мамыр, 2012 сағат 13:59

Аты-жөн жазудағы ала-құлалықтан ҚАШАН АРЫЛАМЫЗ?

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы бойынша филиалы, Әуезов аудандық Әділет басқармасы, Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ұлты қазақ азаматтарының тегін, атын, әкесінің атын дұрыс жазу тәртібі туралы» семинар-кеңес болып өтті. Оған халықпен күнделікті тығыз байланыста болып, тұрғындарға мемлекет атынан қызмет көрсететін Алматы қаласындағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының, Тіл білімі институтының, Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Әділет департаменті, Көші-қон полициясы басқармасының өкілдері қатысты.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы бойынша филиалы, Әуезов аудандық Әділет басқармасы, Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ұлты қазақ азаматтарының тегін, атын, әкесінің атын дұрыс жазу тәртібі туралы» семинар-кеңес болып өтті. Оған халықпен күнделікті тығыз байланыста болып, тұрғындарға мемлекет атынан қызмет көрсететін Алматы қаласындағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының, Тіл білімі институтының, Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Әділет департаменті, Көші-қон полициясы басқармасының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Ата заңымыз­да жазылғанындай, өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратындықтан, ел азаматтарының барлық құқықтары заңмен қорғалуы тиіс. Сол құқықтардың ең бастыларының бірі - мемлекет құраушы ұлт азаматтарының тегінің, әкесінің атының және өз есімдерінің дұрыс жазылуы дер едік. Бұл мәселе елімізде «Ұлты қазақ азаматтарының тегі мен әкесінің атын жазуына байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президенті 1996 жылдың 2 сәуірінде қол қойған №2923 Жарлығы негізінде жүзеге асырылады. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы тойланып, аталмыш Жарлықтың заң күшіне ие болғанына 16 жылдан асса да әлі күнге аты-жөніміздегі ала-құлалықтан арылмай келеміз. Заң ұлты қазақ азаматтарға өздерінің тегі мен әкесінің атын жазуда қазақ тіліне тән емес аффикстерді алып тастауға толық мүмкіндік берсе де бүгінге дейін көпшілігіміздің тегіміз бұрынғы­сынша «Қазақбаев, Қазақбаева» күйінде қалып, жазылып жүр. Әрине, тегіміздің, әкеміздің атының бұрынғысынша қала беруіне болады, ол заңға қайшы емес. Тек мұның өскелең ұрпақты ана тілін, ата салтын, өз елі мен туған жерін сүйетін нағыз патриот, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуде кесірі тиіп тұрғаны қынжылтады. Керек десеңіз, мұның мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің өркендеуіне де кедергі болып тұрғаны да шындық. Оның себептері қандай?

Шәрипа МЫРЗАГЕЛДИНА, Алматы қалалық АХАТ бөлімінің қызметкері:

- Қазақстан Республикасы Прези­дентінің 1996 жылдың 2 сәуіріндегі №2923 Жарлығының 1-тармағында: «Ұлты қазақ азаматтар өздерінің тегі мен әкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тән емес аффиксті алып тастай отырып, өзгертуге хақылы, алайда тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуы тиіс. Бұл ретте әкесінің атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» сөздері қосылып, бірге жазылады» делінсе, «Неке және отбасы туралы» заңның 28-бабында: «Тууды тіркеу кезінде ұлты қазақ азаматтардың аттарын, әкелерінің аттарын және тектерін мына төмендегі үш мүшелік антропонимдік белгілеу жүйесі: аты, әкесінің аты, тегі бойынша дұрыс жазуға және айтуға назар аудару керек. Мұнымен қатар азаматтардың қалауы бойынша қазақтардың тектері мен әкелерінің аттарын жазу кезінде қазақ тіліне жат - ов, - ев, - ова, - ева, - ин, - и, - ины, - на, - овна, - евна, - ович, -евич жұрнақтары алынып тасталып, олардың орнына «ұлы, қызы» жалғаулары бірге қосылып жазылады» делінген. Біздің көптеген бауырларымыз төлқұжаттарын қазақша жаздырып алғылары келгенмен, олар осыған байланысты барлық құжаттарды - дипломын, үй-жайының, көлігінің, басқа да мүліктерінің құжаттарының бәрін ауыстыруға, АХАЖ бөлімдерінен, басқа да мекемелерден анықтама іздеп сергелдеңге түсеміз деп ойлайды. Бірақ осы Жарлықтың 3 тармағында тегі мен әкесінің атын қазақшалау азаматтардың жеке басының субъектілік құқығына ешқандай кесірін тигізбейтіні көрсетілген. Демек, басқа ешқандай мүлікке қатысты құжаттарды ауыстырудың қажеті жоқ, тек төлқұжатқа сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі, салық төлеушінің нөмірі және жеке әлеуметтік код нөмірі ғана ауыстырылады.

Қалбибі МҰСАЕВА, Алматы қалалық ІІБ Көші-қон полициясы басқармасы құжаттандыру бөлімінің бастығы:

- Қазір азаматтар орыс тіліндегі үлгі­мен жазылған есімдердегі артық әріптерді, мысалы, ДЖандос, ДЖамбул есімдеріндегі «д» әріптерін алып тастап, «у» әрпінің орнына «ұ» әрпін қолданып, -ов, -ев, -ова, -ева, -ович, -евич, -овна, -евна жұрнақтарының орнына «ұлы, қызы» деп жаздыртып алғылары келсе, мұны АХАЖ бөлімдеріне бармай-ақ, бізге келіп өтініш жазып, оңайлатылған тәртіппен жасатуларына болады. Өкінішке қарай, жоғарыда айтылған Президент Жарлығын үкімет ұйымдарындағы көп қызметкерлер біле бермейді. Мысалы, туу туралы куәлікте, неке қию куәлігінде, үй құжаттарында, тағы басқа, бәрі орысша жазылған. Сөйтіп, бұл мекемелер құжаттарыңыз әр жерде әртүрлі жазылған деп, оларды алған жерлерінен анықтама талап етеді. Азаматтар болса бір рет анықтама әкеледі, екі рет анықтама әкеледі, ақыр соңында әбден шаршап, қайта келіп бұрынғы -ов, -ев-імізді қосып беріңіздер деген жағдайлар болды. Соған байланысты біз алғашқы кезде ата-аналарға АХАЖ бөлімдеріне барып, жаңадан туу туралы куәлік алыңыздар деп ескертіп жүрдік. Жалпы, құжаттар дұрыс болуы үшін басынан бастап дұрыс жазылғаны дұрыс. Сонда келешекте барлық құжат­тар бірыңғай болады да ешқандай қиындық болмайды. Бізде құжаттар екі тілде - қа­зақ және орыс тілдерінде жазылады. АХАЖ бөлімінде отырған қызметкерлер ұлты қазақ азаматтарға балаларыңыз­дың құжатта­рын қазақ тілінде алыңыз, не­гізін­де құжат

қазақ тілінде болғаны дұ­рыс деп айтып отырулары керек. Қазір қандастарымыздың шамамен 60 пайызға жуығы ғана құжат­тарды қазақ тілінде алса, қалғандары баяғысынша орыс тілінде алып жатыр.

Кеңесте Халыққа қызмет көрсету ор­талықтарының қызметкерлері көптеген ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын айтты. Төлқұжаттары қазақша жазылған азаматтардың сауда, салық, банк ме­ке­мелеріне төлеген төлемдерінің түбір­тектерінде аты-жөндері орысша жазылып, оларды кейбір мекемелер, әсіресе, құқық қорғау ұйымдары тануға құлық танытпай, көптеген қиындықтар туындап жатқаны ашына айтылды. Қатысушылар көптеген мекемелерде іс қағаздарының қазақ тілінде жүргізілмейтінін, ал мамандар мен қызметкерлердің қазақ тілін жете біле бермейтінін де ерекше ескертті. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтарын қорғауда қиындықтар тудырып, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданылуын, сол арқылы патриоттық тәрбиенің нәтижелі жүргізілуіне де кері әсер етіп отырғаны айтылды. Бұдан шығатын қорытынды - мемлекеттік мекемелердегі әр маман өз міндетіне жауапты қарап, мемлекеттік тілді жетік меңгерулері тиіс. Өкінішке қарай, қазірше ондай жауаптылық аса сезілмейді. Осы жиынның өзіне шақырылған тиісті мекемелердің бірінші басшылары келмей қалғанын көрдік. Сонда тегімізді дұрыс жазу оларды толғандырмай ма? Бұлай жалғаса берсе, аты-жөнімізді жазудағы ала-құлалықтан қашан арыламыз?!

Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

Астана

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339