Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Алаң 4019 3 пікір 25 Мамыр, 2022 сағат 14:36

Қақпандағы қазақ: Несие қарызы еселеп өсіп жатыр

Қазір жұрттың бәрі 25 күн ішінде доллар теңгеге шаққанда 24 теңгеге құнсызданды деп мәз. Бірақ оның есесіне Алаш елінің тұрғындарының банкі алдындағы қарызы ғарыштық жылдамдықпен өсе түсуде.  

Жыл басынан бері жұрттың банктер алдындағы несие қарызы 34 млрд теңгеге өскен. Ұлттық банкінің мәліметі бойынша мерзімі өскен сақалды зайымдар 1 сәуірде 612,8 млрд теңгеге жетіп жығылған. Оның 321 млрд теңгесі (+10,2%) жеке тұлғаларға, ал, заңды тұлғаларға– 291,7 млрд теңгесі (+1,4%) тиселі.

Бұл ақшаның 519,7 млрд-ы төл ақшамызбен, қалған 93 млрд-ы шетел валютысымен мойынымызға ілініп отырған жайы бар.

Уақыты өткен қарыздардың көшін миллионер үш қала бастап тұр: Алматы – 281 млрд теңге, Нұр-Сұлтан –102 млрд теңге  һәм Шымкент – 32,2 млрд. Аймақтар бойынша оза шапқандар арасында: Атырау – 30,9 млрд теңге, Қарағанды – 23,5 млрд теңге, ШҚО – 22,2 млрд теңге, Павлодар – 17,8 млрд тенңге және Ақтөбе облысы – 16,7 млрд теңге.

Ал, банк алдындағы қарыздары там-тұмдаған өңірлер санатына Ақмола облысы – 7,5 млрд теңге, СҚО – 4 млрд теңгеге жуық және Түркістан облысы – 3,3 млрд тенге берешегімен жатады.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1189
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2718
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 838
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 806