Жұма, 22 Қараша 2024
Жаһан жаңғырығы 2929 5 пікір 27 Шілде, 2023 сағат 13:36

Гүржістан Ресейдің сателлитіне айналып барады...

Дінсізденген Батыстың бейәдепті жыныстық еркіндігі Еуроодақтың өз ішінде қарсылыққа тап болды. Діні берік Польша мен Венгрия әм Италияда консервативтік популизм дүниеге келіп, Батыстың мәдени-демократиялық құндылықтарына күмән келтіру орын алып, оны  венгер премьер-министрі Виктор Орбанның есімімен байластырған «Орбандану» саяси терміні өміріге келді.

Бұл алауыздықты Путин мен Ресей қарсы барлауы орынды пайдаланып отыр. Нәтижесінде Ресейге қаны қас Гүржістан жүрісінен жаңылып, оның Еуропадағы жақтасына айналып шыға келгенін білмей де қалды. Міне осыған байланысты ЛГБТ-үгітін «либералды фашизм» деген атау ЕО-да жайылып, оның бір ұшпағы Гүржістанды да шарпыды.

Гүржі премьері Ираклий Гарибашвили Будапеште өткен консервативті саяси іс-әрекет Конференциясында (CPAC) журналистерге берген сұхбатында: «...жыныс ауыстыруды көкке көтере дәріптей насихаттаудың аяғы... университет студенттерін сөз етпей-ақ қоялық, керек десеңіз мектептегі жас ұрпақ санасын улайды», - деді.

Либербалды құндылықтар «жыныс ауыстыру» кесірінен Венгрия мен Гүржістан тарапынан мансұқтала бастады. Олар Путин ұсынған Еуропасызданған діни ұстанымды өз отандастары санасына сіңіруге көшті.

Ресей 20% жерін басып алған Гүржістанның қорғаныс министрі Джуаншер Бурчуладзе тап осы либерализм елдің қауіпсіздігі мен тұтастығына қауіп төндіріп отыр деп мәлімдеді. Бұның ар жағында осы елде келесі жылы өтетін парламент сайлауы жатыр. Егер Гүржістанға ЕО кандидаттық мәртебесі берілмейтін болса, онда бұл ел Ресейшіл жолға түсуді бағдар етеді.

Гүржі премьері Ираклий Гарибашвили Виктор Орбанды өз елінің  НАТО мен ЕО мүшелігін жақтайтын «нағыз досымыз» деп атап, «Мадирларға Құдай оң көзбен қарап, оның тағантастық христиандық, ұлттық, патриоттық отбасылық құндылықтарының кілтін көрген де, дана көшбасшысының қолына ұстатып отыр. Ол әрі нағыз тәлімді де, жауынгер Иса мәсіхші болып табылады» деп мақтауын асырды. Орбан өз кезегінде Гарибашвилиге: «Ресейдің көлеңкесін пана тұтып, өз елің мен қауіпсіздігіңді сақтағаның жөн», - деп кеңес берді.

Осылайша Ресейшіл партиялар өз саяси имиджін көтеру үшін «Біз Ресейлік емес, Еуропалық консерваторлармыз. Бізге гейтранстанбаған «нағыз Еуропа» керек» деген әуенді гүржілер санасына сіңіре бастады», - дейді саясаткер Гиа Нодиа.

Либералды элитаны өз өмірінен аластатқан Ресейдің қатарын енді, міне, Гүржістан мен Венгрия толықтырмақшы. Олардың биліктегі партиялары электоралдық қолдауға қол жеткізу үшін осындай қадамға барып отыр.

Гүржістандағы бұрын үні шықпай жүрген Ресейшіл топтар мен саясаткер сексуалды азшылық тақырыбын ту етіп, атқа міне бастағанын әлемдік БАҚ соңғы кезде жиі жаза бастады.

Украин президенті Саакашвилиді қамаудан босатып, емдеуге шақырса да қамағыннан бас тартуға шақырса да, артында Кремль тұрған Тиблиси райынан қайтпады. Олар экс-президент Михаил Саакашвилидің Гүржістанның бүгінгі гүлденуіне қол жеткізгенін тарс ұмтып, одан «дұшпан бейнесін» қапысыз сомдап, оны биілкке әкелген «Біртұтас ұлттық қозғалыс» оппозицияға кетті. «Шетелдік агенттер» туралы Заңы да осы елдің президент Саакашвили аманаттаған демократиядан ауылын алыстатып бара жатқанын көрсетті.

2022жылы бүкіл Батыс елдері Ресейге Украинаға баса-көктеп енгені үшін теңдесі жоқ санкция салған шақта осы қос ел бізді өзге елдің соғысына тартудың еш қажеті жоқ деп байбаламға басқаны әлем жұртының әлі есінде.  Тіпті Еуропа өз аспанын Ресейлік жолаушылар ұшағына жапқан шақта Гүржілер оны ашты. ЕО мен НАТО қатысты Гүржістан мен Венгрия қосарлы саясат ұстанып келеді. Орбан өз жері арқылы Украинаға қару-жарақ жеткізуге үзілді-кесілді қарсы болып келеді. Әрі Еуроодақтың Киевке беретін көмегіне қатысты үнемі шу көтерумен келе жатқан жайы бар.

«Венгрияның айырмашылығы ол – НАТО мен ЕО мүше және РФ ортақ шекарасы жоқ.  Осындай екі артықшылығы бар мемлекеттің артынан еру Гүржістанды оны Ресейдің сателлитіне айналдырып, орға жығады», - дейді саясаткер Гиа Нодиа.

Еуро комиссияның есебі бойынша Гүржістан ЕО кандидат мәртебесін алу үшін қойылған 12 талаптың тек үшеуін ғана орындаған. Ал, ЕО осы 12 талабын мүлтіксіз орындаған Украина мен Молдова биыл жазда аталған мәртебені иелене алды. Осы мәртебегі Гүржістанның алу алмауы биылғы жылдың аяғында белгілі болады.

Дайындаған Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322