Жұма, 22 Қараша 2024
Әдебиет 1665 1 пікір 3 Қыркүйек, 2024 сағат 14:36

Қазақ ойшылдардың еңбектеріндегі рухани тәрбие

Суреттер Википедиядан алынды.

Редакциядан: Бабаларымыз «қалпыңнан айырылсаң да, салтыңнан айырылма» деген өсиетті бүгінгі қазаққа аманаттап кеткені шындық. Ұлттық рухы ту етіп көтеріп, ұлттық руханиятты сақтап қалудың өзі қазыргі ғаламдық феномен болып тұрғаны және рас. Тәуелсіздігімізге қол жеткізген 33 жылдың еншісінде руханият саласында үлкен сілкініс жүріп жатыр.

Қазақ ұлттық руханияттың ерекшеліктеріне тереңірек баруға мүмкіндік ашылуда. Қазақ ұлтының жоғы табылып, бары қолданысқа кіріп,қайта жаңғыруда. Түркі экспанциялардың қыспағына түскен қазақты, қазақ жастарын үлкен қатерден бір құтқарса - оның төл руханияты, ұлттық мәдениеті мен әдебиеті, салты-мен дәстүрі, ұлттық танымы ғана құтқара алады.

Ол үшін ең әуелі - төл руханиятымыздағы бар мен жоқты түгендеу маңызды.

Екіншіден - халқымыздың теңізден телегей бай мұрасын келер ұрпаққа насихаттау ұлттық деңгейдегі мәселе!

Үшіндішен - қазақтың төл дүниесін өзіне таныстыру үшін жалпы ұлттық қызығушылықты арттыру маңызды.

Міне бұл үшеуі біздің руханиятымыздың негізгі ұстыны болуы шарт!

Қазақ халқының тұтастығын оның күретамыры болып табылатын ұлттық ойларды дүниетанымдық деңгейге көтеруде рухани дүниеміз ұлттық сипатта болуы керек-ақ. Әсіресе, Тәуелсіз Қазақстан жастарын ұлттық сипатта тәрбиелеуде ұлттың маңдайына біткен ғұламаларының ой-пікіріне жүгіну, оларды насихаттау ерекше маңызға ие.


Қазіргі қазақ жастарды тәрбиелеуде ұлттық және отбасы тәрбиенің орны ерекше. Өйткені, жастар тәрбиесінің құлдырауы елдің болашағының дамуына кедергі келтіреді. Жастардың бойындағы рухани байлыққа деген махаббаты жоғары болу үшін ең алдымен ұлы қазақ ойшылдардың еңбектерін білім беру мекемелерінде насихатталуы қажет. Ұлттық, рухани  құндылықтардың тірегі болатын тіл – қазақ болу үшін, дін – адам болу үшін және салт-дәстүр – ұлт болу үшін маңыздылығы зор.

Тарихқа қарайтын болсақ күні кешеге дейін, ұлтымыздың жоғалтқаны көп болды. Ұлт өзін-өзі жоғалтпау үшін күресетіндігін де ұлт зиялыларының тағдырынан көруімізге болады. Ұлтты жоғалтпау үшін өмірін сынға тігудегі тұлғалардың көздеген мақсатын енді түсініп жатырмыз. Себебі біз жоғымызды түгендеп жатқан елміз. Ұлт сақталуы үшін алдыменен не нәрсе керек екендігі тарихтан белгілі. Тіл, діл, жер, дін, мәдениет және бұларға ие болатын ұрпақ, ұлттың мемлекеті болуы қажет. Алаш тұлғаларының қай-қайсысы да осы ұлт игіліктеріне ара түсуде тарихында, өздерінің бойында бар мүмкіндігін толығымен пайдалана алған. Басқа халықтардың интеллектуалдарынан кем түскен жоқ. Өздерін өзгеге де мойындата білді.

Жастарға ұлттық тәрбие беруде Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығында адамның рухани дамуына, жетілуіне байланысты ойларының маңызы зор. Абайдың ұлылығы сол, өз халқының бойындағы кемшіліктерді сынаумен бірге, оны жоюдың жолдарын да көрсете білді.  Адам болып, ұлттық болмысын сақтай алады деген мәңгілік сауалға жауап берді. Ғасырлар бойы жинақталған адамгершілік нормаларын жүйеге келтіріп, тұтас бір «толық адам» концепциясын жасай білді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «...Біз Абайдың «толық адам» тұжырымын қайта зерделеуіміз керек. Бұл бағытта ғалымдарымыз тың зерттеулерді қолға алуы қажет. «Толық адам» концепциясы, шындап келгенде, өміріміздің кез-келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін...» деп атап өтті.

Абайдың толық адам концепциясының ұлттық тәрбие негізінде бірден-бір ұстаным етіп алуға болады. Абай: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек, – дейді. Абайдың осы ұстанымы жастарды адамгершілік тұрғыдан өз-өзін танып білуге тірек болатын үлкен бір рухани қағида.

Толық адам болу - бұл адамның рухани кемелдікке жеткізетін қасиеттер.  Мәселен, Шәкәрім бұл тақырыпты өзінше жаңа қырынан көрсетуге ұмтылған. Өзінің «Үш анық» еңбегінде «ар ілімін» былай тұжырымдайды: Бірінші – әрбір адамда діни таным болуы қажет, екінші – ғылыми танымы болуы, үшінші – «Ар ілімін» меңгеруі тиіс – дейді.  «Ар түзейтін» ғылымның негізгі мақ­саты адамның мінез-құлқындағы кемшіліктерді түзету және рухани кемел­дендіру болып табылады.

Абайдың рухани өресіне баға берген дінтанушы философ ғалымдар оның «кәміл мұсылман» ұғымына ерекше назар аударап келеді. «Кәміл мұсылман» ұғымы тек қазаққа ғана емес, бүкіл мұсылман әлеміне қатысты айтылған. Міне, хакім Абай – әлемдік деңгейде осы діни көзқарасы арқылы да биіктей беретін тұлға.

Халқының мінез-құлқының бұзылып бара жатқанын көріп, «Толық адам» ілімін жасаған Абайды әрбір қазақ білуі керек. Абайды білсе, пенделік жолдан қайтады. Қазір көп адамның көкейінде тек қарын тойдыру, киім киіну. Одан басқа мақсат жоқ сияқты. Аш қарын тойынар, бірақ оның рухани қазынасы болмаса, қуыс кеуде пенде болып қалады. Біздің қаупіміз сонда. Жастарымыз қуыс кеуде болып қалмауы қажет. Дүниені өмір бойы жинап, ана дүниеге алып кеткен кімді көрдіңіздер?! Оның барлығы қалады. Сондықтан, рухани қазынаға басымдық беру керек. Көп ғалымдар бірауыздан «Тіршілікте адамның басты қаруы – Ары. Соның әмірін орындаса тез оңалады. Ары тазарған сайын адам болмысы шыңдалып, тұлғалана түседі. Мәңгілік ғұмырдың айқын нышаны арлы адамның болмысынан ғана көрініп тұрады деген екен.

Қай заманда болмасын, күн тәртібінен түспей  тұрған адам қайтсе, адам болып қалады деген мәңгілік сауалға  ұлы ойшылдар осылайша жауап беріпті. Әсіресе, жаһандану дәуірінде ғаламдық өзге­рістердің салдарынан жойқын рухани шапқыншылықтарға  ұшырап жатқан қазақтар үшін бұл өсиеттердің адами болмысымызды  сақтап қалуымыз үшін де, ұлт болып өмір сүруіміз үшін де маңызы зор.

Халқымыздың ұрпақ тәрбиелеуде өмір бойы жинақтаған сол бай қазынасын, рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесін қолданып жүрміз бе? Ата-бабамыздың күткен үміті мен арманын іздесек, қазіргі ұрпақ бойынан таба аламыз ба? Бүгінгі ұрпақ бабалар мұратына лайық па? Осындай сұрақтар бізді алаңдатары сөзсіз.

Кезінде халқымыздың көрнекті өкілдерінің бірі Жүсіпбек Аймауытов «Тәрбие» деген мақаласында «Рум халқын атақты, күшті қылған кім? Тәрбие. Ескендірді данышпан хәкім қылған кім? Аристотельдің тәрбиесі. Неронды залым қылған кім? Философ Сенеканың қате тәрбиесі. Неміс жұртының ұлтшылдық, бірлікшілдігі неден? Тәрбиенің қуаты. Міне, тәрбиенің зор ғылым екендігіне, адам баласын бұзатын да, түзейтін де тәрбие екендігіне дәлел осы», деп жазуы тегін емес. Қазіргі таңдағы білім берудің өзекті мәселесі сапалы біліммен қатар, өскелең жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру болып табылады. Адамның рухани қасиеттерге ие болып, қалыптасуы өмірге келген уақытынан басталуы керек. Балаға жастайынан имандылық, ізгілік, мейірімділік қасиеттерін сіңіре білсек, баланың болашағын берік қалағанымыз. Бауыржан Момышұлының бала тəрбиесіне байланысты шумақтары:

Ұра берсең,

Ұлың сенің - жасқанады,

Жасқаншақты - басынады басқалары.

Қол көтермей - тәрбиелесең ақыл айтып,

Ақылымен, ертең елді - басқарады.

Ала білсін, өмірінен бар тынысты,

Үйрете түс:

Сабыр, шыдам, талпынысты.

Ең бастысы - иманына көңіл бөлгін,

Өссін десең, өз ұрпағың жарқын, күшті...

Еңбегімен, жүрсін ұлың баға алып,

Ақыл-оймен, өзгелерден дараланып.

Көтерілсе өзіндейді бағалайды,

Отырмайды: пара беріп, пара алып...  Осы өмірде ар-ұжданмен өмір сүріп, қоғам игілігі үшін еңбек етуге не жетсін.

Бахтияр Алпысбаев, дінтанушы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5244