Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Абай.tv 9740 25 пікір 30 Қазан, 2023 сағат 13:44

Ахметов: Митталды жердің түбінен болса да тауып, соттау керек!

Өткен аптадағы ең қайғылы оқиға – 28 қазан күні түнде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған жарылыс. Осы бір қайғылы жайтқа байланысты 29 қазан Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Шахтада орын алған апат кезінде 252 адам іште болып, кейін олардың 205-і жер бетіне шығарылды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, апаттан қаза тапқан кеншілердің саны 46-ға жетіп отыр.

Енді қызметтік мансаптық өсу жолын Қарағандыдан бастаған және осы облысты 2009 жылдың 19 қарашасынан 2012 жылдың 20 қаңтарына дейін басқарған бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов ҚР Президентінің Телерадиокешені әзірлеген «Очаг смерти - документальный фильм. Самая крупная трагедия на шахте им. Костенко Казахстан сегодня» атты 20 минуттық деректі фильмде Қарағандыдағы щахта орын алған қайғылы оқиғаға қатысты өз ойын ортаға салды.

«10 жылда қаншама осындай қайғылы жағдайлар болып, 140-тан астам кеншілеріміз бен мықты мамандарымыз құрбан болды. Олардың отбасылары, қаншама адам зардап шекті. Бұл үлкен жауапкершілік. Ендеше, «АрселорМиттал Теміртау» жауапқа тартылуы керек және тек Қазақстанда ғана емес, оны халықаралық деңгейде жазалау керек», - дейді Қазақстанның бұрынғы Премьер-министрі.

Сонымен қоса: «АрселорМиттал Теміртау» қожайындары мен басшылығын жауапкершілікке, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін мемлекет халықаралық қауымдастықтың назарын аударуы керек деп ойлаймын», - дейді Серік Ахметов.

Деректі фильмде «АрселорМиттал Теміртау» нысандарындағы апаттың көп болуының басты себебі – адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында еш ақша бөлінбегендігі және басшылықты тек түскен ақша қызықтырғанын алға тартады.

Серік Ахметов шахтаның жаңа иесі өзімізден шығып, адам өміріне құрметпен қарау керектігін айтқан.

Серік Ахметовтің: «Неге? Өйткені бұл немқұрайдылық, салақтық қылмысқа пара пар және ол өнеркәсіптік, техникалық қауіпсіздікке мол қаржы бөлініп жатқанына қарамастан ұзақ жылдар бойы жалғасын тауып келді», - деген сөзі Билікке ой салуға тиіс.

Өйткені, Ахметов – бұрынғы биліктің ел қазба байлықтарының өзгенің қолына кетуіндегі орын алған барша былық-шылықты сырттай емес, іштей білетін жан.

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1532
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3312
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5987