Бейсенбі, 29 Қазан 2026
Жаңалықтар 3268 0 пікір 7 Қазан, 2022 сағат 12:25

АҚШ Иран шенеуніктерін жазалады

Ақ үй өткен бейсенбі күні студент қыздың өлімінен туындаған ереуілді басып-жаншығаны үшін Ішкі Істер министрі Ахмат Уақиди, коммуникация министрі Ейса Зарепоур бастаған Ирандық 7 шенеунікке санкция салғанын мәлімдеді. Оларға АҚШ билігі "Интернетті заңсыз бұғаттады, саяси белсенділерге күш көрсетіп, заңсыз қамады" деген айып тағып отыр.

Иранның рухани көсемі Аятолла Хомени ереуілді "Бұқараның ерікті әрекеті емес, Америка мен Израиль әдейі ұйымдастырды" деген еді. Ресми билік 14 адам өліп, 1500 адамның тұтқындалғанын айтса, ереуілшілер:  қайтыс болғандар 130, ұсталғандар мыңдап саналады дейді.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1251
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1757