Орталық Азия үшін күрес
Сонымен Орталық Азия үшін күрес жаңа деңгейге көтерліп, ірі әлемдік ойыншыларының мүдесі түрлі бағыттарда екендігін анықтап берді. АҚШ үшін бұл аймақ «көлеңкелі» эффектіге ие. Егерде дәл қазірге дейінгі онжылдықта энергетика қауіпсіздік жағдайында әлем нарығына мұнай ағынының еркін қозғалысын қамтамасыз ету басты мотив болса, енді ол мүлдем маңызды емес. Осы ғасырдың басында басталған сланц төңкерісі АҚШ мұнай мен газ өндіруде жетекші орынға шығарып, қазіргі кезде ол әлем нарығына ірі газ экспорттаушы елге айналды.
Дегенмен ОА АҚШ үшін бірде күшейіп, енді бірде бәсеңдейтін ұстанымдары бар қос бәсекелесі Қытай мен РФ фокторын алға тартады. РФ экономикасы АҚШ тіптен қызықтырмайды десе де болады, бүгінгі таңдағы екі ел арасындағы тауар айналымы нөлге дейін құлдырауы әбден мүмкін. АҚШ саясатында басты орында әлі күнге дейін РФ ядролық қаруға ие әскери қауіп төндіретін ел дап тану тұрады. Сондықтан қазіргі Украинадағы соғыс ахуалы жағдайында РФ әлеуетін тек экономикалық қана емес, оның ізін ала қорғаныс күш-қуаты жағынан әлсірету көзделініп отыр.
Ал, Қытайға келгенде мүлдем өзге жағдай. Бұл ел экспорт көлемі жағынан бірінші орын алады. Ол АҚШ тауар экспорттаушы ең басты мемлекет ретінде 2022 жылы 540 млрд $ немесе 17% құрады. Бұл ел америка тауарын сатып алатын елдердің ішінде 150 млрд $ жұмсап үшінші орынды иеленді.
Бұзан бөлек экспорт/импорт қызметіндегі тепе-теңдік өте маңызды. АҚШ экспорттық қызмет ұсыну жағынан бірінші орында 926 млрд $ тұр, бұл дегенніңіз триллионға жуық. Америкалық тауарларды сатып алудағы басты бестікке көз жүгіретейік: Ирландия (83 млрд), Британия (81), Алмания (72), Канада (70), Швейцария (52) ал Қытайдікі – 42 млрд $ ғана.
Мына бір екі бір сәт өзіне назар аудартады. Біріншіден, АҚШ 25.5 триллион $ тұратын ЖІӨ 7.2 триллион $ сыртқы сауда айналымы. Бар жоғы 30% ғана, бұл аз ба, әлде көп пе? Бір қарағанда бұл көп көрінуі мүмкіні, өйткені, қанша айтқанмен 7 триллион ғой. Салыстыру үшін алсақ, Алманияның барша ЖІӨ 4.3 триллион көлемінде ғана. Көріп тұрғаныңыздай, американың сыртқы айналымдағы саудасының қасында жіп есе алмайды. АҚШ экономикасының 70% өзінің ішкі тұтынымын қамтамасыз ете біледі. Бір сөзбен айтқанда АҚШ өз кезегінде Алмания, Жапония немесе Қытай сияқты импорт-экспортқа әсте байлаулы емес.
Екінші бір назар аударатын сәт Ирландияның ең ірі амарикалық тауарды тұтынушыға қалай айналғандығы? Бәріде статитистикалық есеп-қисаптың төңірегіне келіп тіреледі. Салықты оңтайландыру үшін, мысалға Apple мен Microsoft Ирландияда еншілес компаниялар ашып, оларға (патенттер, Apple Музыка) және App Store сатудың интеллектуалдық меншіктің құқығын берді. Шындығында ирландиялық компания әлем бойынша сауда қызметін атқарып, сайып келгенде америкалық компанияларға қажетті қаржыны төлейді. Осылайша, Ирландия әрі ірі экспортшы, әрі ірі импортшыға айналып отырған жайы бар.
Статистикадағы тағы бір нюанс: жалғанэкспорт пен жалғанимпорт. Қытайдың АҚШ импортының 70% өндірістік тапсырысы болып келеді. Nike немесе Bose өзі жобалаған тауарларын: аяқ киім, электроника деген тапсырысқа қатысты шикізат пен бөлшектерді Қытай мен әлем елдеріне орналастырып, оларды қытайдағы зауыттар тігіп немесе құрастырып, ақыр аяғында дайын өнімді АҚШ жөнелтеді. Қағаз жүзінде бұның бәрі қытайдікі көрінгенімен, 20-40%-ға оларға тиселі. Бұл арада аяқ киімнің бөлек саудадағы дайындауға кететін құнының 20-30% дайындау құраса, қалғаны идея, дизайн, маркетинг, дистрибуция т.б. тиселі болып келеді..
Яғни, бұл жерде біз білуге тиіс жайт: Көп жағдайда Қытайдың Батыс және АҚШ елдеріне өнім экспорттаудағы зор табысының астарында шетелдік компаниялардың жобалары бойынша өз елінде өнім өндіруінде жатыр. Олар басқалардың ішкі нарығы үшін қай жерде шығарылғаны еш қажет емес керекті өнімін дайындап беруде. Бұл арда қытайлық бизнесмендер мен жұмысшылардың шетелдік тәжірибені үйрену мен тапсырысты талапқа сай орындаудағы ыждаһаттылығын бөле-жара атуымыз керек.
Бәріде тап осылай. Қытаймен қарым-қатынас бақылаудан шығып кетті. Шәкірт енді өз ұстазын high-tech (high technology) түрлі бағыттары бойынша аяқтан шала бастады. Қытайдың DJI коптерері әлем бойынша жақсы сатыла бастады. Huawei және ZTE 5G байланысы нарығында үстемдікке ие. Автомобиль шығарудағы электрониканың көпшілігі Қытайда шығарылып, патенттенген. Күн пәнелдері мен жел тұрбындарының көпшілігі Қытайда шығарылып жатыр т.с.с.
Ешкімде Қытайға не айла қыларын білмей отырғанымен, әзірге жаңашыл батыстық технологияларға қолжетімділігін шектеумен ғана іштен тынып отыр. ҚХР қарсы кез келген әрекет оның бастамашысы болған елдерге де өз кесірін тигізеді. Демек таяқтың екі басы бар дегеніміз осы.
Бәріміз білетін (1+5) тұрпатындағы жаңа клубтардың ЕО және ОА, АҚШ және ОА, тіпті РФ және ОА кездесуі орын алуда жақында бұған Сианда (Қытайдың көне астанасы) өткен ҚХР және ОА қосылып, оған ОА президенттері барлық барды. Әрі Қытай «нақты да, өзекті» әңгіменің тізгіншісі болып, іскер бастамаларды алға тартты. Саммит нәтижесінде бұндай жиын екі жылда бір рет өтіп, келесі жолы ОА басшылары Қазақ Елінде бас қосып жиылатын болып келісілді.
Көбіне қанша жерден тамаша болып көрінгенімен болашағы бұлыңғыр мәлімдемелер қабылданатын өзге саммиттер мен іскер кездеулерден өзгешелегі Қытайдағы басқосуда олар бар мүмкіндік ескеріліп, нақты кеңінен ойластырған жоспарды ұсына білді. Оның үстіне, әр ел жеке-жеке емес, байыпты месседжбен қажетке орай аймақты әріптестікте бірлесе әрекет ететін болады. Бұл ОА елдері үшін де, Қытай жағы үшін де өте пайдалы болғандықтан, аймақ бай және тартымды бола түседі. Бәріңізге берер кеңесіміз Сиан декларациясын зер сала оқып шығыңыздар.
Келтірген дәлелдеріміз дүмбілездеу болмас үшін сөз түйінде айтарымыз, Қытай жағы екі бастама туралы мәлім етті. Біріншісі,ҚХР ОА елдеріне 3.7 млрд $ грант түрінде бөледі (ең қызығы кімге қанша тиетіндігі). Екіншіден, осы елдер ОА елдерінде жұмыс орындарын ашу үшін қытайлық бизнесмендерге өз кәсіпорындарын құруға көмек береді.
Бір сөзбен айтқанда, ұсыныстар мен мүмкіндіктер аса мол, бір нәрсе айқын өзара әрекеттестіктің түрлі нұсқаларын қарастыруда АҚШ; ЕО және ҚХР бастары бір жерге қосылып отыр. Және барылығы бізге бұрынғыдай Мәскеуге жалтақтамай бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға шақыруда? Мәскеусіз мәселе шешілмейтіндігі тарих қойнауына кетті. Біздің әріптестеріміз бұдан былай бізді Ресейдің «жеке мүддесі» тоғысқан әлдебір аумақ деп еш санамайды. Оның барлығы өткеннің еншісінде, тарихтың қанжығасында кете барды.
Иллюстрацияда: графикада секторлар және патент алған елдер көрініс тапқан. Қытай онда алған патенттері бойынша бірінші орынға ғана шығып қойған жоқ. 29 сала бойынша айқын үстемдікке иелік етеді.
Алмас Чукин
Орысшадан аударған: Әбіл-Серік Әліакбар
Abai.kz