Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 3496 18 пікір 15 Тамыз, 2023 сағат 13:10

Қытай сайттары: Балқаш көлі біздің жер...

Балқашқа жақындаған қара дауыл селге айналып кетпей ме?

Қазақстан Республикасы тарапы Қытаймен арадағы «визасыз режимді» қатты бір әбгерлікпен рәсімдеу шараларын тамандап, көрші елдің үкіметіне жолдап та үлгірді. Алайда Қытайдың бұқаралық ақпарат кеңестігі Балқаш көлінен шығысқа қараған байтақ даламызды өздерінің картасына қосып алуға тынымсыз әрекет етіп, ролик пен мақалалар жария етіп жатқан көрінеді. Бұл не сонда? 

No comment:

«Балқаш көлінің ауданы 18 200 шаршы шақырым, орташа су тереңдігі 6 метр. Ол еліміздің әсілгі ең үлкен тұзды көлі еді. Көлемі жағынан әлемнің 13-орынында тұр. Ескіде Ибо хай (ред: «Бұратана халықтарының шалқар көлі») атанып, батыс-солтүстікте жасаған біздің халықтар тірішілік еткен жерлер болған.  XIX ғасырдың ортасы мен соңында Патшалық Ресей күшпен тартып алған. Оның себептер көп.

Біріншіден XIX ғасырдың аяғында Ресей Балқаш көлін бақылауға алу арқылы өз территориясына алып, одан әрі Орталық Азиядағы ықпалын кеңейтуге пайдаланды.

Ақпарат қайнары: Байду сайты. Сол жақтағы жасыл жиекке жабысып тұрған Балқаш көлі. Жазуы - «Ресей 1864 ж. 500 000 шаршы шақыры жерді басып алған».

Екіншіден, ол кезде Цин үкіметі батыс шекарасын басқару мен қорғау жағында күші жеткіліксіз болып, ақыры 1885 жылы қол қойылған қытай-орыс шарттарында Балқаш көлі мен оның төңірегіндегі аймақтар патшалық Ресейдің ықпал ету аймағына айналды. Кейін де Қытай-Ресей шартында, Балқаш көлі және оның маңының меншіктік құқығы тиімді түрде өзгермеді. Қолданыстағы халықаралық құқыққа сүйенсек, ешбір елдің басқа елдердің аумағы мен егемендігіне қол сұғуға құқығы жоқ! Бірақ тарихи факт, Балқаш көлінің меншік құқығы шынымен өзгерді, сондықтан ол қазір Қазақстанның бір бөлігі ретінде қаралып жүр. Егер біз бұл аумақты қайтарғымыз келсе, алдымен Балқашты нақты зерттеу үшін тарихи-саяси факторларға сүйенуіміз керек: көлге иелік ету, заман өзгеріп, ұлттық егемендік өзгерген сайын біз құқықтар мен мүдделер туралы байыпты келіссөздер жүргізіп, тарихқа жүгіну арқылы, көпжақты дипломатиялық арналар мен тиісті халықаралық ұйымдар, сондай-ақ елдерге үндеу жасау арқылы талабымызды жеткізуіміз керек!

Дегенмен, Балқаш көлінің меншіктік құқығын қалпына келтіруге барғанда Қазақстанмен достық қарым-қатынас, Балқаш көлінің экологиялық ортасы, икемді дипломатиялық стратегиялар сияқты практикалық мәселелерді де ескеруіміз керек! Тарихқа қатысы көптеген саяси және адами факторларды алдыға тартсақ, Балқаш көлін қайтарып алу оңай шаруа емес. Сондықтан бұл мәселені ілгерілету барысында біз халықаралық құқық нормаларын және тарихты сақтап, жергілікті тұрғындардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеп, қорғауға, сонымен бірге ұзақ мерзімді даму перспективасынан ынтымақтастықты белсенді түрде жүзеге асыруға тиіспіз.

Балқаш көлінің төңірегіндегі аудандармен ұтымды жағдайға қол жеткізіп, өзара тиімділікке қол жеткізіп, ақырында Балқаш көлі мәселесін дұрыс шешуді жүзеге асыруымыз керек!»

Байду сайты. 29.07.2023 ж.

Жауап:

Сізше төмендегі қайсы шараны қолға алған дұрыс?

1. Біздің СІМ ертеректегідей ҚХР Қазақстандағы елшісіне нота тапсырып, пушкамен торғай атып, құмға су құйғандай өнімсіз болсын!

2. ҚР СІМ Байду сайтын халықаралық сотқа беріп, қыруар ақшалай шығынды өндіріп алсын!

3. Ақорданың жанынан ведомствоаралық комиссия құрып, төмендегі шараларды қолдансын:

1) Визасыз режимді қайта қарауды қолға алсын!

2) Шығыс шекарамызға бақылауды бүгінен бастап күшейтсін!

3) Кеденнен кірген әрбір ҚХР азаматына алдын ала ескерту жасасын!

4) Ғылым министірлігіне дереу тапсырма беріп, осы бағыттағы зерттеуді қолға алсын!

Жоғарыдағы шаралардың орнына:

5. Ұлттық патриоттар жанынан құрылған қоғамдық ұйым Байдуды халықаралық сотқа берсін!

6. Біз де Шығыс Түркістанның үш облысы – Алтай, Тарбағатай және Ілеге – тарихта қазақтың жері болғанын дәлелдеп, оны «қайтарып алуға» белсенді кірісейік!

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510